2. Дәрiлiк заттардың қауiпсiздiгiн, тиiмдiлiгiн және сапасын бағалауды сараптама комиссиялары дәрiлiк затқа оның нормативтiк құжаттарына сәйкес жүргiзiлген сараптама негiзiнде, денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.
3. Сараптаманы дәрiлiк затты әзiрлеуге және өндiруге тiкелей қатыспаған ұйымдар мен адамдар жүргiзедi.
43-бап. Ғылыми-медициналық сараптама
1. Ғылыми-медициналық сараптаманың объектiлерi:
1) iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеу бағдарламаларының жобалары;
2) республикалық нысаналы ғылыми-медициналық бағдарламалар;
3) аяқталған ғылыми-медициналық бағдарламалар мен жобалардың нәтижелерi;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын алуға ұсынылған ғылыми жұмыстар;
5) денсаулық сақтау iс-тәжiрибесiне енгізу үшiн жоспарланған ғылыми-медициналық әзiрлемелер болып табылады.
2. Ғылыми-медициналық сараптаманы өткізу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
7-тарау. Фармацевтикалық қызмет
44-бап. Фармацевтикалық қызметтi мемлекеттік реттеу
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Фармацевтикалық қызметтi мемлекеттік реттеудi:
Қазақстан Республикасының Yкіметі;
денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган;
облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергiлiктi органдары;
фармацевтикалық қызмет саласындағы басшылықты iске асыратын мемлекеттік орган жүзеге асырады.
2. Фармацевтикалық қызметтi мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен:
1) дәрiлiк заттарды мемлекеттік тiркеу;
2) фармацевтикалық қызметтi лицензиялау;
3) дәрiлiк заттарды сертификаттау;
4) фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаларды аттестаттау;
5) фармацевтикалық қызметке мемлекеттік қадағалау жасау;
6) уәкiлеттi органның:
негiзгi (өмiрлiк маңызы бар) дәрiлiк заттардың тiзiмiн;
аурулар түрлерiнiң және амбулаториялық емделу кезiнде дәрiлiк заттар, арнайы емдiк тағам рецепт бойынша тегiн немесе жеңiлдiктi жағдайда берiлетiн халықтың жекелеген санаттарының тiзбесiн бекіту рәсімін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
45-бап. Дәрiлiк заттардың қауiпсiздiгi мен сапасын
бақылаудың мемлекеттік жүйесi
1. Қазақстан Республикасының аумағында жасалған және оның аумағына әкелiнетiн дәрiлiк заттар мемлекеттiң бақылау жасауына жатады.
2. Дәрiлiк заттардың қауiпсiздiгi мен сапасын бақылаудың мемлекеттік жүйесiне:
фармацевтикалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
дәрiлiк заттарды әзiрлеуге, қауiпсiздiгiн, тиiмдiлiгiн және сапасын зерттеу мен сынауға арналған ғылыми-зерттеу ұйымдары, институттар, орталықтар, зертханалар;
дәрiлiк заттардың қауiпсiздiгiн, тиiмдiлiгiн және сапасын бағалау жөніндегі сараптама комиссиялары;
дәрiлiк заттар туралы ақпарат жүйесi дәрiлiк заттарға сараптама жасау жөніндегі орталық кiредi.
8-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет
46-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметтiң субъектiлерi
1. Негiзгi мiндетi ретiнде денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтi, ғылыми кадрлар даярлауды жүзеге асыратын заңды тұлға денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым (бұдан әрi - ғылыми ұйым) болып табылады.
2. Ғылыми ұйымдар ғылыми-зерттеу ұйымдарына (ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар), жоғары медициналық білім беру ұйымдарына және ғылыми-медициналық қызметпен шұғылданатын өзге де ұйымдарға бөлінедi.
3. Ғылыми ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес медициналық және білім беру қызметiмен шұғылдана алады.
Медицина ғылымы мен білім беру саласында ғылым кандидаты мен ғылым докторының ғылыми дәрежелері үшiн мына адамдарға:
1) медициналық білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының білім туралы заңдарына сәйкес;
2) ғылыми бағдарламаларды орындайтын медициналық ғылыми ұйымдардың ғылыми қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңдарына сәйкес қосымша ақы белгiленедi.
4. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет субъектiлерi қатысқан қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
47-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметтi үйлестiру
1. Iргелi және қолданбалы сипаттағы ғылыми әзiрлемелердiң басымдықтарын айқындауды, азаматтардың денсаулығын сақтауды ғылыми қамтамасыз ету саласындағы республикалық бағдарламаларды үйлестiрудi, медицина ғылымын дамыту тұжырымдамасын әзiрлеудi денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган ғылыми ұйымдардың құрылтайшысы болады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Ғылыми зерттеу бағдарламаларын қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
4. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган денсаулық сақтау саласындағы ғылыми бағдарламалардың кешендi сараптамасын жүзеге асырады.
9-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру
48-бап. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметi
1. Денсаулық сақтау жүйесi үшiн кәсiби ғылыми-педагог, медицина және фармацевтика қызметкерлерiн даярлау, қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметiнiң мiндеттерi болып табылады.
2. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес клиникалық базалар және мамандандырылған даярлықтың жоғары сапасын қамтамасыз ететiн қажеттi әлеуетi болған жағдайда жоғары, орта медициналық білім беру ұйымдарында және білім беру ұйымдарының медицина факультеттерiнде жүзеге асырылады. Білім беру қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылады.
