4) мiндеттер қызметтiк тапсырма тәртібімен орындалғаннан басқа жағдайларда сарапшыларға, аудармашыларға, мамандарға олардың анықтау, алдын-ала тергеу процесiнде немесе сотта өз мiндеттерiн орындағаны үшiн төленетiн сыйақыдан;
5) қорғаушының заң көмегiн көрсеткенi үшiн төленетiн сомалардан, сезiктi, айыпталушы немесе сотталушы адам оны төлеуден босатылған не адвокат анықтауға, алдын-ала тергеуге немесе сотқа клиентпен келісім жасамай, тағайындау бойынша қатысқан жағдайда;
6) заттай дәлелдемелердi сақтау мен жөнелтуге жұмсалған сомалардан;
7) сот сараптамасы органдарында сараптама жүргiзуге жұмсалған сомалардан;
8) тергеуден немесе соттан жасырынған айыпталушыны iздестiруге байланысты жұмсалған сомалардан;
9) айыпталушыны тергеушiге немесе сотқа ол дәлелсiз себептермен келмеген жағдайда алып келуге байланысты, сондай-ақ сотталушының дәлелсiз себептермен келмеуiне не оның сотқа мас болып келуiне байланысты сот қарауын басқа уақытқа қалдыруға байланысты жұмсалған сомалардан;
10) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде келтiрiлген өзге шығындардан құралады.
176-бап. Iс жүргiзу шығындарын төлеттiру
1. Iс жүргiзу шығындарын сот сотталушыға жүктеуi мүмкiн немесе олар мемлекет есебiне жатқызылады.
2. Аудармашыға, сондай-ақ осы баптың төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде көзделген жағдайларда қорғаушыға төленген сомаларды қоспағанда, сот сотталушыдан iс жүргiзу шығындарын төлеттiруге құқылы. Iс жүргiзу шығындары жазадан босатылған сотталушыға да жүктелуi мүмкiн.
3. Iске аудармашының қатысуына байланысты iс жүргiзу шығындары мемлекет есебiне жатқызылады. Егер аудармашы өз функцияларын қызметтiк тапсырма тәртібімен орындаған болса, онда оның еңбегiне ақы төлеудi мемлекет аудармашы жұмыс iстейтiн ұйымға өтейдi.
4. Егер сезiктi немесе айыпталушы қорғаушыдан бас тартатынын мәлiмдесе, бiрақ ол қанағаттандырылмай, қорғаушы iске тағайындау бойынша қатысса, онда адвокаттың еңбегiне ақы төлеу жөніндегі шығындар мемлекет есебiне қабылданады.
5. Сотталушы ақталған немесе iс осы Кодекстiң 37-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 1, 2-тармақтарына және 269-бабының екiншi бөлiгiне сәйкес қысқартылған жағдайда iс жүргiзу шығындары мемлекет есебiне жатқызылады. Егер сотталушы iшiнара ғана ақталса, сот оны кiнәлi деп танылған айыппен байланысты iс жүргiзу шығындарын төлеуге мiндеттейдi.
6. Iс жүргiзу шығындары оны төлеуге тиiс адам мүлiктiк жағынан дәрменсiз болған жағдайда мемлекет есебiне жатқызылады. Егер iс жүргiзу шығындарын төлеттiру сотталушының асырауындағы адамдардың материалдық жағдайына айтарлықтай әсер ететiн болса, сот сотталушыны iс жүргiзу шығындарын төлеуден толық немесе iшiнара босатуға құқылы.
7. Iс бойынша бiрнеше сотталушыны кiнәлi деп тани отырып, сот iс жүргiзу шығындары олардың әрқайсысынан қандай мөлшерде төлеттiрiлуге тиiс екенiн белгiлейдi. Бұл ретте сот сотталушы кiнәсiнiң сипатын, қылмыс үшiн жауапкершiлiк дәрежесiн және мүлiктiк жағдайын есепке алады.
8. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша сот iс жүргiзу шығындарын кәмелетке толмағандардың ата-аналарына немесе олардың орнындағы адамдарға жүктей алады.
