188-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
189-бап. Шетелдiк банктерде және өзге де қаржы институттарында Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясынсыз шоттар ашу
Резиденттердiң шетелдiк банктерде және өздерiн тiркеген мемлекеттердiң заңдары бойынша тиiстi құқыққа ие өзге де қаржы институттарында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясынсыз шоттар ашуы, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
189-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
190-бап. Бағалы қағаздармен мәмiле жасалған кезде қызметтiк ақпаратты заңсыз пайдалану
Қызметтiк пайдалануға арналған ақпаратқа қол жеткiзе алатын және бағалы қағаздар рыногының басқа субъектiлерi қол жеткiзе алмайтын ақпаратты пайдалана отырып бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асыратын адамдардың жеке өзi үшiн пайда алу мақсатындағы iс-әрекеттерi, сол сияқты қызметтiк пайдалануға арналған ақпаратты басқа адамдардың пайда алуы үшiн оларға табыс етуi, егер олар iрi залал келтiрмесе, -
айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
191-бап. Жарияланған акцияларды шығару проспектiсіне өзгерістер мен
толықтыруларды тiркеуге арналған құжаттарды табыс ету мерзiмiн бұзу
Эмитенттiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жарияланған акцияларды шығару проспектiсiне өзгерістер мен толықтыруларды тiркеуге арналған құжаттарды табыс ету мерзiмiн бұзуы, -
эмитенттiң лауазымды адамына айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
191-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 16 мамырдағы № 416-II Заңының редакциясында; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ , 2005 жылғы 8 шiлдедегi № 72-ІІІ Заңдарымен енгiзiлген өзгерістермен.
192-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң жосықсыз жарнамасы
Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiне жарнаманы жариялау кезiнде дұрыс емес мәлiметтер табыс ету және тарату жолымен жасалған бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң жосықсыз жарнамасы,-
жарнама берушiге айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
192-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
193-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы уәкiлеттi органға дұрыс емес мәлiметтер табыс ету
1. Бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу үшiн уәкiлеттi органға мәлiметтер табыс етпеуi не дұрыс емес мәлiметтер табыс етуi, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру және (немесе) өтеу қорытындылары туралы есептi бекітуi, бағалы қағаздар рыногында қызметiн жүзеге асыруға лицензияны, өзiнiң қызметi туралы есептіліктi алуы, сол сияқты уәкiлеттi органның ұйғарымын орындамауы -
заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң уәкiлеттi органға бағалы қағаздармен операциялар туралы көрiнеу жалған, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, мәлiметтердi табыс етуi, -
заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
193-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ, 2003 жылғы 16 мамырдағы № 416-II Заңдарымен енгiзiлген өзгерістермен; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi № 72-ІІІ Заңымен енгiзiлген өзгеріс және толықтырумен.
194-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар құқықтарының бұзылуы
1. Акционерлік қоғамның лауазымды адамдарының акционерлік қоғам iстерiн акционерлердiң басқару құқықтарын, табыс бөлiгiн бөлу (дивидендтер төлеу) тәртібін, қоғамның қызметi туралы ақпарат алу құқықтарын бұзуы, сондай-ақ акционерлердiң жалпы жиналысын шақыру мен өткізудiң заңдарда белгiленген тәртібін бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Эмитенттiң лауазымды адамдарының облигациялар бойынша сыйақы төлеудiң және (немесе) оларды өтеудiң заңдарда белгiленген тәртібін бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
194-бап және тақырыбы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiс және толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi № 72-ІІІ Заңымен енгiзiлген өзгеріспен.
194-1-бап. Акцияларды сатып алу тәртібін бұзу
Акцияларды сатып алудың Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртібін бұзу, оның iшiнде акцияларды сатып алу кезіндегі олардың құнын айқындаудың қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы бекiткен әдiстемесi болмаған жағдайда акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларын осы қоғамның сатып алуы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
194-1-бап Қазақстан Республикасының 2005жылғы 8 шілдедегі № 72-ІІІ Заңымен енгізілді.
195-бап. Бағалы қағаздармен мәмiлелер жасау тәртібін бұзу
Бағалы қағаздармен мәмiлелер жасаудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртібін бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
195-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы N 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
195-1-бап. Бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау мақсатында мәмiлелер жасасу
Бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау мақсатында бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiмен мәмiлелер жасасу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - қырықтан үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
195-1-бап Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 72-ІІІ Заңымен енгізілді.
196-бап. Бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеу, олар бойынша құқықтарды есепке алу
және растау тәртібін бұзу
Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушысының бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiн немесе нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiн жүргiзу тәртібін бұзуы, сол сияқты бағалы қағаздар бойынша қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ құқықтарды растау тәртібін бұзуы, -
заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
196-бап Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi № 72-ІІІ Заңының редакциясында.
196-1-бап. Эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың және (немесе)
орналастырудың шарттары мен тәртібін бұзуы
Эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың және (немесе) орналастырудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шарттары мен тәртібін бұзуы, -
лауазымды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
196-1-бап Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 72-ІІІ Заңымен енгізілді.
197-бап. Бағалы қағаздарды орналастыру және (немесе) өтеу қорытындылары туралы
есеп-қисапты табыс ету мерзiмiн бұзу
Эмитенттiң бағалы қағаздарды орналастыру және (немесе) өтеу қорытындылары туралы есеп-қисапты табыс етудiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмiн бұзуы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
197-бап және тақырыбы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 16 мамырдағы № 416-II, 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ, 2005 жылғы 8 шілдедегі № 72-ІІІ Заңдарымен енгiзiлген өзгерістермен.
197-1-бап. Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының және бағалы қағаздармен
сауда ұйымдастырушының олардың қызметiне заңдарда белгiленген
талаптарды бұзуы
Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының және бағалы қағаздармен сауда ұйымдастырушының олардың қызметiне заңдарда белгiленген талаптарды әлденеше рет (қатарынан күнтiзбелiк айлар iшiнде екi және одан да көп) бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
197-1-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлдi.
198-бап. Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының есеп-қисаптарды табыс ету
мерзiмiн бұзуы
Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының бағалы қағаздар рыногындағы уәкiлеттi органға өз қызметi туралы есеп-қисаптарды табыс етудiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмiн бұзуы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
199-бап. Эмитенттiң өз қызметi туралы толық емес немесе дұрыс емес ақпаратты жариялауы
Эмитенттiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жариялануға тиiс бағалы қағаздар рыногындағы қызмет туралы толық емес немесе дұрыс емес ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
199-бап Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 72-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
200-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы ақпаратты ашу жөніндегі мiндеттi бұзу
Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртiппен және жағдайларда ақпаратты ашу жөніндегі мiндеттi орындамауы, - лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
201-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың бағалы қағаздар
рыногы туралы заңдарды бұзуы
Жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылардың (алушылардың) жеке шоттарындағы зейнетақы жиналымдарын есепке алу тәртібін бұзуы, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың кастодиан-банктермен және жинақтаушы зейнетақы қорларымен өзара қарым-қатынастардың бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарда белгiленген тәртібін iрi залал келтiрмей бұзуы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
201-бап және тақырыбы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 наурыздағы № 394-II Заңымен енгiзiлген өзгерістермен.
201-1-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамалық
актiсiнiң талаптарын бұзу
1. Пайлық инвестициялық қор компаниясын басқаратын акционерлік инвестициялық қордың Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамалық актiсiнде өзiнiң қызметi, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құрамы мен құнын сипаттайтын көрсеткiштер туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ оны жариялау және тарату тәртібін бұзуы, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Пайлық инвестициялық қор компаниясын басқаратын акционерлік инвестициялық қордың дәл емес, толық емес немесе жаңылыстыратын ақпаратты таратуы немесе жариялауы, -
лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
201-1-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілді.
202-бап. Бағалы қағаздар туралы ақпаратқа құқықтарды бұзу
Бағалы қағаздар туралы коммерциялық құпия болып табылмайтын ақпаратты жасыру, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң оны алуына кедергi келтiру, егер бұл әрекет iрi залал келтiруге әкеп соқпаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
203-бап. Төлемдер жүргiзу бойынша Қазақстан Республикасының заң актілерінде
белгiленген шектеулердi бұзу
Заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық мәмiле бойынша басқа заңды тұлғаның пайдасына төрт мың айлық есептiк көрсеткiштен астам сомада қолма-қол тәртiппен төлемдi жүзеге асыруы, -
төлемдi жүзеге асырушы заңды тұлғаға төлем сомасының бес процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
204-бап. Мемлекеттік мекеменiң және оралымды басқару құқығындағы мемлекеттік
кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) лауазымды адамдарының
мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен ақшалай мiндеттемелердi қабылдау
жөніндегі заңсыз әрекеттерi
1. Мемлекеттік мекеменiң немесе оралымды басқару құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) лауазымды адамдарының мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен ақшалай мiндеттемелердi азаматтық-құқықтық мәмiлелердi заңдарда белгiленген тiркеусiз және (немесе) уәкiлеттi орган бекiткен сметалар сомасынан тыс қабылдау жөніндегі, мемлекеттік мекеменiң немесе оралымды басқару құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның жауаптылығына әкеп соққан заңсыз әрекеттерi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
204-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
16-тарау
Салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
205-бап. Салық органында салық есебiне қою мерзiмiнiң бұзылуы
1. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайды қоспағанда, салық органында тiркеу есебiне қою туралы өтiнiш берудiң Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген мерзiмiн бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - алтыға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық органында тiркеу есебiне қою туралы өтiнiш берудiң Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген мерзiмiн тоқсан күннен астам уақыт бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салық төлеушiнiң қосылған құн салығын төлеушi ретiнде есепке қою туралы өтiнiш берудiң Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген мерзiмiн бұзуы, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - есепке тұрмаған әр айы үшiн салық салынатын айналым сомасының отыз процентi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Салық төлеушiнiң кәсiпкерлiк қызметтiң салық заңдарында белгiленген жекелеген түрлерiн жүзеге асырудың басталуын тiркеу есебiнiң орны бойынша салық органдарында тiркеудiң Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген мерзiмiн бұзуы, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен он беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан алпысқа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - алпыстан жүз жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы тарауда пайдаланылатын салық заңдарының ұғымы мен терминдерi Қазақстан Республикасының салық заңдарында олар пайдаланылатын мағынада ғана қолданылады.
205-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
205-1-бап. Арнаулы салық салу режимiн қолданған кезде қызметтi заңсыз жүзеге асыру
Арнаулы салық салу режимiн қолданған кезде қызметтi Қазақстан Республикасының заң актілерінде осы режим үшiн көзделген шарттарды бұза отырып жүзеге асыру, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан алпысқа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
205-1-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлдi; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ, 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
206-бап. Салық есептілігiн, сондай-ақ салық төлеушiнiң мониторингiн жүргiзуге қажеттi
құжаттарды табыс етпеу
1. Салық төлеушiнiң, осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген мерзiмде салық органына салық есептілігiн табыс етпеуi, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға алпыстан сексенге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық төлеушiнiң салық есептілігiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген мұндай есептіліктi табыс ету мерзiмiнен тоқсан күн өткенше салық органына табыс етпеуi, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға сексеннен жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салық төлеушiлердiң мониторингiн жүргiзу үшiн қажеттi құжаттарды (оның iшiнде электрондық түрдегi), сондай-ақ электрондық мониторинг бойынша салық есептілігiн салық төлеушiнiң уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген мерзiмде табыс етпеуi не оны табыс етуден бас тартуы, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан алпысқа дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
206-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
207-бап. Салық салу объектiлерiн жасыру
1. Салық төлеушiнiң салық салу объектiлерiн жасыруы, -
жеке адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, жеке тұлғаларға, жеке кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға жасырылған салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының жүз елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде жасалған нақ сол әрекеттер, -
лауазымды адамдарға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға - жасырылған салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының екi жүз процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
207-бап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ, 2005 жылғы 22 қарашадағы № 89-ІІІ Заңдарымен енгiзiлген өзгерістермен.
208-бап. Кiрiстердi, шығыстарды және салық салу объектiлерiн есепке алу ережелерiн бұзу
1. Салық төлеушiде кiрiстер, шығыстар және салық салу объектiлерi есебiнiң болмауы немесе осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайды қоспағанда, оның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiптi бұза отырып жүргiзiлуi, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - есепке алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетiлген қызметтер) құнының бес процентi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға он процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.