жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Актуарийдiң сақтандыру резервтерiн қалыптастыру жөніндегі заң талаптарын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтамауы жөнiнде өздерi анықтаған фактілері туралы уәкiлеттi органға хабарламауы, -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 мамырдағы № 139-ІІІ Заңымен алынып тасталды.
15. Міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылған кезде сақтанушыларға (сақтандырылған адамдарға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қорға міндетті немесе төтенше жарналарды төлемеу, уақтылы төлемеу не толық көлемде төлемеу, -
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға жүзден екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
16. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы есептілігін және өзге де мәліметтерді Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау міндеттілігі туралы талаптарды бұзуы -
жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
173-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы № 424-II, 2003 жылғы 10 шiлдедегi № 483-II, 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңдарымен енгiзiлген толықтырулар және өзгерістермен; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi № 72-ІІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 107-ІІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен; Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 164 Заңымен енгізілген толықтырумен.
174-бап. Сақтандыру органдарының сақтандыру шарттарын жасасумен және
орындаумен байланысты талаптарды бұзуы
1. Сақтандыру полистерiн немесе сақтандырумен байланысты өзге де құжаттарды, не аударылған құжаттардың есепке алынбаған бланкiлерiн заңсыз өткізудi жүзеге асыру, -
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сақтандыру төлемдерiн жүзеге асырмау, сол сияқты дер кезiнде жүзеге асырмау немесе сақтандыру туралы жасалған шарттың өзге де талаптарын дұрыс орындамау, -
заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сақтандыру шартын орындау үшiн клиент табыс еткен құжаттарды жоғалту, -
заңды тұлғаға әрбiр жоғалған құжат үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
174-бап Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi № 72-ІІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
175-бап. Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңдарын бұзу
1. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген міндетті сақтандыру шартын жасасудан сақтандыру ұйымының жалтаруы, -
лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерінде, заңды тұлғаға екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заң актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен жетiге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
175-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы № 428-II Заңының редакциясында; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
175-1-бап. Қаржылық ұйымдардың басшы қызметкерлері лауазымына тағайындау
(сайлау) тәртібіне қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген талаптарды бұзу
Қаржылық ұйымның басшы қызметкері лауазымына тағайындау (сайлау) тәртібіне қойылатын талаптарды қаржылық ұйымның бұзуы -
заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
175-1-бап Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 107-ІІІ Заңымен енгiзiлді.
175-2-бап. Қаржылық ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерінің ашылғаны және
олардың қызметінің тоқтатылғаны туралы уәкілетті органға уақтылы
хабарламау, сондай-ақ қаржылық ұйымдардың филиалдарын, өкілдіктерін
ашу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамау
Қаржылық ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерінің ашылғаны және олардың қызметінің тоқтатылғаны туралы уәкілетті органға уақтылы хабарламау, сондай-ақ қаржылық ұйымдардың филиалдарын, өкілдіктерін ашу кезінде Қазақстан Республикасының банк заңнамасының, Қазақстан Республикасының сақтандыру мен сақтандыру қызметі және зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасының талаптарын сақтамау -
лауазымды тұлғаға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
175-2-бап Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 107-ІІІ Заңымен енгiзiлді.
176-бап. Кредиттi заңсыз алу не мақсатсыз пайдалану
1. Жеке кәсiпкердiң немесе ұйымның лауазымды адамының банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға жеке кәсiпкердiң немесе ұйымның шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйi немесе кепiлге салатын мүлкi туралы немесе кредит, кредит берудiң жеңiлдетiлген шарттарын алу үшiн елеулi маңызы бар өзге де мән-жайлар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер табыс етуi арқылы кредит не кредит берудiң жеңiлдетiлген шарттарын алуы, сол сияқты кредит берудi доғаруға, жеңiлдiктердi алып тастауға не бөлiнген кредит мөлшерлерiн шектеуге алып келуi мүмкiн мән-жайлардың пайда болуы туралы ақпаратты банкке немесе өзге де кредит берушiге хабарламауы, егер бұл әрекеттер iрi залал келтiрмесе, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік нысаналы кредиттi не мемлекет кепiлдiгiмен берiлген кредиттi тiкелей арналған мақсатқа пайдаланбау, егер бұл әрекет жеке тұлғаға, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрмесе, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
176-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
177-бап. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсiмдердi уақтылы, толық есепке
жатқызбау және республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражатын,
мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет кепiлгерлiктерiн, мемлекет
активтерiн нысанасыз пайдалану
1. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн қаражатты уақтылы, толық есепке жатқызбау, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бюджет қаражатын алушылардың тиiстi банктердегi немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттарына аударылатын қаражатты уақтылы және толық есепке жатқызбау, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма бестен жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражатын, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет кепiлгерлiктерiн, мемлекет активтерiн нысанасыз пайдалану, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
177-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі № 165 Заңының редакциясында
177-1-бап. Республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражатын, оның iшiнде нысаналы
трансферттер мен кредиттердi, сондай-ақ байланысты гранттарды, мемлекет
кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет активтерiн негiзсiз (құқыққа қайшы)
пайдалану
Республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражатын, оның iшiнде нысаналы трансферттер мен кредиттердi, сондай-ақ байланысты гранттарды, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет активтерiн негiзсiз (құқыққа қайшы) пайдалану, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
177-1-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі № 165 Заңымен енгізілді.
177-1-бап. Шығындарды өтеу ережелерiн бұзу
1. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету жөніндегі шығындарды өтеу ережелерiн бұзуы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма бестен елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
177-1- бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 171 Заңымен енгізілді.
177-2-бап. Республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражатын, байланысты
гранттарды, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет активтерiн
тиiмсiз пайдалану
Республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражатын, оның iшiнде нысаналы трансферттер мен кредиттердi, сондай-ақ байланысты гранттарды, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет активтерiн тиiмсiз пайдалану, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
177-2-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі № 165 Заңымен енгізілді.
177-3-бап. Бюджеттік есепке алуды жүргiзу, есептіліктi жасау мен табыс ету ережелерiн бұзу
Бюджеттік есепке алуды жүргiзу, есептіліктi жасау мен табыс ету ережелерiн бұзу, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
177-3-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі № 165 Заңымен енгізілді.
177-4-бап. Бюджеттік кредиттердi, мемлекеттік кепiлдiктер мен мемлекет
кепiлгерлiктерiн беру шарттары мен рәсiмдерiн бұзу
Бюджеттік кредиттердi, мемлекеттік кепiлдiктер мен мемлекет кепiлгерлiктерiн беру шарттары мен рәсiмдерiн бұзу, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
177-4-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі № 165 Заңымен енгізілді.
178-бап. Лауазымды адамның бухгалтерлiк есеп туралы заңдарды бұзуы
1. Уәкілеттi лауазымды адамның бухгалтерлiк есеп жүргiзуден жалтаруы не бухгалтерлiк есептiң бекітілген стандарттарын және ұйымның қаржы-шаруашылық қызметiнiң бухгалтерлiк есебi шоттарының Бас жоспарын сақтамауы түрiнде, iрi залал келтiрмей, бухгалтерлiк есеп туралы заңдарды бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бұрмаланған қаржы есеп-қисабын жасау, бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге тиiстi деректердi iрi залал келтiрмей жасыру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қаржы және өзге де есеп құжаттарын iрi залал келтiрмей жойып жiберу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
179-бап. Заңды тұлғаның бухгалтерлiк есепке алу туралы заңнаманы бұзуы
1. Заңды тұлғаның бухгалтерлiк есеп жүргiзуден жалтару немесе бухгалтерлiк есепке алудың бекітілген стандарттарын және Ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметiнiң бухгалтерлiк есебi шоттарының бас жоспарын сақтамау түрiнде бухгалтерлiк есепке алу туралы заңнаманы бұзуы, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жетпiстен жүз қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның құрылтайшыларына (қатысушыларына), тiркеу орны бойынша мемлекеттік статистика органдарына, бақылау және қадағалау органдарына олардың құзыретiне сәйкес қаржы есептілігiн табыс етуден бас тарту, белгiленген мерзiмдi бұза отырып табыс ету не оны дәлелдi себепсiз табыс етпеу, -
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жетпiстен екi жүзге дейінгi мөлшерiнде, ірі кәсіпкерлік субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Заңды тұлғалардың валюта операцияларын бухгалтерлiк есепте олардың нәтижелерiн тиiсiнше көрсетпей жүргiзуi,-
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - есепке алынбаған соманың жиырмадан елу процентiне дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүз процентiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Заңды тұлғалардың есепке алу мен есептіліктiң белгiленген нысандары тәртібін бұза отырып, валюта операцияларының бухгалтерлiк есебiн жүргiзуi, -
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - есепке алынбаған соманың елу процентiне дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз процентiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
179-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
180-бап. Валюта операциялары бойынша есептіліктi табыс ету ережелерiн бұзу
1. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының валюта заңнамасына сәйкес талап етiлетiн валюта операциялары бойынша есептіліктi уақтылы табыс етпеуi (заңнамада белгiленген мерзiм күнiнен асып кеткен мерзiмде) немесе дұрыс емес есептіліктi табыс етуi, -
жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Табыс етпеу, сондай-ақ осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан сексенге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
180-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
181-бап. Анықтама-сертификатты дұрыс жазбау
Уәкiлеттi банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйымның айырбастау пунктiнiң бухгалтерлiк құжаттарда осы операцияны жазып көрсетпей шетел валютасын қолма-қол сатып алу (сату) туралы анықтама-сертификатты жазып беруi, -
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - анықтама-сертификат жазылған соманың жетпiс процентiне дейiнгi мөлшерде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
181-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
182-бап. Валюта операциялары туралы хабарламаны растауды, сондай-ақ валюта
операцияларына тiркеук уәлiгi мен лицензия алу үшiн құжаттар беру мерзiмiн бұзу
Жеке және заңды тұлғалардың валюта операциялары туралы хабарламаны растауды, валюта операцияларына тiркеу куәлiгiн, валюта операцияларына лицензия алу үшiн құжаттар беру мерзiмiн бұзуы, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсіпкерлерге - екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
182-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
183-бап. Аудитордың немесе өзге адамның бухгалтерлiк есеп туралы заңдардың бұзылу
фактiсiн аудит жүргiзуге тапсырыс берушiлерден жасыруы
Аудитордың немесе есептiк-бухгалтерлiк ақпаратқа қол жеткiзе алатын өзге адамның заңдардың және бухгалтерлiк есептi жүргiзуде немесе тексеру жүргiзу кезiнде анықталған қаржылық есеп-қисап жасауға қойылатын белгiленген талаптардың бұзылу фактiсiн аудит жүргiзуге тапсырыс берушiден жасыруы, -
«аудитор» біліктілік куәлiгiнен айыра отырып, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
183-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ, 2006 жылғы 5 мамырдағы № 139-ІІІ Заңдарымен енгізілген өзгерістермен.
184-бап. Аудиторлық ұйымның көрiнеу дұрыс емес аудиторлық есептi жасауы
Аудиторлық ұйымның көрiнеу дұрыс емес аудиторлық есептi жасауы, -
аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензиядан айыра отырып не онсыз аудиторлық ұйымға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
184-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 мамырдағы № 139-ІІІ Заңының редакциясында.
184-1-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын бұзу
1. Аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында көзделмеген қызмет түрлерiн жүзеге асыруы, -
аудиторлық ұйымдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Аудитордың және аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында көзделген мiндеттердi орындамауы және (немесе) тиiсiнше орындамауы, -
аудиторларға - айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, аудиторлық ұйымдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Өздерi үшiн аудит жүргiзу мiндеттi қаржылық ұйымдарға аудит жүргiзу нәтижесiнде анықталған Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы заңнамасын бұзушылық туралы қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органға хабарламау және аудиттелетiн осы ұйымдарды хабардар етпеу, -
аудиторлық ұйымдарға айлық есептік көрсеткiштiң елуден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Аккредиттелген кәсiби аудиторлық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес берiлуi талап етiлетiн ақпаратты тиiстi уәкiлеттi органдарға бiр реттен артық уақтылы табыс етпеуi, -
аккредиттелген кәсiби аудиторлық ұйымдарға ескерту жасауға немесе оларға айлық есептік көрсеткiштiң елуден жүз елуге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
184-1-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 мамырдағы № 139-ІІІ Заңымен енгізілді.
184-2-бап. Аудитордың жеке мөрiн пайдалануға және сақтауға байланысты бұзушылықтар
Аудитордың Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында белгiленген жеке мөрдi тиiсiнше сақтау және пайдалану жөніндегі талаптарды бұзуы, -
аудиторға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
184-2-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 мамырдағы № 139-ІІІ Заңымен енгізілді.
185-бап. Аудиттелетiн субъектiнiң аудиторлық ұйымға көрiнеу дұрыс емес ақпарат беруi
Аудиторлық ұйымға аудиттелетiн субъектiнiң аудит жүргiзiлу барысында көрiнеу дұрыс емес аудиторлық есеп жасауға әкеп соғатын дұрыс емес немесе толық емес ақпарат табыс етуi, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
185-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен; бап және тақырыбы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 мамырдағы № 139-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістер және толықтырумен.
186-бап. Мiндеттi аудит өткізуден жалтару
Мiндеттi аудит өткізуден жалтару не оны жүргiзуге кедергi келтiру, -
ұйым басшыларына, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
186-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
187-бап. Ұлттық және шетелдiк валюта түріндегі қаражатты шетелден қайтармау, сол
сияқты импорттық мәмiлелер бойынша алынатын тауарды алмау не ақшаны қайтармау
1. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) алу не ақшаны қайтару валюталық реттеу туралы заңнамалық актiге сәйкес мiндеттi болған жағдайда, тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) алмау не Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тауарларды өткізудi көздейтiн импорттық мәмiлелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшiн резиденттiң резидент емесiн, пайдасына аударған, уәкiлеттi банктердегi шоттарға есептелуге жататын ақшаны қайтармау, -
жеке тұлғалар мен лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) импортына, экспортына байланысты мәмiлелер бойынша Қазақстан Республикасының уәкiлеттi банктеріндегі шоттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi түрде аударылуға жататын ақшаны қайтармау, -
жеке тұлғалар мен лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) не қайтарылмаған ақша он мың АҚШ долларына баламалы сомадан асқан және бұл әрекеттерде қылмыстық жазалау әрекетiнiң белгiлерi жоқ болған жағдайда осы бапта көзделген құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн жауаптылық туындайды.
187-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
188-бап. Валюта заңдарының нормаларын бұза отырып, валюталық операциялар жүргiзу
Қазақстан Республикасының валюта заңдарының нормаларын бұзатын валюталық операциялар жүргiзу, -
жеке тұлғаларға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - белгiленген тәртiптi бұза отырып жүргiзiлген операция сомасының жетпiс процентiне дейiнгi мөлшерде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.