2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - есепке алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетiлген қызметтер) құнының он процентi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлген қызметтердi) есепке алу және сату жөніндегі операциялардың есеп құжаттамасында көрсетiлмеуi, -
дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - есепке алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетiлген қызметтер) құнының бес процентi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға он процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Бухгалтерлiк есептiң бастапқы құжаттарының және (немесе) шот-фактураларының және (немесе) тiркелiмдерiнiң болмауы, бухгалтерлiк есептiң шоттарында және қаржы есептілігiнде салық төлеушiнiң активтерi мен мiндеттемелерiнiң дер кезiнде немесе дұрыс көрсетiлмеуi осы баптың мақсаты үшiн кiрiстердi, шығыстарды және салық салу объектiлерiн есепке алу ережелерiн бұзу деп түсiнiледi.
208-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
208-1-бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген
(үстеп есептелген) сомасын төлеуден жалтару
Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген берешектi төлеу мерзiмiнен тоқсан күннен асқан берешегi болған жағдайда, салық төлеушiнiң касса не үшiншi тұлғалардың банк шоты арқылы өзара есеп айырысуды жүзеге асыруы арқылы салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген (үстеп есептелген) сомасын төлеуден жалтару, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүргiзiлген есеп айырысу сомасының отыз процентi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
208-1-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлдi; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
209-бап. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасын
кемiтiп көрсету
1. Салықтың және басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасын декларацияда кемiтiп көрсету, -
жеке тұлғаларға - он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң үстеп есептелген сомасының отыз процентi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Корпоративтiк табыс салығын немесе жеке табыс салығын салу мақсатын көздеп, шеккен залал сомасын декларацияда өсiрiп көрсету, -
дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - декларацияда өсiрiп көрсетiлген шығын сомасынан есептелген корпоративтiк табыс салығы немесе жеке табыс салығы сомасының отыз процентi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға декларацияда өсiрiп көрсетiлген шығын сомасынан есептелген корпоративтiк табыс салығы сомасының елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салық төлеушiнiң бюджетке төленетiн ағымдағы төлемдер сомасын кемiтiп көрсетуi, -
дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - ағымдағы төлемдердiң кемiтiп көрсетiлген сомасының отыз процентi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Салық кезеңi үшiн iс жүзiнде есептелген корпорациялық табыс салығы немесе жеке табыс салығы сомасының салық кезеңi iшiнде есептелген аванстық төлемдер сомасынан жиырма процент мөлшерде асып түсуi - ic жүзіндегі салықтың асып түскен сомасының қырық процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңымен алынып тасталды.
6. Бюджетпен патент негiзiнде есеп айырысуды жүргiзетiн ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi-заңды тұлғаның патент құнының есебiне кiретiн салық сомасын кемiтiп көрсетуi, -
патент құнының есебi кезiнде азайтылмай, кемiтiп көрсетiлген салық сомасының отыз процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертулер.
1. Осы баптың бiрiншi бөлiгіндегі мақсаттар үшiн қосымша құнға салынатын салық бойынша салық мөлшерiн декларацияда кемiтiп көрсету де есепке жатқызылған, қосымша құнға салынатын салық сомасын өсiрiп көрсетудi бiлдiредi.
2. Екiншi бөлiкте көзделген әкiмшiлiк жазаны қолдану кезiнде осы баптың мақсаттары үшiн өсiрiп көрсетiлген залал сомасынан есептеп шығарылған салық корпоративтiк табыс салығының ставкалары бойынша немесе жеке табыс салығының ең жоғары ставкалары бойынша айқындалатын болады.
209-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-II Заңымен енгiзiлген өзгерістермен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ, 2006 жылғы 7 шілдедегі № 177 Заңдарымен енгізілген өзгерістермен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
210-бап. Салық агентiнiң және өзге де уәкiлеттi органдардың (ұйымдардың) салықты
және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi ұстап қалу және (немесе)
аудару жөніндегі мiндеттердi орындамауы
1. Салық агенттерiнiң және өзге де уәкiлеттi органдардың (ұйымдардың) салық заңдарына сәйкес ұсталып қалуға және бюджетке аударылуға тиiстi салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасын ұстап қалмауы немесе толық ұстап қалмауы, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - салықтың және басқа да мiндеттi төлемдердiң ұсталмаған сомасының отыз процентi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық агенттерiнiң және салық заңдарында белгiленген өзге де уәкiлеттi органдардың (ұйымдардың) салық заңдарына сәйкес бюджетке аударылуға салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң ұсталып қалған сомасын аудармауы немесе толық аудармауы, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - салықтың және басқа да мiндеттi төлемдердiң аударылмаған сомасының отыз процентi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
210-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiс және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
211-бап. Жалған шот-фактура жазып беру
Салық төлеушiнiң жалған шот-фактура жазып беруi, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - шот-фактураға енгiзiлген қосылған құн салығы сомасының жүз жиырма процентi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Қосылған құн салығы бойынша есепте тұрмаған салық төлеушi, сол сияқты жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетудi, тауарлар жөнелтудi нақты жүргiзбеген тұлға жазған және қосылған құн салығы сомасын қамтитын шот-фактура жалған шот-фактура деп танылады.
211-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен;Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
212-бап. Базар аумағына жiберу тәртібін бұзу
1. Базар қызметкерлерiнiң адамдарды базар аумағында тауар сатуға, жұмыс iстеуге және қызмет көрсетуге Қазақстан Республикасы салық заңдарының талаптарын бұза отырып жiберуi, -
базар әкiмшiлiгiнiң лауазымды адамдарына он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -
базар әкiмшiлiгiнiң лауазымды адамдарына отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
212-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
213-бап. Акцизделетiн тауарларды әкелу, тасымалдау, өндiру, сақтау мен өткізу
ережелерiн бұзу
1. Акцизделетiн тауарларды әкелудiң, тасымалдаудың, өндiрудiң, сақтау мен өткізудiң заңнамада белгiленген ережелерiн бұзу, -
акцизделетiн тауарлары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, -
акцизделетін тауарлары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - елуден сексенге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүз елуден үш жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
213-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
214-бап. Таңбалау тәртібі мен ережелерiн бұзу
Акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың заңнамада белгiленген тәртібі мен ережелерiн бұзу, -
таңбалау тәртібі мен ережелерi бұзылып таңбаланған тауарлары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
214-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 125-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
215-бап. Фискалдық жады бар кассалық-бақылау машиналарын қолдану тәртібін бұзу
1. Фискалдық жады бар кассалық-бақылау машиналарын қолданбай не жарамсыз, салық органдарында тiркелмеген кассалық-бақылау машиналарын қолдана отырып, не фискалдық емес режимдегi фискалдық жады бар кассалық-бақылау машиналарын қолдана отырып тауарларды сату немесе қызмет көрсету жолымен фискалдық жады бар кассалық-бақылау машиналарын қолдану тәртібін бұзу, -
жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Фискалдық жады бар кассалық-бақылау машиналарын қолданған кезде салық төлеушiнiң сатып алушыға кассалық чектi бермеуi не тауар, жұмыс (көрсетiлген қызмет) үшiн төленген сома азайтылып немесе көбейтіліп көрсетiлген чектi беруi, -
жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
215-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
216-бап. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
басқа да ұйымдар, қор биржалары лауазымды адамдарының салық заңдарында
көзделген мiндеттердi орындамауы
1. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын басқа да ұйымдар, қор биржалары лауазымды адамдарының салық заңдарында көзделген мiндеттердi:
салық төлеушiлердiң - заңды тұлғалардың (заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалардың) банк шоттарын ашқаны туралы салық қызметi органдарына хабарламау, салық төлеушiлердiң өздерiнiң банк шоттарынан салық сипатындағы мiндеттi төлемдер сомаларын, оларға салық органдары берген және оны есепке қою фактiсiн растайтын құжатты табыс етпей, республикалық және жергiлiктi бюджеттерге аударуға төлемдер тапсырмасын жүзеге асыру;
салық төлеушiлердiң өздерiнiң банк шоттарынан салық сипатындағы мiндеттi төлемдердiң Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген айыппұлдар мен өсiмпұлдар сомасын республикалық және жергiлiктi бюджеттерге аударуға (төлеуге) төлемдiк тапсырмаларды бiрiншi кезекте орындамау;
банкке немесе бюджет жүйесiнiң кассалық орындалуын жүзеге асыратын басқа ұйымға салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасын салық төлеушiнiң банк шотынан ақшаны есептен шығару жөніндегі операция жүргiзiлген күнi есептемеу (аудармау);
салық органдарының салық төлеушiлерден белгiленген мерзiмде енгiзiлмеген салықтар, айыппұлдар, өсiмпұлдар сомасын өндiрiп алу жөніндегі инкассолық тапсырмаларын бiрiншi кезекте орындамау;
салық қызметi органдарының қызметкерлерiн банк шоттары бойынша, салық төлеушiлердiң - заңды тұлғалардың (заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалардың) осы шоттарда ақшасының бар-жоғы жөнiнде жасалған (жасалатын) операцияларды, сондай-ақ нақты жеке тұлғалардың операцияларын және шоттарда, салымдарда ақшасы бар-жоғын тексеруге жiберуден бас тарту немесе осы тексерулердi жүзеге асыруда өзгеше кедергi жасау;
салық органдарының заңды тұлғалардың банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру жөніндегі өкiмдерiн орындамау, салық заңдарын бұзушылықтың анықталған жағдайларын жою туралы талаптарды орындамау, салық қызметi органдарына және олардың лауазымды адамдарына бухгалтерлiк есеп-қисаптар мен баланстарды, есептер мен салықты және бюджетке төленетiн басқа да төлемдердi есептеумен және төлеумен, бағалар және тарифтер белгiлеумен және қолданумен байланысты басқа да құжаттарды тапсырмау немесе тапсырудан бас тарту;
салық органдарының сауал салулары бойынша белгiлi бiр кезеңде банк шоттары бойынша жасалған операциялар туралы, салық төлеушiлердiң осы шоттарда ақшасының бар-жоғы туралы мәлiметтердi табыс етпеу;
банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, қор биржаларының лауазымды адамдарының салық қызметi органдарының сауал салулары бойынша салық төлеушiлердiң алдағы жыл iшіндегі қаржы операциялары туралы және уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан мен мерзiм бойынша есептелген сыйақы (мүдде) туралы мәлiметтердi табыс етпеу түрiнде орындамауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
216-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
217-бап. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
ұйымдардың салық заңдарында белгiленген мiндеттердi орындамауы
1. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың салық заңдарында белгiленген мiндеттердi:
салық төлеушiнiң (жеке тұлғалар - резидент еместерден басқа) банк шоттарын ашуы кезiнде оның тiркеу нөмiрiн есепке алмау;
салық төлеушiге - заңды тұлғаға немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаға банк шоттарының ашылғаны туралы салық органдарына үш жұмыс күнi iшiнде хабарламау;
клиенттер шоттары бойынша төлем құжаттарында (вексельдi қоспағанда) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн қоймай операциялар жүргiзу;
салық төлеушiлердiң - заңды тұлғалардың немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын салық заңдарында көзделген жағдайларда салық органдарының шешiмi бойынша тоқтатпау;
банкке немесе бюджет жүйесiнiң кассалық орындалуын жүзеге асыратын басқа ұйымға салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасын салық төлеушiнiң банк шотынан ақшаны есептен шығару жөніндегі операция жасалған күнi есептемеу (аудармау);
салық заңдарында көзделген жағдайларда салық органдарының шешiмi бойынша тиiстi салықтарды сөзсiз аударуға қатысты нұсқауларды бiрiншi кезекте орындамау;
салық органдарының салықты және басқа да төлемдердi, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды алу жөніндегі инкассолық тапсырмаларын (өкiмдерiн) бiрiншi кезекте орындамау түрiнде жүзеге асырмауы, -
заңды тұлғаларға салық төлеушiлердiң банк шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының бес процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың шартты банк салымы туралы шарттар бойынша орналастырылған салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасын аудармауы немесе дер кезiнде аудармауы, -
заңды тұлғаларға шартты банк салымында орналастырылған, аударылмаған немесе дер кезiнде аударылмаған салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлем сомасының елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
217-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
218-бап. Банк операциялары туралы көрiнеу жалған мәлiметтер табыс ету
Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың заңды немесе жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша операциялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер табыс етуi, сол сияқты осы банктiң iс жүзіндегі қаржылық жай-күйiмен көрiнеу қамтамасыз етiлмеген тапсырмалар, кепiлдiктер және өзге де мiндеттемелер беруi, егер бұл iс-әрекеттер жеке немесе заңды тұлғаға не мемлекетке iрi залал келтiрмесе, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Құқық бұзушылық жасалған кездегi бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен асатын сома - жеке тұлғаға келтiрiлген, екi мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен асатын сома заңды тұлғаға келтiрiлген залалдың iрi мөлшерi деп танылады.
219-бап. Салық қызметi органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды
талаптарын орындамау
1. Салық төлеушiнiң салық қызметi органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамауы, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салық төлеушi кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайдан басқа) салық тексеруiн жүргiзушi салық қызметi органы лауазымды адамының келiп кіруiне заңсыз кедергi келтiру, -
жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға және жеке кәсiпкерлерге айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
219-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
17-тарау
Өнеркәсіп, жылу, электр энергиясын пайдалану саласындағы
әкімшілік құқық бұзушылық
220-бап. Жарылғыш материалдарды, радиоактивтi және өзге де экологиялық жағынан
қауiптi заттарды пайдалану ережелерiн бұзу
1. Жарылғыш материалдарды, пиротехникалық заттарды, радиоактивтi, бактериологиялық, химиялық және қадағалау органдарының бақылауындағы өнеркәсiп салалары мен объектiлердегi өзге де экологиялық қауiптi заттар мен қалдықтарды өндiру, сақтау, көму, жою, пайдалану, кәдеге асыру, тасымалдау немесе өзгедей айналысу ережелерiн бұзу, егер онда қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпiстен жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ядролық материалдарды, арнаулы ядролық емес материалдарды және ядролық қызметке қатысы бар қосарлы мақсаттағы бұйымдарды өндiрудiң, сақтаудың, көмудiң, пайдаланудың, кәдеге асырудың, тасымалдаудың немесе өзге де айналысудың белгiленген ережелерiн бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
220-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
221-бап. Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөніндегі ережелердi бұзу
Өнеркәсiп, тау-кен және құрылыс жұмыстары салаларында не төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органдардың және басқа да мемлекеттік қадағалау органының бақылауындағы объектiлерде жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiнде белгiленген ережелердi бұзу, егер бұл адам денсаулығына абайсыздықтан ауыр және орташа ауырлықта зиян келтiруге әкеп соқтырмаса, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
221-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.