8. Сараптама тағайындау туралы ұйғарымды орындау үшiн жiбергенге дейiн судья, лауазымды адам өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамды және жәбiрленушiнi мұнымен таныстыруға, оларға: сарапшыдан бас тартуды мәлiмдеу; өздерi көрсеткен адамдарды сарапшы ретiнде тартуды сұрау; сарапшының алдына қосымша мәселелер қою туралы өтiнiш жасау; сарапшының қорытындысымен не судьяға, органға (лауазымды адамға) түскеннен кейiн қорытынды берудiң мүмкiн болмайтындығы туралы хабармен танысуға, өз ескертпелерiн табыс етуге, қосымша немесе қайта сараптама тағайындау, жаңа сараптамалар тағайындау туралы өтiнiш жасау құқығын түсiндiредi.
9. Сарапшы (сарапшылар) өздерiнiң атынан сараптама жүргiзу нәтижелерi бойынша осы Кодекстiң 612-бабының талаптарына сәйкес жасаған қорытындыны бередi және оны сараптама тағайындаған судьяға, органға (лауазымды адамға) жiбередi.
10. Қорытынды жеткiлiктi дәрежеде айқын немесе толымды болмаған, сондай-ақ бұрын зерттелген мән-жағдайларға қатысты жаңа мәселелер туындаған жағдайда қосымша сараптама тағайындалуы мүмкiн, оны жүргiзу нақ сол немесе өзге сарапшыға (сарапшыларға) тапсырылады.
11. Егер сарапшының қорытындысы жеткiлiктi дәрежеде негiзделмесе не оның дұрыстығына күмән туса, сол объектiлердi зерттеу және сол мәселелердi шешу үшiн қайтадан сараптама тағайындалуы мүмкiн, оны жүргiзу сарапшылар комиссиясына тапсырылады, оған осының алдындағы сараптаманы жүргiзген сарапшы (сарапшылар) кiрмейдi.
12. Судьяның, органның (лауазымды адамның) қосымша және қайтадан сараптама тағайындау туралы ұйғарымы дәлелдi болуға тиiс. Сарапшыға (сарапшыларға) қосымша және қайтадан сараптама жүргiзу тапсырылған кезде осының алдындағы сараптамалардың нәтижелерi бойынша жасалған қорытындылар табыс етiлуге тиiс.
13. Егер сарапшы зерттеу жүргiзгенге дейiн өзiнiң алдына қойылған мәселелер өзiнiң арнаулы білімiнiң шегiнен шығып кететiнiне не өзiне табыс етiлген материалдардың қорытынды беру үшiн жарамсыз немесе жеткiлiксiз екендiгiне, оны толықтыру мүмкiн болмайтынына, не ғылымның және сараптама практикасының жай-күйi қойылған мәселелерге жауап қайтаруға мүмкiндiк бермейтiнiне көзi жетсе, ол қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы дәлелдi хабарлама жасайды және оны судьяға, органға (лауазымды адамға) жiбередi.
612-бап. Сарапшы қорытындысы
1. Сарапшы қорытындысы - оның алдына әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судья, орган (лауазымды адам) қойған мәселелер бойынша iстiң материалдарын зерттеу нәтижелерiне, оның iшiнде арнаулы ғылыми білімдердi пайдалану арқылы жүргiзiлген заттай дәлелдемелер мен үлгiлерге негiзделген жазбаша нысанда табыс етiлген тұжырымдар. Қорытындыда сарапшының зерттеу кезiнде қолданған әдiстерi, қойылған сұрақтарға жауаптардың негiздемесi және сарапшының өз бастамашылығымен анықталған, iс үшiн мәнi бар мән-жайлар көрсетiледi.
2. Қорытындыны сарапшы (сарапшылар) зерттеу жүргiзгеннен кейiн оның нәтижелерiн ескере отырып, өз атынан жасайды, оған ол (олар) қолын қойып, жеке мөрiмен куәландырады. Сараптаманы сараптама органы жүргiзген жағдайда сарапшының қолы аталған органның мөрiмен расталады.
3. Сарапшының қорытындысы судья, орган (лауазымды адам) үшiн мiндеттi болып табылмайды, алайда сарапшының қорытындысымен келiспеушiлiк дәлелдi болуға тиiс.
