6. Арнаулы салық режимiн қолданатын шағын бизнес субъектiлерi кәсiпкерлiк қызметтiң бiрнеше түрiн жүзеге асырған жағдайда табыс қызметтiң барлық түрлерiн жүзеге асырудың жиынтығымен айқындалады.
7. Арнаулы салық режимiн қолданатын және қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылатын шағын бизнес субъектiлерi үшiн салық кезеңi iшiнде қосылған құн салығының сомасы табысқа қосылмайды.
370-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiс және толықтырумен.
371-бап. Арнаулы салық режимiн қолдану талаптары
1. Шағын бизнес субъектiлерi салықтарды есептеу мен төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігiн тапсырудың төменде аталған тәртiптерiнің бiреуiн ғана дербес таңдауға құқылы:
1) жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп;
2) бiржолғы талон негiзіндегi арнаулы салық режимi;
3) патент негiзіндегі арнаулы салық режимi;
4) оңайлатылған декларация негiзіндегі арнаулы салық режимi.
Бұл талап базарларда (жалдау шарттары бойынша базарлар аумағындағы тұрақты үй-жайларда сауда жасайтындарды қоспағанда) тауарлар өткiзетiн адамдарға қолданылмайды.
2. Салықтарды есептеу мен төлеудiң жалпыға бiрдей белгiленген тәртібіне ауысқан кезде жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп екi жыл қолданылғаннан кейiн ғана арнаулы салық режимiне қайта ауысуға болады.
3. Мыналардың:
1) филиалдары, өкiлдiктерi бар заңды тұлғалардың;
2) филиалдардың, өкiлдiктердiң;
3) заңды тұлғалардың еншiлес ұйымдарының және тәуелдi акционерлік қоғамдардың;
4) әртүрлi елдi мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi бар салық төлеушiлердiң арнаулы салық режимiн қолдануға құқығы жоқ.
4. Арнаулы салық режимi:
1) акцизделетiн өнiмдi өндiретiн;
2) консультациялық, қаржы, бухгалтерлiк қызмет көрсететiн;
3) мұнай өнiмдерiн өткiзетiн;
4) шыны ыдыстарды жинайтын және қабылдайтын;
5) жер қойнауын пайдаланатын;
6) мыналарды:
медициналық, дәрiгерлiк қызметтi, мал дәрiгерлiк саласындағы қызметтердi: мал дәрiгерлiк мақсаттағы препараттарды өндiру және өткізудi; мал дәрiгерлiк мақсаттарға арналған дәрi-дәрмек құралдарды, биологиялық препараттарды өткізудi; жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарға мал дәрiгерлiк-санитарлық сараптама жүргiзудi; мал дәрiгерлiк емдеу-профилактикалық қызметтерiн;
тұрғын үй коммуналдық-тұрмыстық объектiлердi газбен жабдықтау жөніндегі өндiру, жөндеу және құрылыс жұмыстарын;
күзет, өрт сигналы мен өрт сөндіру автоматикасы құралдарын жобалауды, монтаждауды, жөнге келтiрудi және оларға техникалық қызмет көрсетудi;
өртке қарсы қолданылатын техниканы, жабдықтарды және өрттен қорғау құралдарын өндiрудi;
жолаушылар лифтiлерiн монтаждауды, жөндеудi және оларға қызмет көрсетудi;
автомобиль көлiгiмен халықаралық жолаушылар және жүк тасымалын;
емдiк препараттар дайындау мен сатуды;
жобалау-iздестiру, сараптау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндiру жөніндегі жұмыстарын;
алкоголь өнiмдерiн бөлшек саудада сатуды;
пошта байланысы және телекоммуникациялар саласындағы қызметтi, теледидарлық және дыбыстық (радио-хабарларын тарату) бағдарламаларды тарату жөніндегі қызметтi жасау мен көрсетудi, жалпыреспубликалық магистральды, халықаралық байланыс желiлерiн жобалауды, салуды, iске қосуды және радиожиiлiк спектрiн пайдалануды;
жолаушылар мен жүктi өзен көлiгiмен тасымалдауды;
жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзудi;
өлшеу құралдарын жасауды және жөндеудi;
тарих және мәдениет ескерткiштерiн археологиялық және жаңғырту жұмыстарын;
жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен байланысты қызметтердi: жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын орнатуды, монтаждауды, жөндеудi, пайдалануды;
iздестiру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, фонтан атқылауға қарсы жұмыстарды;
пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызметтi;
жалпы бастауыш, негiзгi жалпы немесе жалпы орта; бастауыш кәсiптiк білім, оның iшiнде кәсiптер бойынша; орта кәсiптiк, жоғары кәсiптiк, жоғары оқу орындарынан кейiнгi кәсiптiк, оның iшiнде мамандықтар бойынша білім беретiн заңды тұлғалардың білім беру қызметiн, сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдардың қызметiн;
жеке және заңды тұлғалардың күзет қызметiн жүзеге асыруын;
электр және жылу энергиясын өндiрудi, берудi және таратуды;
өнеркәсiптiк жарылыс-өрт қаупi бар және тау-кен өндiрiстерiн, электр станцияларын, электр желiлерi мен қосалқы станцияларды, гидротехникалық құрылыстарды, магистральды газ-мұнай өнiмдерi құбырларын, көтергiш құралдарды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн қазандықтар, ыдыстар мен құбырларды жобалауды және пайдалануды;
химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсiпшiлiгi, геологиялық барлау, кен-шахта, металлургия, энергетика жабдықтарын, жарылыстан қорғалған электротехникалық жабдықтарды, көтергiш құрылғыларды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн қазандықтарды, ыдыстар мен құбырларды бақылау, аварияға қарсы және дабыл беру аппаратуралары мен жүйелерiн жобалауды, жасауды, монтаждауды және жөндеудi;
астық қабылдауды, өлшеудi, кептiрудi, тазалауды, сақтауды және тиеудi;
темір жолдың жылжымалы құрамын жасау мен жөндеудi; қауiптi жүктерді тасымалдау үшiн қолданылатын арнаулы контейнерлерді жасау мен жөндеудi;
шетелдiк валютамен қолма-қол бөлшек сауда жасауды және қызмет көрсетудi жүзеге асыруды;
ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын, ақпаратты өңдеудiң қорғалған техникалық құралдарын әзiрлеудi, дайындауды, монтаждауды, реттеудi, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және оларға сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын техникалық қорғау жөніндегі қызметтiң барлық түрiн;
экологиялық сараптама саласындағы табиғат қорғауды жобалауды, нормалауды және табиғат қорғау жұмыстарын қоспағанда, лицензияланатын қызмет түрлерiне қолданылмайды.
371-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 45-ІІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырулармен.
Параграф 2
Бiржолғы талон негiзіндегі арнаулы салық режимi
372-бап. Жалпы ережелер
1. Бiржолғы талон негiзіндегі арнаулы салық режимiн қызметi ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғалар, сондай-ақ осы Кодекстiң 369-бабының 2-тармағында айқындалған тұлғалар қолданады.
2. Салық агенттерiмен жасалатын шарттар негiзiнде жүзеге асырылатын қызметтi қоспағанда, күнтiзбелiк жылда бәрiн жинақтағанда тоқсан күннен аспайтын қызмет ара-тұра сипаттағы кәсiпкерлiк қызмет деп ұғынылады.
372-бап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiс және толықтырумен.
373-бап. Бiржолғы талон негiзiнде бюджетпен есеп айырысу тәртібі
1. Қызмет түрлерiнiң тiзбесiн, бiржолғы талондардың нысаны мен берiлу тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
2. Бiржолғы талондардың құны кiрiс алынатын объектiнiң орналасқан жерiн, түрiн, қызметтi жүзеге асыру жағдайларын, сапасы мен көлемiн, сондай-ақ қызметпен шұғылдану тиiмдiлiгiне ықпал ететiн басқа да факторларды ескере отырып, салық органы жүргiзген орташа күндiк хронометраждық қадағалау мен зерттеу деректерi негiзiнде жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмiмен белгiленедi.
3. Жалдамалы еңбектi қолданбай бiржолғы талон негiзiнде ара-тұра сипаттағы қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылмайды және жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттік тiркеуден босатылады.
Параграф 3
Патент негiзiндегі арнаулы салық режимi
374-бап. Жалпы ережелер
1. Патент негiзіндегі арнаулы салық режимiн мынадай талаптарға сай келетiн:
1) жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланбайтын;
2) жеке кәсiпкерлiк нысанындағы қызметтi жүзеге асыратын;
3) жыл iшіндегі табысы 2,0 миллион теңгеден аспайтын жеке кәсiпкерлер қолданады.
2. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн жағдайлар туындаған ретте салық төлеушi оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiне не салықты есептеу мен төлеудiң жалпыға бiрдей белгiленген тәртібіне өтiнiш негiзiнде ауысады.
Аталған өтiнiш патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн жағдайлар туындаған кезде берiледi.
3. Патент жеке кәсiпкерге бiр күнтiзбелiк жыл шегiнде кемiнде бiр ай мерзiмге берiледi.
4. Дара кәсiпкер патент алу үшiн кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жерi бойынша салық органына:
1) уәкілеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша патент алуға өтiнiштi;
2) дара кәсiпкердi мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктi;
3) бюджетке патент құнының, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына сақтандыру аударымдарының төленгенiн растайтын құжаттарды;
4) дара кәсiпкер лицензиялауға жататын қызметтi жүзеге асырған жағдайда мұндай қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн лицензияны табыс етедi. Бұл орайда патент лицензияның қолданылу мерзiмiнен аспайтын мерзiмге берiледi.
Патент алуға өтiнiштi электронды түрде беретiн салық төлеушiлер осы тармақтың 2) - 4) тармақшаларында тiзiп көрсетiлген құжаттарды табыс етпейдi.
Кезектi патенттi алу үшiн патент алуға өтiнiш алдыңғы патенттiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн табыс етiледi.
Дара кәсiпкер жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдау жөніндегі қызметтi жүзеге асырған жағдайда, ол патент алуға берген өтiнiшiнде тасымалдау түрiн (тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдаулар) көрсетуге мiндеттi. Автомобильмен тасымалдаулар түрiнiң Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген талаптарға сәйкес келуiн бақылауды автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
5. Салық төлеушiнiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын орны бойынша салық органына, кәсiпкерлiк қызметтi уақытша тоқтата тұру туралы өтiнiш берiлген жағдайды қоспағанда, патент алуға өтiнiшiн бермеуi оның салықты жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен есептеуге және төлеуге келісiмi деп саналады.
6. Салық органдары осы баптың 4-тармағында көрсетiлген құжаттар болған кезде патент берудi бiр күн iшiнде жүргiзедi.
7. Жеке кәсiпкердi мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк көрсетiлмейiнше, патент жарамсыз болады.
8. Патент негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын салық төлеушi салық органдарына Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар мен жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша есептемелердi ұсынбайды.
374-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiс және толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi № 475-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiс және толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ, 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 125-ІІІ Заңдарымен енгiзiлген толықтырулармен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
375-бап. Патент негiзiнде бюджетпен есеп айырысу тәртібі
1. Патенттің құнын есептеудi жеке кәсiпкер мәлiмделген кiрiстiң 2 процентi мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүзеге асырады.
2. Патенттiң құны бюджетке мынадай түрде:
1) жеке табыс салығы - патент құнының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде;
2) әлеуметтiк салық - Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасын алып тастағаннан кейiнгi патент құнының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде төленуге тиiс.
Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең болады.
3. Жеке кәсiпкердi iс-әрекетке қабiлетсiз деп таныған жағдайды қоспағанда, патенттiң күшi жойылған мерзiмге дейiн кәсіпкерлiк қызмет тоқтатылған кезде салықтың енгiзiлген сомасы қайтарылуға және қайта есептеуге жатпайды.
4. Нақты табыс патент алған кезде мәлiмделген табыстан асып кеткен жағдайда, салық төлеушi бес жұмыс күнi iшiнде асып кеткен соманы мәлiмдейдi және осы сомадан салық төлейдi. Салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша бұрын берiлген патенттiң орнына оған нақты табысы көрсетiлген жаңа патент берiледi.
Нақты табыс патент алған кезде мәлiмделген табыстан төмен болған жағдайда, артық төленген патенттiң құны салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша салық органы жүргiзген хронометраждық зерттеуден кейiн қайтарылады.
375-бап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен; Қазақстан Республикасының 2006жылғы 31 қаңтардағы № 125-ІІІ Заңымен енгізілген толықтырумен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 177-ІІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
Параграф 4
Оңайлатылған декларация негiзіндегі арнаулы салық режимi
376-бап. Жалпы ережелер
1. Оңайлатылған декларация негiзіндегі арнаулы салық режимiне салық кезеңi басталғанға дейiн көшу үшiн шағын бизнес субъектілерi өз қызметiн жүзеге асыратын жерi бойынша салық органына уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысанда өтiнiш бередi.
Қызметiн бiр елдi мекен шегіндегі орналасқан бiрнеше объектiлерде жүзеге асырған кезде салық төлеушi оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға өтiнiш беру үшiн салық органын дербес анықтайды.
2. Мынадай талаптарға сай келетiн шағын бизнес субъектiлерi:
1) жеке кәсіпкерлер үшiн:
жеке кәсiпкердің өзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде жиырма бec адам болса;
салық кезеңi iшiнде шектi табысы 10000,0 мың теңге болса;
2) заңды тұлғалар үшiн:
қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде елу адам болса;
салық кезеңi iшiнде шектi табысы 25000,0 мың теңге болса, оңайлатылған декларация негiзіндегі арнаулы салық режимiн қолданады.
3. Осы баптың 2-тармағында белгiленген талаптарға сай келмеген жағдайларда немесе арнаулы салық режимiнен өз еркiмен шыққан кезде шағын бизнес субъектiсi есептi тоқсаннан кейiнгi тоқсаннан бастап өтiнiш негiзiнде салықты есептеу мен төлеудiң жалпыға бiрдей белгiленген тәртібіне көшедi.
Жеке кәсiпкер осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында белгiленген талаптар өзгерген жағдайда (көрсеткiштер асып кетсе) ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген кездегі заңды тұлға ретінде оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға құқылы.
4. Салықты есептеу мен төлеудiң жалпыға бiрдей белгiленген тәртібінен оңайлатылған декларация негiзіндегі арнаулы салық режимiне көшкен кезде әлеуметтiк, корпорациялық салық немесе жеке табыс салығын төлеу және олар бойынша есептіліктi тапсыру жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
376-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ, 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңдарымен енгiзiлген толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы № 89-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
377-бап. Оңайлатылған декларация негiзiнде бюджетпен есеп айырысу тәртібі
1. Салықты оңайлатылған декларация негiзiнде есептеудi шағын бизнес субъектiсi салық салу объектiсiне есептi салық кезеңiне 3 процент мөлшеріндегі ставканы қолдану арқылы дербес жүргiзедi.
2. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 177-ІІІ Заңымен алынып тасталды.
3. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 177-ІІІ Заңымен алынып тасталды.
4. Егер есептi кезеңнiң қорытындысы бойынша жалдамалы қызметкерлердiң орташа айлық жалақысы Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген ең төменгi айлық жалақының кемiнде жеке кәсiпкерлердiң кемiнде 2 еселенген, заңды тұлғалардың кемiнде 2,5 еселенген мөлшерiндей болса, онда осы баптың 2 немесе 3-тармағына сәйкес салық кезеңi iшiнде есептелген салық сомасы, қызметкерлердiң орташа тiзiмдiк санын негiзге ала отырып, әрбiр қызметкер үшiн салық сомасының 1,5 процентi мөлшеріндегі сомаға азайтылу жағына қарай түзетiлуге тиiс.
5. Табыстың шектi мөлшерi осы Кодекстiң 376-бабының 2-тармағында белгiленгеннен асып кеткен жағдайда, салық сомаларын есептеу табыстың шектi сомасынан және нақты алынған табыс сомасынан жеке-жеке жүргiзiледi. Салықтың осы сомаларының арасындағы айырма осы баптың 4-тармағында көзделген түзетусiз бюджетке төленуге тиiс.
Осы баптың 4-тармағында көзделген түзетуге табыстың шектi сомасынан есептелген салық сомасы ғана жатады.
6. Шектi орташа тiзiмдiк сан осы Кодекстiң 376-бабының 2-тармағында белгiленгеннен асып кеткен жағдайда, осы баптың 4-тармағында көзделген түзету осы Кодекстiң 376-бабының 2-тармағында белгiленген шектi орташа тiзiмдiк санға ғана жүргiзiледi.
7. Оңайлатылған декларация есептi салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей, салық органына табыс етiледi.
8. Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықты бюджетке төлеу жеке (корпорациялық) табыс салығы және әлеуметтiк салық түрiнде салық есептілігi кезеңiнен кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жүргiзiледi.
Бұл ретте жеке (корпорациялық) табыс салығы оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерiнде, әлеуметтiк салық - Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заң актiсiне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандырудың қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасын алып тастағаннан кейiнгi оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде төленуге тиiс.
Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең болады.
9. Оңайлатылған декларацияны табыс ету және салықтарды төлеу оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға өтiнiш берген жерi бойынша салық органында жүргiзiледi.
377-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ, 2003 жылғы 4 шiлдедегi № 475-ІІ Заңдарымен енгiзiлген өзгерістермен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ, 2005 жылғы 22 қарашадағы № 89-ІІІ Заңдарымен енгізілген өзгерістермен; Қазақстан Республикасының 2006жылғы 31 қаңтардағы № 125-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістер және толықтырумен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 177-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
377-1-бап. Жекелеген салық түрлерiн және жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндетті
зейнетақы жарналарын, Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына
әлеуметтiк аударымдарды төлеу ерекшелiктерi және олар бойынша есептіліктi
табыс ету
1. Салық төлеушi оңайлатылған декларация тапсыру үшiн белгiленген мерзiмдерде:
1) төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша есептi;
2) жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндетті зейнетақы жарналары бойынша есептіліктi;
3) Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша есептi табыс етедi.
2. Төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары, Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомаларын төлеу салық есептілігi кезеңiнен кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
3. Жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланбайтын жеке кәсiпкерлер жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша есептердi табыс етпейді.
377-1-бап Қазақстан Республикасының 2006жылғы 31 қаңтардағы № 125-ІІІ Заңымен енгізілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
65-тарау
Шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі
378-бап. Жалпы ережелер
1. Шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимi бiрыңғай жер салығын төлеу негiзiнде бюджетпен есеп айырысудың айрықша тәртібін көздейдi және акцизделетiн өнiмдердi өндiру, ұқсату және сату жөніндегі қызметтi қоспағанда, ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiру, өзi өндiрген ауыл шаруашылық өнiмдерiн ұқсату және оны өткізу жөніндегі шаруа (фермер) қожалықтары қызметiне қолданылады.
2. Жеке меншiк құқығымен және (немесе) жер пайдалану құқығымен (кейiнгi жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелерi болған кезде шаруа (фермер) қожалықтарына арнаулы салық режимiн қолдану құқығы берiледi.