3. Жоғары және орта медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын игерген адамдар үшiн мемлекеттік үлгiдегi диплом, клиникалық мамандықтар бойынша - интернатураны бiтiргенiн растайтын мемлекеттік үлгiдегi куәлiк олардың медициналық ұйымдарда қызмет лауазымдарын иеленуiне негiз болып табылады.
4. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiне жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiби білім беру жоғары медициналық білім беру мен ғылыми ұйымдардағы клиникалық ординатурада, магистратурада, аспирантурада және докторантурада жүзеге асырылады. Клиникалық ординатурада, магистратурада, аспирантурада және докторантурада медицина және фармацевтика қызметкерлерiн даярлау тәртібі туралы ереженi денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган сұраныстарды ескере отырып орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiби білімдi мамандар даярлауды жоспарлау жүйесiн қамтамасыз етедi.
49-бап. Денсаулық сақтау саласындағы біліктiлiк емтихандары
1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшiн біліктiлiк емтихандары жоғары немесе орта медициналық немесе фармацевтикалық білімi бар адамдардың кәсiби медициналық, дәрiгерлiк немесе фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыруға дайындығын айқындау мақсатында өткiзiледi.
2. Санат берiлуi үшiн алғашқы біліктiлiк емтиханы интернатурадағы, ординатурадағы, аспирантурадағы оқу аяқталғаннан кейiн, ал орта медицина қызметкерлерi үшiн мамандығы бойынша үш жыл жұмыс iстегеннен кейiн өткiзiледi. Бiлiктiлiк емтихандары әрбір бес жыл сайын өткiзiлiп тұрады. Маман кезектi біліктiлiк емтиханына медициналық білім беру қызметiне арналған лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымдарында соңғы бес жыл iшiнде біліктiлiгiн арттырған жағдайда жiберiледi.
3. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшiн біліктiлiк емтихандарын өткізудiң нәтижелерi бойынша қолданылу мерзiмi бес жылға, біліктiлiк деңгейi туралы белгiленген үлгiдегi құжат (маманның сертификаты) берiледi.
50-бап. Қазақстан Республикасы дәрiгерiнiң анты
1. Жоғары медициналық оқу орындарының медициналық мамандықтар бойынша оқып бiтiрген түлектерi Қазақстан Республикасы дәрiгерiнiң антын қабылдайды.
2. Қазақстан Республикасы дәрiгерi антының мәтiнiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
10-тарау. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің
құқықтары мен міндеттері
51-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң:
кәсiби қызметiн жүзеге асыруға арналған жағдаймен қамтамасыз етiлуiне;
бес жылда кемiнде бір рет өзiнiң біліктiлiк деңгейiн мемлекеттік бюджеттiң немесе денсаулық сақтау саласының мемлекеттік емес секторы ұйымының қызметкерлерi болса, жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен көтеруге;
штат санының қысқаруына немесе денсаулық сақтау ұйымдарының тарауына байланысты қызметкерлер босап қалған жағдайда, бюджет немесе жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен қайта даярлықтан өтуiне;
еңбек мiндеттерiн атқару кезiнде өздерiнiң денсаулығына немесе мүлкiне келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен өтетуге;
азаматтың өмiрiне қауiп төнген жағдайда ұйымдардың немесе азаматтардың меншiгіндегі байланыс құралдарын, сондай-ақ қолда бар көлiктiң кез келген түрін азаматты таяу жердегi медициналық ұйымға жеткізу үшiн кедергiсiз және тегiн пайдалануға;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүріп-тұру сипатындағы қызметiне байланысты көлiк шығындарын өтетуге;
өзiнiң кәсiби ар-намысы мен абыройын қорғауға құқығы бар.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының ғылыми-педагог кадрларының біліктiлiгiн арттыру және қайта даярлау бюджет қаражаты, жұмыс берушiнiң қаражаты, өз қаражаты есебiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа көздер есебiнен жүзеге асырылады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының ауылдық жерде және қала типіндегі кенттерде жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлерiне мынадай өтемақылар берiледi:
лауазымдық жалақыға жергiлiктi өкiлеттi органдар белгiлейтiн мөлшерде қосымша ақы;
коммуналдық қызметтерге және отынға арналған шығыстарды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебiнен өтеу;
жеке меншiгiнде малы барлар жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың шешiмi бойынша жем-шөппен, мал жайылатын және шөп шабылатын жер учаскелерiмен қамтамасыз етiледi.
4. Медицина және фармацевтика қызметкерлерi:
ауруларды профилактикалауға және азаматтардың денсаулығын тыңайтуға ықпал етуге, медициналық көмек көрсетуге;
аса шұғыл жағдайларда халыққа кешеуiлдетуге болмайтын медициналық көмек көрсетуге;
халық арасында медициналық білімдi және салауатты өмiр салтын насихаттау жөніндегі жұмысты жүргiзуге;
кәсiби этика талаптарын сақтауға, дәрiгерлiк құпияны сақтауға, азаматтың аурулары, интимдiк және отбасылық өмiрi туралы мәлiметтердi жария етпеуге;
кәсiби деңгейiн үнемi арттырып отыруға мiндеттi.
52-бап. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу
1. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
11-тарау. Қорытынды ережелер
53-бап. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық
1. Денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарының, денсаулық сақтау ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңдарына және халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық ынтымақтастықты және сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасының азаматтарын шет елге емделуге жiберу тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
54-бап. Осы Заңды бұзғаны үшін жауаптылық
Осы Заңның бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының