26-1) Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер;
27) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде, жүктi болғанда және босанғанда берiлетiн әлеуметтiк жәрдемақылар, сондай-ақ ұл бала немесе қыз бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) берiлетiн әлеуметтiк жәрдемақылар;
28) білім беру ұйымдарында оқитындарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мемлекеттік стипендияларға арналған мөлшерде төленетiн стипендиялар;
29) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нормалар бойынша берiлген арнаулы киімнiң, арнаулы аяқкиімнiң, басқа да жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру құралдарының, сүт немесе құндылығы соған тең басқа да емдеу-профилактикаға арналған азық-түлiк өнiмдерiнiң құны;
30) өздерiнiң қызметiн жүзеге асыру мақсатында жеке кәсiпкер, жеке нотариус, адвокат алған мүлiктi, сондай-ақ заңдарда белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылатын зейнетақы жинақтарынан жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдерiн қоспағанда, жеке тұлға басқа жеке тұлғадан сыйға немесе мұраға алған мүліктің құны;
31) iзгiлiк, қайырымдылық және демеушiлiк көмек түрiнде алынған мүлiктiң құны;
31-1) он алты жасқа толмаған балалар үшiн балалар лагерiне жолдамалардың құны;
32) еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындау кезiнде қызметкердiң өмiрiне және денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнің жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерi;
33) осы Кодекстiң 161-бабында көзделген табыстарды қоспағанда, сақтандырудың кез келген түрi кезiнде төленетiн, шарттың қолданылу кезеңiнде басталған сақтандыру оқиғасына байланысты сақтандыру төлемдерiнiң сомалары;
34) өз қызметкерлерiн мiндеттi және (немесе) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жұмыс берушi төлейтiн сақтандыру сыйлықақыларының сомалары;
35) төлем көзiнен салық ұсталғандығын растайтын құжаттар болған жағдайда, бұрын төлем көзiнен салық салынған дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар сомалары;
36) материалдық нұқсанның орнын толтырудың сот шешiмi бойынша тағайындалған сомалары;
37) жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жасасқан сақтандыру сыйлықақыларын (аннуитет) төлеу үшiн өмiрдi сақтандыру жөнiнде сақтандыру ұйымдарына жiберген зейнетақы жинағының сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымдарына бағытталған, зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша сатып алу сомалары;
38) сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдерi;
39) жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшердегi ерiктi кәсiби зейнетақы жарналары;
40) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актiсiне сәйкес жария етiлген кiрiстерi.
2. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңымен алынып тасталды.
144-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шiлдедегi № 483-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ, 2005 жылғы 22 қарашадағы № 89-ІІІ Заңдарымен енгізілген толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 107-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымдағы № 146-ІІІ (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006 жылғы 5 шілдедегі № 158-ІІІ Заңдарымен (2007 жылғы 1 сәуiрде өзiнiң қолданылуын тоқтатады) енгізілген толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 177-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
145-бап. Салық ставкалары
1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген табыстарды қоспағанда, салық төлеушiнiң табыстарына 10 проценттiк ставка бойынша салық салынуға тиiс.
2. Сыйақылар (жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сыйақыларды қоспағанда), ұтыстар түріндегі табыстарға 10 проценттiк ставка бойынша салық салынады.
3. Дивидендтер түріндегі табыстарға 5 проценттiк ставка бойынша салық салынады.
145-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 177-ІІІ Заңының редакциясында (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
24-тарау
Төлем көзінен салық салынатын табыстар
146-бап. Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын табыстары
Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын табыстарына:
1) қызметкердің табысы;
2) бiржолғы төлемдерден алынған табыс;
3) жинақтаушы зейнетақы қорларынан берiлетiн зейнетақы төлемдерi;
4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;
5) стипендиялар;
6) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы жатады.
147-бап. Салықты есептеу және төлеу
1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық агенттерi жеке табыс салығын есептеу мен ұстап қалуды төлем көзiнен салық салынатын табыс төленетiн күннен кешiктiрмей жүргізедi.
2. Салық агенттерi, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, төленген кiрiстер бойынша салықты аударуды төлем төленетiн айдан кейiнгi айдың 20-сына дейiн өзiнiң орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.
