Жер қойнауын заңсыз пайдалану, жер қойнауына мемлекеттік меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын мәмiлелер жасау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
122-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
123-бап. Кен орны учаскелерiн iрiктеп өңдеу
1. Кен орны учаскелерiн пайдалы қазбалардың қалған қорлары сапасының нашарлауына, олардың жобадан тыс және нормативтен тыс негiзсiз ысырабына әкеп соғатын iрiктеп өңдеу, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң сексеннен жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетi жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кен орны учаскелерiн өңдеу жөніндегі жобалық шешiмдердi қоршаған ортаға зиян келтiруге әкеп соғатын орындамау, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң сексеннен жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетi жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
123-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
124-бап. Суға мемлекеттік меншiк құқығын бұзу
1. Су объектiлерiн заңсыз басып алу, заңсыз су пайдалану, су пайдалану құқығын басқа бiреуге беру, сондай-ақ суға мемлекеттік меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан алпысқа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз елуден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Лимиттердi бұзып су алу, гидротехникалық жұмыстарды заңсыз жүргiзу, су объектiлерiнен алынған немесе бөлiнген жер асты және жер үстi суларын қырсыздықпен пайдалану, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
124-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
125-бап. Орманға мемлекеттік меншiк құқығын бұзу
Орман қоры учаскелерiн орманға мемлекеттік меншiк құқығын бұзатын сатып алу-сату, сыйға тарту, кепiлге салу, заңсыз иелену және айырбастау, сондай-ақ орман пайдалануды жүзеге асыру құқығын басқа бiреуге заңсыз беру, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпiстен жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
125-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
126-бап. Жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiне мемлекеттік меншiк құқығын бұзу
1. Жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалану құқығын басқа бiреуге заңсыз беру, сондай-ақ жануарлар дүниесiне мемлекеттік меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сол сияқты пайдалануға рұқсат алу талап етiлетiн қорықтар мен ерекше қорғалатын басқа да табиғи аумақтардағы жануарлар дүниесi объектiлерiн заңсыз пайдалану, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпiстен жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өсiмдiктер дүниесi объектiлерiн пайдалану құқығын басқа бiреуге заңсыз беру, сондай-ақ өсiмдiктер дүниесiне мемлекеттік меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сол сияқты пайдалануға рұқсат алу талап етiлетiн өсiмдiктер дүниесi объектiлерiн заңсыз пайдалану, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
126-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
127-бап. Энергияны, газды немесе суды заңсыз пайдалану
Электр не жылу энергиясын, газ не су құбырлары желiлерiнен газды немесе суды заңсыз қосу, пайдакүнемдiк мақсатта пайдалану, сол сияқты кәрiздiк желiлерге заңсыз қосу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - отыздан алпысқа дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
127-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы N 123-ІІІ Заңының редакциясында.
128-бап. Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге, селекциялық
жетiстiктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу
1. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi, селекциялық жетiстiктi, интегралдық микросхема топологиясын заңсыз пайдалану, автордың немесе арыз берушiнiң келісімiнсiз өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркәсiптiк үлгiнiң, селекциялық жетiстiктiң, интегралдық микросхема топологиясының мәнiн олар туралы мәлiметтер ресми түрде жарияланғанға дейiн жария ету, сол сияқты авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерiнде, заңды тұлғаларға төрт жүзден жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
128-бап Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы № 90-ІІІ Заңының редакциясында.
129-бап. Авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу
1. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, сол сияқты өткізу мақсатында туындылардың және (немесе) фонограммалардың контрафактілік даналарын сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе дайындау, авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
туындылардың және фонограммалардың даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркiленiп, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлік жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
туындылардың және фонограммалардың даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркіленіп, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң oннaн жиырмаға дейiнгі мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiне сәйкес туындылар мен фонограммалардың тәркiленген даналары, авторлық немесе сабақтас құқықтар иесiне оның өтiнiшi бойынша берiлетiн жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 628-бабында көзделген тәртiппен жойылуға тиiс.
129-бап Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы № 90-ІІІ Заңының редакциясында.
130-бап. Тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуына қатер төндiретiн жобалау,
iздестiру, құрылыс, мелиорация жұмыстарын және басқа да жұмыс түрлерiн
жүргiзу
Тарихи-мәдени мұраларды қорғау мен пайдалану жөніндегі тиiстi мемлекеттік органдардың келісімiнсiз және осы органдардың нұсқауы бойынша ескерткiштердiң паспорттандырылуы мен сақталуын анықтау жөніндегі алдын ала шараларды жүзеге асырмай, тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуына қатер төндiретiн жобалау, iздестiру, құрылыс, мелиорация, жол жұмыстарын және басқа да жұмыс түрлерiн жүргiзу; ескерткiштердi қорғау өңiрлерiнде жер, құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргiзу, сондай-ақ тиiстi мемлекеттік ескерткiштердi қорғау органдарының рұқсатынсыз бұл өңiрлерде шаруашылық қызметпен айналысу, тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғау мен пайдалануды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын тиiстi органдардың ескерткiштердi қорғау жөніндегі ережелердiң бұзылуын жою туралы нұсқамаларын орындамау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
130-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
131-бап. Егiстiктер мен екпелердi басып өту
1. Автомобильмен не трактормен, комбайнмен немесе өзге де өздiгiнен жүретiн машинамен егiстiктердi немесе екпелердi басып өту,-
айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Егiстiктердi немесе екпелердi күш көлiгiмен басып өту, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
132-бап. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен алынып тасталды.
133-бап. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен алынып тасталды.
134-бап. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен алынып тасталды.
134-1-бап. Мемлекеттік заттай гранттарды қайтару мерзiмдерiн бұзу
Мемлекеттік заттай гранттардың инвестициялар туралы заңнамада белгiленген қайтару мерзiмдерiн бұзу, -
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзден мыңға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мыңнан екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
134-1-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
135-бап. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен алынып тасталды.
135-1-бап. Лауазымды адамның және ұйым басшысының өзiне сенiп тапсырылған
объектiлердiң (мүлiктiң) қауiпсiздiгi мен сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі
мiндеттерiн орындамауы және немесе) тиiсiнше орындамауы
1. Лауазымды адамның, сол сияқты мемлекеттік орган немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы болып табылмайтын ұйым басшысының өзiне сенiп тапсырылған Қазақстан Республикасының ерекше маңызды мемлекеттік, стратегиялық объектiлерiнiң және тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiнiң қауiпсiздiгi мен сақталуының қажеттi деңгейiн қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттерiн орындамауы және (немесе) тиiсiнше орындамауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
135-1-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлдi; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
136-бап. Бөтен бiреудiң мүлкiн ұсақ-түйектеп ұрлау
1. Ұйымға меншiк құқығында тиесiлi немесе оның қарауындағы бөтен бiреудiң мүлкiн ұрлық, алаяқтық жасау, иеленiп кету, жұмсап қою жолымен ұсақ-түйектеп ұрлау, -
айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, ал егер iстiң мән-жайлары бойынша бұл шараның қолданылуы жеткiлiксiз деп танылса, он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
2. Ұсақ-түйектеп ұрлау:
1) бiр топ адамдар қатысып;
2) бiрнеше мәрте;
3) тұрғын үйге, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға не сақтау орнына заңсыз кіру арқылы жасалса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
Ескертулер.
1. Бөтен бiреудiң мүлкiн ұрлау, егер ұрланған мүлiктiң құны заңдарда белгiленген он еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, ұсақ-түйектеп ұрлау деп танылады.
2. Ұсақ-түйектеп ұрлау, егер бұған дейiн осы бапта көзделген бiр немесе одан да көп әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған, немесе егер ұсақ-түйектеп ұрлауды Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 177-183, 250, 256 немесе 261-баптарында көзделген қылмыстар жасағаны үшiн сотталған адам жасаған болса, бiрнеше мәрте ұсақ-түйектеп ұрлау деп танылады.
14-тарау
Кәсіпкерлік қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
137-бап. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен алынып тасталды.
138-бап. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен алынып тасталды.
139-бап. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен алынып тасталды.