612-1-бап. Yлгiлердi алу
1. Судья, егер үлгiлердi зерттеудiң iс үшiн маңызы бар болса, оларды, оның iшiнде адамның, жануардың, заттың, нәрсенiң қасиеттерiн бейнелейтiн үлгілердi алуға құқылы.
2. Үлгiлерге материалдардың, заттардың, шикiзаттардың, дайын өнiмнiң сынамалары да жатады.
3. Yлгiлердi алу туралы дәлелдi ұйғарым шығарылады, онда: үлгілердi алатын адам; үлгілер алынуы тиiс адам (ұйым); нақты қандай үлгiлер және қандай санда алынуы тиiс екенi; адам үлгiлердi алу үшiн қашан және кiмге келуi тиiс екенi; үлгілер алынғаннан кейiн олардың қашан және кiмге табыс етiлуi тиiс екенi көрсетiлуi қажет.
4. Үлгiлердi судьяның жеке өзi алуы, ал қажет болса, егер бұл әрекет үлгiлер алынатын жынысы басқа адамды жалаңаштап шешiндiрумен байланысты болмаса және ерекше кәсiби дағдыны талап етпесе, дәрiгердiң немесе басқа маманның қатысуымен алуы мүмкiн. Өзге жағдайларда үлгiлердi судьяның тапсырмасы бойынша дәрiгер немесе басқа маман алуы мүмкiн.
5. Үлгiлердi алу құқығы судьяда, сарапшыда, дәрiгерде немесе басқа маманда болады.
6. Үлгiлердi алу сараптамалық зерттеудiң бiр бөлiгi болып табылатын жағдайларда, оны сарапшы жүргiзуi мүмкiн.
7. Yлгiлер тараптардан, сондай-ақ үшiншi тұлғалардан алынуы мүмкiн.
8. Судья адамды өзiне шақырады, оны, қолхат ала отырып, үлгiлердi алғаны туралы ұйғарыммен таныстырады, оған және осы iс жүргiзу әрекеттерiне қатысушы өзге де адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi.
9. Судьяның жеке өзi немесе маманның қатысуымен қажеттi әрекеттердi жүргiзедi, үлгiлердi алады, оларды орайды және мөр басады.
10. Үлгiлердi алу нәтижелерi iс жүргізу әрекеттерiнiң (сот отырысының) хаттамасында тiркеледi, онда жүргiзiлу ретiнде сақтай отырып, үлгілердi алу үшiн жасалған әрекеттер, бұл ретте қолданылған ғылыми-зерттеу және басқа да әдiстер мен рәсiмдер, сондай-ақ үлгілердiң өздерi жазылады.
612-1-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 4 шілдедегі № 15І -ІІІ Заңымен енгiзiлді.
612-2-бап. Дәрiгердiң немесе басқа маманның, сондай-ақ сарапшының үлгiлердi алу
1. Судья өзiнен үлгiлер алынуға тиiс адамды, сондай-ақ тиiстi тапсырмасы бар ұйғарымды дәрiгерге немесе басқа маманға жiбередi. Ұйғарымда осы iс жүргiзу әрекетiне барлық қатысушылардың құқықтары мен міндеттері көрсетілуі тиіс.
2. Дәрiгер немесе басқа маман судьяның тапсырмасы бойынша қажеттi әрекеттердi жүргiзедi және үлгiлердi алады. Үлгiлер оралады және мөр басылады, одан кейiн дәрiгер немесе басқа маман жасаған ресми құжатпен бiрге судьяға жiберiледi.
3. Сарапшы зерттеу процесiнде сынақ үлгiлер дайындауы мүмкiн, бұл туралы ол қорытындыда хабарлайды.
4. Судья мұндай үлгiлердi дайындау кезiнде қатысуға құқылы, оны өзi жасайтын хаттамада көрсетедi.
5. Сарапшы зерттеу жүргiзгеннен кейiн үлгiлердi оралған және мөр басылған түрде өзiнiң қорытындысына қоса тiркейдi.
6. Егер үлгiлердi судьяның тапсырмасы бойынша маман немесе сарапшы алған болса, онда ол ресми құжат жасап, оған iс жүргiзу әрекетiне барлық қатысушылар қол қояды және iс материалдарына қоса тiркеу үшiн судьяға беріледi.
7. Алынған үлгiлер оралған және мөр басылған түрде хаттамаға қоса тiркеледi.
612-2-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 4 шілдедегі № 15І -ІІІ Заңымен енгiзiлді.
