4) науқастануына байланысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданып немесе қолданбай жазадан босату (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 73-бабы) туралы;
5) шартты түрде соттауды жою немесе сынақ мерзiмiн ұзарту (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 64-бабы) туралы;
5-1) бас бостандығын шектеуге сотталған адам үшiн бұрын белгiленген мiндеттердiң толық немесе iшiнара күшiн жою туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 45-бабы);
6) соттың айыптау үкімінiң ескіру мерзiмiнiң өтiп кетуiне байланысты жазаны өтеуден босату (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 75-бабы) туралы;
7) басқа да орындалмаған үкiмдер болған кезде, егер бұл уақыт бойынша соңғы үкiмде шешiлмесе, үкiмдi орындау (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 60-бабы) туралы;
8) қамауда ұсталған мерзiмiн, сондай-ақ емдеу мекемесiнде болған уақытын есепке алу (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 62,94,95-баптары) туралы;
9) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды ұзарту, өзгерту немесе тоқтату (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 94, 95-баптары) туралы;
10) керi күшi бар қылмыстық заңның, сондай-ақ рақымшылық жасау актiсiнiң шығуы себептi жазадан босату немесе жазаны жеңiлдету (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 5-бабы) туралы;
11) қылмыстық-атқару заңдарына сәйкес түзеу жұмыстарына сотталушының жалақысынан ұстау мөлшерiн төмендету туралы;
12) үкiмдi орындау кезiнде туындаған қандай да болсын күмән мен түсiнiксiздiктi ұғындыру туралы;
13) сотталған адамның қайтыс болуына байланысты iс жүргiзудi қысқарту туралы.
453-бап Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 мамырдағы № 47-ІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 желтоқсандағы N 363-ІІ Заңымен енгiзiлген толықтыру және өзгерiспен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 10-ІІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен.
454-бап. Үкiмдi орындаумен байланысты мәселелердi шешетiн соттар
1. Осы Кодекстiң 452-бабына сәйкес үкiмдi орындауды кейiнге қалдыру туралы, жазаның бiр түрiн екiншiсiне ауыстыру (осы Кодекстiң 453-бабының 1-тармағы) туралы, айыптау үкімінiң ескіру мерзiмiнiң өтiп кетуiне байланысты жазадан босату (осы Кодекстiң 453-бабының 6-тармағы) туралы, басқа да атқарылмаған үкiмдер болған кезде үкiмдi атқару (осы Кодекстiң 453-бабының 7-тармағы) туралы, оның материалдық жағдайы нашарлаған жағдайда түзеу жұмыстарына сотталушының жалақысынан ұстау мөлшерiн төмендету (осы Кодекстiң 453-бабының 11-тармағы) туралы мәселелердi, сондай-ақ үкiмнiң орындалу кезiнде туындаған күмән мен түсiнбеушiлiктi (осы Кодекстiң 453-бабының 12-тармағы) үкiмдi шығарған сот шешедi.
2. Егер үкiм үкiмдi шығарған соттың қызмет ету ауданынан тыс жерде орындалған болса, бұл мәселелердi атаулас сот, үкiмнiң орындалу ауданында атаулас сот болмаған жағдайда жоғары тұрған сот шешедi. Бұл жағдайда сот қаулысының көшiрмесi үкiм шығарған сотқа жiберiледi.
3. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамға тағайындалған түзеу мекемесiнiң түрiн өзгерту (осы Кодекстiң 453-бабының 2-тармағы) туралы, жазадан мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстыру (осы Кодекстiң 453-бабының 3-тармағы) туралы, науқасына байланысты жазадан босату туралы (осы Кодекстiң 453-бабының 4-тармағы), алдын ала қамауда немесе емдеу мекемесiнде болған уақытын есепке алу (осы Кодекстiң 453-бабының 8-тармағы) туралы, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды ұзарту, өзгерту немесе қысқарту туралы (осы Кодекстiң 453-бабының 9-тармағы), сондай-ақ керi күшi бар заңның шығуы себептi жазадан босату немесе жазаны жеңiлдету (осы Кодекстiң 453-бабының 10-тармағы) туралы мәселелердi сотталушының жазаны өтеу орны бойынша сот шешедi.
4. Мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату (осы Кодекстiң 453-бабының 3-тармағы) туралы, шартты түрде соттауды жою туралы және осы Кодекстiң 453-бабының 1-1 және 5-тармақтарында көзделген басқа да мәселелердi сотталушының тұрғылықты жерi бойынша сот шешедi.
454-бап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 10-ІІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
455-бап. Үкiмдi орындаумен байланысты мәселелердi шешудiң тәртібі
1. Осы Кодекстiң 453-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда жазаны өтеуден босату кезiнде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды үш судья құрамындағы сот шешедi. Жазаны орындаумен байланысты барлық басқа мәселелердi сот отырысында судья жеке дара шешедi.
2. Үкiмдi орындаумен байланысты мәселелердi жазаны орындайтын органның ұсынуы бойынша сот қарайды, не кәмелетке толмаған адамның түзелуiн қамтамасыз етушi мамандандырылған мемлекеттік органның ұсынуы бойынша сот шешедi. Сот отырысына өздерiнiң ұсынуы бойынша iс қаралатын органдар мен ұйымдардың өкiлдерi шақырылады.
3. Осы Кодекстiң 452-бабында, 453-бабының 4, 6, 7, 10, 11 және 12-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда, соттың мәселенi қарауына сотталушының өтiнiшi негiз болуы мүмкiн.
4. Осы Кодекстiң 453-бабының 1, 2, 3, 5, 6, 7, 10 және 11-тармақтарында көзделген жағдайларда сот отырысына өзiне қатысты iс қаралатын сотталушының қатысуы мiндеттi. Сотталушы сотқа ұсынылған материалдармен танысуға, оларды қарауға қатысуға, өтiнiшiн мәлiмдеуге немесе бас тартуға, түсiнiктер беруге, дәлелдемелер ұсынуға құқылы.
5. Сотталушы өзiнiң құқықтарын қорғаушының көмегiмен жүзеге асыра алады. Сот кәмелетке толмағандарға қатысты, сондай-ақ өздерiнiң құқығын қорғауды өз бетiнше жүзеге асыру мүмкiндiгiнен айыратын дене және психикалық кемiстiктерден зардап шегушiлерге, сонымен бiрге iс бойынша iс жүргiзiлетiн тiлдi бiлмейтiн адамдарға да үкiмдi орындауға байланысты мәселелердi сот қараған кезде қорғаушының қатысуы мiндеттi.
6. Науқастануына байланысты сотталушыны босату туралы не оны емдеу мекемесiне орналастыру туралы мәселенi қараған кезде қорытынды берген дәрiгерлер комиссиясы өкiлiнiң қатысуы мiндеттi.
7. Егер мәселе үкiмдi орындаудың азаматтық талап бөлiгiне қатысты болса, сот отырысына сондай-ақ азаматтық талапкер немесе оның өкiлi шақырылады. Аталған адамдардың келмеуi iстi қарауға кедергi болмайды.
8. Сот мәжілісiне прокурор қатысып отырады.
9. Iстi қарау ұсынуы бойынша iс қаралып отырған органның өкiлiнiң баяндамасымен не өтiнiш иесiнiң түсiнiк беруiмен басталады. Бұдан соң ұсынылған материалдар зерттеледi, сот отырысына келген адамдардың түсiнiктерi, прокурордың пiкiрi тыңдалады, бұдан соң судья қаулы шығарады.
456-бап. Соттылықты алып тастау туралы өтiнiштi қарау
1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 77-бабына сәйкес соттылығын алып тастау туралы мәселенi жазасын өтеген адамның өтiнiшi бойынша тұрғылықты жеріндегі сот шешедi.
2. Сот отырысына өзiне қатысты соттылықты алып тастау туралы өтiнiшi қаралатын адамның қатысуы мiндеттi.
3. Қарау өтiнiш бiлдiрген адамның түсiнiгiн тыңдаумен басталады, бұдан соң ұсынылған материалдар зерттеледi және шақырылған адамдардың сөзi тыңдалады.
4. Соттылықты алып тастаудан бас тартылған жағдайда бұл туралы сот алдында қайталап өтiнiш беру бас тарту туралы қаулы шығарылған күннен бастап бiр жылдан ерте қозғалмайды.
457-бап. Судьяның қаулысына шағым жасау және наразылық бiлдiру
Үкiмдi орындауға байланысты мәселелердi шешу кезiнде шығарылған сот қаулыларына осы Кодекстiң 47-тарауында белгiленген ережелер бойынша апелляциялық тәртiпте шағым жасалуы және наразылық келтiрiлуi мүмкiн.
457-бап Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 11 шiлдедегi № 238-II Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
10-бөлiм
СОТТЫҢ ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНГЕН ШЕШІМДЕРІН
ҚАЙТА ҚАРАУ ЖӨНІНДЕ ІС ЖҮРГІЗУ
50-тарау
ҚАДАFАЛАУ САТЫСЫНДАFЫ ІС ЖҮРГІЗУ
458-бап. Сот қадағалауы тәртібімен қайта қаралуы мүмкiн сот актілері
1. Заңды күшiне енгеннен кейiн:
1) бiрiншi сатыдағы соттардың үкiмдерi мен қаулылары;
2) апелляциялық және қадағалау қаулылары сот қадағалауы тәртібімен қайта қаралуы мүмкiн.
2. Мемлекеттік және жеке айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты соттардың осы Кодекстiң 109, 110, 111-баптарында көзделген мәселелер бойынша iстердi қосымша тергеу немесе жаңа сот қарауына жiберу туралы шығарған, заңды күшiне енген қаулылары сот қадағалауы тәртібімен қайта қарауға жатпайды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау сатысында ауыр емес қылмыстар туралы заңды күшiне енген үкiмдерi сот қадағалауы тәртібімен қайта қарауға жатпайды.
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасының қаулылары қабылданған қаулы адамдардың өмiрi, денсаулығы не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауiпсiздiгi үшiн орны толмас ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкiн екенi туралы деректердiң анықталуына байланысты ерекше жағдайларда қайта қаралуы мүмкiн.
458-бап Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 111-ІІІ Заңының редакциясында.
459-бап. Заңды күшiне енген сот үкiмдерi мен қаулыларын қайта қарау негiздерi
1. Iстi тергеу немесе сотта қарау кезiнде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол берiлуi не заңды дұрыс қолданбаудан:
1) кiнәсiздi соттауға;
2) орташа ауыр қылмыс, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған адамға қатысты ақтау үкімін негiзсiз шығаруға немесе iстi негiзсiз қысқартуға;
3) жәбiрленушiнi сот арқылы қорғалу құқығынан айыруға;
4) сот тағайындаған жазаның қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның жеке басына сай келмеуiне әкеп соғуы заңды күшiне енген үкiмдер мен қаулыларды қайта қарауға негiз болып табылады.
2. Заңды күшiне енген сот актілері, егер:
1) сот актiсi мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделердi, мемлекет қауiпсiздiгiн қозғаса не адамдардың өмiрi, денсаулығы үшiн орны толмас ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкiн болса;
2) адам өлiм жазасына сотталған үкiм апелляциялық қарау нысанасы болмаса, қайта қаралады.
3. Өлiм жазасы туралы заңды күшiне енген үкiмдер де өлiм жазасын орындауға мораторийдiң күшi жойылғаннан кейiн қайта қаралуы мүмкiн.
459-бап Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 111-ІІІ Заңының редакциясында.
460-бап. Заңды күшiне енген сот үкiмдерi мен қаулыларына шағым жасауға,
наразылық бiлдiруге құқығы бар адамдар
1. Заңды күшiне енген үкiмдер мен қаулыларға iстердi қадағалау тәртібімен қайта қарауға өкiлеттi сотқа тiкелей апелляциялық шағым беруге құқығы бар процеске қатысушылар шағым жасауы мүмкiн.
2. Заңды күшiне енген үкiмдер мен қаулыларға:
1) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры - облыстық және оған теңестiрiлген соттың қадағалау алқасына және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасына;
2) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарлары - облыстық және оған теңестiрiлген соттың қадағалау алқасына;
3) облыс прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорлар - облыстық және оған теңестiрiлген соттың қадағалау алқасына наразылық келтiруге құқылы.
3. Наразылық осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдардың өз бастамасы бойынша да, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген процеске қатысушылардың өтiнiшi бойынша да бiлдiрiлуi мүмкiн.
3-1. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 111-ІІІ Заңымен алынып тасталды.
4. Шағымды, наразылықты iс қадағалау сатысында қаралғанға дейiн оны берген адам керi қайтарып алуы, наразылықты сондай-ақ жоғары тұрған прокурор керi қайтарып алуы мүмкiн.
5. Осы Кодекстiң 463-465-баптарында көзделген ережелер прокурордың наразылықтарына қолданылмайды және тiкелей қадағалау сатысында қаралады.
Бұл ретте қадағалау алқасы осы Кодекстiң 459-бабында көзделген қадағалау тәртібімен iстi қайта қарау негiздерiнiң бар-жоғы туралы мәселенi шешедi, содан кейiн прокурор наразылығын мәнi бойынша қарайды. Аталған негiздер болмаған кезде қадағалау алқасы iстi сот қадағалауы тәртібімен қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
460-бап Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 11 шiлдедегi № 238-II Заңымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 111-ІІІ Заңдарымен енгiзiлген өзгерістермен.
461-бап. Заңды күшiне енген сот шешiмдерiне шағымдану мерзiмдерi
1. Сотталушының кiнәсiздiгi себептерi бойынша, сондай-ақ неғұрлым жеңiл қылмыс туралы заңды қолдану қажеттiгiне, жазаның қатаңдығына байланысты немесе сотталушының жағдайын жақсартатын өзге де негiздер бойынша айыптау үкімін қадағалау тәртібімен қайта қарау мерзiммен шектелмейдi.
2. Неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану қажеттiгi, жазаның жұмсақтығы себептерi бойынша немесе сотталушының жағдайын нашарлататын өзге де негiздер бойынша iстi қысқарту туралы соттың қаулысына, айыптау үкіміне, сондай-ақ ақтау үкіміне не iстi қысқарту туралы соттың қаулысына шағым жасауға, наразылық бiлдiруге олар заңды күшiне енгеннен кейiн алты ай iшiнде жол берiледi.
461-бап Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 мамырдағы № 47-II Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
462-бап. Заңды күшiне енген сот шешiмдерiне қадағалау шағымын, наразылығын берудiң тәртібі
1. Қадағалау шағымы, наразылығы оларды қайта қарауды жүзеге асыруға өкiлеттi сотқа жазбаша түрде берiледi. Шағымда, наразылықта iс жүргiзу кезiнде осы Кодекстiң 459-бабында аталған қандай жолсыздықтарға орын берiлгенi және осы жолсыздықтардың шығарылған сот шешiмдерiнде қалай көрiнiс тапқаны көрсетiлуi тиiс.
2. Шағымға, наразылыққа шағым жасалып отырған сот шешiмдерiнiң көшiрмелерi және шағымның, наразылықтың дәлелдерiнiң негiздiлiгiн қуаттайтын өзге де материалдар қоса берiлуi тиiс.
3. Егер шағым, наразылық қадағалау тәртібімен iстi қайта қарауға өкiлеттiгi жоқ сотқа келiп түссе, ол оны осы шағым, қарсылық қаралуға жататын сотқа беруге тиiс.
4. Заңды күшiне енген сот шешiмдерiне шағым берiлуi, наразылық келтiрiлуi олардың орындалуын кiдiртпейдi, бұған осы Кодекстiң 466-бабында көзделген жағдайлар кiрмейдi.
462-1-бап. Қадағалау шағымын немесе прокурор наразылығын қайтару
Қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы мынадай негiздер бойынша:
1) қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы осы Кодекстiң 462-бабының талаптарына сай келмесе;
2) заңды күшiне енген осы сот актiсiне қадағалау шағымын немесе прокурор наразылығын осы Кодекстiң 460-бабына сәйкес шағым жасауға құқығы жоқ адамдар берсе;
3) қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы осы Кодекстiң 461-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн берiлсе;
4) қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы оларды мәнi бойынша қарағанға дейiн керi қайтарып алынса;
5) қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы қадағалау сатысына осы Кодекстiң 291, 292-баптарында белгiленген соттылық тәртібін бұза отырып берiлсе;
6) қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы осы Кодекстiң 458-бабына сәйкес сот қадағалауы тәртібімен қайта қарауға жатпайтын сот актілеріне берiлсе, олар берген адамдарға қайтарылуға тиiс.
Қадағалау шағымын немесе прокурор наразылығын қайтаруға негiз болған кемшiлiктер жойылған жағдайда оларды жалпы негiзде қайта беруге болады.
462-1-бап Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 111-ІІІ Заңымен енгiзiлді.
463-бап. Қадағалау шағымын алдын ала қарау
1. Сот актiсiн қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы қадағалау шағымы облыстық және оған теңестiрiлген сот төрағасының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының тапсырмасы бойынша тиiстi қадағалау алқасының үш судьясынан құралған сотта алдын ала зерделенедi және қаралады. Қажет болған жағдайда қылмыстық iс сұратылуы мүмкiн.
2. Қадағалау шағымы келiп түскен күннен бастап бiр айдың iшiнде, ал iс сұратылған жағдайда - iс келiп түскен күннен бастап бiр айдың iшiнде қаралады.
3. Қадағалау шағымының алдын ала қаралатын күнi туралы шағым берген адамға хабарланады, алайда оның келмеуi iс бойынша сот қадағалауы тәртібімен iс жүргiзудi қозғау негiзi бар немесе жоқ екендiгi туралы мәселенi шешуге кедергi болмайды.
463-бап Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 111-ІІІ Заңының редакциясында.
464-бап. Қадағалау шағымын алдын ала қараудың нәтижелерi бойынша қабылданатын қаулылар
1. Сот қадағалау шағымын алдын ала қараудың нәтижелерi бойынша:
1) шағым берiлген сот актiсiн қайта қарау бойынша қадағалау iс жүргiзуiн қозғау және қадағалау шағымын қылмыстық iстi сұрата отырып қадағалау сатысында қарау туралы;
2) шағым берiлген сот актiсiн қайта қарау бойынша қадағалау iс
жүргiзуiн қозғаудан бас тарту туралы;
3) қадағалау шағымын қайтару туралы қаулы шығарады.
2. Соттың қадағалау шағымын алдын ала қарау нәтижелерi бойынша шығарған қаулысында:
1) қаулының шығарылған күнi мен орны;
2) қадағалау шағымын қараған және қаулы шығарған тиiстi сот судьяларының тегi мен аты-жөнi;
3) дау туғызған сот актiсiн көрсете отырып қаулы шығарылған iс;
4) қадағалау шағымын берген адам;
5) қадағалау шағымында келтiрiлген дәлелдер;
6) шағым берiлген сот актiсiн қайта қарау бойынша қадағалау iс жүргiзуiн қозғаудың немесе одан бас тартудың не қадағалау шағымын оларды берген адамдарға қайтарудың негiздерi;
7) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген шешiмдердiң бiрi көрсетiлуге тиiс.
3. Қадағалау шағымын алдын ала қараудың нәтижелерi бойынша шығарылған қаулының көшiрмесi қадағалау шағымын берген адамға жiберiледi.
464-бап Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 111-ІІІ Заңының редакциясында.
465-бап. Қадағалау сатысының сот отырысын тағайындау
1. Қадағалау сатысы шағым берiлген сот актiсiн қайта қарау бойынша қадағалау iс жүргiзуiн қозғау туралы соттың қаулысын алғаннан кейiн тараптарға қадағалау шағымының көшiрмесiн, сот отырысын өткізу күнiн, уақытын, орнын көрсете отырып, iстiң қадағалау сатысында қаралуы туралы хабарлама жiбередi.
2. Қадағалау сатысындағы iс қадағалау iс жүргiзуiн қозғау туралы қаулымен бiрге iс қадағалау сатысына берiлген не прокурор наразылығы келiп түскен күннен бастап бiр айдың iшiнде қаралуға тиiс.
465-бап Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 111-ІІІ Заңының редакциясында.
466-бап. Сот үкімінiң, қаулысының орындалуын тоқтата тұру
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Бас Прокуроры iстi сұратып алумен бiр мезгiлде сот үкімінiң, қаулысының орындалуын қадағалау тәртібімен тексеру үшiн үш айдан аспайтын мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.
466-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 9 тамыздағы № 346-II Заңының редакциясында; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 111-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
467-бап. Iстi қадағалау сатысында қараудың тәртібі, қадағалау сатысы сотының шешiмдерi
1. Қадағалау сатысының сот отырысы төрағалық етушiнiң қандай сот шешiмi және кiмнiң шағымы (наразылығы) бойынша қайта қаралып жатқаны, сот құрамына кiмдердiң енетiнi және сот отырысы залында iс жүргiзуге қатысушылардың қайсысы келiп отырғаны туралы хабарламасымен ашылады. Iстi қараудың уақыты және орны туралы тиiсiнше хабардар етiлген шағым (наразылық) берген адамның болмауы сот отырысын жалғастыру мүмкiндiгiн терiске шығармайды. Прокурордың қадағалау сатысының сот отырысына қатысуы мiндеттi.
2. Мәлiмделген наразылықтар мен өтiнiштер шешiлгеннен кейiн сот тыңдауды жалғастыру туралы не оны кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдайды. Сот iстi тыңдауды жалғастыру туралы шешiм қабылдаған кезде төрағалық етушi қадағалау шағымын (наразылығын) берген процеске қатысушыға сөз бередi. Егер мұндай қатысушылар бiрнешеу болса, онда олар өздерi ұсынған сөз сөйлеу кезектілігiн соттың назарына салады. Егер олар өзара келісімге келе алмаса, онда сөз сөйлеу кезегiн сот белгiлейдi.
3. Шағым (наразылық) берушi адам, өз пiкiрi бойынша, шағым жасап отырған шешiмнiң заңсыз, негiзсiз, әдiлетсiз болып табылатыны туралы дәйектерi мен дәлелдемелерiн айтып бередi. Онан соң төрағалық етушi процестiң өзге қатысушыларына сөз бередi.
4. Егер шағымды қорғанушы тарап берген болса, онда алғашқы сөздi оның өкiлдерi болып табылатын процеске қатысушылар алады. Олардың сөз сөйлеу тәртібі өздерiнiң қол жеткiзген уағдаластыққа сәйкес ондай уағдаластық болмаған жағдайда соттың шешiмiмен белгiленедi.
5. Егер шағымды (наразылықты) айыптаушы тарап берген болса, онда оның өкiлдерi бiрiншi болып сөз алады, онан кейiн төрағалық етушi сөздi процестiң басқа қатысушыларына бередi.
