6. Куәдан кез келген iске қатысты мән-жайлар туралы, оның iшiнде айыпталушының, жәбiрленушiнiң жеке басы туралы, өзiнiң олармен және басқа да куәлармен өзара қатынасы туралы жауап алынуы мүмкiн. Егер ол өзiнiң хабардарлығының көзiн көрсете алмаса, куә хабарлаған мәлiмет дәлел бола алмайды. Куә ретiнде жауап алуға жатпайтын адамдардың хабарлауы дәлел болып табылмайды.
7. Айыпталушының жеке басына сипаттама беретiн деректер туралы айғақтар айыптаудың негiзiне жатқызыла алмайды және дәлел ретiнде жаза тағайындаумен немесе жазадан босатумен байланысты мәселелердi шешу үшiн ғана пайдаланылады.
8. Осы Кодексте белгiленген тәртiппен жауап алу кезiнде қылмыстық iс үшiн маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдауға немесе ұғынуға қабiлетсiз деп танылған адамның айғақтары дәлелдеме болмайды.
120-бап. Сарапшының қорытындысы
1. Сарапшының қорытындысы - ол осы Кодексте көзделген жазбаша нысанда ұсынылған, қылмыстық процестi жүргiзушi орган немесе тараптар сарапшының алдына қойған мәселелер бойынша осы Кодекстiң 248-бабында көрсетiлген объектiлердi зерттеуде арнайы ғылыми білімiн пайдалана отырып жүргiзiлген нәтижелерге негiзделген қорытындылар. Қорытындыда сарапшы зерттеу кезiнде қолданған әдiстер, қойылған мәселелерге жауаптардың негiздемесi, сондай-ақ iс үшiн маңызы бар және сарапшының өз бастамашылығы бойынша анықталған мән-жайлар көрсетiледi.
2. Сарапшының ауызша түсiнiктемесi ол бұрын берген қорытындыны түсiндiруi бөлiгiнде ғана дәлел болып табылады.
3. Сарапшының қорытындысы қылмыстық процестi жүргiзушi орган үшiн мiндеттi болып табылмайды, алайда оның қорытындымен келiспеушiлiгi дәлелдi болуы тиiс.
121-бап. Заттай дәлелдемелер
1. Егер оларға қылмыс қаруы болды деп ойлауға негiз болса, немесе өзiнде қылмыстың iзi сақталып қалса, немесе қылмыстық әрекеттiң объектiсi болса, сондай-ақ ақша мен өзге де бағалы заттар, қылмысты анықтауға, iстiң iс жүзіндегі мән-жайын белгiлеуге, кiнәлiлердi табуға не айыпты жоққа шығаруға немесе жауаптылықты жеңiлдетуге құрал болуы мүмкiн басқа да заттар мен құжаттар заттай дәлелдемелер деп танылады.
2. Осы Кодекстiң 223-бабының төртiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, заттай дәлелдемелер қылмыстық процестi жүргiзушi органның қаулысымен iске қоса тiгiледi және үкiм немесе iстi тоқтату туралы қаулы заңды күшiне енгенге дейiн сонда болады. Заттай дәлелдемелердi қараудың және сақтаудың тәртібі осы Кодекстiң 223-бабымен белгiленедi.
3. Үкiм шығару немесе iстi қысқарту кезiнде заттай дәлелдемелер туралы мәселе шешiлуi тиiс. Бұл ретте:
1) қылмыс қаруы тәркiленуге жатады немесе оны белгiлi бiр адам тиiстi мекемеге бередi немесе жойылады;
2) ұстауға тыйым салынған заттар тиiстi мекемеге беруге жатады немесе жойылады;
3) құндылығы жоқ және пайдалануға келмейтiн заттар жойылуға жатады, ал мүдделi адамдар немесе мекемелер өтiнген жағдайда оларға берiлуi мүмкiн;
4) қылмыстық жолмен жиналған ақша мен өзге де құндылықтар, сондай-ақ заңсыз кәсiпкерлiк және контрабандалық заттар соттың үкімі бойынша мемлекеттiң кiрiсiне қаратылуға жатады; қалған заттар заңды иелерiне берiледi, ал соңғылары анықталмаған кезде мемлекеттiң меншiгiне көшедi. Бұл заттардың тиесiлiлiгi туралы дау туған жағдайда бұл дау азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртібімен шешуге жатады;
5) заттай дәлелдеме болып табылатын құжаттар iстiң бүкiл сақталу мерзiмiнiң iшiнде онымен бiрге қалады не осы Кодекстiң 123-бабының үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген тәртiппен мүдделi ұйымдарға немесе азаматтарға берiледi.
