12) тұрақты нүкте - боулинг (кегельбан), картинг, бильярд және лотоны ұйымдастыру бойынша ақшасыз ұтыс ойын автоматтарының қызмет көрсетуiмен байланысты кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын орын.
392-бап. Жалпы ережелер
1. Кәсіпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiне арналған арнаулы салық режимi (бұдан әрi - арнаулы салық режимi):
1) ойын бизнесi саласында;
2) ақшасыз ұтыс ойын автоматтарына;
3) боулинг (кегельбан) бойынша;
4) картинг бойынша;
5) бильярд бойынша;
6) лото ойынын ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсететiн жеке кәсiпкерлердiң, заңды тұлғалардың, олардың филиалдарының, өкiлдiктерiнiң және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiне қолданылады.
2. Арнаулы салық режимi осы баптың 1-тармағында анықталған тұлғалар (бұдан әрi - салық төлеушiлер) үшiн:
1) тiркелген жиынтық салық түрiнде корпорациялық немесе жеке табыс салығын және қосылған құн салығын есептеу мен төлеудiң;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған салық және акциз бойынша бiрыңғай оңайлатылған декларация түрiнде салық декларациясын тапсырудың оңайлатылған тәртібін белгiлейдi.
Бұл тәртiп төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығы мен мүлiктiк табыс жөніндегі жеке табыс салығы және төлем көзiнен салық салынбайтын басқа да табыстар бойынша салық есептілігiн есептеуге, төлеуге және оны табыс етуге қолданылмайды.
3. Корпорациялық (жеке) табыс салығы - тiркелген жиынтық салық мөлшерiнiң 30 процентiн, қосылған құн салығы - тiркелген жиынтық салық мөлшерiнiң 70 процентiн құрайды.
4. Салық төлеушiлер тiркелген жиынтық салықты төлеумен бiрге акциз төлейдi, оның сомасы осы Кодекстiң 255-278-баптарында белгiленген тәртiппен анықталады.
5. Осы баптың 1-тармағында аталмаған өзге де кәсiпкерлiк қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде салық төлеушiлер мұндай қызмет түрлерi бойынша кiрiс пен шығыстың бөлек есебiн жүргiзуге және корпорациялық немесе жеке табыс салығын, қосылған құн салығын және акциздi есептеу мен төлеудi жалпы белгiленген тәртiппен жүргiзуге мiндеттi.
6. Осы баптың 2-4-тармақтарында аталмаған салық пен басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық есептілігiн есептеу, төлеу және оны табыс ету осы Кодексте белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.
7. Ойын мекемесiнде (тұрақты орында) пайдаланылатын, осы Кодекстiң 393-бабында аталған салық салу объектілерінiң әрбiр түрiнiң жалпы саны, объектiлердiң жалпы санының өзгерiсi осы Кодекстiң 397-бабында белгiленген тәртiппен салық органдарында мiндеттi тiркелуге (қайта тiркелуге) тиiс.
393-бап. Тiркелген жиынтық салық салу объектiсi
Мыналар тiркелген жиынтық салық салу объектiсi болып табылады:
1) ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушiлер үшiн:
ойын үстелi;
бiр ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшалай ұтысы бар ойын автоматы;
бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшалай ұтысы бар ойын автоматы (электрондық рулетканы қоспағанда);
тотализатор кассасы;
букмекерлiк кеңсе кассасы;
электрондық рулетка;
2) ақшасыз ұтыс ойын автоматтары қызметiн көрсететiн салық төлеушiлер үшiн:
бiр ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы;
бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы;
ойын өткізу үшiн пайдаланылатын жеке компьютер;
3) боулинг (кегельбан) бойынша қызмет көрсететiн салық төлеушiлер үшiн:
ойын жолы;
4) картинг бойынша қызмет көрсететiн салық төлеушiлер үшiн:
карт;
5) бильярд бойынша қызмет көрсететiн салық төлеушiлер үшiн:
бильярд үстелi;
6) лото ойынын ұйымдастырушы салық төлеушiлер үшiн:
лото ұйымдастырушы.
393-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 6 мамырдағы № 140-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
394-бап. Тiркелген жиынтық салық ставкалары
Тiркелген жиынтық салықтың ең төменгi және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. Бекiтiлген базалық ставкалар шегiнде жергiлiктi өкiлдi органдар қызметiн бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн бiрыңғай тiркелген жиынтық салық ставкаларын белгiлейдi.
394-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 6 мамырдағы № 140-ІІІ Заңының редакциясында (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
395-бап. Тiркелген жиынтық салықты және акциздi есептеу мен төлеу тәртібі
1. Күнтiзбелiк бiр жылда төленуге тиiстi тiркелген жиынтық салық осы Кодекстiң 393-бабында белгiленген әрбiр салық салу объектiсiне тиiстi жылдың салық ставкасын қолдану арқылы анықталады. Осы Кодекстiң 396-бабында белгiленген есептi кезең үшiн төленуге тиiстi тiркелген жиынтық салық жыл бойынша есептелген соманы он екiге бөлу жолымен анықталады.
2. Акциз және тiркелген жиынтық салық сомасы есептi айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей, ай сайын салық салу объектілерінің орналасқан жерi бойынша бюджетке төленуге тиiс.
3. Салық төлеушiнiң облыста (қалада) бiрнеше ойын мекемелерi (тұрақты нүктелерi) болған кезде тiркелген жиынтық салық және акциз бiр аудан (қала ауданы) шегiнде орналасқан салық салу объектiлерi бойынша бөлек есептеледi.
4. Салық салу объектілерін салық кезеңiнiң 15-iне дейiн пайдалануға енгізу кезiнде тiркелген жиынтық салық толық салық кезеңi үшiн деп есептеледi де, 15-iнен кейiнгiсi кезеңнің жартысы үшiн деп есептеледi.
Салық салу объектiлерi салық кезеңiнiң 15-iне дейiн шығып кеткен кезде тiркелген жиынтық салық - салық кезеңiнiң жартысы үшiн деп, ал 15-iнен кейiнгiсi толық кезең үшiн деп есептеледi.
396-бап. Салық кезеңi және салық декларациясы
1. Күнтiзбелiк ай тiркелген жиынтық салықты және акциздi есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi болып табылады.
2. Салық төлеушiлер тiркелген жиынтық салық және акциз бойынша бiрыңғай оңайлатылған декларацияны есептi айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей, салық салу объектілерінiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына табыс етуге мiндеттi.
397-бап. Тiркелген жиынтық салық салу объектілерін тiркеу (қайта тiркеу) тәртібі
1. Тiркелген жиынтық салық салу объектілерін тiркеу (қайта тiркеу) салық салу объектілерінiң орналасқан жерi бойынша салық органына салық төлеушiнiң өтiнiшi негiзiнде жүргiзiледi.
Салық төлеушiнiң бiр елдi мекен шегiнде орналасқан бiрнеше ойын мекемесi (тұрақты нүктесi) болған жағдайда салық салу объектілерін тiркеу салық төлеушiнің таңдауы бойынша бiр салық органында жүргiзiлуi мүмкiн.
2. Салық органы өтiнiште көрсетiлген деректер негiзiнде объектiлер есепке алынған тiркеу карточкасын екi дана етiп толтырады, екi дананы да мөрмен және салық органы басшысының қолымен куәландырады.
Объектiлердi есепке алуды тiркеу карточкасының бiреуi салық органында қалады, екiншi данасы салық төлеушiге берiледi.
Объектiлер есепке алынған тiркеу карточкасы әрбiр ойын мекемесiне (тұрақты нүктеге), оларда пайдаланылатын салық салу объектiлерi есепке алына отырып, жеке берiледi.
Ойын мекемелерiнде (тұрақты нүктелерде) салық салу объектiлерi есепке алынған тiркеу карточкасының түпнұсқасы болуға тиiс.
3. Салық салу объектілерінiң әрбiр түрiнiң жалпы саны өзгерген жағдайда салық төлеушi салық салу объектілерін қайта тiркеу туралы салық органына өтiнiш беруге мiндеттi.
Салық салу объектілерін қайта тiркеу объектілердi есепке алуды тiркеу карточкасына тиiстi өзгерістер енгізу арқылы жүргiзiледi.
Осы Кодекстiң 392-бабының 1-тармағында белгiленген қызмет түрлерiн жүзеге асыруды тоқтатқан кезде, сондай-ақ салық салу объектілерінiң жалпы саны (стационарлық нүкте) шығып қалған кезде, объектiлердiң есебiн тiркеу карточкасы қызметтi жүзеге асыру тоқтаған, салық салу объектілерінiң (стационарлық нүкте) шығып қалған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде салық органына тапсырылуға тиiс.
4. Салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектiлердi тiркеудi (қайта тiркеудi) өтiнiш берген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде салық органы жүргiзедi және объектiлердi есепке алуды тiркеу (қайта тiркеу) журналына белгi қояды.