2-1. Салық агенттерi тиiстi бюджеттерге құрылымдық бөлiмшелер бойынша салық төлеудi олардың орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.
3. Осы Кодекстiң 378-бабының 1-тармағында және 385-бабының 1-тармағында көрсетiлген қызмет түрлерi бойынша арнаулы салық режимдерiн қолданатын салық агенттерiнiң жеке табыс салығын төлеу тәртібі мен мерзiмдерi осы Кодекстiң 383 және 390-баптарында белгiленген.
Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын салық агенттерiнiң жеке табыс салығын төлеу тәртібі мен мерзiмдерi осы Кодекстiң 377-1-бабында белгiленген.
4. Депозитарлық қолхат бойынша кiрiстер төлеу көзi осындай депозитарлық қолхаттың базалық активiнiң эмитентi болып табылады.
147-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiс және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ, 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңдарымен енгiзiлген өзгерістермен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 125-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріс және толықтырумен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
148-бап. Жеке табыс салығы бойынша есеп-қисап
1. Салық агенттерi жеке табыс салығы бойынша есеп-қисапты салық органына салық төленетiн жер бойынша есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етедi.
Жеке табыс салығы бойынша есеп-қисапқа қосымшада, осы Кодекстiң 144-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетiлген кiрiстердi қоспағанда, жеке тұлғаның төленген кiрiстерi туралы мәлiметтер көрсетiледi.
2. Осы Кодекстiң 378-бабының 1-тармағында және 385-бабының 1-тармағында көрсетiлген қызмет түрлерi бойынша арнаулы салық режимдерiн қолданатын салық агенттерi жеке табыс салығы бойынша есеп-қисапты осы Кодекстiң 384 және 390-баптарына сәйкес табыс етедi.
Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын салық агенттерiнiң жеке табыс салығы бойынша есептi табыс етуi осы Кодекстiң 377-1-бабына сәйкес жүргiзiледі.
148-бап Қазақстан Республикасының 2002жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 125-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріс және толықтырумен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
Параграф 1
Қызметкердiң төлем көзiнен салық салынатын табысы
149-бап. Қызметкердiң төлем көзiнен салық салынатын табысы
1. Қызметкердің жұмыс берушi есептеген, осы Кодекстiң 152-бабында көзделген салық шегерiмдерi сомасына азайтылған табыстары төлем көзiнен салық салынатын табысы болып табылады.
2. Жұмыс берушi материалдық, әлеуметтiк игiлiктер немесе өзге де материалдық пайда түрiнде берген табыстарды қоса алғанда, жұмыс берушi төлейтiн ақшалай немесе заттай нысандағы кез келген табыстар қызметкердiң табыстарына жатады.
150-бап. Қызметкердiң заттай нысандағы табысы
1. Қызметкердiң заттай нысанда алған табысына:
1) заттай нысандағы еңбекақы;
2) қызметкер алған тауарлар, қызметкердің мүддесiн көздеп орындалған жұмыстар, қызметкерге өтеусiз негiзде көрсетiлген қызметтер;
3) қызметкердiң үшiншi тұлғалардан алған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құнын жұмыс берушiнiң төлеуi кiредi.
2. Қосылған құн салығы мен акциздердiң тиiстi сомасын қоса алғанда, заттай нысандағы тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) құны қызметкердің осындай нысандағы табысы болып табылады.
151-бап. Қызметкердiң материалдық пайда түріндегі табысы
Қызметкердің материалдық пайда түрiнде алған табысы мыналарды да қамтиды:
1) қызметкерге сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) құны мен осы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатып алу бағасы немесе олардың өзiндiк құны арасындағы терiс айырма;
2) жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша қызметкердiң оның алдындағы қарызының немесе мiндеттемесiнiң сомасын есептен шығару;
3) жұмыс берушiнің өз қызметкерлерiнің сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге жұмсаған шығыстары;
4) жұмыс берушiнің қызметкердің өз қызметiне байланысты емес шығындарының орнын толтыруға жұмсаған шығыстары.