6. Iстi қадағалау тәртібімен қараудың нәтижесiнде сот осы Кодекстiң 370 және 373-баптарының талаптарын сақтай отырып кеңесу бөлмесiнде мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) шағымды (наразылықты) қанағаттандырусыз қалдырады не iстi сот қадағалауы тәртібімен қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады;
2) апелляциялық және қадағалау сатыларының үкімі мен қаулысын өзгертедi;
3) үкiмнiң және барлық бұдан кейiнгi шешiмдердiң күшiн жояды және iстi жаңадан сот қарауына жiбередi;
4) үкiмнiң және кейiнгi барлық қаулылардың күшiн жояды және iстi қысқартады;
5) соттың үкімін өзгертiп немесе оны өзгерiссiз қалдыра отырып апелляциялық және қадағалау тәртібімен шығарылған қаулылардың күшiн жояды;
6) апелляциялық сатыдағы соттың үкімі мен қаулысын өзгерiссiз қалдыра отырып қадағалау сатысы шешiмдерiнiң күшiн жояды.
7. Iстi қадағалау тәртібімен қарау кезiнде үкiмнiң күшiн жоюға немесе оны өзгертуге осы Кодекстiң 412-бабында көрсетiлген мән-жайлар негiз болып табылады.
8. Бiрiншi, апелляциялық және қадағалау сатыларындағы соттардың қаулылары, егер осы қаулымен бiрiншi сатыдағы сот заңсыз және негiзсiз шешiм қабылдаған не алдыңғы қаулыларды немесе iс бойынша үкiмнiң жоғарыда тұрған сот заңсыз және негiзсiз күшiн жойған немесе өзгерткен деп танылса, не егер iстi жоғары тұрған сотта қаралуы кезiнде қабылданатын шешiмнiң дұрыстығына әсер еткен немесе әсер етуi мүмкiн болған заңды елеулi бұзуға жол берiлсе, күшi жойылуға немесе өзгертiлуге жатады.
9. Егер қадағалау тәртібімен iстi қарау кезiнде iстi заңсыз қысқартуға немесе сотталушыға жазаны жұмсартуға жол берiлген болса, жоғары тұрған қадағалау сатысы төмен тұрған қадағалау сатысы қаулысының күшiн жоюға және бiрiншi сатыдағы соттың үкімін, апелляциялық қаулысын өзгертiп немесе өзгерiссiз күшiнде қалдыруға құқылы.
10. Iстi қадағалау тәртібімен қарайтын сот сотталғанға тағайындалған жазаны жеңiлдете алады немесе онша ауыр емес қылмыс туралы заңды қолдана алады. Сот сондай-ақ, егер прокурордың наразылығында немесе жәбiрленушi мен оның өкiлiнiң шағымында көрсетiлсе, сотталғанға тағылған айып шегiнен шықпай неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануы не жазаны күшейтуi мүмкiн. Қадағалау сатысындағы соттың сот талқылауының нысанасы болмаған фактiлердi анықтауға немесе дәлелденген деп есептеуге құқығы жоқ.
11. Iс жаңадан қарауға жiберiлген жағдайда қадағалау сатысындағы сот айыптаудың дәлелденгенi немесе дәлелденбегенi туралы, қандай да болмасын дәлелдердiң ақиқаттығы немесе ақиқат еместiгi туралы және бiр дәлелдердiң екiншiлерiнен артықшылығы туралы, бiрiншi сатыдағы соттың қандай да болмасын қылмыстық заңды қолдану туралы және жаза шарасы туралы мәселелердi шешуге, сондай-ақ сот жасауы мүмкiн қорытындыларды шешуге құқылы емес.
12. Iстi қарайтын сот қадағалау шағымдарын берген адамдарға қатысты да, сондай-ақ олардың жағдайларын нашарлатпау шартымен iс бойынша барлық сотталғандарға қатысты да сот үкімінiң заңдылығын, негiздiлiгiн және әдiлдiгiн толық көлемiнде тексередi. Сот жағдайды нашарлататын шешiмдi тек прокурордың наразылығында немесе жәбiрленушi мен оның өкiлiнiң шағымында көрсетiлген сотталғандарға қатысты ғана қабылдауға құқылы. Сот сотталғанның жағдайын оның қадағалау шағымы бойынша нашарлатуға құқылы емес.
467-бап Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 мамырдағы № 47-II Заңымен енгiзiлген толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 11 шiлдедегi № 238-II Заңымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 111-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.