2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың мән-жайларын, өзiне қатысты iс қозғалған жеке адамның өз басын немесе заңды тұлға туралы мәлiметтердi және заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң жеке басын қосымша анықтау талап етiлген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама үш тәулiк iшiнде, ал осы Кодекстiң 182, 187 және 188-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық бойынша құқық бұзушылық немесе оны жасаған адам ашылған кезден бастап он тәулiк iшiнде жасалады.
3. Сараптама жүргiзу талап етiлетiн жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама сараптама қорытындысы алынған сәттен бастап бiр тәулiк iшiнде жасалады.
4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген талаптар жеке адамның анықталмауына байланысты атқарылмауы мүмкiн жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама осы бапта белгiленген мерзiмдерде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсi бойынша жасалады.
5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы материалдар бойынша дәлелдеме ретiнде құқық бұзу фактiсiн және құқық бұзушының жеке басын дұрыс анықтауға мүмкiндiк беретiн сертификатталған, арнайы техникалық бақылау-өлшем құралдарының және метрологиялық тексеруден өткен құқық бұзушылықты бақылау мен тiркеу аспаптарының, фото-, бейне аппаратураның деректерi пайдаланылған жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама құқық бұзушы болмағанда да жасалуы мүмкiн.
638-бап Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi № 240-II Заңымен енгiзiлген өзгерiспен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 10-ІІІ, 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңдарымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 174 Заңымен енгізілген толықтырумен.
639-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайтын жағдайлар
1. Ескерту немесе айыппұл түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жағдайда, егер айыппұл бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспаса және адам (жеке тұлға, орган немесе заңды тұлғаның басқару функциясын жүзеге асыратын адам) құқық бұзушылық жасау фактiсiн мойындаса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды. Ескерту түріндегі жазаны соған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде ресiмдейдi. Айыппұл түрiнде жаза қолданылған жағдайда қатаң қаржылық есептілік құжаты болып табылатын, белгiленген үлгiдегi түбiртек берудi соған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде жүзеге асырады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам ескертудiң немесе төлем құжатының екiншi данасына қол қою арқылы қолданылған жазаға өзiнiң келiсетiнiн растайды.
2. Жеке тұлғалар бұзылған құқықтарын қалпына келтiру туралы арыз жазған жағдайда осы Кодекстiң 80-113-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi сот құқық бұзушылық туралы хаттама жасамай-ақ қарайды. Хаттама әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу прокурор қаулысымен қозғалған жағдайларда да жасалмайды.
3. Егер адам осы баптың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген тәртiппен өзiне қолданылған жазаға дауласса, осы Кодекстiң 635-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.
639-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
640-бап. Хаттаманы (прокурордың қаулысын) iстi қарау үшiн жiберу
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) қарау үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлдiк берiлген судьяға, органға (лауазымды адамға) жасалған кезден бастап үш тәулiк iшiнде жiберiледi.
2. Жасағаны үшiн жауаптылығы әкiмшiлiк қамауға алуды қолдануға әкеп соғуы мүмкiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) ол жасалғаннан кейiн дереу судьяға жiберiледi.
3. Хаттаманы құқығы жоқ адам жасаған, хаттама дұрыс жасалмаған және iстiң басқа материалдары дұрыс ресiмделмеген жағдайларда, сондай-ақ осы Кодекстiң 646-бабының 4) тармақшасында көзделген өзге де жағдайларда хаттаманың және басқа материалдардың кемшiлiктерi оларды әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судья, орган (лауазымды адам) алған күннен бастап үш тәулiктен аспайтын мерзiмде жойылады. Түзетiлген хаттама және iстiң басқа материалдары оларға енгiзiлген өзгерістерiмен қоса әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судьяға, органға (лауазымды адамға) кемшiлiктерi жойылған күннен бастап бiр тәулiк iшiнде қайта жiберiледi.
640-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
641-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi iстi қарауға бергенге дейiн қысқарту
Осы Кодекстiң 580, 581-баптарында көзделген мән-жайлардың тым болмаса бiреуi болған жағдайда iстi жүргiзiп жатқан лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қысқарту жөнiнде қаулы шығарады.
38-тарау
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау
642-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын орын
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс оның жасалған жерi бойынша қаралады.
2. Осы Кодекстiң 246, 247, 447, 447-1, 447-3, 461-487-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер көлiк құралдары, кемелер, соның iшiнде шағын көлемдi кемелер есепке алынған жер бойынша немесе өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның тұрғылықты жерi бойынша да қаралуы мүмкiн.
3. Осы Кодекстiң 295, 296, 298, 298-1, 335 және 336-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер олар жасалған жер бойынша немесе өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның тұрғылықты жерi бойынша қаралуы мүмкiн.
4. Кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының немесе ата-аналарын ауыстыратын адамдардың әкiмшiлiк құқық бұзушылығы туралы iстер өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның тұрғылықты жерi бойынша қаралады.
642-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ, 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңдарымен енгізілген толықтырулармен.
643-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға әзiрлеу
Судья, алқалы орган мүшесi, лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға әзiрлеу кезiнде мына мәселелердi:
1) бұл iстi қарау өзiнiң құзыретiне жататынын;
2) бұл iстi судьяның, алқалы орган мүшесiнiң, лауазымды адамның қарау мүмкiндiгiн болдырмайтын мән-жайлардың болуын;
3) осы Кодексте көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама мен басқа хаттамалардың дұрыс жасалғанын, сондай-ақ iстiң өзге де материалдарының дұрыс ресiмделгенiн;
4) iс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлардың, сондай-ақ адамды әкiмшiлiк жауапқа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлардың болуын;
5) өтiнiштердiң және бас тартудың болуын;
6) осы Кодекстiң 584-588-баптарында аталған адамдарға iс қаралатын орын мен уақыт туралы хабарланғанын анықтайды.
644-бап. Судьяның, алқалы орган мүшесiнiң, лауазымды адамның әкiмшiлiк құқық
бұзушылық туралы iстi қарау мүмкiндiгiн болдырмайтын мән-жайлар
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қарауға берiлген судья, алқалы органның мүшесi, лауазымды адам, егер ол адам:
1) жауапқа тартылып отырған адамның немесе жәбiрленушiнiң, олардың заңды өкiлдерiнiң, қорғаушысының немесе өкiлiнiң туысы болса;
2) iстiң шешiлуiне жеке басы, тiкелей немесе жанама түрде мүдделi болса, бұл iстi қарай алмайды.
645-бап. Судьяның, алқалы орган мүшесiнiң, лауазымды адамның өздiгiнен бас тартуы
және олардан бас тарту
1. Осы Кодекстiң 644-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде судья, алқалы органның мүшесi, лауазымды адам өзiнiң бас тартатыны туралы мәлiмдеуге мiндеттi.
2. Осы Кодекстiң 644-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде өзi жөнiнде iс жүргiзiлiп жатқан адам, жәбiрленушi, жеке және заңды тұлғаның заңды өкiлдерi, қорғаушысы мен өкiлi, прокурор судьядан, алқалы органның мүшесiнен, лауазымды адамнан бас тартатындығын мәлiмдеуге құқылы.
3. Өздiгiнен бас тарту, олардан бас тарту туралы мәлiмдеме тиiстi соттың төрағасына, алқалы органның басшысына, жоғары тұрған лауазымды адамға берiледi.
4. Өздiгiнен бас тарту, олардан бас тарту туралы мәлiмдеменi соттың төрағасы, алқалы орган, жоғары тұрған лауазымды адам ол түскен күннен бастап бiр тәулiк iшiнде қарайды.
5. Өздiгiнен бас тарту, олардан бас тарту туралы мәлiмдеменi қарау нәтижелерi бойынша мәлiмдеменi қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарылады.
646-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға әзiрлеу кезiнде судья, орган
(лауазымды адам) қабылдайтын шешiм
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға әзiрлеу кезiнде судья, орган (лауазымды адам) мынадай шешiм қабылдайды:
1) iстi қарайтын уақыт пен орын тағайындау туралы;
2) iс бойынша адамдарды шақыру, қажеттi қосымша материалдарды сұрап алдыру туралы. Қажет болған жағдайда судья сараптама тағайындауға да құқылы;
3) iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы;
4) құқығы жоқ адамдар хаттама жасаған және iстiң басқа материалдарын ресiмдеген, хаттама дұрыс жасалмаған және iстiң басқа материалдары дұрыс ресiмделмеген не тапсырылған материалдар толық болмаған, iстi қарау кезiнде оны толықтыру мүмкiн емес жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа материалдарын хаттама жасаған органға (лауазымды адамға) керi қайтару туралы;
5) егер бұл iстi қарау өзiнiң құзыретiне жатпаса не судьядан, лауазымды адамнан бас тарту туралы ұйғарым шығарылса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа материалдарын ведомстволық бағыныстылық бойынша қарауға беру туралы;
6) осы Кодекстiң 642-бабына сәйкес iстi мәнi бойынша қарауға беру туралы;
7) осы Кодекстiң 580-581-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде iс жүргiзудi қысқарту туралы.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1)-6) тармақшаларында көзделген шешiмдер ұйғарым түрiнде шығарылады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 7) тармақшасында көзделген шешiм қаулы түрiнде шығарылады.
4. Жауапқа тартылушы адамның, оның заңды өкiлiнiң, куәнiң дәлелсiз себептермен келмей қалуына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қайта қарауға әзiрлеу кезiнде осы Кодекстiң 584-бабының төртiншi бөлiгiнде, 586-бабының алтыншы бөлiгiнде және 594-бабының бесiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда iстi қараушы судья, орган (лауазымды адам) аталған адамдарды алып келу туралы ұйғарым шығаруға құқылы.
647-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау мерзiмдерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер iстi қарауға құқықты судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа материалдарын алған күннен бастап он бес күн мерзiмде қаралады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге қатысушылардан өтiнiштер түскен жағдайда не iстiң мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде iстiң қаралу мерзiмiн iстi қараушы судья, орган (лауазымды адам) ұзартуы мүмкiн, бiрақ ол бiр айдан аспайтын, ал, салық мiндеттемесiн орындауға байланысты iстер бойынша, шағым беру мерзiмiнiң кезеңiне ұзартуы мүмкiн.
3. Жасалуы әкiмшiлiк қамауға, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберуге әкелiп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама мен iстiң басқа материалдары алынған күнi, ал әкiмшiлiк ұстауға ұшыраған адам жөнiнде - ол ұсталған кезден бастап қырық сегiз сағаттан кешiктiрiлмей қаралады.
647-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
648-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау тәртібі
1. Алқалы орган отырысында төрағалық етушi судья немесе лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға кiрiскенде:
1) iстi кiм қарайтынын, қандай iс қаралғалы жатқанын, кiм және осы Кодекстiң қай бабы негiзiнде жауапқа тартылып отырғанын хабарлайды;
2) әкiмшiлiк жауапқа тартылып отырған жеке адамның немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң, сондай-ақ iстi қарауға қатысушы өзге де адамдардың келгенiне көз жеткізеді;
3) iс жүргiзуге қатысушылардың жеке басын анықтайды және жеке адамның немесе заңды тұлғаның заңды өкiлдерiнiң, қорғаушысының және уәкiлеттi өкiлiнiң өкiлеттiктерiн анықтайды;
4) iс жүргiзуге қатысушылардың келмей қалу себептерiн анықтайды және аталған адамдар жоқта iс қарау туралы не iс қарауды кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдайды;
5) қажет болған жағдайларда iс қарау кезiнде қатысуы мiндеттi адамды алып келу туралы ұйғарым шығарады, аудармашы тағайындайды;
6) iс қарауға қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi;
7) мәлiмделген бас тартуларды және өтiнiш жасауларды шешедi;
8) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы, ал қажет болған жағдайда - өзге де материалдарды оқып бередi;
9) iс қарауды кейiнге қалдыру туралы: егер iс қараушы судьяның не лауазымды адамның, сондай-ақ алқалы орган мүшесiнiң өздiгiнен бас тартуы немесе одан бас тарту iстi мәнi бойынша қарауға кедергi келтiрсе, бас тарту мәлiмделуiне; егер қорғаушыдан, уәкiлеттi өкiлден, сарапшыдан немесе аудармашыдан бас тарту iстi мәнi бойынша қарауға кедергi келтiрсе, аталған бас тартуға; iстi қарауға қатысушы адамдардың келуi немесе iс бойынша қосымша материалдар сұрап алу қажеттiгiне байланысты, сондай-ақ осы Кодекстiң 56-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда ұйғарым шығарады. Қажет болған жағдайда судья (лауазымды адам) сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады.
10) осы Кодекстiң 646-бабында көзделген жағдайларда iстi мәнi бойынша қарауға беру туралы ұйғарым шығарады.
2. Алқалы органның отырысында төрағалық етушi судья немесе лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға кiрiсiп, iс бойынша өздерi жөнiнде iс жүргiзiлiп жатқан жеке адамның немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң түсiнiктемелерiн, iс жүргiзуге қатысушы басқа адамдардың айғақтарын, маманның түсiндiрмесiн және сарапшының қорытындысын тыңдайды, өзге де дәлелдер зерттеледi, ал iстi қарауға прокурор қатысқан жағдайда оның қорытындысы тыңдалады.
3. Қажет болған жағдайларда осы Кодексте көзделген басқа да iс жүргiзу iс-әрекеттерi жүзеге асырылады.
648-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 2 наурыздағы № 131-ІІІ Заңымен енгізілген толықтырумен.
649-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде анықтауға жататын
мән-жайлар
Судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғанын, осы адамның соны жасауға кiнәлiлiгiн, оның ол әкiмшiлiк жауаптылыққа жататынын, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлардың болуын, мүлiктiк залал келтiрiлгенiн анықтауға, сондай-ақ iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар басқа да мән-жайларды анықтауға мiндеттi.
650-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау нәтижелерi бойынша
шешiмдердiң түрлерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап, судья, орган (лауазымды адам) мына қаулылардың бiрiн шығарады:
1) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы;
2) iс жүргiзудi қысқарту туралы;
3) iстi осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн өзге түрде немесе мөлшерде жаза қолдануға құқылы судьяның, органның (лауазымды адамның) қарауына беру туралы, сондай-ақ осы Кодекстiң 642-бабында көзделген жағдайларда iстi көлiк құралы (кеме, соның iшiнде шағын көлемдi кеме) есепте тұрған жер бойынша қарауға беру туралы;
4) айыппұл салу жөніндегі қаулыны мәжбүрлеп орындату туралы.
2. Iс жүргiзудi қысқарту туралы қаулы:
1) осы Кодекстiң 580-бабында көзделген iс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлар болған;
2) осы Кодекстiң 581-бабында көзделген әкiмшiлiк жауапқа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар болған;
3) осы Кодекстiң 35-бабына сәйкес адамды тәртiптiк жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн iс материалдарын тиiстi органдарға беретiн жағдайларда шығарылады.
651-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулы
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыда:
1) қаулыны шығарған судьяның, лауазымды адамның лауазымы, аты-жөнi, алқалы органның атауы мен құрамы;
2) iстiң қаралған күнi мен орны;
3) өзiне қатысты iс қаралған тұлға туралы мәлiметтер: жеке тұлғалар үшiн - тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi, айы, жылы, тұрғылықты жерi, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен реквизиттерi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшiн - атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, тұрған жерi, заңды тұлға ретiнде мемлекеттік тiркелу нөмiрi және тiркелген күнi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi және банк реквизиттерi;
3-1) қаралатын iс бойынша iс жүргiзу тілі;
4) осы Кодекстiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық көзделетiн бабы;
5) iстi қарау кезiнде анықталған мән-жайлар;
6) iс бойынша шешiм;
7) қаулыға шағым беру тәртібі мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулы дәлелдi болуы тиiс.
Егер судья әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолдану туралы мәселенi шешу кезiнде кiнәлiнiң мүлiктiк залалды өтеуi туралы мәселенi бiр мезгiлде шешсе, қаулыда өтеуге жататын залалдың мөлшерi, оны өтеу мерзiмi мен тәртібі көрсетiледi.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыда жеке адамда болған алынып қойылған заттар мен құжаттар туралы, заңды тұлғаға тиесiлi құжаттар мен мүлiк туралы мәселелер шешiлуге тиiс, бұл кезде:
1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралдары немесе тiкелей объектiлерi болған және әкiмшiлiк жауапқа тартылған жеке адамға немесе заңды тұлғаға тиесiлi заттар осы Кодекстiң 2-бөлiмiнiң Ерекше бөлiмi нормаларының санкцияларында көзделген жағдайларда тәркiленедi не тиiстi мекемелерге берiледi немесе жойылады, қалған жағдайларда тиесiлi адамына қайтарылады;
2) айналысына тыйым салынған заттар тиiстi мекемелерге берiледi немесе жойылады;
3) құнды емес және пайдаланыла алмайтын заттар жойылуға жатады, ал мүдделi адамдар өтiнiш жасаған жағдайларда оларға берiлуi мүмкiн;
4) заттай дәлелдемелер болып табылатын құжаттар iсте оның бүкiл сақталу мерзiмi iшiнде қалады не мүдделi адамдарға берiледi.
4. Алқалы органның қаулысы отырысқа қатысқан алқалы орган мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда төрағалық етушiнiң дауысы шешушi дауыс болады.
5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыға қаулы шығарған судья, алқалы органның отырысында төрағалық еткен лауазымды адам қол қояды.
651-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 22 маусымдағы № 147-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
652-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыны хабарлау және
қаулының көшiрмесiн тапсыру
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулы iс қаралып бiткен соң дереу хабарланады.
2. Қаулының көшiрмесi өзi арнап шығарылған жеке адамға, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғаған уәкiлеттi органға (лауазымды адамға) немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне, сондай-ақ олардың сұрауы бойынша жәбiрленушiге, жеке адамның заңды өкiлiне дереу тапсырылады. Аталған адамдар болмаған жағдайда қаулының көшiрмесi ол шығарылған күннен бастап үш күн iшiнде жiберiледi. Әкiмшiлiк қамауға алу туралы қаулы шығарылған жағдайда қаулының көшiрмесi дереу прокурорға жiберiледi.
3. Ұйым атыс қаруын, сондай-ақ оқ-дәрiнi қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты сенiп берген немесе уақытша пайдалануға берген адам жөнiнде осы Кодекстiң 332 және 369-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулының көшiрмесi тиiстi ұйымға жiберiледi.
652-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен.
653-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша ұйғарым
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша ұйғарымда, шағым беру мерзiмi мен тәртібін қоспағанда, осы Кодекстiң 651-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.
654-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды
жою туралы ұсыныс
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтаған кезде судья жеке қаулы шығарады, ал орган (лауазымды адам) тиiстi ұйымға және лауазымды адамдарға оларды жою жөнiнде шаралар қолдану туралы ұсыныс енгiзедi.
2. Ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдар жеке қаулыны және ұсынысты оны алған күннен бастап бiр ай iшiнде қарауға және ұсыныс енгiзген судьяға, органға (лауазымды адамға) қолданылған шаралар туралы хабарлауға мiндеттi.
654-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiс және толықтырумен.
39-тарау
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне
енбеген қаулыларды қайта қарау
655-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым беру,
наразылық келтiру құқығы
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға осы Кодекстiң 584-588-баптарында аталған адамдар шағым бере алады, сондай-ақ прокурор наразылық келтiре алады.
2. Мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сот судьяларының әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым берiлуi, наразылық бiлдiрiлуi мүмкiн.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша орган (лауазымды адам) шығарған қаулыға жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе орган (лауазымды адам) тұрған жер бойынша мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сотқа шағым берiлiп, наразылық келтiрiлуi мүмкiн.
655-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 9 тамыздағы № 346-II Заңымен енгiзiлген толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шiлдедегi № 451-II Заңымен енгiзiлген өзгерістермен.
656-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым беру,
наразылық келтiру тәртібі
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым iс бойынша қаулы шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) жiберiледi, олар шағым, наразылық түскен күннен бастап үш күн мерзiм iшiнде оларды iстiң бүкiл материалдарымен тиiстi сотқа, жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) жiберуге мiндеттi.