151-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
152-бап. Салық шегерiмдерi
1. Қызметкердiң төлем көзiнен салық салынатын табысын анықтау кезiнде салық жылы iшіндегі әрбiр ай үшiн шегерiмге мыналар жатқызылады:
1) Қазақстан Республикасының заң актiсiнде табысты есептеудiң тиiстi айға белгiленген ең төменгi жалақы мөлшеріндегі сома;
2) Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 177-ІІІ Заңымен алынып тасталды;
3) жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналары;
4) өз пайдасына енгiзген ерiктi зейнетақы жарналары;
5) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен алынып тасталды;
6) жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгiзетiн сақтандыру сыйлықақылары;
7) жеке тұлға - Қазақстан Республикасының резидентi Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі iс-шараларды жүргiзуге тұрғын үй құрылыс жинақ банктерiнен алған тұрғын үй заемдары және аралық тұрғын үй заемдары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалған сомалар.
1-1. Жарты айдан аз жұмыс iстеген қызметкердiң төлем көзiнен салық салынатын табысын айқындау кезiнде, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес шегерiм жүргiзiлмейдi.
2. Салық төлеушiге осы баптың 1-тармағының 1), 4), 6), 7) тармақшаларына сәйкес шегерiм жасау құқығы өзi берген өтiнiштің және салық төлеушi табыс еткен растаушы құжаттардың негiзiнде жұмыс берушiлердің бiрiнен алатын табыстары бойынша берiледi.
152-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiс және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңымен енгiзiлген толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 177-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
153-бап. Салықты есептеу және ұстап қалу
1. Қызметкердiң табысы бойынша жеке табыс салығының сомасы қызметкердiң салық жылы iшiнде төлем көзiнен салық салынатын табысына осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгiленген ставканы қолдану жолымен есептеледi.
2. Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен ұлғаю нәтижесiмен ай сайын жүргiзiледi.
3. Салық жылы аяқталғанға дейiн қызметкердi жұмыстан шығару кезiнде салық агентi нақты жұмыс iстелген кезең үшiн алынған табысты негiзге ала отырып, жеке табыс салығын қайта есептеудi жүргiзуге және қызметкерге алынған табыс пен төленген салық туралы есеп-қисап беруге мiндеттi.
Жұмыс орнын өзгерткен кезде жеке тұлға жаңа жұмыс орны бойынша салық агентiне жұмыс iстеген кезеңде алған табысы мен төленген салық туралы бұрынғы жұмыс орнынан есеп-қисап беруге тиiс.
153-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 177-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
153-1-бап. Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын шетелдiк
азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар табыстарының жекелеген түрлерiнен
жеке табыс салығын есептеу және төлеу тәртібі
1. Осы Кодекстің 178-бабының 14), 16) және 17) тармақшаларында көрсетілген Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеудi, төлеудi, сондай-ақ салық есептілігiн берудi салық агентi осы Кодекстің 187-1-бабының 1-тармағында көзделген шарттар орындалған жағдайда, осы Кодекстiң 152-бабында белгiленген салық шегерiмдерiн ескере отырып, осы Кодекстің 187-1, 188-баптарына сәйкес жүргiзедi.
2. Осы Кодекстiң 187-1-бабының 1-тармағында көзделген шарттар орындалмаған кезде осы баптың 1-тармағында көрсетiлген резидент жеке тұлғалардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеудi, ұстауды және төлеудi салық агентi осы Кодекстiң 147 және 153-баптарына сәйкес жүргiзедi.
3. Салық агентi осы баптың 1-тармағының ережелерiне қарамастан, осы Кодекстің 147 және 153-баптарына сәйкес резидент жеке тұлғалардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеудi, ұстауды және төлеудi жүргiзуге құқылы.
4. Жеке табыс салығын есептеудің және төлеудiң таңдап алынған тәртібі салық кезеңiнiң iшiнде өзгермейтін болуға тиіс.
153-1-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңымен енгiзiлдi.
Параграф 2
Төлем көзiнен салық салынатын бiржолғы төлемдерден түскен табыс
154-бап. Бiржолғы төлемдерден түскен табыс
Бiржолғы төлемдерден түскен табысқа, өздерiнiң қызметiне байланысты жеке кәсiпкердiң, жеке нотариус пен адвокаттың кiрiс бойынша төлемдерiн қоспағанда, салық төлеушiлердiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық агенттерiмен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табысы, сондай-ақ жеке тұлғалар төлейтiн басқа да бiржолғы төлемдер жатады.
