507-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiс және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы № 90-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріс және толықтырумен.
508-бап. Мемлекеттік бажды қайтару тәртібі
1. Төленген мемлекеттік баж:
1) баж талапкер өз талаптарын азайтатын жағдайларды қоспағанда, осы Кодекс бойынша талап етiлгеннен көбiрек мөлшерде енгiзiлген;
2) арыздар (шағымдар) қайтарылған немесе оны қабылдаудан бас тартылған, сондай-ақ нотариустар немесе осыған уәкiлеттi адамдар нотариаттық iс-әрекеттердi жасаудан бас тартқан;
3) iс жүргiзу тоқтатылған немесе, егер iс соттың қарауына жатпайтын болса, сондай-ақ талапкер осы iстер санаты үшiн белгiленген дауды алдын ала шешудiң тәртібін сақтамаған не талап қоюды әрекетке қабiлетсiз адам табыс еткен жағдайда талап қою қараусыз қалдырылған;
4) мемлекеттік бажды төлеген адамдар заңдық маңызы бар iс-әрекеттердi жасаудан немесе осы заңдық маңызы бар iс-әрекеттердiң жасаған органға жүгiнгенге дейiн құжатты алудан бас тартқан;
5) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген өзге де жағдайларда iшiнара немесе толық қайтарылуға тиiс.
2. Салық органы мемлекеттік бажды қайтару үшiн негiз болып табылатын тиiстi органның құжатын, сондай-ақ мемлекеттік баждың төленгенiн растайтын құжатты салық төлеушiден алғаннан кейiн, егер аталған құжаттар салық органына мемлекеттік баж сомасы бюджетке есептелген күннен бастап бiр жылдық мерзiм өткенге дейiн табыс етiлген болса, төленген мемлекеттік бажды қайтару туралы өтiнiштi қарайды.
Қайтару салық төлеушiнiң банк шотына жүргiзiледi.
Параграф 2
Консулдық алым
509-бап. Жалпы ережелер
Консулдық алым - Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерiнiң консулдық iс-әрекеттер жасағаны және заңдық маңызы бар құжаттарды бергенi үшiн Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларынан, сондай-ақ шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан, шетелдiк заңды тұлғалардан алатын мемлекеттік баж түрi.
510-бап. Консулдық алым төлеушiлер
Өз мүдделерi үшiн консулдық iс-әрекеттер жасалып, заңдық маңызы бар құжаттар берiлетiн Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, шетелдiк заңды тұлғалар консулдық алым төлеушiлер болып табылады.
511-бап. Консулдық алым ставкалары
1. Консулдық алымдардың ең төменгi және барынша жоғары базалық мөлшерлерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі консулдық алымдардың базалық ставкалары шегiнде нақты ставка мөлшерiн белгiлеуге құқылы.
512-бап. Жүзеге асырылғаны үшiн консулдық алым алынатын iс-әрекеттер
1. Консулдық алым мынадай консулдық iс-әрекеттер жасау:
1) қызметтiк паспортты, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресiмдеу және Қазақстан Республикасының визаларын беру;
2) шетелде болу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының өтiнiштерiн ресiмдеу;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерi жөніндегі құжаттарды ресiмдеу;
4) азаматтық хал актілерін тiркеу;
5) құжаттарды талап ету;
6) құжаттарды заңдастыру;
7) нотариаттық iс-әрекеттер жасау;
8) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген өзге де iс-әрекеттер үшiн алынады.
513-бап. Жекелеген жағдайларда консулдық алым төлеуден босату
Консулдық алым:
1) осы Кодекстің 502-506-баптарында көзделген жағдайларда;
2) консулдық алымдар алудан өзара бас тарту туралы Қазақстан Республикасымен келісімдерi бар елдердiң жеке және заңды тұлғаларынан;
3) Қазақстан Республикасы құқықтық көмек туралы шарттар жасасқан елдердің өкiмет орындары мен жекелеген азаматтарының сұрау салуы бойынша отбасылық, азаматтық және қылмыстық iстер бойынша, алименттер туралы, мемлекеттік жәрдемақылар мен зейнетақылар, бала асырап алу туралы құжаттар сұратып алдырғаны үшiн;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген өзге де жағдайларда алынбайды.
514-бап. Консулдық алымды төлеу тәртібі
1. Консулдық алым консулдық iс-әрекеттер жасалғанға дейiн төленедi.
2. Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi консулдық iс-әрекеттер төлеушi консулдық алымды төлегеннен кейiн жүзеге асырады.
3. Консулдық алымды төлеу аумағында консулдық iс-әрекеттер жасалатын елдiң валютасымен немесе кез келген еркiн айналыстағы басқа да валютамен жүргiзіледi.
4. Ставкасы АҚШ долларымен белгiленген консулдық алымдарды Қазақстан Республикасының аумағында төлеу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi алымды төлеу сәтiне белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен жүргiзiледi.
5. Консулдық алым:
1) Қазақстан Республикасының аумағында - банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен консулдық iс-әрекеттер жүзеге асырылатын жердiң бюджетiне немесе қатаң есептілік бланкiлерi негiзiнде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен;
2) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде шаруашылық пайдалану құқығынсыз дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменiң арнаулы (транзиттiк) банк шотына банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен немесе қатаң есептілік бланкiлерi негiзiнде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен төленедi.
6. Қатаң есептілік бланкiлерiнiң нысанын уәкiлеттi мемлекеттік органның келісімi бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiлейдi.
7. Консулдық алымдар сомасын бюджетке есептеу тәртібін, сондай-ақ шетелде қолма-қол ақшамен төленген консулдық алымдарды дипломатиялық өкiлдiктiң немесе консулдық мекеменiң арнаулы (транзиттiк) банк шотына есепке алу тәртібін Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң келісімi бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiлейдi.
8. Төленген консулдық алымдар сомасы қайтарылуға тиiс емес.
91-тарау
Кеден төлемдері
515-бап. Жалпы ережелер
1. Кеден iсiн жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген кеден төлемдерiн алады.
2. Кеден төлемдерi бойынша төлеушiлер, есептеулердiң, төлеудiң, қайтарып берудiң және кеден төлемдерiн өндiрiп алудың тәртібі, сондай-ақ жеңiлдiктер Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен анықталады.
3. Кеден төлемдерiнiң ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
515-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi № 475-ІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен.
516-бап. Кедендiк төлемдердiң түрлерi
1. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар алып өткен кезде және Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген басқа да жағдайларда кедендiк төлемдердiң мынадай түрлерi төленедi:
1) кедендiк баж;
2) кедендiк ресiмдеу үшiн кедендiк алым;
3) тауарларды сақтау үшiн кедендiк алым;
4) кедендiк iлесiп алып жүру үшiн кедендiк алым;
5) Қазақстан Республикасы кеден органдарының лицензия бергенi үшiн алым;
6) кедендiк ресiмдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын бергенi үшiн алым;
7) алдын ала шешiм үшiн төлемақы.
2. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген оңайлатылған тәртiппен тауарлар алып өткен кезде, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген кедендiк төлемдер және салықтар жиынтық кедендік төлем түрінде төленуі мүмкін.
3. Акцизделген тауарлардың жекелеген түрлерiн Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына еркiн айналым үшiн шығарған кезде кеден бажы мен акциз жиынтық төлем түрiнде төленуi мүмкiн.
516-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi № 475-ІІ Заңының редакциясында; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы № 89-ІІІ Заңымен енгізілген толықтырумен.
САЛЫҚ ӘКІМШІЛІГІН ЖҮРГІЗУ
17-бөлім
Жалпы ережелер
92-тарау
Негізгі ережелер
517-бап. Салық бақылауы
1. Салық бақылауы - салық қызметi органдарының салық заңдарының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың толық және уақтылы аударылуын бақылауы.
2. Салық бақылауы:
1) салық төлеушiлердi тiркеу есебi;
2) салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi есепке алу;
3) бюджетке түсiмдердi есепке алу;
4) қосылған құн салығын төлеушiлердi есепке алу;
5) салық тексерiстерi;
6) камералдық бақылау;
7) салық төлеушiлердiң қаржы-шаруашылық қызметi мониторингi;
8) фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану ережелерi;
9) акцизделетiн тауарлардың кейбір түрлерiн таңбалау және акциздiк постыларды белгiлеу;
10) мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктi есепке алу, бағалау және сату тәртібін сақтауды, сондай-ақ мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктiң толық және уақтылы берiлуiн тексеру;
11) уәкiлеттi және жергiлiктi атқарушы органдарға бақылау жасау нысандарында жүзеге асырылады.
3. Кеден органдары өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлардың өтуiмен байланысты төленуге тиiс салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi алу жөніндегі салық бақылауын осы Кодекске және Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
517-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңымен енгiзiлген толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 125-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
517-1-бап. Алматы қаласының өңірлiк қаржы орталығының қатысушыларын салықтық бақылау
Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын салықтық бақылауды салық органдары уәкілеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша аудиторлық есеппен расталатын салықтық есептілік негiзiнде ғана жүзеге асыруы мүмкiн. Аудиторлық ұйымдардың тiзбесiн Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілеттi мемлекеттік органмен және аудиторлық қызмет саласын реттеу мен аудиторлық және кәсiби аудиторлық ұйымдардың қызметiн бақылау жөніндегі уәкілеттi мемлекеттік органмен келiсе отырып айқындайды.
517-1-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымдағы № 146-ІІІ Заңымен енгізілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
518-бап. Салық құпиясы
1. Мына мәлiметтердi:
1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi туралы;
2) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушi (салық агентi) салық кезеңiнде бюджетке төлеген салықтар және басқа да мiндеттi төлемдер туралы;
3) салық төлеушiге салық жылында бюджеттен нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналым бойынша қосылған құн салығының қайтарылатын сомалары туралы;
4) салықтық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасаған тұлғаларды заң бойынша қудалау мақсатында құқық қорғау органдарына; салық төлеушiнiң салық мiндеттемелерiн айқындау туралы iстердi және салықтық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін жауапкершілікті қарау барысында соттарға; прокурордың санкциясымен атқару құжаттарын орындау кезінде сот орындаушыларына мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткішін қалыптастыру жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органға берiлетiн;
5) Қазақстан Республикасы тараптардың бiрi болып табылатын салық немесе құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердiң салық және құқық қорғау органдарына, халықаралық ұйымдарға берiлетiн мәлiметтердi қоспағанда, салық қызметi органы салық төлеушi туралы алған кез келген мәлiметтер салық құпиясы болып табылады.
2. Салық төлеушiге қатысты ақпаратты салық төлеушiнiң жазбаша рұқсатынсыз басқа тұлғаға беруге болмайды.
3. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, салық қызметi органдары, олардың лауазымды тұлғалары, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiн қалыптастыру жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның лауазымды тұлғалары салық құпиясын жария етпеуге тиiс. Мемлекеттік бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiн қалыптастыру жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган салық құпиясын құрайтын мәлiметтерге қол жеткiзе алатын лауазымды тұлғалардың тiзбесiн бекiтедi.
4. Салық қызметiнiң және мемлекеттік бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiн қалыптастыру жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның лауазымды тұлғалары аталған органдарда жұмыс iстеген кезеңде де, сондай-ақ өзi қызметтен босағаннан кейiн де салық құпиясы болып табылатын деректердi жария етуге құқылы емес.
5. Салық құпиясы болып табылатын мәлiметтерi бар құжаттарды жоғалту не осындай мәлiметтердi жария ету Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
518-бап Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы № 89-ІІІ Заңының редакциясында; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 22 маусымдағы № 147-ІІІ Заңымен енгізілген толықтырумен.
519-бап. Бюджетке түсiмдердi есепке алу
1. Бюджетке түсiмдердi есепке алуды салық органдары салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, сондай-ақ өсiмпұлдар мен айыппұлдардың есептелген және түскен сомалары бойынша салық мiндеттемелерiнiң орындалуын салық төлеушiнiң жеке шотында көрсету жолымен жүзеге асырады.
2. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн есептеу бiрыңғай бюджет сыныптамасына сәйкес жүргiзiледi.
3. Жеке шоттарды жүргiзу тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
93-тарау
Салық төлеушілерді тіркеу
520-бап. Осы тарауда қолданылатын терминдер мен анықтамалар
1. Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмi - салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң дұрыс есептелуi мен уақтылы төленуiн бақылауды жүзеге асыру мақсатымен уәкiлетті мемлекеттік орган жүргізетін салық төлеушілердi есепке алудың мемлекеттік деректер базасының жүйесi.
2. Салық төлеушiлердi мемлекеттік тiркеу - салық төлеушi туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Салық төлеушiлерінiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгізу.
3. Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi - салық төлеушi ретiнде оны мемлекеттік тiркеу және Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiне ол туралы мәлiметтердi енгізу кезiнде салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң барлық түрлерi бойынша салық төлеушiге берiлетiн бiрыңғай нөмiр.
4. Тiркеу есебi - салық төлеушiнi салық органында есепке қою, соның нәтижесiнде салық төлеушiнiң тiркеу деректерi, оның iшiнде салық төлеушiнiң тұрған жерi, оған салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердiң тиесiлiлiгi; салық төлеушiнiң тiркеу деректерiнiң ағымдағы өзгерістерiн тiркеу; есептен шығару белгiленедi. Салық төлеушiнiң тiркеу деректерi - салық төлеушiнi мемлекеттік тiркеу (тiркеу есебiне алу) кезiнде оның салық органына берген мәлiметтерi.
5. Салық төлеушiнiң куәлiгi - қатаң есептілік бланкiсi болып табылатын және салық төлеушiге оны Қазақстан Республикасы Салық төлеушілерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiнде тiркеу кезiнде тiркеу нөмiрi берiлгенi туралы құжат.
Салық төлеушiнiң куәлiк нысанын уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
520-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен.
520-1-бап. Жалпы ережелер
1. Салық төлеушiнi мемлекеттік тiркеу, осы баптың 1-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, және тiркеу есебiне алу тiркеу туралы (мемлекеттік тiркеу туралы, тiркеу есебiне қою туралы, тiркеу деректерiнiң өзгеруi туралы) өтiнiш, есептен шығару туралы өтiнiш негiзiнде жүргiзiледi, олар:
1) уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша жасалады;
2) қол қойылады, куәландырылады және салық есептілігi үшiн осы Кодекстiң 69-бабында көзделген тәртiппен салық органына берiледi.
1-1. Салық төлеушiлердi - заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi мемлекеттік тіркеуді статистика жөніндегi уәкiлетті орган ұсынатын хабарламалардың негiзiнде салық төлеушiнің тіркеу нөмірін бере отырып, уәкілетті мемлекеттік орган аталған хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.
Хабарламаның нысанын және оны статистика жөніндегі уәкiлеттi органның ұсыну тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган мен статистика жөніндегі уәкiлетті органның келісімi бойынша Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі бекітедi.
Заңды тұлғалар - Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушылары бойынша хабарламаның нысанын және оны статистика жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органға табыс ету тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік органмен және статистика жөніндегі уәкілеттi мемлекеттік органмен келiсе отырып Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiтедi.
Салық төлеушiнiң куәлігін тiркелген заңды тұлғаға, филиалға және өкілдiкке салық төлеушiнің тіркеу нөмірін берген күннен бастап бір жұмыс күнi iшiнде беру үшін оны салық органы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен келісiм бойынша уәкiлетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен әдiлет органына, ал, салық төлеушiге - Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушысына Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсе отырып уәкiлеттi мемлекеттік орган айқындайтын тәртiппен Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган жiберуге тиiс.
2. Салық төлеушiлердi мемлекеттік тiркеу және тiркеу есебiне алу тәртібін, сондай-ақ тiркеу және есептен шығару туралы өтiнiштерге қоса берiлетiн құжаттардың тiзбесiн уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
3. Салық салу объектілерінiң есебiн жүргiзу тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
520-1-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен енгiзiлдi; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 18 наурыздағы № 537-ІІ Заңымен енгiзiлген толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымдағы № 146-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріс және толықтырумен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
521-бап. Салық төлеушiлердi мемлекеттік тiркеу
1. Қазақстан Республикасында мыналар:
1) орналасқан жерi бойынша - тұрақты мекеме құру арқылы қызметiн Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлiмшелерi, оның iшiнде резидент еместер;
2) қызметiн жүзеге асыратын жерi бойынша - тұрақты мекеме құрмай қызметiн Қазақстан Республикасында жүзеге асыра бастаған күннен бастап отыз жұмыс күнiнен астам кез келген он екi айлық кезеңнiң шегiнде қызметiн Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар;
3) Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңдарында айқындалған уәкiлеттi тұлғаның тұрғылықты жерi бойынша - бiрлескен жеке кәсiпкерлiк;
4) тұрғылықты жерi бойынша - салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеушiлер болып табылатын резидент жеке тұлғалар;
5) Қазақстан Республикасында болатын жерi бойынша - осы Кодекстiң 191-бабының 1-тармағында көрсетiлген резидент емес жеке тұлғалар;
6) салық салу объектiлерi орналасқан және (немесе) тiркелген жер бойынша - Қазақстан Республикасында салық салу объектілерін иеленетiн резидент еместер;
7) резидент банк орналасқан жерi бойынша - осы Кодекстiң 521-бабы 1-тармағының 1)-3), 5) және 6) тармақшасында көзделген негiздер бойынша мемлекеттік тiркеуге жатпайтын, резидент банктерде ағымдық шоттарын ашатын резидент еместер салық төлеушiлер ретiнде мемлекеттік тiркелуге тиiс.
2. Салық төлеушiлердің мемлекеттік тiзiлiмiн уәкiлеттi мемлекеттік орган жүргiзедi.
3. Салық төлеушiлердiң мемлекеттік тiзiлiмiн жасау және жүргiзу тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
4. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен алынып тасталды.
521-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырумен.
522-бап. Салық төлеушiлердің мемлекеттік тiркеуден өту мерзiмдерi
1. Жеке тұлғалар осы Кодексте көзделген салық мiндеттемелерi туындаған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде мемлекеттік тiркеуден өту және салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн алу үшiн салық органына өтiнiш жасауға мiндеттi.
2. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 18 наурыздағы № 11-ІІІ Заңымен алынып тасталды.
3. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңымен алынып тасталды.
4. Осы Кодекстiң 522-бабы 1-тармағының ережелерi мемлекеттік тiркеуден өту мерзiмi осы Кодекстiң 527-бабымен белгiленген резидент еместерге қолданылмайды.
522-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiс және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 18 наурыздағы № 537-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
523-бап. Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi
1. Салық төлеушiлердi, осы Кодекстiң 520-1 бабының 1-1-тармағында көрсетiлген салық төлеушiлердi қоспағанда, мемлекеттік тiркеудi уәкiлеттi мемлекеттік орган салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн берiп және салық төлеушi салық органына мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш бергеннен кейiнгi екi жұмыс күнi iшiнде оған салық төлеушiнiң куәлiгiн бере отырып жүзеге асырады.
2. Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi салық төлеушi ұсынатын салық есеп-қисабы құжаттарында, сондай-ақ салық мiндеттемелерiнiң орындалуына байланысты өзге де құжаттарда көрсетiлуге тиiс.
3. Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн салық органы оның салық мiндеттемелерiне қатысты жiберiлетiн салық төлеушiнің барлық құжаттарында көрсетуге тиiс.
4. Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн беру, өзгерту және оны жарамсыз деп тану тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік орган айқындайды.
523-бап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 18 наурыздағы № 537-ІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен.
524-бап. Салық төлеушiлердi тiркеу есебi
1. Салық төлеушiлердi тiркеу есебi салық төлеушi салық органдарында салық төлеушiлердi мемлекеттік тiркеу рәсiмiнен өткеннен кейiн жүзеге асырылады.
2. Салық төлеушi:
1) заңды тұлға, оның құрылымдық бөлімшелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлға үшiн:
заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлiмшесiнiң орналасқан орны бойынша;
қызметтi жүзеге асыру орны бойынша;
салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердiң орналасқан және (немесе) тiркеу орны бойынша;
2) жеке тұлға, соның iшiнде жеке кәсiпкер үшiн:
резидентке - тұрғылықты жерi бойынша;
резидент емеске - келген орны бойынша;
салық салу объектілерінiң, салық салуға байланысты объектiлердiң орналасқан және (немесе) тiркеу орны бойынша;
кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру орны бойынша салық органдарында тiркеу есебiне тұруға мiндеттi.
3. Салық органы жеке тұлғаларды салық салу объектілерінің орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiн осы Кодекстің 530-бабына сәйкес салық салу объектілерін есепке алуды және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органдар беретiн мәлiметтер негiзiнде жүргiзедi. Осы баптың мақсаты үшiн мыналар:
1) жылжымайтын мүлiк (жер) үшiн - олардың нақты орналасқан жерi;
2) көлiк құралдары үшiн - көлiк құралдарының мемлекеттік тiркелген жерi, ал ондай жоқ болған жағдайда - мүлiк иесiнiң орналасқан (тұрғылықты) жерi салық салу объектiсiнiң орналасқан жерi болып танылады.
4. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен алынып тасталды.
5. Құрылымдық бөлiмшенi тiркеу есебiне қою кезiнде есепке қою туралы өтiнiште осы құрылымдық бөлiмшенi құрған салық төлеушi заңды тұлғаның тiркеу нөмiрi көрсетiледi.
6. Салық төлеушi салық органына тiркеу туралы өтiнiштi тiркеу есебiне қою орны бойынша:
тiркеу есебiне қою үшiн - тiркеу есебiне қою туралы талаптар туындаған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде;
тiркеу деректерiнiң өзгерістерiн енгізу үшiн - осындай өзгерістер туындаған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде беруге мiндеттi.
7. Тiркеуге алу есебi салық төлеушiге бұрын берiлген тiркеу нөмiрi өзгертiлмей жүргiзiледi.
8. Салық органы тiркеуге алу есебiне қоюды салық төлеушiнiң өтiнiшi берiлген кезден бастап екi жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.
9. Салық төлеушiнiң қалауы бойынша салық органы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша тiркеуге алу есебiне қойылғандық туралы растайды.