121-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 желтоқсандағы № 363-II Заңымен енгiзiлген толықтырулармен.
122-бап. Iс жүргiзу әрекеттерiнiң хаттамалары
1. Осы Кодекстiң тиiстi ережелерiне сәйкес жасалған, тексеру, көзiн жеткізу, алу, тiнту, ұстау, мүлiкке тыйым салу, хат-хабарларға тыйым салу, хабарларды ұстап алу, телефонмен және басқа да сөйлесулердi тыңдау және жазып алу, зерттеу үшiн үлгiлердi алу, мәйiттi эксгумация жасау, айғақтарды қылмыс болған жерде тексеру, қылмыс болған жерде тергеу экспериментiнде, тергеу әрекеттерiнiң барысында маман жүргiзген заттай айғақтарды зерттеу кезiнде анықталған, қылмыстық процестi жүргiзушi адам тiкелей түсiнген мән-жайларды куәландыратын тергеу iс-әрекеттерiнiң хаттамаларында бар iс жүзіндегі деректер, сондай-ақ сот iс-әрекеттерiнiң барысы мен олардың нәтижелерiн көрсететiн сот отырысының хаттамасында бар қылмыстық iс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
2. Дәлелдеме ретiнде қылмыс туралы, табыс етiлген заттар мен құжаттар туралы, айыбын мойындап келуi туралы ауызша мәлiмдеу кезiнде жасалған хаттамаларда, адамдарға олардың құқықтары мен оларға жүктелген мiндеттердi түсiндiрулерде қамтылған iс жүзіндегі деректер пайдаланылуы мүмкiн.
123-бап. Құжаттар
1. Құжаттар, егер олардағы ұйымдар, лауазымды адамдар және азаматтар баяндаған немесе куәландырған мәлiметтердiң қылмыстық iс үшiн маңызы болса, дәлелдемелер болып танылады.
2. Құжаттар жазбаша да, өзге нысанда да көрсетiлген мәлiметтердi қамтуы мүмкiн. Құжаттарға, сонымен бiрге осы Кодекстiң 125-бабында көзделген тәртiппен алынған, талап етiлген немесе табыс етiлген тергеуге дейiнгi тексерулердiң материалдары (түсiнiктеме және басқа да көрсетулер, түгендеулер, тексерулер актілері, анықтамалар), сондай-ақ компьютерлiк ақпаратты қамтитын материалдар, фото және кино суреттер, дыбыс және бейне жазбалар да жатады.
3. Құжаттар iске тiркеледi және онда оның сақталуының бүкiл мерзiмi бойында сақталады. Алынған және iске қосылған құжаттар ағымдағы есеп, есеп беру үшiн және өзге де заңды мақсаттарда талап етiлген жағдайда, олар заңды иесiне қайтарылуы немесе егер ол iс үшiн залалсыз болса уақытша пайдалануға ұсынылуы не олардың көшiрмесi берiлуi мүмкiн.
4. Құжаттардың осы Кодекстiң 121-бабында көрсетiлген белгiлерi болған жағдайларда олар заттай дәлелдеме болып танылады.
16-тарау
ДӘЛЕЛДЕУ
124-бап. Дәлелдеу
1. Дәлелдеу iстi заңды, негiзделген және әдiл шешу үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында дәлелдемелердi жинаудан, зерттеуден, дәлелдемелердi пайдалануға қабылдаудан тұрады.
2. Айыпталушының қылмыстық жауаптылығы мен кiнәсiнiң бар екендiгiнiң негiзiн дәлелдеу мiндетi айыптаушыда болады.
125-бап. Дәлелдемелер жинау
1. Дәлелдемелер жинау осы Кодексте көзделген тергеу және сот iс-әрекеттерiн жүргiзу жолымен сотқа дейiнгi iс жүргiзу және сот талқылауы процесiнде жүргiзiледi. Дәлелдемелер жинау оларды табуды, бекітудi және алуды қамтиды.
2. Тараптардың өтiнiштерi бойынша немесе өз бастамашылығы бойынша қылмыстық процестi жүргiзушi орган iс жүргiзуіндегі қылмыстық iс бойынша осы Кодексте белгiленген тәртiппен жауап алу үшiн немесе сарапшы ретiнде қорытынды беру үшiн кез келген адамды шақыруға; осы Кодексте көзделген iс жүргiзу әрекеттерiн жүргiзуге; Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, ұйымдардан, олардың басшыларынан, лауазымды адамдардан, азаматтардан, сондай-ақ жедел iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардан iс үшiн маңызы бар құжаттар мен заттарды табыс етудi талап етуге; уәкiлеттi органдар мен лауазымды адамдардан тексерулер мен тексерiстер жүргiзудi талап етуге құқылы.
3. Осы Кодексте белгiленген тәртiппен iске қатысуға жiберiлген қорғаушы заң көмегiн көрсету үшiн қажеттi дәлелдердi ұсынуға және мәлiметтердi жинауға, оның iшiнде олардың келісімiмен адамдардан сұрауға, сондай-ақ он күн iшiнде ол құжаттарды немесе олардың көшiрмелерiн беруге мiндеттi ұйымдардан анықтамалар, мiнездемелер және өзге де құжаттар сұратып алуға; қорғауындағы адамның келісімiмен заң көмегiн көрсетуге байланысты туындаған шешудi қажет ететiн мәселелер бойынша арнаулы білімi бар адамдардың пiкiрiн сұрауға құқылы.
4. Сезiктi, айыпталушы, қорғаушы, жеке айыптаушы, жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкiлдерi, сондай-ақ кез келген азаматтар мен ұйымдар дәлел бола алатын ауызша да, жазбаша да нысандағы мәлiметтердi, сондай-ақ заттар мен құжаттарды ұсынуға құқылы.
125-бап Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 29 наурыздағы № 42-II Заңымен ензiлген толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 желтоқсандағы № 363-II Заңымен енгiзiлген өзгерістермен.
126-бап. Дәлелдемелердi бекіту
1. Iс жүзіндегі деректер олар, iс жүргiзу iс-әрекеттерiнiң хаттамаларында көрсетiлгеннен кейiн ғана дәлелдеме ретiнде пайдаланыла алады.
2. Анықтау және алдын ала тергеу барысында хаттамаларды жүргiзу жауаптылығы тиiсiнше анықтаушы мен тергеушiге, ал сотта - сот отырысының төрағалық етушiсi мен хатшысына жүктеледi.
3. Тергеу және сот iс-әрекеттерiне қатысушыларға, сондай-ақ тараптарға сот талқылауында бұл iс-әрекеттердiң барысы мен нәтижелерi көрсетiлген хаттамалармен танысу, хаттамаларға толықтырулар мен түзетулер енгізу, осы iс-әрекеттердi жүргiзудiң тәртібі мен шарттары жөнiнде ескертулер мен қарсылықтар айту, хаттамадағы жазбаларға өз редакциясын ұсыну, анықтаушының, тергеушiнiң немесе соттың назарын iс үшiн маңызы болуы мүмкiн мән-жайларға аудару құқығы қамтамасыз етiлуi тиiс. Хаттамаға тергеу және сот iс-әрекеттерiне қатысушыларға олардың құқықтары түсiндiрiлгенi туралы белгi қойылады.
4. Ауызша айтылған толықтырулар, түзетулер, ескертулер, қарсылық бiлдiрулер, өтiнiмдер және шағымдар хаттамаға енгiзiледi, ал жазбаша нысанда жазылғандары хаттамаға қоса берiледi. Сызылып тасталған немесе көшiрiлiп алынған сөздер немесе басқа түзетулер туралы хаттаманың соңына қол қою алдында ескерту жасалады.
5. Тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасымен танысқан адамдар хаттаманың әр бетіндегі мәтiннiң соңғы жолының астына және оның соңына өзiнiң қолын қояды. Сот отырысы хаттамасының бөлiгiмен танысу кезiнде әр беттiң аяғына және осы бөлiктiң соңына қол қойылады.
6. Анықтаушы, тергеушi немесе сот ескертулермен немесе қарсылық бiлдiрулермен келiспеген жағдайда ол туралы қаулы шығарады.
7. Заңдарда көзделген жағдайларда процеске қатысушылардың бiреуi немесе басқа да адамдар тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасына қол қоюдан бас тартқан кезде анықтаушы немесе тергеушi өзiнiң қолымен куәландыратын хаттамаға ол туралы белгi соғады.