5. Салық органдарында тiркелмеген салық салу объектілерінiң ойын мекемесi (тұрақты нүкте) аумағында болуына тыйым салынады.
397-бап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен енгiзiлген толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 125-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
16-бөлім
Басқа да міндетті төлемдер
68-тарау
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым
398-бап. Жалпы ережелер
1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркегенi үшiн алым (бұдан әрi - алым) заңды тұлғаларды және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн құру мен қызметiн тоқтатуды мемлекеттік (есептiк) тiркеу, оларды қайта тiркеу, сондай-ақ олардың мемлекеттік (есептiк) тiркеу (бұдан әрi - тiркеу) туралы куәлiктiң дубликатын алуы кезiнде алынады.
2. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.
399-бап. Алым төлеушiлер
Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес тiркелуге тиiс заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкiлдiктерi алым төлеушiлер болып табылады.
400-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі
1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.
2. Алым сомасы салық төлеушi ретіндегі алым төлеушiнiң мемлекеттік тiркеу орны бойынша бюджетке енгiзiледi.
3. Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.
69-тарау
Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым
401-бап. Жалпы ережелер
1. Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттік тiркегенi үшiн алым (бұдан әрi - алым) жеке кәсiпкерлер ретiнде Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттік тiркеу (бұдан әрi - тiркеу) кезiнде, сондай-ақ олар мемлекеттік тiркеудi куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
2. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда салық органдары (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.
402-бап. Алым төлеушiлер
1. Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес тiркелуге тиiс жеке тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
2. Шаруа (фермер) қожалықтары, I, II және III топтағы мүгедектер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын репатрианттар (оралмандар) алым төлеушiлер болып табылмайды.
403-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі
1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.
2. Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгiзiледi.
3. Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.
70-тарау
Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым
404-бап. Жалпы ережелер
1. Жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды мемлекеттік тiркегенi үшiн алым (бұдан әрi - алым) жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды мемлекеттік тiркеу кезiнде, сондай-ақ мемлекеттік тiркеудi (бұдан әрi - тiркеу) куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
2. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.
405-бап. Алым төлеушiлер
1. Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес тiркелуге тиiс, жылжымайтын мүлікпен іс-қимылды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
2. Мыналар:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар;
2) I және ІІ топтағы мүгедектер;
3) бөлек тұрып жатқан зейнеткерлер;
4) Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн - репатрианттар (оралмандар);
5) кадрларды даярлаумен және оқытумен шұғылданатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi мемлекеттік тiркелген кезден бастап үш жыл iшiнде;
6) Қазақстан Республикасының мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актiсiне сәйкес, жылжымайтын мүлiктi жария еткен азаматтар алым төлеушілер болып табылмайды.
405-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі № 158-ІІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен (2007 жылғы 1 сәуiрде өзiнiң қолданылуын тоқтатады).
406-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі
1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.
2. Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгiзiледi.
3. Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.
70-1-тарау
Жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттік тiркегенi үшiн алым
70-1-тарау Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен енгiзiлдi
406-1-бап. Жалпы ережелер
1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттік тiркегенi үшiн алым (бұдан әрi - алым) жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттік тiркеу кезiнде, сондай-ақ мемлекеттік тiркеудi (бұдан әрi - тiркеу) куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
2. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.
406-2-бап. Алым төлеушiлер
1. Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес тiркелуге тиiс жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеудi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
2. Мыналар:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар;
2) I және II топтағы мүгедектер;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн - репатрианттар (оралмандар) алым төлеушiлер болып табылмайды.
406-3-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі
1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.
2. Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылатын жер бойынша бюджетке енгiзiледi.
3. Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасын қайтару жүргiзiлмейдi.
Бұл ретте қайтару тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды көрсетiлген тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн жүргiзiледi.
71-тарау
Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі
құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым
407-бап. Жалпы ережелер
1. Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктегi құрылғыларды мемлекеттік тiркегенi үшiн алым (бұдан әрi - алым) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктегi құрылғыларды тiркеу кезiнде, сондай-ақ мемлекеттік тiркеудi (бұдан әрi - тiркеу) куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
2. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.
407-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 125-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
408-бап. Алым төлеушiлер
1. Тiркеушi орган тiркеген кезде мүдделерi көзделетiн жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
2. Мемлекеттік мекемелер алым төлеушiлер болмайды.
409-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі
1. Алым сомасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген ставкалар бойынша тiркеушi орган есептейдi.
2. Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылғанға дейiн тiркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгiзiледi.
3. Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.
72-тарау
Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым
410-бап. Жалпы ережелер
1. Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттік тiркегенi (қайта тiркегенi) үшiн алым (бұдан әрi - алым) механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттік тiркеу (бұдан әрi - тiркеу) кезiнде, сондай-ақ мемлекеттік тiркеудi куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
2. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен және жағдайларда уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.
411-бап. Алым төлеушiлер
1. Тiркеуге жататын механикалық көлiк құралдарымен тiркемелердi пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актiсiне сәйкес, мүлiктi жария еткен азаматтар алым төлеушiлер болып табылмайды.
411-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі № 158-ІІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен (2007 жылғы 1 сәуiрде өзiнiң қолданылуын тоқтатады).
412-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі
1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тиiстi құжаттарды тiркеушi органға бергенге дейiн төленедi.
2. Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгiзiледi.
3. Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.
73-тарау
Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым
413-бап. Жалпы ережелер
1. Теңiз, өзен кемелерi мен шағын көлемдi кемелердi мемлекеттік тiркегенi (қайта тiркегенi) үшiн алым (бұдан әрi - алым) теңiз, өзен кемелерi мен шағын көлемдi кемелердi мемлекеттік тiркеу (бұдан әрi - тiркеу) кезiнде, сондай-ақ мемлекеттік тiркеудi куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
2. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайларда көлiк саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.
414-бап. Алым төлеушiлер
Тiркеуге жататын кемелерi бар заңды және жеке тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
415-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі
1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тиiстi құжаттарды тiркеушi органға бергенге дейiн төленедi.
2. Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгiзiледi.
3. Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.
73-1-тарау
Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу үшін алым
73-1-тарау Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 22 қазандағы № 601-ІІ Заңымен енгiзiлдi
415-1-бап. Жалпы ережелер
1. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу үшiн алым (бұдан әрi - алым) кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеген кезде, сондай-ақ мемлекеттік тiркеуді (бұдан әрі - тiркеу) куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
2. Тiркеудi көлiк саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі - тiркеушi орган) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырады.
415-2-бап. Алым төлеушілер
Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотека шартын жасасқан жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
415-3-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі
1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген ставкалар бойынша есептеледі және тiркеушi органға тиiстi құжаттар берiлгенге дейiн төленеді.
2. Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгiзiледi.
3. Алымды төлеген тұлғалардың тіркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларын қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл ретте қайтару аталған тұлғаның тiркеу әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды табыс етпегенiн растайтын тиiстi тiркеу органы берген құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн жүргiзiледi.
74-тарау
Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым
416-бап. Жалпы ережелер
1. Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттік тiркегенi (қайта тiркегенi) үшiн алым (бұдан әрi - алым) азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттік тiркеу (бұдан әрi - тiркеу) кезiнде, сондай-ақ мемлекеттік тiркеудi куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
2. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда көлiк саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.
417-бап. Алым төлеушiлер
Тiркеуге жататын азаматтық әуе кемелерi бар жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
418-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі
1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тиiстi құжаттарды тiркеу органына бергенге дейiн төленедi.
2. Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгiзiледi.
3. Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.
75-тарау
Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттіктіркегені үшін алым
419-бап. Жалпы ережелер
1. Дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттік тiркегенi үшiн алым (бұдан әрi - алым) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) кезiнде, сондай-ақ мемлекеттік тiркеудi (бұдан әрi - тiркеу) растайтын құжаттың дубликатын берген кезде алынады.
2. Тiркеудi дәрi-дәрмек құралдарына бақылау жасау саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырады.
420-бап. Алым төлеушiлер
Дәрi-дәрмек құралдарын тiркеушi органға тiркеуге ұсынған жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
421-бап. Алым ставкалары
Алым ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
422-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі
1. Алым сомасы белгiленген ставкалар бойынша есептеледi және тиiстi құжаттарды тiркеушi органға бергенге дейiн төленедi.
2. Алым сомасы салық төлеушiнiң есепке тiркелген жерi бойынша бюджетке енгiзiледi.
3. Алым төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.
75-1-тарау
Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар
объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тiркеу үшiн алым
75-1-тарау Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы № 90-ІІІ Заңымен енгізілді
422-1-бап. Жалпы ережелер
1. Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін алым (бұдан әрі - алым) туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу кезінде, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді (бұдан әрі - тіркеу) куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
2. Тiркеудi зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырады.