2) бiрыңғай жер салығы бойынша түпкiлiктi есеп айырысу есептi кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң 25 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде (салық жөніндегі декларация есепке алына отырып) жүргiзiледi.
Төлеудiң бiрiншi мерзiмiнде бiрыңғай жер салығын төлеушiлер ағымдағы төлемдi бұдан бұрынғы салық кезеңi үшiн бiрыңғай жер салығын төлеушiлерге арналған декларацияда есептелген бiрыңғай жер салығы жалпы сомасының 1/2 бөлiгiнен кем емес мөлшерде төлейдi. 25 қазанға дейiн құрылған бiрыңғай жер салығын төлеушiлер, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған салық төлеушiлер - салық есептеудің базасы өзгерген кезде ағымдағы төлем төлеудi бiрыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем есебiмен есептелген салық сомасының кемiнде 1/2 бөлiгi мөлшерiнде жүргiзедi. 25 қазаннан кейiн құрылған бiрыңғай жер салығын төлеушiлер есептi жылдан кейiнгi жылдың 25 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде ағымдағы есептi кезең үшiн төлеуге тиiстi жалпы салық сомасын енгiзедi.
4. Шаруа (фермер) қожалықтары жер пайдалану құқығындағы жер учаскесiн иеленудiң нақты кезеңi үшiн бiрыңғай жер салығын (салық салу объектiсiнiң өзгеруiн есепке ала отырып) есептейдi және төлейдi.
380-бап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ, 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 125-ІІІ Задарымен енгiзiлген өзгерістермен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
381-бап. Жер учаскелерiн жалға берген (алған) кезде салық салу ерекшелiктерi
1. Шаруа (фермер) қожалығы жер учаскесiн басқа шаруа (фермер) қожалығына жалға берген кезде тараптардың әрқайсысы осындай жер учаскесi бойынша бiрыңғай жер салығын жалға беру шартында көрсетiлген жер учаскесiнiң нақты пайдаланылу кезеңiн негiзге ала отырып есептейдi және төлейдi.
Жалға алушының пайдалану кезеңi жер учаскесiн жалға алған айдан кейiнгi айдан бастап белгiленедi.
Бұл орайда жер учаскесiн жалға беруден алынған (алынуға тиiс) табыс бойынша шаруа (фермер) қожалығы салықты жалпыға бiрдей белгіленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.
2. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен алынып тасталды.
382-бап. Бiрыңғай жер салығы бойынша салық есептілігi
1. Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер жыл сайын ағымдағы салық кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жер учаскелерi орналасқан жердегi салық органдарына өткен салық кезеңi үшiн бiрыңғай жер салығын төлеушiлерге арналған декларация тапсырады.
2. Бiрыңғай жер салығын төлеушi осы арнаулы салық режимiн қолданған бiрiншi жылдың 20 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде (бiрiншi салық кезеңiнде) мынадай құжаттарды:
1) ағымдағы салық кезеңi үшiн бiрыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем есебiн;
2) нотариат немесе селолық (поселкелiк) атқарушы органдар куәландырған жер пайдалануға құқық беретiн құжаттардың көшiрмелерi.
Жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжат актiсi болмаған жағдайда бiрыңғай жер салығын төлеушiлер жергiлiктi атқарушы органның жер пайдалану құқығын беру туралы шешiмiн табыс етедi. Кейiнгi жер пайдалану құқығына акт алған кезде салық төлеушi оны алған кезден бастап отыз күн iшiнде оның нотариат немесе селолық (поселкелiк) атқарушы органдар куәландырған көшiрмесiн салық комитетiне табыс етедi.
3) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкiлеттi орган берген жер учаскесiн (жер пайдалану құқығын) бағалау құнын анықтайтын актiнiң нотариат немесе селолық (поселкелiк) атқарушы органдар куәландырған көшiрмесiн табыс етедi. Акт болмаған жағдайда жер учаскелерiн бағалау құны жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкiлеттi орган берген деректер бойынша 1 гектар жердiң аудан бойынша орташа бағалау құнын негiзге ала отырып анықталады;
4) әлеуметтiк салық сомаларын есептеу үшiн қажеттi деректердi мiндеттi түрде көрсете отырып, қызметкерлердi алдағы салық кезеңiнде жалдау туралы мәлiметтер табыс етедi.
Содан кейiнгi салық кезеңдерiнде бiрыңғай жер салығын төлеушi бiрыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем есебiн және жоғарыда аталған құжаттарды олардағы деректер өзгерген жағдайда ғана табыс етедi.
3. Осы арнаулы салық режимiн таңдап алған жаңадан құрылған салық төлеушiлер бiрыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем есебi мен арнаулы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiш бергеннен кейiн отыз күнтiзбелiк күн iшiнде осы баптың 2-тармағында аталған құжаттарды табыс етедi.
4. Таратылған немесе қайта ұйымдастырылған кезде бiрыңғай жер салығын төлеушi қызметтi тоқтату немесе қайта ұйымдастыру туралы өтiнiштi салық органына бергеннен кейiн он бес күн мерзiмде өткен салық кезеңi үшiн декларация тапсыруға мiндеттi.
382-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 125-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
383-бап. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің жекелеген
түрлерін есептеу мен төлеу ерекшелiктерi
1. Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер әрбiр қызметкер, сондай-ақ шаруа (фермер) қожалығының басшысы мен мүшелерi үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң 20 проценттiк ставкасы бойынша әлеуметтiк салық сомасын ай сайын есептеп отырады.
Әлеуметтiк салықтың есептелген сомасы Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасына азайтылуы тиiс.
Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең.
Төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстің 153, 155, 158, 160-баптарына сәйкес жүргiзiледi. Жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу Қазақстан Республикасының зейнетақы заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақыны және жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақыны есептеу тиiсiнше 451-465-баптарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
2. Төлем көзiнен ұсталатын әлеуметтiк салықтың, жеке табыс салығының, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарының, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемнің және жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақының есептелген сомасын төлеу бiрыңғай жер салығын төлеу үшiн көзделген мерзiмдерде мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
1) ағымдағы салық кезеңiнiң 25 қазанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде 1 қаңтардан 1 қазанға дейiнгi кезең үшiн есептелген сома төленедi;
2) есептi кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң 25 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде 1 қазаннан бастап 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшiн есептелген сома төленедi.
3. Төлем көзiнен ұсталатын әлеуметтiк салық пен жеке табыс салығын төлеу жер учаскесi орналасқан жер бойынша жүргiзiледі.
383-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiс және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 125-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
384-бап. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген
түрлерi бойынша салық есептілігiн табыс ету
Бiрыңғай жер салығын төлеушілер бiрыңғай жер салығын төлеушiлерге арналған декларацияны беру үшiн белгiленген мерзiмдерде:
1) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен алынып тасталды;
2) төлем көзiнде ұсталатын жеке табыс салығы бойынша есептi;
3) Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 125-ІІІ Заңымен алынып тасталды;
4) жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша және қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақы бойынша декларацияны табыс етеді.
5) Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 125-ІІІ Заңымен алынып тасталды.
384-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiс және толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 125-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
66-тарау
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимі
385-бап. Жалпы ережелер
1. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимi патент негiзiнде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібін көздейдi және заңды тұлғалардың:
1) жердi пайдалана отырып, ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiру, өзi өндiрген осы өнiмдi ұқсату және өткізу жөніндегі;
2) толық кезеңдi (төлдi өсiруден бастап) мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының (соның iшiнде асыл тұқымды), ара шаруашылығының ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiру жөніндегі, сондай-ақ өзi өндiрген осы өнiмдердi ұқсату және өткізу жөніндегі қызметiне қолданылады.
2. Мыналардың:
1) еншiлес ұйымдары, филиалдары мен өкiлдiктерi бар заңды тұлғалардың;
2) заңды тұлғалар филиалдарының, өкiлдiктерi мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерiнiң;
3) осы арнаулы салық режимiн қолданатын басқа заңды тұлғалардың аффилиирлендiрiлген тұлғалары болып табылатын заңды тұлғалардың ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiн (бұдан әрi - арнаулы салық режимi) қолдануға құқығы жоқ.
Осы тармақтың мақсаттары үшін аффилиирленген тұлға болып шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) көрсетілген арнайы салық режимін қолданатын заңды тұлға қабылдайтын шешімге, оның ішінде шартқа және (немесе) өзге мәмілеге байланысты, ықпал етуге құқығы бар заңды тұлға, сондай-ақ көрсетілген арнайы салық режимін қолданатын заңды тұлғаға қатысты осындай құқығы бар тұлға танылады.
3. Арнаулы салық режимi салық төлеушiлердiң акцизделетiн өнiмдi өндiру, ұқсату және өткізу жөніндегі қызметiне қолданылмайды.
4. Осы баптың 1-тармағында аталған қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалар осы арнаулы салық режимiн немесе салық салудың жалпы белгiленген тәртібін дербес таңдауға құқылы.
Таңдап алынған салық салу режимi салық кезеңi iшiнде өзгертiлмеуге тиiс.
5. Салық төлеушiлер осы арнаулы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асырған кезде кiрiстер мен шығыстардың (жалақыны есептеудi қоса алғанда), мүлiктiң (соның iшiнде көлiк құралдары мен жер учаскелерiнiң) есебiн бөлек жүргiзуге және қызметтiң мұндай түрлерi бойынша тиiстi салық пен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жалпы белгiленген тәртiппен және (немесе) шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiнде есептеудi және төлеудi жүргiзуге мiндеттi.
385-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi № 475-ІІ, 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңдарымен енгiзiлген толықтырулармен.
386-бап. Салық кезеңi
Күнтiзбелiк жыл патент құны есебiне енгiзiлген салықты және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны есептеуге арналған салық кезеңi болып табылады.
386-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi № 475-ІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен.
387-бап. Патент беру тәртібі
1. Арнаулы салық режимiн қолдану үшiн салық төлеушi жыл сайын 20 ақпаннан кешiктiрмей жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша патент алуға өтiнiш бередi.
Салық төлеушiнiң көрсетiлген мерзiмде өтiнiш бермеуi оның салықты және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны жалпы белгiленген тәртiппен есептеуге және төлеуге келiскенi болып есептеледi.
2. Салық төлеушi осы арнаулы салық режимiн қолданудың алғашқы салық кезеңiнде өтiнiшпен бiрге жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына мынадай құжаттарды:
1) заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң нотариат куәландырған көшiрмесiн;
2) нотариат немесе селолық (поселкелiк) атқарушы органдар куәландырған жер учаскесiне құқығын растайтын құжаттардың көшiрмелерiн;
3) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен алынып тасталды;
4) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен алынып тасталды;
5) лицензиясын (қызметтiң лицензияланатын түрiн жүзеге асырған жағдайда);
6) жұмыс берушiнiң (жаңадан құрылғандарын қоспағанда) мәлiмделген қызметкерлер санына табыс түрiнде төлейтiн шығындарын қоса алғанда, салық төлеушiнiң өткен бес жыл үшiн жылдық жиынтық табысы мен шығындарын растау үшiн қажеттi есептерiнiң көшiрмелерiн табыс етедi. Бұл орайда аталған табыстары осы Кодекстің 149-бабының 2-тармағына сәйкес анықталады;
7) салық төлеушiнiң уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан мен тәртiп бойынша толтырған патент құнының есебiн табыс етедi.
Патент алуға өтiнiштi электронды түрде беретiн салық төлеушiлер осы тармақтың 1), 2), 5) және 6) тармақшаларында тiзiп көрсетiлген құжаттарды табыс етпейдi.
3. Жоғарыда аталған құжаттардың бәрi болған жағдайда салық органы бес жұмыс күнi iшiнде патент бередi.
Келесi салық кезеңдерiнде салық төлеушiлер салық органына патент алу жөнiнде өтiнiш берген кезде, осы баптың 2-тармағының 1)-5) тармақшаларында белгiленген құжаттарды олардағы деректер өзгерген кезде ғана табыс етедi.
4. Жаңадан құрылған салық төлеушiлер заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркелген кезден бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде осы арнаулы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiш бередi.
20 ақпаннан кейiн басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағындағы жер учаскесiне құқық туындаған жағдайда салық төлеушi осы жер учаскесi орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде салық органына арнайы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiш бередi.
Осы арнайы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер де 20 ақпаннан кейiн жер учаскесiне құқық туындаған жағдайда арнайы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiштi салық органына осы жер учаскесi орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде береді.
5. Патент беру әрбiр салық кезеңiне жүргiзiледi.
387-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi № 475-ІІ, 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңдарымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 125-ІІІ Заңымен енгізілген толықтырумен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
388-бап. Патент құнының есебiне енгiзiлген салықты және жер учаскелерiн
пайдаланғаны үшiн төлем ақыны есептеу тәртібі
1. Патент құнының есебiне корпорациялық табыс салығы, әлеуметтiк салық (Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасына азайтылған), меншiк, жердi тұрақты пайдалану немесе бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығымен жер учаскесi болған кезде төлейтiн жер салығы, уақытша өтеулi жер пайдалану учаскесi болған кезде жер учаскесiн пайдаланғаны үшiн төлейтiн ақы, мүлiк салығы, көлiк құралдары салығы, қосылған құн салығы (салық төлеушi қосылған құн салығын төлеушi ретiнде есепте тұрған жағдайларда) енгiзiледi.
2. Салық кезеңiнiң басында патент құнының есебiне енгiзiлген салық сомаларын есептеу:
1) корпорациялық табыс салығын және қосылған құн салығын белгiлеу кезiнде - өткен бес жыл iшіндегі шаруашылықтың табысы мен шығындарының көрсеткiштерi негiзiнде жүргiзiледi. Жаңадан құрылған салық төлеушiлер табыс пен шығындар көрсеткiштерiн осыған ұқсас шаруашылықтардың орташа көрсеткiштерi бойынша анықтайды.
Табыстар мен шығындар көрсеткiштерiн анықтау тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік орган белгілейдi;
2) әлеуметтiк салықты анықтау кезiнде - осы Кодекстің 316-бабының 1-тармағына сәйкес белгiленетiн табыстар түрiнде жұмыс берушiнiң қызметкерлерге төлейтiн шығыстарына осы Кодекстiң 317-бабында белгiленген ставканы қолдану арқылы жүргiзiледi.
Бұл орайда жұмыс берушiнiң қызметкерлерге табыс түрінде төлейтiн шығындары осы шаруашылық бойынша өткен жыл iшіндегі орташа жалақыны ағымдағы жылда мәлiмделген қызметкер санына көбейту жолымен анықталады.
Жаңадан құрылған кәсiпорындар үшiн мәлiмделген орташа жалақының мөлшерi Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен төмен болмауға тиiс;
3) жеp учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлейтiн ақының мүлiк салығы мен көлiк құралдары салығының сомасы - жалпы белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
3. Патент құнын есептеу кезiнде бюджетке төленуге тиiстi және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлейтiн ақы сомасы 80 процентке азайтылады.
4. Осы арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер, қосылған құн салығын қоспағанда, патент құны есебiне енгiзiлген салық есептілігiн тапсырудан және жер учаскесiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеуден босатылады.
5. Ағымдағы салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерi және (немесе) патенттiң құны есебiне енгiзiлген салық бойынша және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төленген ақы бойынша салық базасы өзгерген жағдайда, салық төлеушiлер мұндай салық және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн ақы сомаларына қайта есептеу жүргiзедi және салық есептілігi кезеңiнен кейiнгi жылдың 20 наурызынан кешiктiрмей салық органына патент құнының өзгертiлген есептемесiн табыс етедi.
388-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi № 475-ІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен енгiзiлген толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 125-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
389-бап. Салық және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеудiң тәртібі мен мерзiмдерi
Патент құны есебiне енгiзiлген салық және жердi пайдаланғаны үшiн ақы сомаларын бюджетке төлеу жер учаскелерi орналасқан жерлер бойынша 20 мамырдан және 20 қазаннан кешiктiрiлмей, патент құны есебiнде көрсетiлген салық және жердi пайдаланғаны үшiн ақы сомаларының тиiсiнше 1/6 және 1/2 мөлшерiнде және патент құны есебiне енгiзiлген салық және жердi пайдаланғаны үшiн ақы бойынша берiлген қайта есептеулердi ескере отырып, патент құнының қалған бөлiгi мөлшерiнде келесi салық кезеңiнiң 20 наурызында жүргiзiледi.
389-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңының редакциясында; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен.
390-бап. Патент құны есебiне кiрмеген салықтың және басқа да мiндеттi төлемдердiң
жекелеген түрлерiн есептеу, төлеу ерекшелiктерi және олар бойынша салық
есептілігiн табыс ету
1. Төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстің 153, 155, 158, 160-баптарына сәйкес жүргiзiледi. Жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу Қазақстан Республикасының зейнетақы заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақыны және жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақыны есептеу тиiсiнше 451-465-баптарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
2. Төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомаларын төлеудi, қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақы мен жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақыны, бюджетпен есеп айырысуды патент негiзiнде жүзеге асыратын салық төлеушiлер мынадай тәртiппен жүргiзеді:
1) ағымдағы салық кезеңiнiң 1 қаңтарынан 1 қазанына дейiнгi кезең үшiн есептелген сомалар 20 қазаннан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төленедi;
2) 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшiн есептелген сомалар есептi кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктiрiлмей төленедi.
2-1. Төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын төлеу жер учаскелерi орналасқан жерлер бойынша жүргiзiледi.
3. Арнаулы салық режимiн қолданатын ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар өткен салық кезеңi үшiн 20 наурыздан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде мынадай салық есептілігiн:
1) жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша декларацияны;
2) қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақы бойынша декларацияны табыс етедi.
4. Арнайы салық режимін қолданатын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша есепті, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша есептілікті және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша есепті мынадай мерзімдерде:
1) ағымдағы салық кезеңiнің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейiнгi кезең үшiн есептелген сома бойынша - 20 қазаннан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде;
2) 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшiн есептелген сома бойынша - есептi кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң 20 наурызынан кешіктiрмей тапсырады.
5. Осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызмет түрлерi бойынша патент құны есебiне енгiзiлмеген және осы бапта көрсетiлмеген салық пен басқа да мiндеттi төлемдер бойынша есептеу төлеу және салық есептілігiн тапсыру жалпы белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
390-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ, 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңдарымен енгiзiлген толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 125-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
67-тарау
Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режимі
391-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы тарауда қолданылатын ұғымдар мыналарды бiлдiредi:
1) бильярд үстелi - торлары (жақтауларда саңылаулары) бар және оларсыз бильярд ойынына арналған арнаулы үстел;
2) ойын бизнесi - құмар ойындарды ұйымдастырып, өткізуге және (немесе) табыс табу мақсатымен бәс тiгуге байланысты кәсiпкерлiк қызмет;
3) ойын мекемесi - құмар ойындар өткiзiлетiн және (немесе) бәс тiгуге ставкалар қабылданатын орын: казино, тотализатор, букмекерлiк кеңсе, ақшалай ұтыстары бар ойын автоматтары залы және өзге де ойын үйлерi (орындары);
4) ойын жолы - боулинг ойнауға арналған арнаулы жол (кегельбан);
5) ойын үстелi - ойын мекемесіндегі кез келген ұтыс түрi бар құмар ойындар өткізуге арналған арнаулы жабдық, ойын мекемесi ол ойындарға өз өкiлдерi арқылы тарап ретiнде немесе ұйымдастырушы және (немесе) байқаушы ретiнде қатысады;
6) ойын автоматы - ойындар, соның iшiнде құмар ойындар өткізу үшiн пайдаланылатын арнаулы жабдық (механикалық, электрлi, электронды және өзге де техникалық жабдық);
7) карт - қорапсыз, дифференциалсыз және дөңгелектерiнде серпiндi аспа жоқ, жұмыс көлемi 250 текше сантиметрге және ең жоғары жылдамдығы сағатына 150 километрге дейiн жететiн екiтактілі двигательдi, көлемi шағын жарыс автомобилi;
8) касса - ойын мекемесіндегі (тотализатордағы немесе букмекерлiк кеңседегi) ставкалардың жалпы сомасы есепке алынатын және төленуге тиiстi ұтыс сомасы белгiленетiн арнайы жабдықталған орын;
9) лото - фишкалармен жабылатын нөмiрлерi (суреттерi немесе басқа да белгiлерi) бар ерекше карталардағы ойын;
10) бәс тiгу - тәуекелге негiзделген және екi немесе бiрнеше жеке, сондай-ақ заңды тұлғалар арасында жасалған, нәтижесi болуы немесе болмауы белгiсiз мән-жайға байланысты болатын ұтыс туралы келісім;
11) салық салу объектiлерi есепке алынатын тiркеу карточкасы - салық органдарындағы нысанын уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiтетiн салық салу объектілерінің тiркелгенiн куәландыратын құжат;