8. Сот отырысының хаттамасында жазылған соттың iс-әрекетi туралы жазбаларға заңда көзделген жағдайларда қол қоюдан бас тартылса, ол хаттамада сот отырысына төрағалық етушi мен хатшы өз қолдарымен куәландыратын белгi соғылады.
9. Хаттамаға қол қоюдан бас тартқан адам бас тартуының себебiн түсiндiруге құқылы және бұл түсiндiру хаттамаға енгiзiлуi тиiс.
10. Егер iс жүргiзу iс-әрекетiне қатысушы өзiнiң дене кемшiлiгiнiң салдарынан хаттаманы өзi оқи алмаса немесе оған қол қоя алмаса, онда оның келісімiмен оның қорғаушысы, өкiлi немесе ол адам сенетiн басқа азамат хаттаманы дауыстап оқиды және оған қол қояды, ол туралы хаттамада белгi қойылады.
11. Дәлелдемелердi бекіту үшiн хаттамалар жасаумен қатар дыбыс жазу, бейнежазба, киноға түсiрiп алу, фотоға түсiру, құймалар, таңбалар, жоспарлар, кестелер дайындау және ақпаратты бейнелеудiң басқа да әдiстерi қолданылуы мүмкiн. Тергеу iс-әрекетiне немесе соттың талқылауына қатысушының дәлелдемелердi бекітудiң көрсетiлген әдiстерiн қолданғандығы туралы тиiсiнше тергеу iс әрекетi хаттамасына немесе сот отырысының хаттамасына пайдаланылған ғылыми-техникалық құралдардың техникалық сипаттамасы келтiрiле отырып белгi соғылады.
12. Фонограммалар, бейнежазбалар, кинофильмдер, фотосуреттер, құймалар, таңбалар, жоспарлар, кестелер тергеу немесе сот iс-әрекетiнiң барысы мен нәтижелерiн басқа да бейнелеулер хаттамаға қоса берiледi. Әрбiр қосымшада оған қатысты тергеу немесе сот iс-әрекетiнiң атауы, орны, күнi көрсетiлген түсiндiрме жазба болуға тиiс. Бұл жазбаны iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында анықтаушы немесе тергеушi және қажет болған жағдайларда, куәгерлер, ал сотта - сот отырысының төрағалық етушiсi мен хатшысы өз қолдарымен куәландырады.
127-бап. Дәлелдемелердi зерттеу
Iс бойынша жиналған дәлелдемелер жан-жақты және объективтi зерттеуге жатады. Зерттеу алынған дәлелдемелердi талдауды, оны басқа да дәлелдемелермен салыстыруды, қосымша дәлелдемелер жинауды, дәлелдемелердi алу көздерiн тексерудi қамтиды.
128-бап. Дәлелдемелердi бағалау
1. Әрбiр дәлелдеме қатыстылығы, жол берiлушiлiгi, дұрыстығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығында қылмыстық iстi шешу үшiн жеткiлiктілігi тұрғысынан бағалануға тиiс.
2. Дәлелдемелердi судья, прокурор, тергеушi, анықтаушы осы Кодекстiң 25-бабына сәйкес заң мен ар-ожданын басшылыққа ала отырып, дәлелдемелердi жиынтығында жан-жақты, толық және объективтi қарауға негiзделген өздерiнiң iшкi нанымы бойынша бағалайды.
3. Егер ол iс үшiн маңызы бар мән-жайдың бар екендiгi туралы қорытындыны растайтын, жоққа шығаратын немесе күмәндандыратын iс жүзіндегі деректердi бiлдiретiн болса, дәлелдеме iске қатысты деп танылады.
4. Егер дәлелдеме осы Кодексте белгiленген тәртiппен алынса, ол рұқсат етiлген деп танылады.
5. Дәлелдеме, егер тексерудiң нәтижесiнде оның шындыққа сәйкес келетiндiгi анықталса, дұрыс деп танылады.
6. Егер дәлелдеуге жататын мән-жайлардың барлығы және әрқайсысы туралы ақиқатты даусыз белгiлейтiн iске қатысты рұқсат етiлген және дұрыс дәлелдемелер жиналса, дәлелдемелердiң жиынтығы қылмыстық iстi шешу үшiн жеткiлiктi деп танылады.
129-бап. Дәлелдеу процесіндегі ғылыми-техникалық құралдар
1. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган дәлелдемелердi жинау, зерттеу және бағалау мақсатында ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануға құқылы.
2. Қылмыстық процестi жүргiзушi органның ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануы кезiнде жәрдем көрсету үшiн маман тартылуы мүмкiн.
3. Fылыми-техникалық құралдарды қолдануға, егер олар:
1) заңда тiкелей көзделсе немесе оның нормалары мен принциптерiне қайшы келмесе;
2) ғылыми жағынан маңызды болса;
3) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн болса;
4) қауiпсiз болса, жол беруге болады деп танылады.
4. Қылмыстық процестi жүргiзушi органның ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануы ғылыми-техникалық құралдардың деректерi, оларды пайдаланудың шарттары мен тәртібі, бұл құралдар қолданылған объектiлер және оларды пайдаланудың нәтижелерi көрсетiле отырып тиiстi iс жүргiзу iс-әрекеттерiнiң хаттамаларында көрсетiледi.
130-бап. Қылмыстық iс бойынша дәлелдемеде жедел iздестiру қызметiнiң нәтижелерiн пайдалану
1. Заң талаптарының сақталуы жағдайында алынған жедел iздестiру қызметiнiң нәтижелерi дәлелдемелердi жинауды, зерттеудi және бағалауды реттейтiн осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес осы Кодекстiң 53-бабында және 21-тарауында, сондай-ақ «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптар сақтала отырып, қылмыстық iстер бойынша дәлелдеуге пайдаланыла алады.
2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы орган қызметкерi жедел-iздестiру шараларын жүргiзу кезiнде тiкелей қабылдаған нақты деректер аталған қызметкерден куә ретiнде жауап алынғаннан кейiн дәлелдемелер ретiнде пайдаланылуы мүмкiн. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органға жасырын негiзде көмек көрсетушi адам тiкелей қабылдаған нақты деректер аталған адамнан куә, жәбiрленушi, сезiктi (айыпталушы) ретiнде жауап алынғаннан кейiн дәлелдемелер ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.
3. Жедел-iздестiру iс-шаралары нәтижесiнде анықталған iстiң мән-жайларын қылмыстық процестi жүргiзушi адам тiкелей қабылдауы қажет және мүмкiн болған кезде iстiң бұл мән-жайлары осы Кодексте көзделген ережелер бойынша жүргiзiлетiн тергеу не сот iс-әрекеттерiнiң хаттамаларында көрсетiледi.
4. Жедел-iздестiру қызметi барысында алынған заттар мен құжаттарды заттай айғақтар және құжаттар ретiнде пайдалану тиiсiнше осы Кодекстiң 121 және 123-баптарында көзделген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. Жедел-iздестiру қызметi материалдарын заттай айғақтар мен құжаттар ретiнде iске қосу олардың пайда болуы туралы анық деректер болған ретте ғана осы Кодекстiң 53 және 100-баптарының талаптары сақтала отырып жүргiзiледi.
5. Анықтау органының бастығы қылмыстық процестi жүргiзушi органның талап етуi бойынша не өз бастамасы бойынша жедел-iздестiру қызметi материалдарын табыс ету туралы шешiм қабылдай отырып, осы Кодекстiң 202-бабының ережелерiне сәйкес тиiстi қаулы шығарады. Қаулыда: талап етуi бойынша жедел-iздестiру қызметiнiң нәтижелерi табыс етіліп отырған, қылмыстық процестi жүргiзушi орган; қандай жедел-iздестiру шарасының қандай нәтижелерi және қандай көлемде табыс етiлетiнi; аталған нәтижелердi алу үшiн пайдаланылған техникалық құралдар; қылмыстық iс материалдарына қосу үшiн жiберiлетiн заттар мен құжаттар; қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауiпсiздiгiн, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ұсынылатын шаралар көрсетiледi. Анықтау органының бастығы қылмыстық процестi жүргiзушi органға жедел-iздестiру материалдарын өз бастамасымен табыс еткен жағдайда қаулыда жедел-iздестiру қызметi нәтижелерiн қылмыстық iс бойынша дәлелдеуде пайдалану қажеттiгiне негiздеме де келтiрiледi. Жедел-iздестiру қызметiнiң материалдары олардағы нақты деректердi олардың тергелiп (қаралып) жатқан қылмысты iске қатыстылығы, пайдалануға болатындығы және дұрыстығы тұрғысынан бағалауға мүмкiндiк беретiн көлем мен нысанда табыс етiлуге тиiс.