9. Сотталушы жеке айыптау iсi бойынша ақталған кезде сот iс жүргiзу шығындарын шағымы бойынша iс жүргiзу басталған адамға толық немесе iшiнара төлеттiруге құқылы. Тараптардың бiтiмге келуiне байланысты iс қысқарылған кезде iс жүргiзу шығындары бiр немесе екi тараптан да төлеттiрiледi.
10. Айыпталушы қайтыс болған жағдайда оның мұрагерлерi iс жүргiзу шығындарына байланысты мiндеттемелер бойынша жауап бермейдi.
11. Iс жүргiзу шығындарын төлеттiру құқығы соттың тиiстi шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл өткен соң ескіруiне байланысты тоқтатылады.
ЕРЕКШЕ БӨЛIМ
6-бөлiм
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША СОТҚА ДЕЙІНГІ ІС ЖҮРГІЗУ
23-тарау
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗFАУ
177-бап. Қылмыстық iс қозғауға себептер мен негiздер
1. Қылмыстық iс қозғауға мыналар себеп болады:
1) азаматтардың арыздары;
2) кiнәсiн мойындап келу;
3) мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару функцияларын атқарып отырған адамның хабарламасы;
4) бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар;
5) лауазымды адамдардың және қылмыстық iс қозғауға құқық берiлген органдардың қылмыс туралы мәлiметтердi тiкелей анықтауы.
2. Қылмыстық iс қозғауға қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлар болмай, қылмыс белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi деректердiң болуы негiз болып табылады.
178-бап. Азаматтардың арыздары
1. Азаматтардың қылмыс туралы арыздары ауызша немесе жазбаша болуы мүмкiн. Жазбаша арызға оны берiп отырған адам қол қоюға тиiс.
2. Тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде немесе сот талқылауы барысында жасалған қылмыс туралы ауызша арыз тиiсiнше тергеу iс-әрекетiнiң немесе сот отырысының хаттамасына енгiзiледi. Өзге жағдайларда жеке хаттама жасалады. Хаттама арыз берушi, оның тұратын жерi немесе жұмыс орны, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәлiметтердi қамтуға тиiс. Хаттамаға арыз берушi және арызды қабылдаған лауазымды адам қол қояды.
3. Арыз берушiге әдейi жалған сөз жеткiзгенi үшiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 351-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық туралы ескертiледi, бұл туралы хаттамада белгi қойылып, ол арыз берушiнiң қол қоюымен куәландырылады.
4. «Домалақ арыздар» тек олар алдын-ала тексерiлгеннен кейiн, егер оларда осы Кодекстiң 177-бабының екiншi бөлiгiнде аталған жеткiлiктi деректер болғанда ғана қылмыстық iс қозғауға себеп бола алады.
179-бап. Кiнәсiн мойындап келу
1. Кiнәсiн мойындап келу - адамның оған қатысты әлi күмән келтiрiлмегенде немесе аталған қылмысты жасағанына айып тағылмағанда өзi жасаған қылмысы туралы ерiктi мәлiмдеуi.
2. Аталған мәлiмдеменi жазбаша да және ауызша да нысанда жасауға болады және оны мәлiмдеушi қылмыстық процестi жүргiзетiн органға беруге тиiс. Ауызша мәлiмдеме хаттамаға енгiзiледi, хаттамада жасалған мәлiмдеме егжей-тегжейлi жазылады. Хаттамаға кiнәсiн мойындап келген адам және мәлiмдеменi қабылдаған лауазымды адам қол қояды.
3. Кiнәсiн мойындап келген кездегi мәлiмдемеде қылмысқа бiрге қатысқан адамдар аталған жағдайда мәлiмдеушiге әдейi жалған хабар бергенi үшiн қылмыстық жауаптылық туралы ескертiледi.
180-бап. Мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару функцияларын
атқаратын адамның хабарлауы
Мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару функцияларын атқаратын адамның қылмыс туралы хабарлауы жазбаша түрде жасалуға тиiс. Оған қылмыс туралы жасалған хабарды растайтын құжаттар мен өзге де материалдар қоса тiркеледi.
181-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар
1. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар газетте немесе журналда жарияланғанда не радио немесе теледидар арқылы таратылғанда қылмыстық iс қозғауға себеп бола алады.
2. Қылмыс туралы хабарды жариялаған немесе таратқан бұқаралық ақпарат құралдарында басқару функцияларын атқаратын адамдар қылмыстық iс қозғауға құқығы бар адамның талап етуi бойынша жасалған мәлiмдеменi растайтын өз қолындағы құжаттар мен өзге де материалдарды беруге, сондай-ақ мәлiметтердi ақпарат көзiн құпия ұстау шартымен берген жағдайларды қоспағанда, сол мәлiметтердi берген адамның атын атауға мiндеттi.
182-бап. Қылмыстық iстi қозғауға құқық берiлген лауазымды адамдардың және
органдардың қылмыс туралы мәлiметтердi тiкелей анықтауы
Қылмыс туралы мәлiметтердi анықтау қылмыстық iстi қозғауға мынадай жағдайларда:
1) өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде анықтау органының қызметкерi, тергеушi, прокурор қылмыстың куәлары болғанда не қылмыстың iзiн немесе салдарын ол жасалғаннан кейiн бiрден байқағанда;
2) анықтау органы мен анықтаушы қылмыс туралы мәлiметтердi өз функцияларын жүзеге асыру кезiнде немесе басқа бiр қылмыс туралы iс бойынша анықтауды жүргiзу кезiнде алғанда;
3) тергеушi қылмыс туралы мәлiметтердi басқа қылмыс туралы қылмыстық iс бойынша тергеу кезiнде алғанда;
4) прокурор қылмыс туралы мәлiметтердi заңдардың орындалуына қадағалау жасаған кезде алғанда себеп болады.
183-бап. Қылмыс туралы арыздар мен хабарларды қабылдау мен қараудың мiндеттілігi
1. Қылмыстық iзге түсу органы кез келген жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы арызды немесе хабарды қабылдауға, тiркеуге және қарауға мiндеттi. Арыз берушiге арызды немесе хабарды қабылдаған адамды, оны тiркеген уақыт пен арыз немесе хабар бойынша шешiм қабылдануға тиiстi уақытты көрсете отырып, қылмыс туралы қабылданған арыздың немесе хабардың тiркелгенi туралы құжат берiледi.
2. Қылмыс туралы арызды немесе хабарды қабылдаудан негiзсiз бас тартуға прокурорға немесе сотқа осы Кодексте белгiленген тәртiп бойынша шағымдануға болады.
3. Сотқа түскен қылмыс туралы арыз немесе хабар, жеке айып тағу iсiн қозғау жағдайларын қоспағанда, прокурорға жiберiледi, бұл туралы арыз берушiге хабарланады.
4. Сот қылмыстық, азаматтық немесе әкiмшiлiк iстi талқылау кезiнде қылмыс белгiлерiн байқағанда ол туралы жеке қаулы арқылы прокурорға хабарлауға мiндеттi.
184-бап. Қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қарау мерзiмдерi
Қылмыс туралы арыз немесе хабар бойынша шешiм ол түскен күннен бастап үш тәулiктен кешiктiрiлмей қабылдануға тиiс. Қажет болған жағдайда қосымша мәлiметтер алу, құжаттарды немесе өзге материалдарды талап ету, оқиға өткен жердi қарау, сараптама жүргiзу үшiн бұл мерзiмдi анықтау органының бастығы, тергеу бөлiмiнiң бастығы он тәулiкке дейiн, ал ерекше жағдайларда - бiр айға дейiн ұзарта алады, бұл туралы жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға хабарлануға тиiс.
184-бап Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 мамырдағы № 47-II Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
185-бап. Қылмыс туралы арызды немесе хабарды қарау нәтижесiнде қабылданатын шешiмдер
1. Қылмыс туралы арызды немесе хабарды алған әрбiр жағдайда немесе қылмыс тiкелей анықталғанда анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлiмiнiң бастығы, тергеушi немесе прокурор мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) қылмыстық iс қозғау туралы;
2) қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы;
3) арызды, хабарды тергеу ретiмен, ал жеке айып тағу iстерi бойынша - сот ретiмен беру туралы.
2. Қабылданған шешiм туралы арыз берушiге хабарланады және сонымен бiр уақытта оған шешiмге шағым беру құқығы түсiндiрiледi.
3. Арыз немесе хабар тергеу немесе соттау ретiмен жiберiлген жағдайда анықтау органы, тергеу бөлiмiнiң бастығы, тергеушi, прокурор қылмысты болдырмау немесе бұлтартпау, сонымен қатар қылмыс iзiн бекіту шараларын қолдануға мiндеттi.
186-бап. Қылмыстық iс қозғау тәртібі
1. Осы Кодекстiң 177-бабында көрсетiлген себеп пен негiз болған кезде анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлiмiнiң бастығы, тергеушi, прокурор қылмыстық iс қозғау туралы қаулы шығарады.
2. Қаулыда: оның шығарылған уақыты мен орны, оны кiм жасағаны, iс қозғаудың себептерi мен негiздерi, ол кiмге қатысты немесе қандай факт бойынша қозғалып отырғаны, белгiлер бойынша iс қозғалып отырған қылмыстық заңның бабы, сондай-ақ iстiң бұдан былайғы бағыты көрсетiледi. Қылмыстық iс қозғау туралы қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жiберiледi. Қабылданған шешiм туралы арыз берушiге және өзiне қатысты iс қозғалып отырған адамға оған қылмыстық iзге түсудiң басталуына байланысты құқықтар мен мiндеттердi түсiндiре отырып, хабарланады.
3. Егер қылмыс жасаудан зардап шеккен адам белгiлi болса, қылмыстық iс қозғаумен бiр уақытта ол жәбiрленушi деп танылады, ал егер қылмыс жасалғаны туралы хабармен бiрге азаматтық талап қойылса, онда бұл адам сонымен қатар азаматтық талапкер деп танылады.
186-бап Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 11 шiлдедегi № 238-II Заңымен енгiзiлген толықтырумен.
187-бап. Қылмыстық iс қозғаудан бас тарту
1. Қылмыстық iс қозғауға негiздер болмаған кезде қылмыстық iзге түсу органы қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
2. Қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға және арыз берушiге жiберiледi. Бұл ретте арыз берушiге құқықтары мен қаулыға шағымдану тәртібі түсiндiрiлуге тиiс.
3. Тергеушiнiң, анықтаушының қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы қаулысына тиiсiнше тергеу бөлiмiнiң бастығына, анықтау органының бастығына, сондай-ақ прокурорға немесе сотқа осы Кодексте белгiленген тәртiп бойынша шағымдануға болады. Соттың жеке айыптау туралы арызды қабылдаудан бас тарту туралы қаулысына жоғары тұрған сотқа шағымдануға болады.
4. Егер келiп түскен арызда (хабарда) азаматтардың саяси, еңбек, тұрғын үй, отбасы және өзге де құқықтарын бұзушылық, сондай-ақ азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртібімен қорғалатын ұйымдардың заңды мүдделерiн бұзушылық байқалса, онда қылмыстық iс қозғаудан бас тартумен бiр уақытта мүдделi адамдарға құқықтары және бұзылған құқықтар мен мүдделердi қалпына келтiру үшiн азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртібімен сотқа жүгiну тәртібі түсiндiрiлуге тиiс.
188-бап. Қылмыс туралы хабарды немесе арызды тергелуiне немесе сотталуына қарай беру
1. Қылмыстық iс қозғауға құқық берiлген лауазымды адам немесе орган қылмыс туралы арызды немесе хабарды қылмыстық iс қозғамай, тергелуi бойынша тек мынадай:
1) қылмыс бұл ауданнан тысқары жерде жасалып және қылмыстық iс қозғау туралы мәселенi шешу үшiн қылмыс жасалған жерде тексеру iс-әрекетiн жасау қажет болған;
2) қылмыстық iс қозғау туралы мәселенi шешу үшiн ол тергеуiне жатқызылған орган ғана жүргiзе алатын тексеру iс-әрекеттерiн жасау қажет болған жағдайларда ғана беруге құқылы.
2. Арыздың немесе хабардың қылмыстық iс қозғамай, тергелуi бойынша берiлгенi туралы жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурор хабардар етiлуге тиiс.
3. Қылмыстық iс қозғамай сотталуы бойынша беруге жәбiрленушiлердiң жеке айыптау тәртібімен iзге түсетiн қылмыстары туралы шағымдары ғана жатады.
4. Қылмыс туралы хабарды немесе арызды тергелу ретi немесе соттылығы бойынша беру кезiнде оқиға болған орынды, сол жердi немесе үй-жайды қарау кезiнде табылған не ұйымдар, лауазымды адамдар немесе азаматтар ұсынған заттар мен құжаттар осы Кодекстiң 223-бабының бесiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен берiледi.
188-бап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 10-ІІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен.
189-бап. Қылмыстық iзге түсу органының қылмыстық iс қозғалғаннан кейiнгi iс-әрекетi
Қылмыстық iс қозғалғаннан кейiн:
1) прокурор iстi алдын ала тергеу немесе анықтау жүргiзуi үшiн тергеушiге немесе анықтау органына жiбередi;
2) тергеушi алдын-ала тергеу жүргiзуге кiрiседi;
3) алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi болып табылатын iстер бойынша анықтау органы шұғыл тергеу iс-әрекеттерiн орындағаннан кейiн iстi алдын ала тергеу iсiн жүргiзуге жiбередi; осы Кодекстiң 285-бабында аталған қылмыстар туралы iстер бойынша анықтау жүргiзедi.
190-бап. Прокурордың қылмыстық iс қозғаудың заңды болуын қадағалауы
Қылмыстық iс қозғаудың заңды болуын қадағалай отырып, прокурор:
1) анықтаушының, анықтау органының немесе тергеушiнiң қылмыстық iс қозғау туралы қаулысының күшiн жоюға және қылмыстық iс қозғаудан бас тартуға немесе материалдарды қосымша тексеру үшiн iс жүргiзуге жiберуге;
2) анықтаушының, анықтау органының немесе тергеушiнiң қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы қаулысының күшiн жоюға және қылмыстық iс қозғауға;
3) анықтаушының, анықтау органының немесе тергеушiнiң қылмыстық iс қозғау туралы қаулысының күшiн жоюға және егер қылмыстық iс бойынша тергеу iс-әрекеттерi жасалған болса, оны тоқтатуға құқылы.
190-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 9 тамыздағы № 346-II Заңымен енгiзiлген толықтырумен.
24-тарау
АЛДЫН-АЛА ТЕРГЕУ ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ
191-бап. Алдын-ала тергеудiң мiндеттілігi
1. Алдын-ала тергеудi осы Кодекстiң 33-бабының бiрiншi бөлiгiнде және 285-бабында көрсетiлген қылмыстар туралы iстердi қоспағанда, барлық қылмыстық iстер бойынша жүргiзу мiндеттi.
2. Алдын ала тергеудi кәмелетке толмағандар немесе өздерiнiң дене немесе ақыл-ой кемiстiктерiне байланысты өздерiнiң қорғану құқықтарын өздерi жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған қылмыстар туралы барлық қылмыстық iстер бойынша жүргiзу мiндеттi.
3. Қылмыстық iстер бойынша алдын-ала тергеудi Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, iшкi iстер және қаржы полициясы органдарының тергеушiлерi жүргiзедi.
4. Қылмыстық iстердi тергелуi бойынша бiр органнан екiншi органға беру осы Кодекске сәйкес жүргiзiледi.
191-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 желтоқсандағы № 363-II Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
192-бап. Тергелу ретi
1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 156-163, 165-174, 233, 233-1, 233-2, 233-3, 236, 238-240, 243, 244, 247-249-баптарында, 255-бабында (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде жаппай қырып-жоятын қаруды, сол сияқты жаппай қырып-жоятын қару жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн материалдарды немесе жабдықтарды ұрлауға не қорқытып алуға қатысты), 306-бабында, 318-бабында, 330-бабында (екiншi бөлiгiнде), 331-бабында (екiншi бөлiгiнде), 367-бабында (үшiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 368-бабында (үшiншi бөлiгiнде), 369-бабында (үшiншi бөлiгiнде), 372-бабында (бесiншi және алтыншы бөлiктерiнде), 373-бабында (үшiншi бөлiгiнде), 374-бабында (үшiншi бөлiгiнде), 375, 376-баптарында, 381-бабында (үшiншi бөлiгiнде), 382-бабында (екiншi бөлiгiнде), 383-386-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша, алдын-ала тергеудi Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тергеушiлерi жүргiзедi.
2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 96-103 баптарында, 107-бабында (екiншi бөлiгiнде), 113, 114-баптарында, 116-бабында (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 117-бабында (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 120-122-баптарында, 125-баптарында, 126-бабында(екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 127-бабында, 128-бабында (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 131-бабында, 132-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 133, 138-баптарында, 141-бабында (екiншi бөлiгiнде), 142 (екiншi бөлiгiнде), 143, 145-бабында (үшiншi бөлiгiнде) баптарында, 145-бабында (екiншi бөлiгiнде), 146-153, 155-баптарында, 175-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 178-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 179, 181 бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 183-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 185-бабында (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 186-бабында (екiншi бөлiгiнде), 187-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 229, 230-баптарында (екiншi бөлiгiнде), 234, 237, 241, 242, 245, 246-баптарында, 251-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 252-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 254-бабында (екiншi бөлiгiнде), 255-бабында (бiрiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 256-бабында(екiншi бөлiгiнде), 257-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 259-бабында (екiншi бөлiгiнде), 260-бабында, 261-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 263-бабында (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 264-бабында (екiншi бөлiгiнде), 267-269-баптарында, 271-бабында (екiншi бөлiгiнде), 275-бабында (екiншi бөлiгiнде), 275-1-бабында (екiншi бөлiгiнде), 277-286-баптарында, 287-бабында(екiншi бөлiгiнде), 288-бабында (екiншi бөлiгiнде), 289-бабында, 292-бабында (екiншi бөлiгiнде), 294-бабында, 295-бабында, 298-бабында (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 299-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 300-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 301-бабында, 302-бабында (екiншi бөлiгiнде), 303-305-баптарында, 319, 320 (екiншi бөлiгiнде), 321, 322, 327-бабында (үшiншi бөлiгiнде), 335-338, 340, 358-бабында бабында (екiншi бөлiгiнде), 361-бабында, 367-бабында (төртiншi бөлiгiнде), 368-бабында (екiншi бөлiгiнде), 369-бабында (екiншi бөлiгiнде), 370-бабында (үшiншi бөлiгiнде), 373-бабында (екiншi бөлiгiнде), 374-бабында (екiншi бөлiгiнде), 377-бабында (екiншi бөлiгiнде), 382-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 390-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 391-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 392-бабында, 393-бабында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша, алдын ала тергеудi iшкi iстер органдарының тергеушiлерi жүргiзедi.
3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 176-бабында (үшiншi бөлiктiң г) тармағында), 189-бабында, 190-бабында (екiншi бөлiгiнде), 191-197, 199-205, 207-баптарында, 209-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде) 221-бабында (екiншi бөлiгiнде), 222-бабында(екiншi бөлiгiнде), 223-бабында (екiншi бөлiгiнде), 224-бабында, 225-бабында, 226-бабында (екiншi бөлiгiнде), 231, 232-баптарында, 307-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 308-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 310, 311-баптарында (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 312-315-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша алдын ала тергеудi салық полициясының тергеушiлерi жүргiзедi. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 183-бабында (екiншi және үшiншi бөлiгiнде), 229-бабында көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша, егер олардың тергеуi қаржы полициясы органдарының тергеушiлерi тергейтiн қылмыстарды тергеуге тiкелей байланысты болса және қылмыстық iстi жеке iс жүргiзуге бөлу мүмкiн болмаса, алдын ала тергеудi салық полициясы органдарының тергеушiлерi жүргiзуi мүмкiн.
4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 176-бабында (екiншi бөлiгiнде, үшiншi бөлiктiң а), б), в) тармақтарында), 177-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 180-бабында, 182-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 184, 184-1, 206, 228, 235, 309, 316, 339 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 341, 343-357, 363-365-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша алдын-ала тергеудi қылмыстық iс қозғаған iшкi iстер органы немесе қаржы полициясы жүргiзедi.
4-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 164-бабында, 250-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 259-бабында (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 337-1-бабында, 381-бабында (екiншi бөлiгiнде) көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша алдын ала тергеудi қылмыстық iс қозғаған iшкi iстер немесе ұлттық қауiпсiздiк органдары жүргiзедi.
4-2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 307-бабында (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 308-бабында (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 311-бабында (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде) көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстep бойынша алдын ала тергеудi қылмыстық iстi қозғаған ұлттық қауiпсiздiк немесе қаржы полициясы органы жүргiзедi.
4-3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 227, 380-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша алдын ала тергеудi қылмыстық iстi қозғаған iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк немесе қаржы полициясы органдары жүргiзедi.
5. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 27-ІІІ Заңымен алынып тасталды.
6. Белгiлi бiр iстiң өз тергеуiне жатпайтынын анықтағанда тергеушi кейiнге қалдыруға болмайтын тергеу iс-әрекетiн жүргiзуге, содан кейiн iстi тергелу ретi бойынша жiберуi үшiн прокурорға тапсыруға мiндеттi.
7. Бiр немесе бiрнеше адамды әртүрлi алдын ала тергеу органдарының тергеуiне жататын қылмыстар жасағаны үшiн айыптау бойынша iстердi бiр iс жүргiзуге бiрiктiрген кезде тергеу ретiн прокурор белгiлейдi.
192-бап Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 желтоқсандағы № 307-І Заңымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 мамырдағы № 47-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістермен; Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 наурыздағы № 163-ІІ, 2002 жылғы 19 ақпандағы № 295-ІІ, 2002 жылғы 21 желтоқсандағы № 363-ІІ, 2003 жылғы 25 қыркүйектегi № 484-ІІ, 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 10-ІІІ, 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 27-ІІІ Заңдарымен енгізiлген өзгерістер және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 67-ІІІ Заңымен енгізілген толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы № 90-III Заңымен енгізілген толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 2 наурыздағы № 131-III Заңымен енгізілген өзгеріс және толықтырумен.
193-бап. Алдын ала тергеу жүргiзiлетiн жер
1. Алдын ала тергеу қылмыс жасалған ауданда (облыста) жүргiзiледi.
2. Алдын ала тергеу жедел және толық болуы мақсатында қылмыс анықталған орын бойынша, сондай-ақ сезiктi, айыпталушы адам немесе куәлардың көпшiлiгi тұрған жерде жүргiзiлуi мүмкiн.
3. Тергеу iс-әрекеттерiнiң басқа ауданда (облыста) жүргiзу қажет болған жағдайда тергеушi оны тiкелей өзi жүргiзуге не бұл iс-әрекеттердi жүргiзудi сол ауданның (облыстың) тергеушiсiне немесе анықтау органына тапсыруға құқылы. Тергеушi iздестiру әрекеттерiн немесе жедел iздестiру шараларын жүргiзудi алдын ала тергеу жүргiзiлетiн жердегi немесе iс жүргiзiлетiн жердегi анықтау органына тапсыра алады. Тергеушiнiң тапсырмасы он тәулiктен аспайтын мерзiмде орындалуға тиiс.
194-бап. Алдын ала тергеу жүргiзудiң басталуы
1. Алдын ала тергеу қылмыстық iс қозғау туралы қаулы шығарылғаннан кейiн ғана жүргiзiледi.
2. Тергеушi өзi қозғаған немесе өзiне тапсырылған iс бойынша тергеуге дереу кiрiсуге мiндеттi. Iстi өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдағаны туралы тергеушi қаулы шығарады. Егер қылмыстық iстi тергеушi қозғаса және өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдаса, онда қылмыстық iстi қозғау және оны өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдау туралы бiрыңғай қаулы жасалады. Жоғарыда аталған қаулылардың көшiрмелерiн тергеушi жиырма төрт сағаттан кешiктiрмей прокурорға жiбередi.