3. Шаруа (фермер) қожалықтары осы арнаулы салық режимiн немесе салық салудың жалпыға бiрдей белгiленген тәртібін дербес таңдауға құқылы.
4. Шаруа (фермер) қожалықтары арнаулы салық режимiн қолдану үшiн жыл сайын 20 ақпаннан кешiктiрмей жер учаскесi орналасқан жердегi салық органына уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша өтiнiш бередi.
Салық төлеушiнiң аталған мерзiмде өтiнiш бермеуi оның бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға келісімi деп есептеледi.
20 ақпаннан кейiн құрылған шаруа (фермер) қожалықтары Жеке кәсіпкердi мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін алған күнi арнаулы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiш бередi.
20 ақпаннан кейiн басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағындағы жер учаскесiне құқық туындаған жағдайда шаруа (фермер) қожалығы осы жер учаскесi орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде салық органына арнайы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiш бередi.
Осы арнайы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер де 20 ақпаннан кейiн жер учаскесiне құқық туындаған жағдайда арнайы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiштi салық органына осы жер учаскесi орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi.
5. Таңдап алынған салық салу режимi салық кезеңi iшiнде өзгертуге жатпайды.
6. Күнтiзбелiк жыл бiрыңғай жер салығы бойынша салық кезеңi болып табылады.
378-бап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен енгiзiлген толықтырулармен.
379-бап. Арнаулы салық режимiн қолдану ерекшелiктерi
1. Бiрыңғай жер салығын төлеу негізiнде арнаулы салық режимiн қолданатын шаруа (фермер) қожалықтары (бұдан әрi - бiрыңғай жер салығын төлеушiлер) салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң мынадай түрлерiн:
1) осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызметтен түскен шаруа (фермер) қожалықтарының табысынан жеке табыс салығын;
2) осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызметтi жүзеге асырудан түскен айналым бойынша қосылған құн салығын;
3) осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша жер салығын және (немесе) жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдi;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген қажеттілік нормативтерi шегiнде салық салу объектiлерi бойынша көлiк құралдарына салынатын салықты;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген қажеттілік нормативтерi шегiнде салық салу объектiлерi бойынша мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын бiрыңғай жер салығын төлеушiлер салық органына осы салық бойынша есепке қою туралы өз еркiмен өтiнiш беруге құқылы.
3. Шаруа (фермер) қожалықтары үшiн арнаулы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асырған кезде бiрыңғай жер салығын төлеушiлер кiрiстер мен шығыстардың (жалақыны есептеудi қоса алғанда), мүлiктiң (соның iшiнде көлiк құралдарының) бөлек есебiн жүргiзуге және жалпы белгiленген тәртiппен және (немесе) шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiнде қызметтiң осындай түрлерi бойынша тиiстi салық пен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеудi, салық есептілігiн тапсыру мен төлеудi жүргiзуге мiндеттi.
Бұл тармақтың ережесi осы Кодекстiң 163-бабына сәйкес төлем көзiнен салық салынбайтын мүлiктiк табысты және басқа табыстарды алған кезде де қолданылады.
379-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырумен.
380-бап. Бiрыңғай жер салығын есептеу мен төлеу тәртібі
1. Жер учаскесiн бағалау құны бiрыңғай жер салығын есептеу үшiн салық салу объектici болып табылады.
Жер учаскесiн (жер пайдалану құқығын) бағалау құнын айқындау Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
2. Бiрыңғай жер салығын есептеу жер учаскесiн бағалау құнына 0,1 процент ставканы қолдану жолымен жүргiзіледi.
3. Бiрыңғай жер салығын төлеу жер учаскесi орналасқан жер бойынша тиiстi бюджетке екi мерзiмде:
1) ағымдағы төлем ағымдағы салық кезеңiнің 25 қазанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төленедi;