130-бап Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 наурыздағы № 163-II Заңымен енгiзiлген толықтырулармен.
131-бап. Преюдиция
1. Қылмыстық iс бойынша соттың заңды күшiне енген үкімі, сондай-ақ заңды күшiне енген басқа да шешiмдерi анықталған мән-жайларға да, олардың құқықтық бағалануына да қатысты барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар және азаматтар үшiн мiндеттi. Аталған ереже қадағалау тәртiбіндегі соттың жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша үкімі мен басқа да шешiмдерiн тексеруге, олардың күшiн жоюға және өзгертуге кедергi жасамайды.
2. Соттың азаматтық iс бойынша заңды күшiне енген шешiмi оқиғаның немесе әрекеттiң орын алған-алмағандығы туралы мәселе жөнiнде ғана қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде қылмыстық процестi жүргiзушi орган үшiн мiндеттi және сотталушының кiнәлi немесе кiнәлi еместiгi туралы қорытындыларды күнi бұрын шешуге тиiс емес.
3. Соттың талап-арызды қанағаттандыруға құқықты танитын заңды күшiне енген үкімі сот үшiн осы бөлiгiнде оның азаматтық iс қарауы кезiнде мiндеттi.
4. Қылмыстық iзге түсу органы қаулысының сот үшiн мiндеттi күшi болмайды.
4-бөлiм
IС ЖҮРГІЗУЛІК МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫ
17-тарау
СЕЗІКТІНІ ҰСТАУ
132-бап. Ұстауға негiз
1. Қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамды ұстау - оның қылмысқа қатыстылығын анықтау және оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселенi шешу мақсатында қолданылатын iс жүргiзулiк мәжбүрлеу шарасы.
2. Қылмыстық iзге түсудi жүзеге асырушы орган мына негiздердiң бiрi болған жағдайда:
1) ол адам қылмыс жасау кезiнде немесе тiкелей оны жасағаннан кейiн ұсталғанда;
2) көрген адамдар, оның iшiнде жәбiрленушiлер қылмыс жасаушы ретiнде ол адамды тура көрсетсе не ол адам осы Кодекстiң 133-бабында көзделген тәртiппен ұсталса;
3) ол адамда немесе оның киiмiнде, өзiнде немесе оның тұратын үйiнде қылмыстың анық iзi табылған кезде;
4) жедел iздестiру қызметiнiң заңға сәйкес алынған материалдарында ол адамға қатысты ол жасаған немесе дайындап жатқан ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы анық деректер болған кезде бас бостандығынан айыру түрiнде жаза қолданылуы мүмкiн болатын қылмыс жасағандығына күдiк келтiрiлген адамды ұстауға құқылы.
3. Адамның қылмыс жасағандығына сезiктенуге негiз беретiн өзге де деректер болған кезде ол адам жасырынуға әрекет жасаған не оның тұрақты тұратын жерi болмаған, немесе сезiктiнiң жеке басы анықталмаған жағдайларда ғана ұсталады.
133-бап. Азаматтардың қылмыс жасаған адамдарды ұстауға құқығы
1. Жәбiрленушiнiң, сондай-ақ кез келген өзге де азаматтың жаңа қол сұғушылық жасау мүмкiндiгiнiң жолын кесу мақсатымен қылмыс жасаған адамды ұстауға құқығы бар.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды ұсталған адамға ол қарсылық көрсеткен кезде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 33-бабында көзделген шекте дене күшi мен басқа да құралдар қолданыла алады. Егер ұсталған адамда қару немесе өзге де қауiптi заттар немесе қылмыстық iс үшiн мәнi бар заттар бар деп ұйғаруға негiз болса, оны ұстаған азамат ұсталушының киiмiн тексеруге және құқық қорғау органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкiмет органдарына беру үшiн ондағы заттарды алуға құқылы.
134-бап. Қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамды ұстау тәртібі
1. Нақты ұстау сәтiнен бастап үш сағаттан аспайтын мерзiмде тергеушi немесе анықтаушы ұстаудың негiзi мен дәлелдерi, жерi мен уақыты (сағаты мен минутын көрсете отырып), жеке тiнтудiң нәтижелерi, сондай-ақ хаттама жасалған уақыт көрсетiлетiн хаттама жасайды. Хаттама ұсталған адамға жарияланады және бұл ретте оған осы Кодекстiң 68-бабында көзделген сезiк келтiрiлген адамның құқықтары, соның iшiнде оның қорғаушы шақыру және соның қатысуымен жауап беру құқығы түсiндiрiлiп, бұлар хаттамада көрсетiледi. Ұстау хаттамасына оны жасаған адам мен ұсталған адам қол қояды. Жүргiзiлген ұстау туралы анықтаушы мен тергеушi ұстау хаттамасы жасалған сәттен бастап он екi сағаттың iшiнде прокурорға жазбаша хабарлауға мiндеттi.
2. Ұсталған адамнан осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес жауап алынуға тиiс.
134-бап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 10-ІІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
135-бап. Ұсталған адамды жеке тiнту
Ұстауды жүзеге асырған адам ұсталған адамды қару бар деп ұйғаруға негiз болған не ол өзiнiң қылмыс жасағандығын айғақтайтын дәлелдемелерден құтылуға тырысқан жағдайларда немесе өзге де қажеттi жағдайларда осы Кодекстiң 233-бабында көзделген ережелердi сақтай отырып, ұсталған адамға дереу жеке тiнту жүргiзуге құқылы.
136-бап. Қылмыс жасады деген сезiк бойынша ұсталған адамды босатудың негiздерi
1. Қылмыс жасады деген сезiк бойынша ұсталған адам, егер:
1) қылмыс жасады деген сезiк расталмаса;
2) ұсталған адамға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға негiз болмаса;
3) ұстау осы Кодекстiң 134-бабының талаптарын бұзу арқылы жүргiзiлсе, анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың қаулысы бойынша босатылуға жатады.
2. Ұсталу кезiнен бастап жетпiс екi сағаттың iшiнде сезiктiге қатысты осы Кодексте белгiленген тәртiппен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалуға тиiс немесе ол босатуға жатады.
3. Егер ұсталған кезден бастап жетпiс екi сағаттың iшiнде ұсталушыны ұстау орнының бастығына анықтаушының, тергеушiнiң ұсталған адамға бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алуды қолдану туралы прокурор санкцияландырған қаулысы келiп түспесе, ұстау орнының бастығы ұсталушыны өзiнiң қаулысымен бiрден босатады және ол туралы iс жүргiзiп жатқан адамға және прокурорға хабарлайды.
4. Ұсталған адамды ұстау орны әкiмшiлiгiнiң бастығы осы баптың үшiншi бөлiгiнiң талаптарын орындамаған жағдайда заңмен белгiленгендей жауапты болады.
5. Ұсталған адамды босату кезiнде соңғысына оны кiм ұстағандығы, ұстаудың негiзi, орны және уақыты, босатудың негiзi мен уақыты көрсетiлетiн анықтама берiледi.
137-бап. Қылмыс жасады деген сезiк бойынша ұсталғандарды қамауда ұстаудың тәртібі
Қылмыс жасады деген сезiк бойынша ұсталғандар уақытша ұстау изоляторларында ұсталады. Қылмыс жасады деген сезiкпен ұсталған әскери қызметшiлер мен жазасын бас бостандығынан айыру түрiнде өтеп жүрген адамдар тиiсiнше абақтыларда және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындайтын қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде де ұсталуы мүмкiн. Осы Кодекстiң 65-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда қылмыс жасады деген сезiкпен ұсталғандар анықтау органының бастығы ұйғарған арнайы бейiмделген үй-жайларда ұсталады.Қылмыс жасады деген сезiк бойынша ұсталған адамдарды қамауда ұстаудың тәртібі мен шарттары заңдармен белгiленедi.
137-бап Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 мамырдағы № 47-II Заңымен енгiзiлген толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi № 244-II Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
138-бап. Сезiктiнiң туыстарына оның ұсталғандығы туралы хабарлау
1. Анықтаушы, тергеушi он екi сағаттың iшiнде оның отбасының кәмелетке толған мүшелерiнiң бiреуiне, ал олар болмаған жағдайларда - басқа туыстарына немесе жақын адамдарына сезiктiнiң ұсталғандығы және оның қай жерде екендiгi туралы хабарлауға немесе мұндай хабарлау мүмкiндiгiн сезiктiнiң немесе айыпталушының өзiне беруге мiндеттi.