612-3-бап. Үлгiлердi алу кезiнде тұлғаның құқықтарын қорғау
Үлгілердi алу әдiстерi мен ғылыми-техникалық құралдары адамның өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiпсiз болуға тиiс. Қатты ауыру сезiнуiн тудыратын күрделi медициналық рәсiмдердi немесе әдiстердi қолдануға үлгiлер алынуға тиiстi адам жазбаша келісім бергенде ғана, ал егер ол кәмелетке толмаған немесе психикалық аурумен ауыратын болса, оның заңды өкілдерінің келісімімен ғана жол беріледi.
612-3-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 4 шілдедегі № 15І -ІІІ Заңымен енгiзiлді.
613-бап. Заттай дәлелдемелер
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша заттай дәлелдемелер құқық бұзушылықтың құралы немесе тiкелей объектiсi болған, не өзiнде оның iздерi қалған заттар болып табылады.
2. Қажет болған жағдайларда заттай дәлелдемелер суретке түсiрiледi немесе өзге тәсiлмен тiркеледi және iске тiгiледi, ол жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға немесе осы Кодекспен көзделген өзге хаттамаға жазба жазылады.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судья, орган (лауазымды адам) iс мәнi бойынша шешiлгенге дейiн заттай дәлелдемелердiң сақталуын қамтамасыз етуге қажеттi шаралар қолдануға, сондай-ақ iстi қарау аяқталысымен олар туралы шешiм қабылдауға мiндеттi.
614-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша дәлелдемелер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес жасалған хаттамаларда жазылған, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судья, орган (лауазымды адам) тiкелей қабылдаған мән-жайларды куәландыратын нақты деректер болып табылады.
615-бап. Құжаттар
1. Егер ұйымдар, лауазымды адамдар мен жеке тұлғалар баяндаған немесе куәландырған мәлiметтердiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс үшiн маңызы болса, құжаттар iс бойынша дәлелдемелер деп танылады.
2. Құжаттар жазбаша да, өзге түрде де тiркелген мәлiметтерден тұруы мүмкiн. Құжаттарға соның iшiнде осы Кодексте көзделген тәртiппен алынған, талап етiп алынған немесе табыс етiлген компьютерлiк ақпараттан, фото- және кино түсiрiлiмдерден, дыбыс- және бейне жазылымдарынан тұратын материалдар жатуы мүмкiн.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судья, орган (лауазымды адам) iс мәнi бойынша шешiлгенге дейiн құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге қажеттi шаралар қолдануға, сондай-ақ iстi қарау аяқталысымен олар туралы шешiм қабылдауға мiндеттi.
4. Құжаттарда осы Кодекстiң 613-бабында аталған белгiлер болған жағдайларда олар заттай дәлелдемелер болып табылады.
615-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
616-бап. Қосымша мәлiметтер талап ету
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судья, орган (лауазымды адам) ұйымдардан, қоғамдық бiрлестiктерден iстiң шешiлуiне қажеттi қосымша мәлiметтер талап етiп алу туралы ұйғарым шығаруға құқылы.
2. Судьяның, органның (лауазымды адамның) қосымша мәлiметтер талап етiп алу туралы ұйғарымында қаралып жатқан iстiң мәнi қысқаша баяндалып, анықтауға жататын мән-жайлар көрсетiледi. Осы ұйғарым жiберiлiп отырған сот үшiн мiндеттi болып табылады және белгiленген мерзiмде орындалуға тиiс
3. Талап етiп алынатын мәлiметтер талап алынған күнiнен бастап үш күн мерзiмде, ал әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғатын құқық бұзушылық жасалған жағдайда кiдiрiссiз жiберiлуге тиiс.
4. Аталған мәлiметтердi табыс ету мүмкiн болмаған жағдайда ұйым, қоғамдық бiрлестiк ұйғарым шығарған судьяны, органды (лауазымды адамды) бұл туралы үш күн мерзiмде хабардар етуге мiндеттi.
617-бап. Дәлелдемелердi бағалау
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзудi жүзеге асыратын судья, алқалы органның мүшесi, лауазымды адам дәлелдемелердi заң мен ар-намысты басшылыққа ала отырып, дәлелдемелердi өз жиынтығында жан-жақты толық және объективтi қарауға негiзделген өзiнiң iшкi сезiмi бойынша бағалайды. Ешбiр дәлелдеменiң алдын ала белгiленген күшi болмайды.
2. Әрбiр дәлелдеме тиесiлiлiгi, жол берiлетiндiгi, дұрыстығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер өз жиынтығында iстiң шешiлуi үшiн жеткiлiктілігi тұрғысынан бағалануға тиiс.
3. Егер дәлелдеме iс үшiн маңызы бар мән-жайлардың болуы туралы тұжырымды растайтын, жоққа шығаратын немесе оған күмән келтiретiн нақты деректер болса, дәлелдеме iске қатысты деп танылады.
4. Егер дәлелдеме Кодексте көзделген тәртiппен алынса, ол жол беруге болатын дәлелдеме деп танылады.
5. Егер тексеру нәтижесiнде дәлелдеменiң шындыққа сәйкес екендiгi анықталса, ол дұрыс дәлелдеме деп танылады.
6. Егер дәлелденуге тиiс мән-жайлардың барлығы және әрқайсысы туралы ақиқатты даусыз анықтайтын, iске қатысты жол берiлетiн және дұрыс дәлелдемелердiң бәрi жиналса, дәлелдемелердiң жиынтығы iстiң шешiлуi үшiн жеткiлiктi деп танылады.
36-тарау
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді
қамтамасыз ету шараларын қолдану
618-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жолын кесу, оны жасауға сезiктiнiң жеке басын анықтау, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде жасау мүмкiн болмағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау, iстiң уақытылы және дұрыс қаралуы мен iс жөнiнде қабылданған қаулының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi лауазымды адам өз өкiлеттiгi шегiнде жеке адамға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ететiн мынадай шараларды қолдануға құқылы:
1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалатын жерге жеткізу;
2) жеке адамды әкiмшiлiк түрде ұстау;
3) алып келу;
4) жеке тексерiп шығу және көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi және заттарды тексерiп шығу;
5) құжаттар мен заттарды алып қою;
6) көлiк құралын немесе шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттету және оның алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен масаю күйiн куәландыру;
7) көлiк құралын немесе шағын көлемдi кеменi ұстау, жеткізу және пайдалануға тыйым салу;
8) тексеру;
9) жеке адамның алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйiн медициналық куәландыру.
2. Заңды тұлғаға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ететiн мынадай шаралар қолданылуы мүмкiн:
1) заңды тұлғаға тиесiлi үй-жайларды, аумақтарды, сондағы тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды қарап шығу;
2) заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды алып қою;
3) заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу немесе алып қою.
3. Лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын заңсыз қолданудан келтiрген зиян үшiн жауап бередi.
4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдануға осы Кодекстiң 633-бабының ережелерi бойынша шағым жасалуы мүмкiн.
618-бап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 10-ІІІ Заңымен енгiзiлген толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
619-бап. Жеткізу
1. Құқық бұзушылықтың жолын кесу, құқық бұзушының жеке басын анықтау, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманың жасалуы мiндеттi болып, оны сол болған жерiнде жасау мүмкiн болмаса, хаттама жасау мақсатында жеке адамды, заңды тұлғаның заңды өкiлiн мына жағдайларда:
1) көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн, жүрiс тәртібі мен қауiпсiздiгiн қорғау жөніндегі ережелердi, көлiкте жүктiң сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған ережелердi, өрт қауiпсiздiгi ережелерiн, көлiкте санитариялық-гигиеналық және санитариялық эпидемиологияға қарсы ережелердi бұзғанда, егер оның жеке басын куәландыратын құжаттары және ол туралы қажеттi деректер хабарлауы мүмкiн куәгерлер жоқ болса, сондай-ақ оның көлiк құралына деген қажеттi құжаттары болмаса, уәкiлдiк берiлген адам iшкi iстер органына (полицияға);
2) орман бұзылғанда немесе аң аулау ережелерi, балық аулау және балық қорын қорғау ережелерi бұзылғанда және жануарлар дүниесiн қорғау мен пайдалану туралы заңдар басқаша түрде бұзылғанда - орман және аң шаруашылығы мемлекеттік және ведомстволық күзетiнiң қызметкерлерi аң аулау ережелерiнiң сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдардың, уәкiлдiк берiлген балық қорғау органдарының уәкiлеттi лауазымды адамдары, жануарлар дүниесiнiң қорғалуы мен пайдаланылуына мемлекеттік және ведомстволық бақылауды жүзеге асыратын басқа органдардың лауазымды адамдары, қорықтардың және басқа да айрықша қорғалатын табиғи аумақтардың лауазымды адамдары, сондай-ақ iшкi iстер органдарының (полицияның) қызметкерлерi iшкi iстер органдарына (полицияға) немесе жергiлiктi басқару органына;
3) қорғалатын объектiлерге, басқа да бөтен мүлiкке қол сұғушылықпен байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғанда - әскерилендiрiлген күзет қызметкерлерi әскерилендiрiлген күзеттiң қызметтiк үй-жайына немесе iшкi iстер органына (полицияға);
4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының режимi, кеден режимi, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өту бекеттеріндегі режим бұзылғанда, Қазақстан Республикасы шекара қызметi органдары әскери қызметшiсiнiң, өзге әскерлер, әскери құрамалар әскери қызметшiлерiнiң, iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң заңды өкіміне немесе талабына қасақана бағынбағанда - әскери қызметшi, iшкi iстер органдарының (полицияның) қызметкерi немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау жөніндегі мiндеттi атқарушы басқа жеке тұлға бөлiмшеге, әскери бөлiмге, Қазақстан Республикасы шекара қызметi органына, iшкi iстер органына (полицияға), жергiлiктi басқару органына;
5) кеден iсi саласында құқық бұзушылық жасалғанда - кеден органының, iшкi iстер органының (полицияның) қызметкерлерi кеден органының, iшкi iстер органының қызметтiк үй-жайына (полицияға);
5-1) кәсiпкерлiк қызмет, сауда және қаржы, салық салу саласында белгiленген басқару тәртібіне және мемлекеттік билiк институттарына қол сұғатын құқық бұзушылық жасалғанда, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасалғанда - қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi;
5-2) күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі күзет iс-шараларын жүргiзу кезiнде құқық бұзушылықтар жасалғанда - Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметiнiң қызметкерлерi;
6) өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғанда прокурордың тиiстi тапсырмалары немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыруға уәкiлеттi лауазымды адамдар тарапынан тиiстi өтiнiш болған жағдайда - iшкi iстер органдары қызметкерлерi iшкi iстер органына (полицияға) немесе өзге де мемлекеттік органға жеткізудi, яғни мәжбүрлеп келтiрудi жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында құқық бұзушылық жасалған жағдайда кiм екенi жергiлiктi жерде анықталуы мүмкiн емес тәртiп бұзушы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында заңсыз әрекеттi жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын, тексеру кезiнде кiмдiкi екенi анықталуы мүмкiн емес кемелер мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдары құқық бұзушылықтың жолын кесу үшiн, сондай-ақ тәртiп бұзушының кiм екенiн және ұсталған кемелердiң, құқық бұзушылық жасау құралдарының кiмдiкi екенiн анықтау және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшiн Қазақстан Республикасының портына (шетел кемелерi - шетел кемелерiнiң келiп кіруiне ашық Қазақстан Республикасы порттарының бiрiне) жеткiзiлуге тиiс.
3. Жеткізу мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде жүзеге асырылуға тиiс.
4. Жеткізу туралы хаттама жасалады не әкiмшiлiк құқық бұзушылық немесе әкiмшiлiк ұстау туралы хаттамаға тиiстi жазба жазылады.
619-бап Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi № 240-II Заңымен енгiзiлген толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 9 тамыздағы № 346-II Заңымен енгiзiлген өзгерiспен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгізілген толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріс және толықтырумен.
620-бап. Әкiмшiлiк ұстау
Әкiмшiлiк ұстауды, яғни жеке адамды жеке бас бостандығынан, атап айтқанда, оның құқыққа қарсы әрекеттерiн тыю мақсатында белгiлi бiр уақыт iшiнде арнаулы орында мәжбүрлеп ұстай отырып, iс-әрекет және жүрiп-тұру бостандығынан уақытша айыруды:
1) ұсақ бұзақылық жасалған, iшкi iстер органдарының (полицияның) қызметкерi, әскери қызметшi қоғамдық тәртiптi сақтау жөніндегі өз мiндеттерiн орындау кезiнде олардың заңды өкіміне немесе талабына қасақана бағынбаған, сондай-ақ сотты сыйламаушылық танытқан, шетел валютасымен және төлем құжаттарымен заңсыз операциялар жасаған, тауарларды немесе өзге де заттарды заңсыз сатқан, еркiн сатылуына тыйым салынған немесе шек қойылған тауарлармен заңсыз сауда жасаған, шығармалардың даналарын немесе фонограммаларды сатқан, жалға берген және өзге де жолмен заңсыз пайдаланған, тiркелмей немесе лицензия алмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған, қоғамдық орындарда спирттiк iшiмдiктер iшiп немесе қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетi мен қоғамдық әдептi қорлайтын мас күйде жүрген кезде iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiне немесе өзге де уәкiлеттi лауазымды адамға бағынбаған, өрт қауiпсiздiгi мен жол қозғалысы ережелерi, аң аулау, балық аулау және балық қорларын қорғау ережелерi бұзылған және жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн қорғау және пайдалану туралы заңдар басқаша бұзылған, жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі бұзылған, қызметiне тыйым салынған бiрлестiктер құру жөнiнде iс-әрекеттер жасалған және оларға белсендi қатысқан, төтенше жағдай кезiнде режим бұзылған және құқықтық тәртiптi бұзуға арандататын iс-әрекеттер жасалған, қаруды алып жүру мен сақтау ережелерi бұзылған, нысанды киім мен айырым белгiлерi заңсыз киiлiп, тағылған, бөлiмнен өз бетiмен кеткен жағдайда, сондай-ақ шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу тәртібін бұзған кезiнде - iшкi iстер органдары (полиция);
2) төтенше жағдай режимi бұзылған жағдайда және төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiптi бұзуға арандататын iс-әрекеттер жасалғанда - төтенше жағдай жарияланған жердiң комендатурасы мен әскери сақшылар;
3) Мемлекеттік шекара режимi бұзылған, шекара қызметi органдары әскери қызметшiсiнiң, өзге де әскерлердiң, әскери құрамалардың әскери қызметшiсiнiң, iшкi iстер органдарының қызметкерiнiң заңды өкіміне немесе талабына қасақана бағынбаған жағдайда - шекара режимi бұзылған жағдайда - шекара қызметiнiң органдары;
4) күзетiлетiн объектiлерге, басқа да бөтен мүлiкке қол сұғушылыққа байланысты құқық бұзушылық жасалған жағдайда - күзетiлетiн объект орналасқан жердегi аға әскери қызметшi, iшкi iстер органдарының қызметкерi, әскерилендiрiлген күзеттiң лауазымды адамы;
5) балық қорғау органдары, аң аулау ережелерiнiң сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдар мен орман және аң шаруашылығы органдары сақталуын бақылауды жүзеге асыратын ережелер бұзылған жағдайда - осы органдар;
6) көлік бақылау органдары сақталуын бақылауды жүзеге асыратын ережелер бұзылған жағдайда - осы органдар;
7) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларының көлiк құралдарын жүргiзетiн жүргiзушiлер мен басқа да адамдар жол қозғалысы ережелерiн бұзған жағдайда - әскери автомобиль полициясының лауазымды адамдары;
8) табиғат қорғау заңдары бұзылған жағдайда - қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды, қорықтар мен басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау органдары;
9) салықтық құқық бұзушылық жағдайында - салық қызметi органдарының лауазымды адамдары;
9-1) белгіленген басқару тәртібіне және мемлекеттік билiк институттарына қол сұғатын кәсiпкерлiк қызмет, сауда және қаржы, салық салу салаларындағы құқық бұзушылықтарды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердiң ведомстволық бағыныстылығына сәйкес - қаржы полициясы органдарының лауазымды адамдары;
10) Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында қолданыстағы стандарттардың (нормалардың, ережелердiң) немесе континенттiк қайраңында рұқсат етiлген қызметтi регламенттейтiн лицензия шарттарының бұзылуына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасалған, ресурстық немесе теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзу ережелерi бұзылған, қалдықтар мен басқа да материалдарды көму ережелерi бұзылған, Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңын қорғау органдары лауазымды адамдарының кемелердi тоқтату жөніндегі заңды талаптары орындалмаған немесе оның жүзеге асырылуына кедергi жасалған жағдайда - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тау-кен қадағалау органдарының, шекара қызметi органдарының, геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның, қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі органдардың, балық аулау жөніндегі республикалық органның лауазымды адамдары;