140-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан
Республикасының шегiнен тыс жерге әкету немесе жiберу ережелерiн бұзу
1. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге әкету немесе жiберу ережелерiн бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - онға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отызға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
шикiзат немесе тауарлар тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - он беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға алпысқа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
140-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
141-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан
Республикасының шегiнен тысқары жiберу үшiн қабылдау тәртібін бұзу
Пошта ұйымдарының, темір жол, автомобиль, өзен, теңiз және әуе көлiктерiнiң лауазымды адамдарының шикiзаттарды, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жiберу үшiн қабылдау ережелерiн бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
142-бап. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен алынып тасталды.
143-бап. Кәсiпкерлiк қызметтiң тыйым салынған түрлерiмен айналысу
Кәсiпкерлiк қызметтiң тыйым салынған, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ түрлерiмен айналысу, -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
143-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
144-бап. Кино- және бейнешығармаларды көпшiлiкке көрсету ережелерiн бұзу
Белгiленген көрсету уақытын және көрермендер санатын сақтамаудан көрiнiс тапқан, кино- және бейнешығармаларды көпшiлiкке көрсету ережелерiн бұзу, -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
144-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
145-бап. Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, тауар шығарылған жердiң
атауын немесе фирмалық атауын заңсыз пайдалану
1. Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын немесе тауар шығарылған жердiң атауын, немесе бiртектес тауарлар немесе қызметтер үшiн оларға ұқсас белгiлердi заңсыз пайдалану, сондай-ақ бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - отыздан елуге дейiнгi мөлшерінде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
145-бап Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы № 90-ІІІ Заңының редакциясында.
146-бап. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен алынып тасталды.
147-бап. Нарық субъектiлерiнiң бәсекеге қарсы келісімдерi (келісілген iс-әрекеттерi),
үстем (монополиялық) жағдайды терiс пайдалану
Нарық субъектiлерiнiң бәсекеге қарсы келісімдерi (келісілген iс-әрекеттерi), үстем (монополиялық) жағдайды терiс пайдалану, -
дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлғаларға - монополиялық қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған табыстың (түсiмнiң) бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - он процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
147-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 174 Заңының редакциясында.
147-1-бап. Мемлекеттік монополия туралы заңнаманы бұзу
Мемлекеттік монополия субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттік монополия туралы заңнамасында белгiленген шектеулердi сақтамауы, -
мемлекеттік монополия субъектiсiне айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
147-1-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілді.
147-2-бап. Экономикалық шоғырлану кезiнде нарық субъектiлерiнiң заңсыз iс-әрекеттерi
Егер монополияға қарсы орган рұқсатының болуы қажет жағдайда, нарық субъектiлерiнiң оның рұқсаттың алмай экономикалық шоғырлануы, экономикалық шоғырлануға қатысушы нарық субъектiлерiнiң экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы шешiмге негiз болған талаптар мен мiндеттемелердi орындамауы, -
жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - екi жүз елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елуден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бiр мың бес жүзден екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
147-2-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 174 Заңымен енгізілді.
147-3-бап. Монополияға қарсы органның шешiмдерiн орындамау. Ақпарат беру
жөніндегі мiндеттемелердi бұзу және үй-жай мен аумаққа кіруге кедергi жасау
Шешiмдi (нұсқаманы) орындамау немесе оны толық көлемде орындамау, монополияға қарсы органға белгiленген мерзiмде ақпарат бермеу не толық емес көлемде беру, монополияға қарсы органға дұрыс емес және (немесе) жалған ақпарат беру, монополияға қарсы органның тергеу жүргiзетiн лауазымды адамдарының үй-жай мен аумаққа кіруiне кедергi жасау, -
жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - екi жүз елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елуден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бiр мың бес жүзден екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
147-3-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 174 Заңымен енгізілді.
147-4-бап. Мемлекеттік органдардың бәсекеге қарсы iс-әрекетi, жосықсыз бәсеке
1. Мемлекеттік органдардың бәсекеге қарсы iс-әрекетi -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жосықсыз бәсеке -
дара кәсiпкерлерге айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүз елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүз елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бiр мың бес жүзден екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.