147-4-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 174 Заңымен енгізілді.
147-5-бап. Табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзу
Табиғи монополия субъектiсiнiң табиғи монополиялар туралы заңнамамен белгiленген шектеулердi сақтамауы, табиғи монополия субъектiсiнiң мiндеттердi орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы, сол сияқты Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын өзге де бұзуы -
дара кәсiпкерлерге айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүз елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елуден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бiр мың бес жүзден екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
147-5-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 174 Заңымен енгізілді.
148-бап. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен алынып тасталды.
149-бап. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен алынып тасталды.
150-бап. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен алынып тасталды.
151-бап. Лауазымды адамдардың кәсiпкерлiк қызметке заңсыз араласуы
Қадағалау және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарының дара кәсiпкерлердiң, заңды тұлғалардың қызметiне заңсыз араласуы, олардың кәсiпкерлiк қызметiне кедергi келтiретiн заңсыз актiлер шығару және заңсыз тапсырмалар беру арқылы араласуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
151-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
152-бап. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен алынып тасталды.
153-бап. Тексерудi заңсыз жүргiзу
1. Тексеру жүргiзу тәртібін бұзу, сол сияқты тексерудi негiзсiз тағайындау, тексерудi арнайы акт шығармай және оны уәкiлеттi органда тiркемей жүргiзу, -
лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi тармағында көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
153-бап және тақырыбы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
154-бап. Жалған кәсiпкерлiк
Жалған кәсiпкерлiк, яғни кәсiпкерлiк немесе банк қызметiн жүзеге асыру ниетiнсiз, кредит алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүлiктiк пайда алу немесе тыйым салынған қызметтi жасыру мақсаты бар, жеке тұлғаға, ұйымға немесе мемлекетке iрi зиян келтiрмеген, коммерциялық ұйым құру, -
жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан елуге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
154-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
155-бап. Банкроттық кезіндегі құқыққа қайшы әрекеттер
1. Мүлiктi және мүлiктiк мiндеттемелердi, мүлiк, оның көлемi, мүлiктiң тұрған орны туралы мәлiметтердi не мүлiк туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлiктi өзге иелiкке беру, мүлiктi иелiктен шығару немесе жою, сол сияқты экономикалық қызметтi көрсететiн бухгалтерлiк және өзге де есептiк құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау, егер бұл iс-әрекеттер банкроттық кезiнде немесе банкрот болатынын алдын ала бiлген кезде жасалса және қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
борышкер ұйымның лауазымды адамдарына немесе меншiк иелерiне не дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан сексенге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өзiнiң iс жүзіндегі дәрменсiздiгiн (банкроттығын) бiлетiн борышкер ұйымның лауазымды адамының, меншiк иесiнiң немесе жеке кәсiпкердiң басқа кредит берушiлерге залал келтiретiнiн бiле тұра жекелеген кредит берушiлердiң мүлiктiк талаптарын заңға қайшы қанағаттандыруы, сол сияқты кредит берушiнiң өзiне дәрменсiз борышкердiң өзге кредит берушiлерге залал келтiре отырып артықшылық жасауын қабылдауы, егер мұндай iс-әрекеттер iрi залал келтiрмесе, -
борышкер ұйымның лауазымды адамдарына немесе меншiк иелерiне не дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан сексенге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
155-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
156-бап. Әдейi банкрот болу
Әдейi банкрот болу, яғни коммерциялық ұйымның лауазымды адамының немесе меншiк иесiнiң, сол сияқты жеке кәсiпкердiң өз мүдделерi немесе өзге адамдардың мүдделерi үшiн, iрi залал келтiрмейтiндей немесе өзге де ауыр зардаптарға соқтырмайтындай етiп әдейi төлемсiздiк қабiлетiне жеткізуi, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден жетi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
156-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
157-бап. Жалған банкроттық
Жалған банкроттық, яғни коммерциялық ұйым басшысының немесе меншiк иесiнiң, сол сияқты жеке кәсiпкердiң кредит берушiге тиесiлi төлемдердi кейiнге қалдыруды немесе ұзартуды немесе борыштардан шегерiм жасатқызу үшiн кредит берушiлердi адастыру мақсатында өзiнiң дәрменсiздiгi туралы көрiнеу жалған хабарлауы, сол сияқты борыштарын төлемеуi, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүзден бес жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
157-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы N 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
158-бап. Коммерциялық құпияны, банк құпиясын, кредиттік бюроның кредиттік тарих
деректері базасынан алынған кредиттік есептердің мәліметтерін немесе
ақпаратты сақтау мiндеттерiн бұзу
Коммерциялық құпия, банк құпиясы, не кредиттік бюроның кредиттік тарих деректері базасынан алынған кредиттік есептердің мәліметтері немесе ақпарат бар мәлiметтердi сақтау мiндеттерiн, ол кәсiптiк немесе қызметтiк мiндетiне байланысты өзiне мәлiм болған адамның олардың иелерiнiң келісімiнсiз бұзуы, егер онда қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертулер.
1. Меншiк иесiне немесе заң актілеріне сәйкес осындай мәлiметтердi алу құқығы бар адамдарға олардың заңды талабы бойынша коммерциялық құпия, банк құпиясы, не кредиттік бюроның кредиттік тарих деректері базасынан алынған кредиттік есептердің мәліметтері немесе ақпарат бар мәлiметтердi берген жағдайда тұлға жауапты болмайды.
2. Осы бапта көзделген әрекеттi жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту, залал келтiрiлген ұйымның, меншiк иесiнiң немесе жеке кәсiпкердiң арызы бойынша жүзеге асырылады.
158-бап және тақырыбы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ, 2004 жылғы 6 шiлдедегi № 572-ІІ Заңдарымен енгiзiлген өзгерістермен.
158-1-бап. Сақтандыру құпиясын сақтау мiндетiн бұзу
Сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi сақтау мiндетiн, олар өзiнiң кәсiби немесе қызметтiк мiндетiне байланысты белгiлi болған адамның олардың иесiнiң келісімiнсiз бұзуы, -
елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
158-1-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шiлдедегi № 483-II Заңымен енгiзiлдi.
15-тарау
Сауда және қаржы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
159-бап. Тұтынушыларды алдау
1. Сауда қызметiн және қызметтер көрсетудi жүзеге асыратын дара кәсiпкерлердiң немесе ұйымдардың кем өлшеуi, таразыдан жеуi, кем есептеуi, тауардың (көрсетiлетiн қызметтердiң) тұтыну қасиеттерi немесе сапасына қатысты жаңылыстыруы немесе тұтынушыларды өзгедей алдауы, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр қызмет түрiне берiлетiн лицензиядан айырып және қызметiн тоқтата тұрып немесе оған тыйым салып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
159-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
160-бап. Қару-жарақ пен оқ-дәрi сату тәртібін бұзу
1. Сауда ұйымдары қызметкерлерiнiң тиiстi рұқсаты жоқ жеке тұлғаларға, ұйымдарға қару-жарақ пен оның оқ-дәрiсiн сатуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден сексенге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сауда ұйымдары қызметкерлерiнiң арнайы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзу үшiн арнайы техникалық құралдарды және ақпаратты қорғаудың криптографикалық құралдарын, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттік органдарды қоспағанда, тиiстi рұқсаты жоқ жеке тұлғаларға, ұйымдарға сатуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
160-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
161-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу саласындағы заңнамасын бұзу
1. Сатып алушының өтiнiшi бойынша тауар, оның шығарылған жерi, дайындаушылары, тұтыну қасиеттерi, кепiлдiк берiлген мiндеттемелер және талап қою тәртібі туралы қажеттi ақпарат бермеу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - екiден беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бақылау-өлшеу аспаптарын орналастыру тәртібін бұзу, -
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң екiден үшке дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Базар әкiмшiлiгiнiң базар аумағын уақтылы тазартуды және абаттандыруды қамтамасыз ету, базарда санитарлық күн өткізу және базар аумағындағы объектiлерге және сауда орындарын энергиямен, сумен, жылумен жабдықтауға қатысты сервистiк қызмет көрсету жөніндегі талаптарды бұзуы, -
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға он бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Сауда қызметi субъектiлерiнiң тауардың сапасы мен қауiпсiздiгiн куәландыратын құжаттарсыз, сатылу уақытында сапасын жоғалтқан және сапасыздық разрядына өткен және (немесе) тұтынушылардың өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтiн (соның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағына одан тыс жерлерден әкелiнген) тауарларды сатуы, сол сияқты тауарлардың қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын ресми құжатты заңсыз пайдалануы, -
тауарлары тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен жетiге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерiнде, ірі кәсіпкерлік субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың бiрiншi - төртiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiктер), -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жетiден онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
161-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
161-1-бап. Төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдердi қабылдаудан бас тарту
Төлем карточкаларын пайдалана отырып, сауда операцияларын жүзеге асыру (қызметтер көрсету) кезiнде оларды қабылдауға мiндеттi сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының төлемдердi қабылдаудан бас тартуы, -
жеке кәсiпкерлерге айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде және заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы бапта аталған сауда (қызмет көрсету) ұйымдарына санатын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар жатады.
161-1-бап Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 21 қазандағы № 80-ІІІ Заңымен енгізілді.
162-бап. Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау
Еркiн сауда жасауға заңдармен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге де заттармен заңсыз сауда жасау, -
аталған тауарларды немесе заттарды өтемiн төлеп алып қоя отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
162-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
163-бап. Этил спиртi немесе алкогольдi өнiм айналымы ережелерiн бұзу, сол сияқты
белгiленген стандарттарға сәйкес келмейтiн этил спиртi мен алкогольдi өнiмдi өндiру
1. Этил спиртi немесе алкогольдi өнiм айналымы ережелерiн бұзу, сол сияқты тұтынушылардың өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтiн этил спиртi мен алкогольдi өнiмдi өткізу мақсатында өндiру, -
құқық бұзушылықтың тiкелей объектiсi болған тауарлар және құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстер тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
құқық бұзушылықтың тiкелей объектiсi болған тауарлар және құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстер тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға тоғыз жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
163-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
163-1-бап. Темекi бұйымының маркасын пайдалану
1. Темекi бұйымдарының өздерiн немесе темекi бұйымы сатылатын немесе тасымалданатын кез келген қорапты, қаптаманы қоспағанда, өзiнде темекi бұйымының маркасы бар кез келген тауарларды қасақана тарату, көрмеге қою, сату, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпiстен жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
163-1-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
164-бап. Тауарларды құжаттарсыз сату
1. Дара кәсiпкерлердiң және сауда қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың тауарларды шығарылған елi туралы, дайындаушысы, жеткізушiсi немесе сатушысы туралы не тауар (қызмет) туралы мемлекеттік тiлде және орыс тілінде анық және жеткiлiктi ақпараты бар құжаттарсыз сатуы, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға сексеннен жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - сексеннен жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
164-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
165-бап. Белгiленбеген орындарда сауда жасау
Жергiлiктi атқарушы орган белгiлеген жерлерден тыс орындарда сауда жасау, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
166-бап. Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн қоспағанда, бюджетке төленетiн
салықтық емес төлемдердi толық және уақтылы төлемеу
Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi толық және уақтылы төлемеу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
166-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі № 165 Заңының редакциясында
166-1-бап. Ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан бас тарту
1. Қазақстан Республикасы аумағында айналымда жүрген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес қабылдауға жататын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын көрсетулi құны бойынша қабылдаудан бас тарту, -
дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасы аумағында айналымда жүрген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес қабылдауға жататын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан, ұсақтау мен айырбастаудан бас тартуы, -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
166-1-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілді.
167-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдарын бұзу
1. Мемлекеттік сатып алу туралы заңдарда көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсiлiн негiзсiз қолдану,-
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік сатып алу тәсiлiн уәкiлеттi органмен келісіп алмай, ондай келiсу заңдарда көзделген жағдайда, қолдану, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жүргiзiлетiн мемлекеттік сатып алу туралы конкурсты ұйымдастырушының ақпаратына заңдарда қойылған талаптарды бұзу, сол сияқты анық емес ақпарат беру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу процесiнiң қатысушыларын - ықтимал өнiм берушiлердi тiркеу рәсiмдерiн бұзу, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Ашық және жабық конкурстарды, сондай-ақ екi кезеңдiк рәсiмдер пайдаланылатын конкурстарды өткізу кезiнде бюджеттік қаражатты қосымша жұмсауға әкеп соқпаған мемлекеттік сатып алу рәсiмдерiн бұзу, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген бюджеттік қаражатты қосымша жұмсауға әкеп соққан iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген бюджеттік қаражатты iрi мөлшерде қосымша шығындауға әкеп соққан iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Осы баптың бiрiншi - алтыншы бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттердi (әрекетсiздiктердi) әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасау, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертулер.
1. Осы баптың бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде аталған лауазымды адамдарды мемлекеттік сатып алу рәсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты конкурс ұйымдастырушысының басшысы және (немесе) оның орынбасары деп; осы баптың үшiншi бөлiгiнде аталған лауазымды адамдарды мемлекеттік сатып алу рәсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты конкурс ұйымдастырушысының басшысы және (немесе) оның орынбасары, сондай-ақ конкурс комиссиясының хатшысы деп түсiну керек; осы баптың төртiншi, бесiншi, алтыншы бөлiктерiнде аталған лауазымды адамдарды конкурс комиссиясының төрағасы, мүшелерi және хатшысы деп түсiну керек.