154-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңының редакциясында.
155-бап. Салық сомасын есептеу
Жеке табыс салығының сомасы төлем көзiнен салық салынатын бiржолғы төлемдерден түскен табысқа 145-баптың 1-тармағында белгiленген ставканы қолдану жолымен есептеледi.
155-бап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ, 2006 жылғы 7 шілдедегі № 177-ІІІ Заңдарымен енгізілген өзгерістермен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
Параграф 3
Төлем көзiнен салық салынатын жинақтаушы зейнетақы
қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерi
156-бап. Төлем көзiнен салық салынатын зейнетақы төлемдерi
Төлем көзiнен салық салынатын зейнетақы төлемдерiне салық төлеушiлердiң зейнетақы жинақтамаларынан жинақтаушы зейнетақы қорлары табыс есептеудiң әрбiр айы үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi жалақы мөлшеріндегі сомаға азайтылған төлемдер жатады.
156-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 177-ІІІ Заңының редакциясында (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
157-бап. Салық сомасын есептеу
Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 153-бабына сәйкес белгiленген тәртiппен есептеледi.
Параграф 4
Төлем көзiнен салық салынатын дивидендтер,
сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс
158-бап. Салық сомасын есептеу
1. Жеке табыс салығының сомасы жеке тұлғаларға төленетiн дивидендтер, сыйақылар мен ұтыстар түріндегі табыстарға 145-баптың 2 және 3-тармақтарында белгiленген ставкаларды қолдану жолымен есептеледi және осы Кодекстiң 146-148-баптарына сәйкес ұсталады.
2. Ұтысты, сыйақыны төлеу кезiнде ұсталған салық сомасы төлем көзiнен осы салықты ұстап қалуын растайтын құжаттар болғанда салықтарды есептеу шығару мен төлеудi жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын дара кәсiпкер салық кезеңi үшiн есептеген жеке табыс салығының есебiне жатқызылады.
158-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 177-ІІІ Заңының редакциясында (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
Параграф 5
Стипендиялар
159-бап. Стипендиялар
Осы Кодекстiң 144-бабының 28) тармақшасында көзделген сомаларды қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқып жүргендерге төлеуге арналған ақша сомасы, сондай-ақ мәдениет, ғылым қайраткерлерiне, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерiне және басқа жеке тұлғаларға төлеуге арналған ақша сомасы табыс көзiнен салық салынатын стипендия болып табылады.
160-бап. Салық сомасын есептеу
Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгiленген ставканы төленетiн стипендия сомасына қолдану жолымен есептеледi.
160-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 177-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
Параграф 6
Төлем көзiнен салық салынатын, жинақтаушы
сақтандыру шарттары бойынша табыс
161-бап. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс
1. Сақтандыру сыйлықақылары:
жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтары есебiнен;
жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақылары жұмыс берушiнiң жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жұмыскердiң пайдасына енгiзетiн сақтандыру сыйлықтары есебiнен;
жұмыс берушiнiң жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жұмыскердiң пайдасына енгiзетiн сақтандыру сыйлықтары есебiнен төленген, сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдерi жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы болып табылады.
1-1. Жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыстарына осындай шарттар мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда төленетiн сатып алу сомасы жатады.
2. Жеке тұлғалардың жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысына сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдерi сомасының сақтандыру сыйлықақыларының сомасынан асып кеткен сомасы да жатады.
161-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ, 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңдарымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырулармен.
162-бап. Салық сомасын есептеу
Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгiленген ставканы жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төленетiн табыс сомасына қолдану жолымен есептеледi.
162-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 177-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
25-тарау
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар
163-бап. Төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар
Салық төлеушiнiң төлем көзiнен салық салынбайтын табыстарына, табыстардың мынадай түрлерi:
1) мүлiктiк табыс;
2) жеке кәсiпкердiң салық салынатын табысы;
3) адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы;
4) осы Кодекстің 170-бабына сәйкес белгiленетiн өзге де табыстар жатады.
