ақпараттың берiлмеуiне кiнәлi адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
94-бап. Халықты жұмыспен қамту туралы заңдарды бұзу
1. Жеке және заңды тұлғалардың халықты жұмыспен қамту туралы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң сегiзден онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
95-бап. Мемлекеттік қызметке қол жеткізуге тең құқықты iске асыруға кедергi келтiру
Мемлекеттік қызметшi лауазымына кандидатқа заңдарда көзделмеген талаптарды және белгiленген тәртiппен бекітілмеген біліктілік талаптарын қою, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
96-бап. Жеке тұлғаның берген шағымын оған зиянды болатындай етiп бағыттау
Негiздi шағым берген немесе мүддесiне орай шағым берiлген адамға сол шағымды оған зиянды болатындай етiп бағыттау, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
96-баптың тақырыбы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
97-бап. Ереуiлге қатысуға немесе оған қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу
Мәжбүрленушiнiң тәуелдi жағдайын пайдалана отырып ереуiлге қатысуға немесе оған қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
97-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
11-тарау
Азаматтардың сайлау құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
98-бап. Лауазымды адамдардың сайлау комиссиясына (референдум комиссиясына)
қажеттi мәлiметтер мен материалдарды табыс етпеуi немесе комиссияның
шешiмiн орындамауы
Лауазымды адамдардың сайлау комиссиясына (референдум комиссиясына) оның жұмысы үшiн қажеттi мәлiметтер мен материалдарды табыс етпеуi немесе комиссия өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған шешiмдi олардың орындамауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
99-бап. Үгiтке тыйым салынған кезеңде оны жүргiзу
Қазақстан Республикасының заңдарымен сайлауға (республикалық референдумға) байланысты үгiтке тыйым салынған кезеңде оны жүргiзу,-
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жиырма бестен отыз беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
99-бап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi № 583-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
99-1-бап. Сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығына кедергi келтiру
Президенттiкке, депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметтерге кандидаттарға, олардың сенім бiлдiрген адамдарына, саяси партияларға олардың сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығын iске асыру процесiнде кедергi келтiру-
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - он бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жиырма бестен отыз беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
99-1-бап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi № 583-ІІ Заңымен енгiзiлдi.
100-бап. Кандидаттар, саяси партиялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер тарату
Кандидаттар, саяси партиялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер тарату немесе сайлаудың нәтижесiне ықпал ету мақсатында олардың абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн өзге де iс-әрекеттер жасау -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма бестен отыз беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - отыз бестен елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
100-бап және тақырыбы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi № 583-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістермен.
101-бап. Сайлау комиссиясы (референдум комиссиясы) мүшесiнiң, сенім бiлдiрiлген
адамның және байқаушының құқықтарын бұзу
Сайлау комиссиясы (референдум комиссиясы) мүшесiнiң, сайлаудағы кандидаттардың, саяси партиялардың сенім бiлдiрiлген адамдарының және байқаушылардың құқықтарын бұзу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен отыз беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
101-бап және тақырыбы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi № 583-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістермен.
102-бап. Азаматтардың сайлаушылар тiзiмiмен танысу құқығын бұзу
Сайлау комиссиясы (референдум комиссиясы) мүшесiнiң азаматтардың сайлаушылар тiзiмiмен (таңдаушылардың республикалық референдумға қатысу құқығы бар адамдар тiзiмiмен) танысу құқығын бұзуы не сайлаушылар тiзiміндегі қателiктер туралы өтiнiштi заңдарда белгiленген мерзiмде қарамауы, не сайлаушылар тiзiмiне (таңдаушылар, республикалық референдумға қатысуға құқығы бар адамдар тiзiмiне) түзетулер енгізу туралы өтiнiштi қабылдамау себептерiн баяндай отырып азаматқа жазбаша түрде жауап қайтарудан бас тартуы, не сайлаушылар тiзiмiн (таңдаушылар, республикалық референдумға қатысуға құқығы бар адамдар тiзiмiн) түзету туралы сот шешiмiн белгiленген мерзiмде орындамауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
102-1-бап. Сайлаушылар туралы дәйектемесiз деректер, сондай-ақ сайлаушылардың
дәйектемесiз тiзiмдерiн беру
1. Лауазымды адамдардың жергiлiктi атқарушы органдарға сайлаушылардың тiзiмдерiн жасау үшiн сайлаушылар туралы дәйектемесiз деректер беруi -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жергiлiктi атқарушы органдар лауазымды адамдарының тиiстi сайлау комиссиясына сайлаушылардың дәйектемесiз тiзiмдерiн беруi -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма бестен отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
102-1-бап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi № 583-ІІ Заңымен енгiзiлдi.
102-2-бап. Тең сайлау құқығы туралы талапты бұзу
Тең сайлау құқығы туралы талаптарды екi рет не одан да көп немесе басқа сайлаушы үшiн дауыс беру арқылы бұзу -
айлық есептiк көрсеткіштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
102-2-бап Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi № 67-ІІІ Заңымен енгiзiлдi.
102-3-бап. Шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың
және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмдерiн
ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр
нәтижеге қол жеткізуге кедергi болатын және (немесе) ықпал ететін қызметтi
жүзеге асыруы
Шетелдiктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткізуге кедергі болатын және (немесе) ықпал ететiн қызметтi жүзеге асыруы, -
жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу арқылы немесе онсыз, айлық есептiк көрсеткіштің жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға айлық eceптiк көрсеткiштiң төрт жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
102-3-бап Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi № 67-ІІІ Заңымен енгiзiлдi.
103-бап. Азаматтарға басқа адамдар үшiн дауыс беруге мүмкiндiк жасау мақсатында
сайлау бюллетеньдерiн (дауыс беруге арналған бюллетеньдердi) беру
Азаматтарға басқа адамдар үшiн дауыс беруге мүмкiндiк жасау мақсатында сайлау бюллетеньдерiн (дауыс беруге арналған бюллетеньдердi) сайлау комиссиясы (референдум комиссиясы) мүшесiнiң беруi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
103-бап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi № 583-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
104-бап. Жұмыс берушiнiң сайлауға (республикалық референдумға) қатысу үшiн
демалыс беруден бас тартуы
Жұмыс берушiнiң депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметке тiркелген кандидатқа не сайлау комиссиясының мүшесiне мемлекеттік өкiмет, басқару органдарына және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына (республикалық референдумға) сайлауды әзiрлеу мен өткізуге қатысу үшiн заң актілерінде көзделген демалысты беруден бас тартуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
105-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау алдында үгiт жүргiзу
шарттарын бұзу
Бас редактордың, журналистiң, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясы лауазымды адамының сайлау заңдарында (республикалық референдум туралы заңдарда) көзделген сайлау алдындағы үгiт жүргiзу шарттарын бұзуы, -
азаматтар мен лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға отыздан алпыс беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
105-бап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi № 583-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
106-бап. Бүркеншiк үгiт материалдарын әзiрлеу немесе тарату
Мемлекеттік өкiмет органдарына және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайлауды (республикалық референдумды) әзiрлеу мен өткізу кезеңiнде, басып шығарған ұйымдар, шығарылған жерi, таралымы туралы және шығарылуына жауапты адамдар туралы ақпараты жоқ үгiттiк баспасөз және электрондық материалдарды әзiрлеу немесе тарату, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
107-бап. Үгiт материалдарын қасақана жою, бүлдiру
Депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметке кандидаттардың меншiк иесiнiң немесе осы объектiлердiң өзге иесiнiң келісімiмен ғимараттарға, құрылыстарға және өзге де объектiлерге iлiнген үгiттiк материалдарын қасақана жою, бүлдiру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
107-бап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi № 583-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
108-бап. Сайлауды (республикалық референдумды) әзiрлеу мен өткізуге қаражат жұмсау
туралы есептердi бермеу немесе жарияламау
Депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметке кандидаттың, сайланған адамның, не саяси партияның сайлау қорларына түскен түсiмдердiң (қайырмалдықтардың) мөлшерi туралы және сайлау қорларын құру көздерi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ сайлау қорының қаражатын пайдалану туралы есептi бермеуi, -
депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметке кандидатқа, сайланған адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға елу беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
108-бап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi № 583-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
108-1-бап. Сайлау қорларынан бөлек, сайлау науқанын қаржыландыру немесе оған өзге
де материалдық көмек көрсету
Кандидаттарға, партиялық тiзiмдер ұсынған саяси партияларға олардың сайлау қорларынан бөлек қаржылық немесе өзге де материалдық көмек көрсету -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
108-1-бап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi № 583-ІІ Заңымен енгiзiлдi.
109-бап. Сайланбалы мемлекеттік қызметке кандидаттың не саяси партияның шет
мемлекеттерден, ұйымдардан, азаматтардан және азаматтығы жоқ адамдардан
қайырмалдықтар алуы
Депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы мемлекеттік қызметке кандидаттың не саяси партияның шет мемлекеттен, халықаралық ұйымнан немесе халықаралық қоғамдық бiрлестiктен, шет елдердiң мемлекеттік органдарынан, шетелдiк заңды тұлғалардан және азаматтардан, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардан кез келген нысанда қайырмалдықтар алуы, -
депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметке кандидатқа - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға, қайырмалдық заттарын тәркiлей отырып, елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
109-1-бап. Жеке және заңды тұлғалардың кандидаттарға, саяси партияларға олардың
жазбаша келісімiнсiз қызмет көрсетуi
Жеке және заңды тұлғалардың кандидаттарға, саяси партияларға олардың сайлау алдындағы қызметiне байланысты олардың жазбаша келісімiнсiз қызмет көрсетуi -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
109-1-бап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi № 583-ІІ Заңымен енгiзiлдi.
110-бап. Дауыс беру қорытындылары туралы немесе сайлау нәтижелерi туралы
мәлiметтердi табыс етпеу не жарияламау
1. Учаскелiк сайлау комиссиясы төрағасының кандидаттың сенім бiлдiрген адамына, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлiне, байқаушыға Республиканың заңдарына сәйкес табыс етiлуге мiндеттi дауыс беру қорытындылары туралы мәлiметтердi табыс етпеуi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, округтiк сайлау комиссиясының төрағасы жасаған әрекет, сондай-ақ оның сайлау (республикалық референдум) нәтижелерi туралы мәлiметтердi сайлау заңдарында (республикалық референдум туралы заңдарда) белгiленген жариялау мерзiмдерiн бұзуы не толық жарияламауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы жасаған әрекет, сондай-ақ оның сайлауда (республикалық референдумда) дауыс беру қорытындылары туралы мәлiметтердi сайлау заңдарында (республикалық референдум туралы заңдарда) белгiленген жариялау мерзiмдерiн бұзуы не толық жарияламауы,-
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы жасаған әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
110-1-бап. Сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сұрау салу iсiн жүргiзу шарттарын бұзу
1. Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарында көзделген қоғамдық пiкiрге сұрау салу нәтижелерiн, сайлау нәтижелерi болжамдарын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулердi жариялау тәртібін бұзу -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе дауыс беруге арналған пунктте қоғамдық пiкiрге сұрау салу iсiн жүргiзу -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
110-1-бап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi № 583-ІІ Заңымен енгiзiлдi.
12-тарау
Кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын
әкімшілік құқық бұзушылық
111-бап. Ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың балаларды тәрбиелеу
жөніндегі мiндеттердi орындамауы
1. Ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі мiндеттердi дәлелдi себептерсiз орындамауы, - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған, кәмелетке толмағандардың спирттiк iшiмдiктердi, есiрткi құралдарын және психотроптық заттарды ұдайы қолдануына әкеп соққан iс-әрекеттер, сол сияқты олардың қылмыс немесе қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi бар әрекеттер жасауы, -
ата-аналарға немесе олардың орнындағы адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
111-1-бап. Кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тарту
1. Кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тарту, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
111-1-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілді.
112-бап. Кәмелетке толмаған адамды мас болу күйiне дейiн жеткізу
Ата-аналардың немесе өзге де адамдардың кәмелетке толмаған адамды мас болу күйiне дейiн жеткізуi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
113-бап. Кәмелетке толмағандарға алкоголь iшiмдiктерiн сату
Он сегiз жасқа толмаған адамдарға алкоголь iшiмдiктерiн сату, -
айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
113-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
114-бап. Кәмелетке толмағандарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату
1. Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату, -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға және дара кәсiпкерлерге он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
жеке тұлғаларға - он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, лауазымды адамдарға және дара кәсiпкерлерге айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
114-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
115-бап. Кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнiмдi әзiрлеуге тарту
1. Кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнiмдi әзiрлеуге, сондай-ақ эротикалық мазмұндағы өнiмдi таратуға, жарнамалауға және сатуға тарту, -
аталған өнiмдi тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
эротикалық мазмұндағы өнiмдi әзiрлеу құралдарын тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
115-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
116-бап. Асырап алуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), жеке тұлғалардың отбасына
тәрбиелеуге берудi қажет ететiн кәмелетке толмағандар туралы мәлiметтердi
табыс ету тәртібі мен мерзiмдерiн бұзу
Қарауында ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар бар ұйымдар басшыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының атқарушы органдары лауазымды адамдарының асырап алуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), жеке тұлғалардың отбасына тәрбиелеуге берудi қажет ететiн кәмелетке толмағандар туралы мәлiметтердi табыс ету тәртібін не мерзiмдерiн бұзуы немесе көрiнеу жалған мәлiметтердi табыс ету, не асырап алуға, қамқоршылыққа (қорғаншылыққа), жеке тұлғалардың отбасына тәрбиелеуге беруден балаларды жасыруға бағытталған өзге де iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
116-бап және тақырыбы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
117-бап. Бала асырап алу жөніндегі заңсыз қызмет
Баланы (қызды) асырап алу, оны қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаж тәрбиешiге беру жөніндегі заңсыз iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13-тарау
Меншікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
118-бап. Жерге мемлекеттік меншiк құқығын бұзу
Мемлекеттік жер учаскелерiн заңсыз иелену немесе айырбастау не жерге мемлекеттік меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттік жердi уақтылы қайтармау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
118-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
119-бап. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен алынып тасталды.
120-бап. Жерге орналастыру құжаттамасын бекітудiң белгiленген тәртібін бұзу
Жерге орналастыру құжаттамасын бекітудiң белгiленген тәртібін бұзу, сол сияқты оған өзгерістердi заңсыз енгізу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
120-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
121-бап. Арнаулы белгiлердi жою
1. Жер учаскелерi шекараларының межелiк белгiлерiн жою, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жер асты суларын байқаушы және режимдiк ұңғыларды, су объектiлеріндегі байқаушы режимдiк тұстамаларды, су қорғау немесе су шаруашылығы белгiлерiн, орман қорындағы орман орналастыру немесе орман шаруашылығы белгiлерiн, маркшейдерлiк, геодезиялық және нивелирлiк пункттер мен белгiлердi жою немесе бүлдiру, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
121-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
122-бап. Жер қойнауына мемлекеттік меншiк құқығын бұзу