11) кеден заңдары бұзылған жағдайда - кеден органдарының лауазымды адамдары;
12) егер құқық бұзушылық күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі күзет iс-шараларын жүргiзу кезiнде жасалса - Президенттiң Күзет қызметiнiң лауазымды адамдары;
13) сот отырысы кезiнде залда, сондай-ақ атқару құжаттарын мәжбүрлеп орындату барысында құқыққа қарсы iс-әрекеттердi тоқтату туралы талаптар орындалмаған жағдайда - сот приставтары жүзеге асыра алады.
620-бап Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi № 240-II, 2003 жылғы 3 шiлдедегi № 464-II Заңдарымен енгiзiлген өзгерістермен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ, 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 10-ІІІ, 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123 ІІІ, 2006 жылғы 22 маусымдағы № 147-ІІІ Заңдарымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырулармен.
621-бап. Әкiмшiлiк ұстаудың тәртібі
1. Әкiмшiлiк ұстау жөнiнде хаттама жасалады. Хаттамада оның жасалған күнi, уақыты және орны; хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi; ұсталған адамның кiм екенi туралы мәлiметтер; ұсталған уақыты, орны және негiзi көрсетiледi. Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам мен ұсталған адам қол қояды. Ұсталған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда бұл туралы хаттамада жазылады. Ұстау туралы хаттаманың көшiрмесi әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұсталған адамға тапсырылады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұсталған адамның өтiнiшi бойынша оның қайда екендiгi туралы туыстары, жұмыс немесе оқу орнының әкiмшiлiгi, сондай-ақ қорғаушысы хабардар етiледi. Кәмелетке толмаған адамның ұсталуы туралы оның ата-анасына немесе олардың орнындағы адамдарға мiндеттi түрде хабарланады.
621-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріс және толықтырумен.
622-бап. Әкiмшiлiк ұстау мерзiмдерi
1. Әкiмшiлiк ұстау осы Кодекстiң 618-бабында көрсетiлген мақсаттарға қол жеткізу үшiн қажеттi уақыт iшiнде жүзеге асырылады және үш сағаттан ұзақ болмауы керек.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының режимiн, кеден режимiн немесе Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өту бекетіндегі режимдi бұзғаны туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған адам - қажет болған жағдайларда жеке басын анықтау үшiн және құқық бұзушылықтың мән-жайын анықтау үшiн бұл туралы ұсталған кезден бастап жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға жазбаша хабарланып, қырық сегiз сағатқа дейiн ұсталуы мүмкiн. Төтенше жағдай жарияланған жерде коменданттық сағат енгiзiлуiне байланысты белгiленген тәртiптi бұзуға жол берген адамдарды iшкi iстер органдарының қызметкерлерi (полиция) немесе әскери сақшылар коменданттық сағат аяқталғанға дейiн, ал қолдарында құжаттары жоқтарды - олардың кiм екенiн анықтағанға дейiн, бiрақ қырық сегiз сағаттан аспайтын уақытқа ұстай алады.
3. Әкiмшiлiк айып шараларының бiрi ретiнде әкiмшiлiк қамауға алынатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу қозғалған адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қаралғанға дейiн, бiрақ қырық сегiз сағаттан аспайтын уақытқа әкiмшiлiк ұстауға тартылуы мүмкiн.
4. Әкiмшiлiк ұстау мерзiмi осы Кодекстiң 619-бабына сәйкес жеке адам жеткiзiлген кезден, ал мас адамға, - медицина қызметкерi оны айықты деп куәландырған уақыттан бастап есептеледi.
623-бап. Мерзiмдi есептеу
1. Осы Кодексте белгiленген мерзiмдер сағатпен, тәулiкпен, айлармен және жылдармен есептеледi.
2. Мерзiмдi есептеу кезiнде мерзiм басталатын сағат пен тәулiк есепке алынбайды. Бұл ереженiң ұстау кезіндегі мерзiмдi есептеуге қатысы жоқ.