164-бап. Төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеу
1. Осы Кодекстiң 168-бабына сәйкес есептелетiн адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстарын қоспағанда, төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеудi салық төлеушi 152-бапқа сәйкес белгiленген салықтық шегерiмдер сомасына азайтылған, төлем көзiнен салық салынбайтын табыс сомасына 145-баптың 1-тармағында белгiленген ставканы қолдану жолымен дербес жүргiзедi.
2. Салық төлеушiде төлем көзiнен салық салынбайтын табыстардың бiрнеше түрi болған кезде, адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстарын қоспағанда, салық төлеушi жеке табыс салығын есептеудi осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгiленген ставканы төлем көзiнен салық салынбайтын барлық табыс түрлерiнің сомасына қолдану жолымен дербес жүргiзедi.
3. Мынадай резидент жеке тұлғалар:
1) арнайы салық режимдерiн қолданатындарды қоспағанда, жеке кәсiпкерлер;
2) резидент болып табылатын және табысты Қазақстан Республикасындағы төлем көзiнен жеке табыс салығы салынбайтын қызметтi жүзеге асырудан алатын шет мемлекеттердiң азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар;
3) салық агенттерi болып табылмайтын тұлғаларға Қазақстан Республикасында қызметтер көрсетуден, жұмыстар орындаудан табыс алатын Қазақстан Республикасының азаматтары жеке табыс салығын аванстық төлемдердi енгізу арқылы төлейдi.
Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептеу мен төлеуді, сондай-ақ салық есептілігiн берудi осы тармақтың 1) және 3) тармақшаларында айқындалған тұлғалар салық кезеңі iшiнде осы Кодекстiң 126 және 127-баптарына сәйкес жүргізеді.
Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептеу мен төлеуді, сондай-ақ салық есептілiгін беруді осы тармақтың 2) тармақшасында айқындалған тұлға салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 191 және 192-баптарында белгіленген тәртіппен мерзімдерде жүргізеді.
164-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiс және толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 177-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
165-бап. Салық төлеу мерзiмдерi
1. Салық төлеушi осы Кодексте белгiленген жағдайларда енгiзiлген аванстық төлемдердi есептей отырып, салық жылының қорытындысы бойынша жеке табыс салығын төлеудi жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей дербес жүзеге асырады.
2. Арнаулы салық режимдерiн қолданатын жеке кәсiпкерлер осы Кодекстiң 163-бабының 2) тармақшасында көрсетiлген табыс бойынша жеке табыс салығын 368-384, 391-397-баптарда белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде төлейдi.
Параграф 1
Мүлiктiк табыс
166-бап. Мүлiктiк табыс
1. Салық төлеушiлердің мүлiктiк табысына:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшiн сатып алынған мүлiкті қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын:
а) бiр жылдан аз уақыт меншiк құқығында болған жылжымайтын мүлiктi;
б) бағалы қағаздарды, сондай-ақ заңды тұлғадағы қатысу үлесiн;
в) қымбат бағалы тастар мен қымбат бағалы металдарды, олардан жасалған зергерлiк бұйымдарды және құрамында қымбат бағалы тастар мен қымбат бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындылары мен антиквариаттарды;
г) мемлекеттік тiркеуге жататын және бiр жылдан кем емес уақыт меншiк құқығындағы немесе механикалық көлiк құралын және (немесе) тiркемелердi иелiктен айыру құқығымен басқаруға сенімхат негiзiнде алынған механикалық көлiк құралдарын және тiркемелердi сату кезіндегі олардың құнының өсiмi;
2) осы Кодекстiң 154, 155-баптарына сәйкес төлем көзiнен салық салынатын табысты қоспағанда, мүлiктi жалға беруден алынған табыс жатады.
2. Мүлiктi сату құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма, мүлiктi сату кезіндегі құн өсiмiнен алынған, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген табыс болып табылады.
Сатып алу құны болмаған жағдайда мүлiктi сату құны мен бағалау құны арасындағы оң айырма құн өсiмi болып табылады.
3. Бағалы қағаздарды сату кезіндегі құнның өсiмi осы Кодекстің 82-бабының 4-тармағына сәйкес белгiленедi.
166-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырулармен.