5. Тексеру хаттамасында оны жүргiзу барысында фото- және кино түсiрiлiмдерi, бейнежазбалар, құжаттарды көрсетудiң өзге де белгiленген әдiстерi қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фото-, кино түсiрiлiмдерiнiң, бейнежазбаларды, заттай дәлелдемелердi көрсетудiң өзге де белгiленген құралдарын қолдану нәтижесiнде алынған материалдар тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi.
6. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, тиiстi заңды тұлға болып табылатын ұйымның заңды өкiлi, кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда ұйымның өзге қызметкерi, сондай-ақ куәгерлер қол қояды. Аталған заңды тұлғаның заңды өкiлi немесе өзге қызметкерi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
632-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi құжаттар мен мүлiктi алып қою
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде не заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарға, үй-жайларға, көлiк құралдарына, тауарларға, өзге де мүлiкке тексеру жүргiзу кезiнде табылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тiкелей объектiсi болған, заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлiктi, заттарды алып қоюды осы Кодекстiң 620-бабында аталған лауазымды адамдар жүзеге асырады. Заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлiктi алып қоюды, сондай-ақ оларды сақтауды ресiмдеу осы Кодекстiң 628-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
632-1-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке
тыйым салу
1. Заңды тұлғаға тиесілі әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдары немесе оның тiкелей объектiсi болған тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы, оларға билiк етуге (ал қажет болған жағдайларда пайдалануға да) тыйым салынғаны туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның заңды өкiлiне хабарлана отырып, аталған тауарлардың, көлiк құралдарының және өзге де мүлiктiң тiзiмдемесi болып табылады және егер осы тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi алып қою мүмкiн болмаған және (немесе) олардың сақталуын алып қоймай қамтамасыз ету мүмкiн болатын жағдайда қолданылады. Тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлiк тыйым салған лауазымды адам тағайындаған басқа да адамдардың жауапкершiлiкпен сақтауына берiлуi мүмкiн.
2. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлік құралдарына және өзге де мүлікке тыйым салуды, тауар, көлік құралы және өзге де мүлік иесi мен екі куәгердiң қатысуымен осы Кодекстiң 620-бабында, 636-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адамдар жүзеге асырады.
Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда, тауарларға, көлік құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу олардың иесiнiң қатысуынсыз жүзеге асырылуы мүмкiн.
3. Қажет болған жағдайларда фотоға және киноға түсiру, бейнежазба қолданылады.
4. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттама жасалады. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлға туралы және иелiгiнде тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлкi бар адам туралы мәлiметтер, олардың тiзiмдемесi және бiрдейлендiру белгiлерi көрсетiледi, сондай-ақ фотоға және киноға түсiру, бейнежазба қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фотоға және киноға түсiру, бейнежазба қолданып тыйым салуды жүзеге асыру кезiнде алынған материалдар хаттамаға қоса тiркеледi.
5. Тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлiк қажет болған жағдайларда буып-түйiледi және (немесе) оларға сүргiш салынады.
6. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның заңды өкiлiне тапсырылады.
7. Заңды тұлғаға тиесiлi тыйым салынған тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның не тыйым салынған мүлiктi сақтауды жүзеге асыратын адамның иелiктен айыруы немесе жасырып қалуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
632-1-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлдi.
633-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларына
шағым беру
1. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары қолданылған адам аталған шаралар қолданылғаннан бастап он күн iшiнде жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сотқа шағым бере алады.
2. Өзiне қатысты iс жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары қолданылған адамның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету үшiн қажеттi тиiстi хаттамалар мен материалдардың көшiрмелерi жеке адамның немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң талабы бойынша оған дереу тапсырылады.
3. Шағым жазбаша нысанда берiледi және бес күн мерзiмде қаралуға тиiс.
4. Шағым қарау нәтижелерi бойынша шағымды қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым қабылданады.
5. Жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдануға шағым беру аталған шараларды қолдануға сотқа қайталап шағым беру үшiн кедергi болмайды.
6. Ұйғарымның көшiрмесi жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне дереу тапсырылады, ал бұл адамдар болмаған жағдайда оларға ұйғарым шығарылған күннен бастап бiр тәулiк iшiнде жiберiледi.
7. Лауазымды адамдардың заңсыз iс-әрекеттерiнен келтiрiлген зиянның заңдарда белгiленген ережелерге сәйкес орны толтырылуға тиiс.
37-тарау
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау
634-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғаудың дәлелдерi мен негiздемесi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға:
1) уәкiлеттi лауазымды адамның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн тiкелей анықтауы;
2) құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан түскен материалдар;
3) жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе мәлiмдемелерi, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар себеп болады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi деректердiң болуы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау үшiн негiздеме болады.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттама жасалған немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау туралы прокурор қаулы шығарған кезден бастап әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған болып саналады.
635-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама
1. Осы Кодекстiң 639-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттаманы оған уәкiлеттi лауазымды адам жасайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi; ic қозғалған тұлға туралы мәлiметтер (жеке тұлғалар үшiн - тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi, айы, жылы, тұрғылықты жерi, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен реквизиттерi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшiн - атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, тұрған жері, заңды тұлға ретiнде мемлекеттік тiркелу нөмiрi және тiркелген күнi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi және банк реквизиттерi); әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалған орны, уақыты мен мәнi; осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнiң аталған құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн бабы; егер олар бар болса, куәлардың және жәбiрленушiлердiң аты-жөнi, мекен-жайы; өзiне қатысты iс қозғалған жеке адамның не заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң түсiнiктемесi; егер ол әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтау және көрсету кезiнде пайдаланылса, метрологиялық тексерудiң атауы, нөмiрi, күнi, техникалық құралдың айғақтары; iстi шешу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтер көрсетiледi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн растайтын құжаттар қоса берiледi.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде өздерiне қатысты iс қозғалған жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне, сондай-ақ iс жүргiзудiң басқа да қатысушыларына олардың осы Кодексте көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiлiп, бұл туралы хаттамада белгi жасалады.
4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға оны жасаған адам және осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам қол қояды. Жәбiрленушiлер мен куәлар болған кезде, сондай-ақ куәгерлер қатысқан жағдайда хаттамаға сол адамдар да қол қояды.
4-1. Соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша, тиiстi түрде хабарланған әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам жоқ болған немесе келмеген жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамның жоқтығы немесе келмеуi туралы белгi қоя отырып, оны толтырған адам қол қояды.
5. Өздерiне қатысты iс қозғалған жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамамен танысуға мүмкiндiк берiлуге тиiс. Аталған адамдар хаттаманың мазмұны бойынша түсiнiктеме беруге және ескерту жасауға, сондай-ақ оған қол қоюдан өзiнiң бас тарту себебiн баяндауға құқылы, олар осы хаттамаға қоса тiркеледi. Бұл адамдар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
6. Осы бөлiкте көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалғаннан кейiн, оның көшiрмесi қолхат алынып, өздерiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаға, заңды тұлғаның заңды өкiлiне, сондай-ақ жәбiрленушiге дереу тапсырылады.
Осы баптың 4-1-бөлiгiнде көзделген жағдайда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама өзiне қатысты iс қозғалған адамға хабарлана отырып, тапсырысты хатпен пошта арқылы жiберiледi.
635-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріс және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 22 маусымдағы № 147-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
636-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар лауазымды адамдар
1. Соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша мыналардың құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар:
1) мыналардың:
iшкi iстер органдарының (79-1, 79-3, 79-4, 86, 96, 111, 112, 115, 135-1, 136, 143, 159 (екiншi бөлiгi), 162, 163, 203, 283 (бiрiншi бөлiгi), 298 (екiншi бөлiгi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 314, 318-321, 330-332, 335, 336 (үшiншi бөлiгi), 336-1 (үшiншi бөлiгi), 338 (бiрiншi бөлiгi), 339, 340, 344, 354-1, 355-357, 362, 363, 366, 368, 369 (екiншi бөлiгi), 370 (екiншi бөлiгi), 371 (екiншi бөлiгi), 372, 373, 374 (бiрiншi-төртiншi бөлiктерi), 374-1, 388, 394 (екiншi бөлiгi), 446 (екiншi бөлiгi), 461 (үшiншi бөлiгi), 462 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 463 (1-1 бөлiгi), 464 (екiншi бөлiгi), 465, 466, 467 (бiрiншi-үшiншi, бесiншi бөлiктерi), 468 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi), 469, 471, 477 (үшiншi бөлiгi), 484, 501, 518, 521, 524, 531-баптар);
төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы орган органдарының (314, 356-баптар);
жекелеген жерлер комендатураларының (362, 363-баптар);
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі органдарының: әскери автомобиль полициясының (жиынға шақырылған әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттiлер жасаған құқық бұзушылық туралы, (388, 461 (үшiншi бөлiгi), 462 (екiншi, үшiншi бөлiктерi), 464 (екiншi бөлiгi), 465, 466, 467 (бiрiншi-үшiншi, бесiншi бөлiктерi), 468 (екiншi бөлiгi), 469, 471, 477 (үшiншi бөлiгi)-баптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдарын жүргiзушi (жиынға шақырылған әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттiлерден басқа) адамдар жасаған барлық жол қозғалысы ережелерiн бұзушылық туралы;
су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi органның (124 (бiрiншi бөлiгi), 278 (бiрiншi бөлiгi), 356-баптар);
ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның (137, 310-баптар);
орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы органдардың (283 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерi), 298 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 356-баптар);
қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау органдарының 246 (екiншi бөлiгi), (283 (бiрiншi бөлiгi) (бұл құқық бұзушылықтар орман қорына кiрмейтiн аумақтарда жасалған кезде), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 356-баптар);
жер қойнауын зерделеу және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау органдарының (124 (бұл құқық бұзушылықтар санитариялық-гигиеналық ережелер мен нормаларды, сондай-ақ атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптарды бұзу болмаған кезде), 356-баптар);
денсаулық сақтау органдарының (322 (үшiншi және төртiншi бөлiктерi), 324, 325-328-баптар);
мәдениет, ақпарат және спорт саласындағы уәкiлеттi органның (81, 82-баптар);
көшi-қон және демография жөніндегі органдардың (396 (екiншi бөлiгi), 397-баптар);
өсiмдiктер карантинi және оларды қорғау жөніндегі органдардың (308-бап);
тұқым шаруашылығы және астық рыногын реттеу саласындағы органдардың 309-2 (төртiншi бөлiгi)-баптар);
энергетика, және минералды ресурстар саласындағы уәкiлеттi органның (127, 223, 224-баптар);
мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының (231 (екiншi бөлiгi), 232, 233, 235 (екiншi бөлiгi), 237, 278 (бiрiншi бөлiгi)-баптар);
төтенше жағдайлар жөніндегі органдардың (225-1, 229-баптар);
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының (85, 140 (екiншi бөлiгi), 161 (төртiншi және бесiншi бөлiктерi), 163, 222 (бiрiншi бөлiгi), 231, 233, 235 (екiншi бөлiгі), 278 (бiрiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 315, 324, 326-328, 356, 362, 494 (екiншi бөлiгi) баптар;
ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның (356, 357-1, 357-2 (екiншi бөлiгi), 492 (екiншi бөлiгi), 494 (екiншi бөлiгi), 496 (екiншi бөлiгi), 498 (екiншi бөлiгi) - баптар);
көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның (356, 357-1, 442, 445-баптар);
көлiк бақылау органдарының (356, 357-1, 357-2 (екiншi бөлiгi), 453 (екiншi бөлiгi), 454 (бiрiншi-үшiншi бөлiктерi), 467-1, 484-баптар);
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі органдарының (175 (екiншi бөлiгi) (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаса), 177, 177-1, 177-2, 177-3, 177-4, 179, 183, 184-баптар);
қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның (158, 167-1 (екінші және үшінші бөліктері), 184, 184-1 (үшiншi бөлiгi), 190, 192, 194, 197, 199, 200, 202-баптар);
акцизделетiн өнiм өндiрудi және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі органдардың (163, 213, 214-баптар);
қаржы полициясы органдарының (140 (екiншi бөлiгi), 143, 151, 153-157, 159 (екiншi бөлiгi), 161 (төртiншi және бесiншi бөлiктерi), 162, 163, 176 (бiрiншi бөлiгi), 179, 195, 200, 203, 211, 213, 214, 217, 355, 357-1, 357-2 (бiрiншi бөлiгi), 357-3, 514-519, 521, 522, 529, 532-535-баптар);
салық органдарының (154-157, 168-1, 213, 214, 357-1, 359, 361, 374 (бесiншi, алтыншы, сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерi), 532-535-баптар);
кеден органдарының (140 (екiншi бөлiгi), 188, 405 (бiрiншi бөлiгi), 409, 410, 413-415, 417, 418, 421, 423, 424, 426-430, 432-434-баптар);
әдiлет органдарының (129, 175 (екінші бөлігі) (осы бұзушылықтарды жекеше нотариустар жасаған кезде), 353, 354, 354-2, 356, 357-1, 357-4, 376-баптар);
заңдарға сәйкес лицензиарлар болып табылатын органдардың
(140 (екiншi бөлiгi), 192, 193, 196, 231 (екiншi бөлiгi), 232, 233, 235 (екiншi бөлiгi), 237, 302 (үшiншi бөлiгi), 342 (екiншi бөлiгi), 343 (бiрiншi бөлiгi), 356, 356-1, 357-1, 357-2 (екiншi бөлiгi), 357-3, 396 (екiншi бөлiгi), 477 (үшiншi бөлiгi), 493 (екiншi бөлiгi)-баптар);
мемлекеттік монополия саласындағы уәкiлеттi органның (147-1-бабы);
табиғи монополиялар саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның (356-бап);
шағын бизнестi қолдау жөніндегі органдардың (153, 356, 357-3-баптар);
техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы органдар мен оның аумақтық органдарының (161 (төртiншi бөлiгi), 356, 496 (екiншi бөлiгi), 501-баптар);
мемлекеттік энергетикалық қадағалау органдарының (127-1, 223-225-баптар);
заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тiркеу, бағалау қызметiн реттеу, Қазақстан Республикасының азаматтарын тiркеу мен құжаттандыру саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның (356, 357-1, 357-4, 376-баптар);
қарамағында газ құбыры бар ұйымдардың (127, 226-229-баптар);
атом энергетикасы жөніндегі органдардың (222, 315, 316-баптар);
шекара қызметi органдарының (298 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 303 (екiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 391 (екiншi бөлiгi), 391-1 (үшiншi бөлiгi), 393-баптар;
мемлекеттік құпияларды қорғау органдарының (344-бап (үшiншi бөлiгi) (мемлекеттік құпияларға байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн), 386-бап (үшiншi бөлiгі);
Республикалық Ұланның, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң (388-бап);
күзету iс-шараларын жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң (135-1, 136, 160, 220, 312, 323, 330, 331, 332, 333, 336, 355, 368, 369, 370, 371, 373, 388, 460, 463, 465, 472, 473, 529-баптар);
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң және мәслихаттардың тексеру комиссияларының (177, 177-1, 177-2, 177-3, 177-4, 356-баптар);
мемлекеттік еңбек инспекциясы органдарының (356, 396 (екiншi бөлiгi) баптар;
жергілiктi атқарушы органдардың (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) (130, 230, 231 (бiрiншi бөлiгi), 234, 235 (бiрiншi бөлiгi), 236, 237-1, 238, 239, 342, 343, 357-2 (бiрiншi бөлiгi), 346-352-баптар) соған уәкiлеттi лауазымды адамдары;
2) сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етушi уәкiлдiк берген сот орындаушылары, сот приставтары және соттардың басқа да қызметкерлерi (513-531-баптар);
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық операциялар жүргiзуге бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi қызметкерлерi (158, 179, 183, 188, 357-1-баптар).
4) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдерi уәкiлдiк берген лауазымды адамдар (514-2-бап).
2. Осы Кодекстiң 543-576-3-баптарында көрсетiлген органдардың қарауына жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға осы органдардың оған уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдарының құқығы бар. Одан басқа, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға:
көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының (175-баптың екінші бөлігі (осы бұзушылықтарды жолаушыларды тасымалдаушылар жасаған кезде), 451-баптың екiншi бөлiгi, 452-бап, 453-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi, 454-бап, 455-баптың үшiншi бөлiгi, 457-бап), 477-баптың төртінші бөлігі, 478, 479-баптар, 480-баптың үшінші және төртінші бөліктері, 481-бап (автомобиль көлігінде және электр көлігінде құқық бұзушылық жасағаны үшін);
тиiстi сайлау комиссиясы мүшесiнiң (98-101-баптар);
түзеу мекемелеріндегі немесе тергеу изоляторларындағы бақылаушының (367-бап);
орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдардың мамандандырылған ұйымдарының лауазымды адамдарының (121, 125, 126, 250, 252, 282 - 298-1, 299, 302 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 304 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi), 305 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi), 306 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi) - баптар);
жануарлар дүниесiн қорғау мәселелерiмен айналысатын аңшылық және балық аулау шаруашылығы қорықшыларының, директорларының (298, 298-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi) - баптар) құқығы бap.
636-бап Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi № 240-II Заңымен енгiзiлген өзгерiс және толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 28 наурыздағы № 398-II, 2003 жылғы 3 маусымдағы № 428-II Заңдарымен енгiзiлген толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 шiлдедегi № 464-II Заңымен енгiзiлген өзгерiс және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шiлдедегi № 483-II Заңымен енгiзiлген өзгерістермен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 мамырдағы № 551-II Заңымен енгiзiлген өзгерiспен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi № 572-II Заңымен енгiзiлген толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 10-ІІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiс және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 40-ІІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 67-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістер және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 72-ІІІ Заңымен енгізілген толықтырумен; Қазақстан Республикасының, 2005 жылғы 21 қазандағы № 80-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістер және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы № 90 -ІІІ, 2006 жылғы 10 қаңтардағы № 116-ІІІ Заңдарымен енгізілген өзгерістермен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы № 122-ІІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ, 2006 жылғы 5 мамырдағы № 139-ІІІ Заңдарымен енгізілген өзгерістер және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 22 маусымдағы № 147-ІІІ, 2006 жылғы 5 шілдедегі № 165-ІІІ Заңдарымен енгізілген толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 171-ІІІ, 2006 жылғы 7 шілдедегі № 174-ІІІ Заңдарымен енгізілген өзгерістер және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 181-ІІІ Заңымен енгізілген толықтырумен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
637-бап. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауы
1. Прокурор осы Кодекстiң 80-87, 89-110-1, 151, 342-344, 346-352, 353, 356-1, 357-3, 366, 375, 381-1, 513, 521-1, 531, 536, 537-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөнiнде қаулы шығарады.
2. Прокурор өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөнiнде қаулы шығаруға құқылы.
3. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөніндегі қаулысында осы Кодекстiң 635-бабында көзделген мәлiметтер болуы тиiс.
637-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 9 тамыздағы № 346-II Заңымен енгiзiлген толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 наурыздағы № 394-II, 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ, 2004 жылғы 9 шiлдедегi № 583-ІІ, 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңдарымен енгiзiлген өзгерістермен.
638-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау мерзiмдерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалу фактiсi ашылғаннан кейiн дереу, монополистiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде - тергеу немесе тексеру нәтижелерi бойынша тиiстi шешiм қабылданғаннан кейiн, ал салық салу не бюджет қаражатын пайдалану саласындағы, сондай-ақ техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық бойынша - тиiстi тексеру аяқталғаннан кейiн жасалады.