4. Егер ол iстi тергеу мен шешудiң жан-жақтылығына, тұтастығына әсер етпесе, қылмыстық iстердi бөлектеуге рұқсат етiледi.
5. Iстi бөлектеу қылмыстық процестi жүргiзушi органның қаулысы негiзiнде жүзеге асырылады. Қылмыстық iзге түсу органы шығарған қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жолданады. Қаулыға түпнұсқада немесе көшiрмесiнде бөлектенетiн материалдардың тiзбесi қоса берiлуi тиiс.
6. Бөлектелген iс бойынша iс жүргiзудiң мерзiмi жаңа қылмыс бойынша немесе жаңа адамға қатысты iстi бөлектеу туралы қаулы шығарылған күннен бастап есептеледi. Қалған жағдайларда мерзiм негiзгi қылмыстық iс қозғалған кезден бастап есептеледi.
50-бап. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру
1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу:
1) айыпталушы ретiнде жауапқа тартуға жататын адамның анықталмауы;
2) айыпталушы тергеуден немесе соттан жасырынып қалған не оның тұратын жерi басқа себептермен анықталмаған;
3) айыпталушыны қылмыстық iзге түсу иммунитетiнен айыру не оны шетелдiк мемлекеттердiң беруi туралы мәселелердiң шешiлуiне байланысты айыпталушының iске қатысуының нақты мүмкiндiктерi болмаған;
4) айыпталушы жүйкесiнiң заңда көзделген тәртiпте куәландырылған уақытша бұзылуы немесе өзге де ауыр науқастануы;
5) айыпталушының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде болуы;
6) соттың аталған қылмыстық iсте қолданылуға тиiс заңның немесе өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердiң Конституцияға сәйкес еместiгiн ашуына адамның және азаматтың Конституциямен бекітілген құқықтары мен бостандығын шектейтiндiгi туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне өтiнiш жасауы;
7) қылмыстық iс бойынша одан әрi iс жүргiзуге уақытша кедергi келтiретiн тежеусiз күштiң iс-әрекетi;
8) тиiстi сараптама жүргiзiлген;
9) осы Кодекстiң 55-тарауында көзделген тәртiппен құқықтық көмек алуға байланысты iс жүргiзу әрекеттерi орындалған жағдайда анықтаушының, тергеушiнiң немесе соттың қаулысымен толықтай немесе тиiстi бөлiгiнде тоқтатыла тұруы мүмкiн.
2. Сотта қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу, егер жеке айыптау iсi бойынша жеке айыптаушы оның ауыр науқас екендiгiне, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде iс-сапарларда болуына немесе азаматтық борышын орындауына байланысты сотта қылмыстық iзге түсудi жүзеге асыра алмаған жағдайда да соттың қаулысымен толық немесе тиiстi бөлiгiнде тоқтатыла тұруы мүмкiн.
3. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу оны тоқтатуға негiз болған жағдайлар жойылғанға дейiн тоқтатыла тұрады. Әлгi жағдайлар жойылған соң анықтаушының, тергеушiнiң немесе соттың қаулысымен ол жаңартылады.
4. Iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру немесе жаңарту туралы процеске қатысушыларға хабарланады. Қылмыстық iзге түсу органы шығарған қылмыстық iстi тоқтата тұру туралы қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жолданады.
5. Тоқтатылып қойған iс, егер iс бойынша ескіру мерзiмiн үзу туралы мәлiмет болмаса, қылмыстық заңмен белгiленген ескіру мерзiмiнiң аяқталуы бойынша тоқтатылуға тиiс.
50-бап Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 111-ІІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiс және толықтырулармен.
51-бап. Қылмыстық iстi қысқарту
1. Қылмыстық iс осы Кодекстiң 37, 38-баптарында көзделген негiздер бойынша қылмыстық процестi жүргiзушi органның қысқартуына жатады.
2. Қылмыстық iс қысқартылғанға дейiн сезiктiге, айыпталушыға қысқартылу негiзi мен осы негiздер бойынша қысқартылуға қарсылығын мәлiмдеу құқығы түсiндiрiледi.
3. Қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулының күшi жойылған жағдайда iс бойынша iс жүргiзу қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзiмiнiң ескіруi шегiнде жаңартылады.
4. Қылмыстық iстiң қысқартылғандығы туралы және iс бойынша iс жүргiзудiң жаңартылғандығы туралы сезiктiге, айыпталушыға, қорғаушыға, сондай-ақ жәбiрленушiге, оның өкiлiне, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың өкiлiне өтiнiштерi бойынша iс қозғалған жеке және заңды тұлғаларға жазбаша хабарланады. Қылмыстық iзге түсу органы шығарған қылмыстық iстi қысқарту туралы және iс бойынша iс жүргiзудi жаңарту туралы қаулының көшiрмелерi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жолданады.
52-бап. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi аяқтау
Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу:
1) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу толық қысқартылғандығы туралы қаулының күшiне енуi бойынша;
2) үкiмнiң немесе iс бойынша басқа да түпкiлiктi шешiмнiң күшiне енуi бойынша - егер ол оны атқару жөнiнде арнаулы шаралар қабылдауды қажет етпесе;
3) үкiмнiң немесе iс бойынша басқа да түпкiлiктi шешiмнiң орындалғандығы туралы растау алынуы бойынша - егер ол оны атқару жөнiнде арнаулы шаралар қабылдауды қажет ететiн болса, аяқталады.
53-бап. Құпиялылықты сақтау
1. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында осы Кодексте және басқа да заңдарда көзделген мемлекеттік құпияларды (мемлекеттік, әскери және қызметтiк құпия, жедел-iздестiру қызметi, анықтау және алдын ала тергеу құпиясы) мен өзге де құпияларды (коммерциялық құпия, қызмет бабында пайдалануға арналған ақпарат, дәрiгерлiк, жеке құпия және құпияның кез келген басқа да түрлерi) құрайтын алынған мәлiметтердi қорғау жөніндегі шаралар қолданылады.
2. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган мемлекеттік және өзге де құпияларды құрайтын мәлiметтi хабарлауды немесе берудi ұсынған тұлғалар тиiстi құжаттарды сақтаудың қажеттiгiне сiлтей отырып, көрсетiлген талапты орындаудан бас тарта алмайды, бiрақ одан қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу үшiн көрсетiлген мәлiметтердi алудың қажеттiгiн растайтын, тиiстi iс жүргiзу қызметiнiң хаттамасына енгізуге жататын түсiндiрме алуға құқылы.
3. Процеске қатысушылардың мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтермен танысу тәртібі заңдармен айқындалады.
3-1. Егер сот алқабилердiң қатысуымен қарайтын қылмыстық iстiң материалдарында мемлекеттік құпияны құрайтын мәлiметтер болса, облыстық және оған теңестiрілген соттың қызметін материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік орган төрағалық етушінің жазбаша өкімі бойынша алқабилердің мемлекеттік құпияларға қол жеткізуiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен рұқсат етудi ресiмдейдi.
4. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтi қамтитын дәлелдер соттың жабық отырысында зерттеледi.
5. Өзге де құпияларды құрайтын мәлiметтi, сондай-ақ жеке өмiрiнiң iшкi сырын ашатын дәлелдер, аталған мәлiметтердiң жариялану қаупi төнген адамдардың сұрауы бойынша соттың жабық отырысында зерттелуi мүмкiн.
6. Жеке өмiрге қол сұғылмаушылықты бұзудың, жеке немесе отбасылық құпияны жариялаудың нәтижесiнде адамға келтiрiлген зиян заңда көзделген тәртiппен өтелуге тиiс.
7. Анықтау және алдын ала тергеу деректерiнiң құпиялығын сақтау тәртібі осы Кодекстiң 205-бабымен белгiленедi.
8. Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 мамырдағы № 47-II Заңымен алынып тасталды.
53-бап Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 мамырдағы № 47-II Заңымен енгiзiлген өзгерістермен; Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 наурыздағы № 163-II, 2006 жылғы 16 қантардағы № 122-ІІІ Заңдарымен енгiзiлген толықтырулармен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
6-тарау
IС ЖҮРГІЗУ МЕРЗІМДЕРІ
54-бап. Мерзiмдердi есептеу
1. Осы Кодексте белгiленген мерзiмдер сағаттармен, тәулiктермен, айлармен, жылдармен есептеледi.
2. Мерзiмдердi есептеу кезiнде мерзiмнiң өтуi басталатын сағат пен тәулiк есепке алынбайды. Бұл ереженiң ұстау кезіндегі мерзiмдердi есептеуге қатысы жоқ.
3. Мерзiмдi есептеу кезiнде оған жұмыс уақыты емес уақыт та кiредi.
4. Мерзiмдi тәулiкпен есептеу кезiнде мерзiм оның ақырғы тәулiгiнiң жиырма төрт сағатында аяқталады. Мерзiмдi айлармен немесе жылдармен есептеу кезiнде мерзiм соңғы айдың тиiстi күнiнде аяқталады, ал егер бұл айдың тиiстi күнi болмаса, мерзiм осы айдың соңғы күнi аяқталады. Егер мерзiмнiң аяқталуы жұмыс күнi емес (демалыс, мереке) күнге келсе, онда ұстау, қамауға алу, үйiнде қамауда ұстау және медициналық немесе арнаулы оқу-тәрбие мекемесiнде болуы кезіндегі мерзiмдi есептеу жағдайларын қоспағанда, одан кейiнгi бiрiншi жұмыс күнi мерзiмнiң ақырғы күнi болып саналады.
5. Адамды қылмыс жасады деген күдiк бойынша ұстаған кезде мерзiм осы шара iс жүзiнде қолданылған сәттен (сағаттан) бастап есептеледi.
55-бап. Мерзiмдi сақтау
1. Егер шағым, өтiнiш немесе өзге де құжат мерзiм аяқталғанға дейiн почтаға тапсырылса, оны қабылдауға уәкiлеттi адамға берiлсе немесе мәлiмделсе, ал күзетпен ұсталушы не медициналық мекемеге орналастырылған адамдар үшiн, - егер шағым немесе өзге де құжат күзетпен ұстау орнының немесе медициналық мекеменiң әкiмшiлiгiне мерзiм аяқталғанға дейiн тапсырылса, мерзiм өтiп кеткен болып саналмайды. Шағымды немесе өзге де құжатты почтаға тапсыру уақыты почта штемпелi бойынша, ал оны қабылдауға уәкiлеттi адамға немесе күзетпен ұстау орнының немесе медициналық мекеменiң әкiмшiлiгiне тапсыру уақыты - бұл ұйымдар кеңсесiнiң немесе лауазымды адамдарының қойған белгiсi бойынша айқындалады.
2. Лауазымды адамдардың белгiленген мерзiмдi сақтауы iс жүргiзу құжаттарында тиiстi көрсетумен расталады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысушы адамдарға тапсырылуға жататын құжаттардың алынғандығы iске қоса тiгiлген олардың қолхатымен расталады.
3. Iс жүргiзу мерзiмдерi тек осы Кодексте белгiленген жағдайларда және тәртiппен ғана ұзартыла алады.
56-бап. Мерзiмдi өткiзiп алудың салдары және оны қалпына келтiру тәртібі
1. Мерзiм аяқталғаннан кейiн процеске қатысушылармен жасалған iс жүргiзу әрекетi жарамсыз болып саналады.
2. Дәлелдi себептермен өткiзiлiп алынған мерзiм, мүдделi адамның өтiнiшi бойынша, анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың немесе iс жүргiзiп отырған судьяның қаулысымен қалпына келтiрiлуi мүмкiн. Бұл орайда мерзiм, егер қылмыстық процестi жүргiзушi органның тиiстi шешiмiмен өзгеше көзделмесе, басқа адамдар емес, оны өткiзiп алған адам үшiн қалпына келтiрiледi.
3. Мүдделi адамның өтiнiшi бойынша белгiленген мерзiм өткiзiлiп алып шағым жасалған шешiмдi орындау өтiп кеткен мерзiмдi қалпына келтiру туралы мәселе шешiлгенге дейiн тоқтатыла тұруы мүмкiн.
4. Мерзiмдi қалпына келтiруден бас тартуға осы Кодексте белгiленген тәртiппен шағым (наразылық) жасалуы мүмкiн.
56-бап Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 мамырдағы № 47-II Заңымен енгiзiлген толықтырумен.
2-бөлiм
ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН ТҰЛFАЛАР
7-тарау
СОТ
57-бап. Сот
1. Сот, сот билiгi органы бола отырып, қылмыстық iстер бойынша әдiл сотты жүзеге асырады.
2. Кез-келген қылмыстық iс соттың заңды, тәуелсiз, құзыреттi және бейтарап құрамымен ғана қаралады, мұның өзi осы Кодексте белгiленген:
- нақты iстердiң соттылығын анықтау;
- нақты қылмыстық iстердi қарау үшiн соттың құрамын жасақтау;
- судьяларды бөлу;
- iстi шешу функциясын айыптау және қорғау функциясынан бөлектеу ережелерiн сақтаумен қамтамасыз етiледi.
3. Қазақстан Республикасында қылмыстық iстер бойынша әдiл сотты:
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты;
облыстық және оларға теңестiрiлген соттар;
аудандық (қалалық) және оларға теңестiрiлген соттар;
әскери соттар жүзеге асырады.
58-бап. Соттың құрамы
1. Бiрiншi сатыдағы соттарда қылмыстық iстердi қарауды судья жеке өзi немесе үш судьядан тұратын алқа жүзеге асырады. Әдiл сотты алқадан тұратын сот жүзеге асырған кезде олардың бiрi төрағалық етушi болып табылады.
2. Жаза шарасы ретiнде өлiм жазасы қолданылуы мүмкiн болатын қылмыс жасаған адамдарды айыптау жөніндегі қылмыстық iстi қарауды бiрiншi сатыдағы сот - үш судья құрамында, ал айыпталушының өтiніші болған кезде екi судья және тоғыз алқаби құрамында жүзеге асырады. Басқа iстердi бiрiншi сатыдағы соттың судьялары жеке-дара қарайды.
3. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 11 шiлдедегi № 238-II Заңымен алынып тасталды.
4. Қылмыстық iстердi аппеляциялық тәртiппен, қадағалау тәртібімен, жаңадан ашылған жағдайлар бойынша қарауды және сот шешiмдерiн қайта қарауды кемiнде үш судья құрамындағы сот жүзеге асырады.
5. Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 мамырдағы № 47-II Заңымен алынып тасталды.
58-бап Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 11 шiлдедегi № 238-II, 2006 жылғы 16 қантардағы № 122-ІІІ Заңдарымен енгiзiлген өзгерістермен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
59-бап. Соттың өкiлеттiгi
1. Сот билiгiнiң иесi ретіндегі соттың өкiлеттiгi заңмен айқындалады.
2. Тек соттың ғана:
1) адамды қылмыстың жасалуына айыпты деп тануға және оған жаза тағайындауға;
2) адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын не мәжбүрлеп тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдануға;
3) төмен тұрған сот қабылдаған шешiмнiң күшiн тоқтатуға немесе оны өзгертуге құқығы бар.
3. Қылмыстық процестiң сотқа дейiнгi сатыларында сот осы Кодексте көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша қылмыстық iзге түсу органының шешiмдерiне жасалған шағымдарды қарайды.
4. Егер сотта iстiң қаралуы кезiнде қылмыс жасауға ықпал еткен жағдайлар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы, сондай-ақ анықтау, алдын ала тергеу барысында немесе iстi төменгi тұрған соттың қарауы кезiнде жол берiлген басқа да заң бұзушылықтар анықталатын болса, сот тиiстi ұйымдардың, лауазымды адамдардың немесе басқару функцияларын орындайтын адамдардың назарын қажеттi шаралар қабылдауды талап ететiн заңды бұзудың аталған жағдаяттары мен фактілеріне аударатын жеке қаулы шығаруы мүмкiн. Егер анықталған құқық бұзушылық заңға сәйкес әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соқтыратын болса, онда сот қылмыстық iс бойынша шешiм шығарумен бiрге Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексiне сәйкес, өзiне қатысты осы iс бойынша айыптау үкімі шығарылған адамдарды қоспағанда, бұл құқық бұзушылыққа кiнәлi жеке және заңды тұлғаларға әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
5. Сот мұны қажет деп тапса, басқа да жағдайларда жеке қаулы шығаруға, сондай-ақ осы Кодексте көзделген жағдайларда әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
60-бап. Судья
1. Өз құзыретi шегiнде iстi жеке-дара қарайтын, соттың отырысын дайындау не оның үкімінiң немесе басқа шешiмiнiң атқарылуын қамтамасыз ету жөнiнде өкiм жасау қызметiн жүзеге асыратын, осы Кодекстiң 59-бабының үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген өтiнiштер мен шағымдарды шешетiн судьяға соттың өкiлеттiгi тиесiлi болады.
2. Iстi судьялар алқасының құрамында қарайтын судья iстi қарауға байланысты туындайтын барлық мәселелердi шешу кезiнде төрағалық етушiмен және басқа да судьялармен тең құқықтарды пайдаланады.
61-бап. Iс бойынша төрағалық етушi
1. Судьялар алқасының құрамында қылмыстық iстi қараған кезде соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы не оған заңмен көзделген тәртiппен уәкiлеттiк берiлген судьялардың бiреуi төрағалық етедi. Iстi жеке дара қараған судья iс бойынша төрағалық етушi болып саналады.
2. Төрағалық етушi сот отырысының барысында басшылық етедi, қылмыстық iстiң әдiл қаралуын және осы Кодекстiң басқа да талаптарының сақталуын, сондай-ақ сот отырысына қатысушы барлық адамдардың өздерiн тиiсiнше ұстауын қамтамасыз ету үшiн барлық шараларды қолданады.
3. Сот отырысына төрағалық етушiнiң өкiмдерi процеске қатысушылардың барлығы және сот залындағы өзге де адамдар үшiн мiндеттi.
8-тарау
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІЗГЕ ТҮСУ ФУНКЦИЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН
МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАР
62-бап. Прокурор
1. Прокурор - өз құзыретi шегiнде жедел iздестiру қызметiнiң, анықтаудың, тергеудiң және сот шешiмдерiнiң заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық процестiң барлық сатыларында қылмыстық iзге түсудi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын лауазымды тұлға: Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Бас әскери прокурор, облыстардың прокурорлары және соларға теңестiрiлген прокурорлар, аудандық, қалалық прокурорлар, әскери прокурорлар, көлiк прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорлар, олардың орынбасарлары мен көмекшiлерi, прокуратуралардың қадағалау саласы жөніндегі прокурорлары, аға прокурорлары және прокуратура басқармалары мен бөлiмдерiнiң прокурорлары. Соттың қылмыстық iстi қарауына қатысушы прокурор айыптауды қолдау жолымен мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi және мемлекеттік айыптаушы болып табылады.
2. Прокурор айыпталушыға немесе оның iс-әрекетi үшiн мүлiктiк жауаптылықта болатын тұлғаға:
1) өзiнiң дәрменсiз күйiне, айыпталушыға тәуелдi болуына немесе өзге де себептер бойынша талап қою және оны қорғау құқығын өз бетiнше пайдалануға қабiлетi жоқ жәбiрленушiнiң;
2) мемлекеттiң мүдделерiн қорғап талап қоюға құқылы.
3. Прокурордың сотқа дейiнгi iс жүргiзу және iстi соттың қарауы кезіндегі өкiлеттiгi осы Кодекстiң 190, 192 /алтыншы және жетiншi бөлiктерiне/, 197, 259, 317, 396 /үшiншi бөлiгiне/, 458, 460-баптарына сәйкес анықталады.
4. Прокурор өзiнiң iс жүргiзушiлiк өкiлеттiгiн жүзеге асыруы кезiнде тәуелсiз болады және заңға ғана бағынады.
5. Бас Прокурор өз құзыретi шегiнде осы Кодекс нормаларының қолданылу мәселелерi бойынша анықтау және тергеу органдарының орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды.
Анықтауды және тергеудi жүзеге асыратын органдардың нормативтiк құқықтық актілері олардың құзыретi шегiнде, Бас Прокурормен келісіле отырып, қабылданады.
62-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 9 тамыздағы № 346-II Заңымен енгiзiлген толықтырумен.
63-бап. Тергеу бөлiмiнiң бастығы
1. Тергеу бөлiмiнiң бастығы - алдын ала тергеудi жүзеге асыратын органның тергеу бөлiмшесiнiң бастығы мен өз құзыретi шегiнде iс-әрекет жасайтын оның орынбасарлары.
2. Тергеу бөлiмiнiң бастығы тергеу iсiн жүргiзудi тергеушiге тапсырады, тергеушiлердiң жүргiзуіндегі қылмыстық iстер бойынша олардың дер кезiнде iс-әрекет жасауына, тергеушiлердiң алдын ала тергеу және күзетпен ұстау мерзiмдерiн сақтауына, прокурор нұсқауларының, осы Кодексте белгiленген жағдайларда басқа да тергеушiлер тапсырмаларының орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады; iстер бойынша нұсқаулар бередi; алдын ала тергеу жүргiзудi бiрнеше тергеушiге тапсырады; заңда көзделген жағдайларда тергеушiнi iс бойынша iс жүргiзуден шеттетедi; өз құзыретi шегiнде өзiне бағынысты алдын ала тергеудi жүзеге асырушы органның бiр тергеу бөлiмшесiнен қылмыстық iстi алады және алдын ала тергеудi жүзеге асырушы сол не өзге де өзiне бағынысты органның басқа тергеу бөлiмшесiне бередi; аяқталған қылмыстық iстердi прокурорға жолдайды. Тергеу бөлiмiнiң бастығы қылмыстық iс қозғауға, қылмыстық iстi өзiнiң iс жүргiзуiне алуға және бұл орайда тергеушiнiң өкiлеттiгiн пайдалана отырып, жеке-дара алдын ала тергеу жүргiзуге құқылы.
3. Тергеу бөлiмi бастығының қылмыстық iс бойынша нұсқауы тергеушiнiң дербестiгiн, осы Кодекстiң 64-бабында белгiленген оның құқықтарын шектей алмайды. Нұсқау жазбаша нысанда берiледi және атқарылуы мiндеттi, бiрақ ол жөнiнде прокурорға шағымдануға болады. Тергеушiнiң тергеу бөлiмi бастығының iс-әрекетi жөнiнде прокурорға шағымдануы, қылмыстың сипаттамасы мен айыптаудың көлемi, айыпталушыны сотқа беру үшiн iстi прокурорға жолдау туралы немесе қылмыстық iстi қысқарту туралы нұсқауларды қоспағанда, олардың атқарылуын кiдiртпейдi.
64-бап. Тергеушi
1. Тергеушi - өз құзыретi шегiнде қылмыстық iс бойынша алдын ала тергеудi жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам: iшкi iстер органдарының тергеушiсi, ұлттық қауiпсiздiк органдарының тергеушiсi және қаржы полициясы органдарының тергеушiсi.
2. Тергеушi қылмыстық iс қозғауға, ол бойынша алдын ала тергеу жүргiзуге және осы Кодексте көзделген барлық тергеу қызметiн орындауға құқылы.
3. Тергеушi iстiң жағдайын жан-жақты, толық және объективтi зерттеуге барлық шараларды қолдануға, оның қылмыс жасағандығын көрсететiн жеткiлiктi дәлелдер жиналған адамдарға қатысты айыпталушы ретiнде тарту, айып тағу, осы Кодекске сәйкес оған жолын кесу шарасын таңдап алу, айыптау қорытындысын жасау жолымен қылмыстық iзге түсудi жүзеге асыруға мiндеттi.
4. Тергеушi алдын ала тергелуi мiндеттi iстер бойынша анықтау органдарының осы Кодекстiң 200-бабында көзделген кезек күттiрмейтiн тергеу әрекеттерiн орындауын күтпей-ақ iстi кез келген сәтте iс жүргiзуге қабылдауға және оны тергеуге кiрiсуге құқылы.
5. Тергеушi, заңда прокурордың санкциясын немесе соттың шешiмiн алу көзделген жағдайларды қоспағанда, тергеудiң бағыты мен тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу туралы барлық шешiмдi дербес қабылдайды және олардың заңды және уақтылы атқарылуы үшiн толық жауапты болады. Тергеушiнiң қызметiне заңсыз араласу қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады.
6. Тергеушi тергеудегi iс бойынша прокурордың нұсқауларымен келiспеген жағдайда ол жөнiнде жоғары тұрған прокурорға шағымдануға құқылы.
7. Тергеушi өз тергеуіндегі iстер бойынша анықтау органдарының тергелiп жатқан iске қатысты жедел iздестiру материалдарымен танысуға, осы Кодексте белгiленген тәртiппен осы iске қосу үшiн оларды сұратып алуға, анықтау органдарына жазбаша, атқару үшiн мiндеттi iздестiру және тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу туралы тапсырмалар мен нұсқаулар беруге және олардан тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзуге жәрдемдесудi талап етуге құқығы бар.
64-бап Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 наурыздағы № 163-II Заңымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырумен.
65-бап. Анықтау органы
1. Қылмыстың сипатына қарай анықтау органдарына:
1) заңмен белгiленген құзыретiне сәйкес қылмыстың белгiлерi мен оларды жасаған адамдарды табу, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында қажеттi қылмыстық iс жүргiзу және жедел iздестiру шараларын қолдану;
2) алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi iстер бойынша осы Кодекстiң 200-бабында көзделген тәртiппен қылмыстық-iс жүргiзу және жедел iздестiру әрекеттерiн орындау;
3) осы Кодекстiң 37-тарауында көзделген тәртiппен алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi емес iстер бойынша анықтау;
4) осы Кодекстiң 288-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда алдын ала тергеу жүргiзу жүктеледi.
2. Мыналар анықтау органдары болып табылады:
1) iшкi iстер органдары;
2) ұлттық қауiпсiздiк органдары;
3) қылмыстық жазаларды орындау және қамауда ұстау тәртібімен байланысты қылмыстар туралы iстер бойынша - әдiлет органдары;
4) қаржы полициясы органдары;
5) контрабанда және кеден төлемдерiн төлеуден жалтару туралы iстер бойынша - кеден органдары;
6) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында шақыру немесе келісім-шарт бойынша әскери қызметiн атқарып жүрген әскери қызметшiлер; әскери жиындарды өткеру кезiнде запастағы азаматтар; әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық қызметкерлерi олардың қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты немесе осы бөлiмдердiң, құрамалардың және мекемелердiң орналасқан жерiнде жасаған барлық қылмыстары туралы iстер бойынша - әскери полиция органдары;
7) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы заңдарды бұзу туралы iстер бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континентальдық шельфiнде жасалған қылмыстар туралы iстер бойынша - шекара бөлiмдерiнiң командирлерi;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында шақыру немесе келісім-шарт бойынша әскери қызметiн атқарып жүрген өздерiне бағынысты әскери қызметшiлер, сондай-ақ олар әскери жиындар өткеру кезiнде запастағы азаматтар жасаған барлық қылмыстар туралы iстер бойынша; әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық қызметкерлерi олардың өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты немесе осы бөлiмдердiң, құрамалардың және мекемелердiң орналасқан жерiнде жасаған қылмыстары туралы iстер бойынша - әскери полиция органы болмаған жағдайда әскери бөлiмдердiң, құрамалардың командирлерi, әскери мекемелер мен гарнизондардың бастықтары;
9) өздерiнiң қызметкерлерi болған елдерiнде жасаған қылмыстар туралы iстер бойынша - Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкiлдiктерiнiң, консулдық мекемелерiнiң және өкiлеттi өкiлдiктерiнiң басшылары;