3. Мерзiмдi есептеу кезiнде оған жұмыстан тыс уақыт та қосылады.
4. Мерзiм тәулiкпен есептелген кезде мерзiм алғашқы тәулiктiң нөл сағатынан кейiн есептелiп, мерзiмнiң соңғы тәулiгiнiң жиырма төрт сағатында аяқталады.
5. Мерзiм айлармен немесе жылдармен есептелген кезде мерзiм соңғы айдың тиiстi күнiнде аяқталады, ал егер бұл айда тиiстi күн жоқ болса, мерзiм осы айдың соңғы күнi аяқталады. Әкiмшiлiк ұстау мен әкiмшiлiк қамауға алу кезiнде мерзiмдi есептеу жағдайларын қоспағанда, егер мерзiмнiң аяқталуы жұмыс iстемейтiн (демалыс, мереке) күнге тура келсе, онда одан кейiнгi бiрiншi жұмыс күнi мерзiмнiң соңғы күнi болып есептеледi.
624-бап. Әкiмшiлiк ұстауға тартылған адамдарды ұстау орны мен тәртібі
1. Әкiмшiлiк ұстауға тартылған адамдар арнайы осыған бөлiнген, санитария талаптарына сәйкес келетiн және оларды өз еркiмен тастап кету мүмкiндiгiн болдырмайтын үй-жайларда ұсталады.
2. Әкiмшiлiк ұстауға тартылған адамдарды ұстаудың талаптарын, ондай адамдарды тамақтандыру нормасы мен оларға медициналық қызмет көрсету тәртібін атқарушы билiк органдары белгiлейдi.
3. Өздерiне қатысты әкiмшiлiк ұстау қолданылған кәмелетке толмағандар ересек адамдардан бөлек ұсталады.
625-бап. Алып келу
1. Осы Кодекстiң 618-бабында көзделген жағдайларда, өздерiне қатысты әкiмшiлiк iс жүргiзiлiп жатқан жеке адамды не заңды тұлғаның заңды өкiлiн, әкiмшiлiк жауапқа тартылушы кәмелетке толмаған адамның заңды өкiлiн алып келу жүргiзiледi.
2. Алып келудi қаржы полициясы органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша тиiсiнше Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі мен Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі агенттiгi (қаржы полициясы) белгiлеген тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негiзiнде iшкi iстер және қаржы полициясы органдары жүргiзедi.
625-бап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 10-ІІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
626-бап. Адамның жеке басын тексеру және оның қолындағы заттарды тексеру
1. Адамның жеке басын тексеру, оның қолындағы заттарды тексеру қажет болған жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдарын не оның тiкелей объектiлерiн табу мақсатында жүргiзiледi.
2. Жеке басын тексерудi осы Кодекстiң 620-бабында тiзiп келтiрiлген лауазымды адамдар жүргiзедi.
3. Жеке басын тексерудi тексерiлушiмен бiр жыныстағы адам және осы жыныстас екi куәгердiң қатысуымен жүргiзе алады.
4. Жеке адамның қолындағы заттарды (қол жүгiн, теңдеме жүктi, аң және балық аулау құралдарын, олжалаған өнiмi мен өзге де заттарды) тексерiп қарауды, яғни олардың құрылғылық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын тексерудi осы Кодекстiң 620-бабында тiзiп келтiрiлген, оған уәкiлеттi лауазымды адамдар осы заттарды меншiктенушi немесе иеленушi адамның қатысуымен және екi куәгердiң қатысуымен жүргiзедi.
5. Жеке адамның қолында айналасындағылардың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн қару немесе өзге заттар бар деуге негiз болған ерекше жағдайларда жеке басын тексеру, заттарын тексеру бұл туралы жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға хабарланып, куәларсыз жүргiзiлуi мүмкiн.
6. Қажет болған жағдайларда фотоға және киноға түсiру, бейнежазба жүргiзiледi, заттай дәлелдемелердi көрсетудiң белгiленген өзге де әдiстерi қолданылады.
7. Адамның жеке басын тексеру, оның қолындағы заттарды тексеру жөнiнде хаттама жасалады. Адамның жеке басын тексеру жөніндегі хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адамға, оның заңды өкiлiне тапсырылады. Хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, жеке басы тексерiлген адам, заттардың түрi, саны, өзге де тақылеттестiк белгiлерi туралы, соның iшiнде қарудың тұрпаты, маркасы, үлгiсi, калибрi, сериясы, нөмiрi, белгiлерi, оқ-дәрiлер саны және түрi, арнайы жедел iздестiру шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары туралы мәлiметтер көрсетiледi.
8. Тексеру хаттамасында фото- және кино түсiрiлiмiнiң, бейнежазбаның, құжаттарды көрсетудiң өзге де әдiстерiнiң қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фото- және кино түсiрiлiмдерiн, бейнежазбаны, заттай дәлелдемелердi көрсетудiң өзге де белгiленген құралдарын қолданып, тексеру жүргiзу кезiнде алынған материалдар тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi.
9. Адамның жеке басын тексеру, заттарды тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, жеке басы тексерiлген адам, тексерiлген заттар иесi, куәгерлер қол қояды. Жеке басы тексерiлген адам, тексерiлген заттар иесi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
627-бап. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру
1. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдарын не оның тiкелей объектiлерiн табу мақсатында жүргiзiледi.
2. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексерудi, яғни құрылғылық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын тексерудi екi куәгердiң қатысуымен уәкiлдiк берiлген осы Кодекстiң 620-бабында тiзiп келтiрiлген лауазымды адамдар жүргiзедi.
3. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру оларды иеленушi адамдардың не оның өкiлiнiң немесе заңды негiзде көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жүргiзетiн адамның қатысуымен жүргiзiледi. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда, оларға аталған адамдардың қатысуынсыз-ақ тексеру жүргiзiлуi мүмкiн.
4. Қажет болған жағдайларда көлiк құралдары мен шағын көлемдi кемелердi тексеру кезiнде анықталған заттарды көрсету мақсатында фотоға, киноға түсiрiлiп, бейнежазба жасалады.
5. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру туралы хаттама жасалады. Бұл хаттаманың көшiрмесi тексерiлген көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi иеленушi адамға, не оның заңды өкiлiне немесе заңды негiзде көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жүргiзетiн адамға тапсырылады.
6. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру хаттамасында оның жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, тексерiлген көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi иеленушi адамның жеке басы туралы мәлiметтер, көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң тұрпаты, маркасы, үлгiсi, мемлекеттік тiркеу нөмiрi, өзге де тақылеттестiк белгiлерi туралы мәлiметтер көрсетiледi.
7. Тексеру хаттамасында фото- және кино түсiрiлiмдерi, бейнежазба, құжаттарды көрсетудiң белгiленген өзге де әдiстерi қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фото- және кино түсiрiлiмдерiн, бейнежазба, заттай дәлелдемелердi көрсетудiң белгiленген өзге де құралдарын қолданып, тексеру жүргiзу кезiнде алынған материалдар тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi.
8. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адам, тексеру жүргiзiлген көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң иесi не оның өкiлi қол қояды. Өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адам, тексеру жүргiзiлген көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң иесi, оның өкiлi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
627-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырулармен.
627-1-бап. Тексеру
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың iздерiн, өзге де материалдық объектiлердi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында уәкiлеттi лауазымды адам өз өкiлеттiктерi шегiнде сол жердi, заттарды, құжаттарды, тiрi адамдарды тексеруге құқылы.
627-1-бап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 10-ІІІ Заңымен енгiзiлдi.
627-2-бап. Тексеру жүргiзудiң жалпы ережелерi
1. Тексеру, әдетте, қажеттілік туындаған жағдайда дереу жүргiзiледi. Тексеру жүргiзiлгенi туралы хаттама толтырылады. Хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, тегi, аты-жөнi, тексерiлген адам, заттардың түрi, саны, өзге де ұқсас белгiлерi туралы, соның iшiнде қарудың тұрпаты, маркасы, үлгiсi, калибрi, сериясы, нөмiрi, белгiлерi, оқ-дәрiлердiң, арнайы жедел iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдардың және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарының саны мен түрi туралы мәлiметтер көрсетiледi.
Тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, тексерiлген адам, тексерiлген заттардың иесi, куәгерлер қол қояды. Тексеруге жатқызылған адам, тексерiлген заттар иесi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, оған тиiстi жазба жасалады.
2. Тiрi адамдарды тексерудi осы Кодекстiң 620-бабында аталған лауазымды адамдар жүргiзедi. Тiрi адамдарды тексерудi тексерiлушiмен жынысы бiрдей адам және жынысы осындай екi куәгердiң қатысуымен жүргiзедi.
Тiрi адамның заттарын тексерудi, яғни олардың құрылымдық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын тексерудi осы Кодекстiң 620-бабында аталған, оған уәкiлеттi лауазымды адамдар осы заттарды меншiктенушi немесе иеленушi адамның қатысуымен және екi куәгердiң қатысуымен жүргiзедi.
Тiрi адамда айналадағылардың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн қару немесе өзге заттар бар деуге негiз болған ерекше жағдайларда оның жеке басын тексеру, заттарын тексеру бұл туралы жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға хабарланып, куәгерлерсiз жүргізілуі мүмкiн.
3. Осы баптың 2-бөлiгiнде көрсетiлгендердi қоспағанда, орындарды, заттарды, құжаттарды тексеру, куәгерлердiң қатысуымен жүргiзiледi. Ерекше жағдайларда (жету қиындық тудыратын жерлерде, тиiстi байланыс құралдары болмаған кезде немесе басқа объективтi себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретiнде тартуға мүмкiндiк болмағанда) тексеру куәгерлердiң қатысуынсыз, бiрақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерiн айғақтап көрсететiн техникалық құралдар қолданыла отырып жүргiзiледi.
4. Қажет болған жағдайда тексеру құқық бұзушының, жәбірленушiнiң, куәлердiң, сондай-ақ маманның қатысуымен жүргiзiледi.
5. Табылған iздер мен өзге де материалдық объектiлердi тексеру әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде жүзеге асырылады. Егер тексеру үшiн қосымша уақыт қажет болса немесе табылған затты сол жерде тексеруге елеулi қиындықтар туындайтын болса, объектiлер алып қойылуы және буып-түйiлген, мөр басылған күйiнде, зақым келтiрiлмей, тексеруге қолайлы жерге жеткiзiлуi мүмкiн.
6. Тексеру кезiнде барлық табылған және алып қойылған заттар куәгерлерге, басқа да тексеруге қатысушыларға көрсетiлуге тиiс, ол жөнiнде хаттамаға белгi қойылады.
7. Іске қатысы бар объектiлер ғана алып қойылуға тиiс. Алып қойылған объектiлер буып-түйiлiп, мөр басылады және уәкiлеттi лауазымды адам мен куәгерлердiң қол қоюы арқылы расталады.
8. Тексеруге қатысушы адамдар олардың пiкiрiнше iстiң мән-жайын анықтауға септiгiн тигiзуi мүмкiн дегеннiң бәрiне уәкiлеттi лауазымды адамның назарын аударуға құқылы.
9. Қажет болған жағдайларда тексеру кезiнде тексерiлетiн объектiлер өлшенедi, олардың жоспарлары мен сызбалары жасалады, сондай-ақ суретке түсiрiледi және өзге де құралдармен түсiрiлiп алынады, ол туралы хаттамаға белгi жасалып, оған аталған материалдар қоса тiркеледi.
10. Тексеру хаттамасының көшiрмесi өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адамға не оның заңды өкiлiне тапсырылады.
627-2-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
628-бап. Жеке адамның қолындағы заттар мен құжаттарды алып қою
1. Құқық бұзушылық жасалған жерде не осы Кодекстiң 618-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдану кезiнде табылған құқық бұзушылық құралы немесе объектiлерi болып табылатын құжаттар мен заттарды алып қоюды iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң тиiстi шараларын қолдануға уәкiлеттi лауазымды адамдар екi куәгердiң қатысуымен жүзеге асырады.
2. Заттар мен құжаттарды алып қою туралы хаттама жасалып, оның көшiрмесi өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адамға немесе оның заңды өкiлiне тапсырылады, не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
3. Құжаттар мен заттарды алып қою туралы хаттамада (әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада) алып қойылған құжаттардың түрi мен реквизиттерi, алып қойылған заттардың түрi, саны, өзге де тақылеттестiк белгiлерi туралы, соның iшiнде алып қойылған қарудың тұрпаты, маркасы, үлгiсi, калибрi, сериясы, нөмiрi, өзге де тақылеттестiк белгiлерi, оқ-дәрiлердiң саны мен түрi, арнаулы жедел iздестiру шараларын өткізуге арналған арнаулы техникалық құралдар және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары туралы мәлiметтер болады.
4. Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам, тиiстi құжаттары мен заттары алып қойылған адам, куәгерлер қол қояды. Өзiнен тиiстi құжаттары мен заттары алып қойылған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
5. Алып қойылған заттар мен құжаттар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қаралғанға дейiн алып қоюды жүргiзген лауазымды адам белгiлейтiн орындарда тиiстi уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейтiн тәртiппен сақталады.
6. Алып қойылған атыс қаруы мен өзге де қару, сондай-ақ оқ-дәрiлер, арнаулы жедел iздестiру шараларын өткізуге арналған арнайы техникалық құралдар және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі белгiлейтiн тәртiппен сақталады.
7. Iс қаралғаннан кейiн шығарылған қаулыға сәйкес алып қойылған құжаттар мен заттар олардың иесiне қайтарылады немесе тәркiленедi, немесе сатылады, немесе сақталады, немесе белгiленген тәртiппен жойылады.
8. Алып қойылған орден, медаль, Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның және басқа да мемлекеттердiң құрметтi атағының омырауға тағатын белгiсi олардың заңды иесiне қайтарылады, ал егер ол белгiсiз болса, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiне жiберiледi.
628-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
629-бап. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттету және мас күйiн
куәландыру
1. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзетiн жүргiзушi, кеме жүргiзушi, ол мас күйде деуге жеткiлiктi негiздер болса, көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттетіліп, мас күйiн куәландыруға жатады.
2. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттетудi, мас күйiн медициналық емес куәландыруды және медициналық куәландыруға жiберудi, тиiсiнше, жол полициясы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және көлiк бақылау органдарының көлiк құралын жүргiзушi адам құқық бұзушылық жасаған жағдайда - әскери автомобиль полициясының лауазымды адамдары жүргiзедi.
Жол полициясының лауазымды адамдарымен қатар мас күйде деуге жеткiлiктi негiздер бар жүргiзушiнi көлiк құралын жүргiзуден шеттетуге полицияның учаскелiк инспекторларының, одан басқа бұл жағдайда тәртiп бұзушылық фактiсiн құжатпен бекітуге және жүргiзушi мен көлiк құралын таяу жердегi iшкi iстер органына жеткізу жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi iшкi iстер органдарының басқа да қызметкерлерiнiң құқығы бар.
3. Мас күйiн куәландыруға жiберу, мас күйiн куәландыру және оның нәтижелерiн ресiмдеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi. Жүргiзушi, кеме жүргiзушi куәландыру нәтижелерiмен келiспеген жағдайда ол медициналық куәландыруға медициналық мекемеге жiберiледi.
4. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттету туралы, мас күйiн куәландыру үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға белгi жасалады.
5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада куәландырудан өткізу үшiн көлiк жүргiзуден шеттетiлген күнi, уақыты, орны, негiздерi көрсетiледi. Хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адамға не оның заңды өкiлiне тапсырылады.
6. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен алынып тасталды.
7. Мас күйiн куәландыру актiсi тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi.
629-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістер және толықтырумен.
630-бап. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстау, жеткізу және пайдалануға тыйым
салу
1. Осы Кодекстiң 283-285, 287, 289, 297, 298, 298-1, 302-306, 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 451, 453, 457, 460, 461, 463 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 467-469, 470 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 471-баптарында көрсетiлген бұзушылық жасалған кезде осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген уәкiлеттi лауазымды адам көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстау себептерi жойылғанға дейiн оларды ұстауға, уақытша сақтау үшiн арнаулы алаңдарға немесе тұрақтарға, оның iшiнде басқа көлiк құралын (эвакуаторды), шағын көлемдi кеменi пайдалана отырып жеткізу немесе мемлекеттік тiркеу нөмiрлiк белгiлерiн алып қою арқылы көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жеткізуге және пайдалануға тыйым салуға құқылы.
Көлiк құралын уақытша сақтау үшiн арнаулы алаңдарға немесе тұрақтарға жеткізу (эвакуациялау) көлiк құралдарын жүргiзушiлер тоқтау немесе тоқтап тұру ережелерiн бұзған және өздерi сол жерде болмаған жағдайларда, сондай-ақ жүргiзушiлердiң қайда екенiн анықтау мүмкiн болмаса, олар жолда қараусыз қалдырған көлiк құралдарына қатысты да қолданылуы мүмкiн.
2. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстауды, жеткізудi және пайдалануға тыйым салуды жол полициясының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралын жүргiзушi адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жағдайда әскери автомобиль полициясының, өз өкiлеттiктерi шегiнде көлiк бақылау органдарының, орман және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, балық қорғау органдарының (орман, балық, аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарды бұзған кезде) лауазымды адамдары жүргiзедi.
3. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстау, жеткізу және пайдалануға тыйым салу туралы белгіленген нысандағы акт жасалып, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қоса тiркеледi.
Пайдалануға тыйым салынатын ақауы бар немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе мемлекеттік техникалық тексеруден өтпеген, сол сияқты мемлекеттік тiркеу нөмiрлiк белгiлерi жоқ не жасырын, қолдан жасалған немесе мемлекеттік стандартқа сай емес нөмiрлiк белгiлерi бар көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi пайдалануға тыйым салынады.
4. Ұсталған көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi сақтау жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша құрылатын және коммуналдық меншiк болып табылатын арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда жүзеге асырылады.
630-бап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 10-ІІІ Заңының редакциясында; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 21 қазандағы № 80-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
631-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi,
сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеру
1. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексерудi осы Кодекстiң 636-бабына сәйкес заңды тұлғалардың әкiмшiлiк құқық бұзушылығы туралы хаттамалар жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдар жүргiзедi.
2. Тексеру заңды тұлға өкiлiнiң және екi куәгердiң қатысуымен жүргiзiледi.
3. Тексеру жүргiзiлгенi туралы хаттама жасалады. Хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан заңды тұлғаның өкiлiне тапсырылады.
4. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеру хаттамасында оның жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, тиiстi заңды тұлға туралы, сондай-ақ оның заңды өкiлi не өзге қызметкерi туралы мәлiметтер, тексерiлген аумақтар мен үй-жайлар, тауарлар мен басқа да заттардың түрлерi, саны, өзге де тақылеттестiк белгiлерi, құжаттардың түрлерi мен реквизиттерi туралы мәлiметтер көрсетiледi.