екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, аталған адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiпсiз күш қолданылып жасалған әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұйымдасқан топпен не аталған адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiптi күш қолданылып жасалған, сол сияқты сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасады деп айыпталуына байланысты әрекеттер -
екi жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
355-бап. Алдын ала анықтаудың немесе алдын ала тергеудiң
деректерiн жария ету
Оларды жариялауға жол беруге болмайтыны туралы заңда белгiленген тәртiппен ескертiлген адамның алдын ала анықтаудың немесе алдын ала тергеудiң деректерiн жария етуi, егер ол прокурордың, тергеушiнiң немесе алдын ала анықтау жүргiзушi адамның келісімiнсiз жасалған болса -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
356-бап. Судьяға және қылмыстық процеске қатысушыларға
қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы
мәлiметтердi жария ету
1. Судьяға, сот приставына, сот атқарушысына, жәбiрленушiге, куәгерге, қылмыстық процеске басқа да қатысушыларға қатысты, сол сияқты олардың туыстарына қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету, егер бұл әрекеттi аталған мәлiметтер сенiп тапсырылған немесе оның қызметтiк жұмысына байланысты белгiлi болған адам жасаса -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен төрт жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан төрт айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
357-бап. Хатталған немесе иелiк етуге тыйым салынған не
тәркiлеуге жататын мүлiкке қатысты заңсыз әрекеттер
1. Хатталған, тыйым салынған немесе иелiк етуге шектеу қойылған мүлiктi осы мүлiк сенiп берiлген адамның жасаған ысырап етуi, иелiктен шығаруы, жасарып қалуы немесе заңсыз беруi, сол сияқты несие ұйымдары қызметкерiнiң тыйым салынған, не жұмсау операциялары тоқтатылып қойылған ақша қаражатымен (салымдармен) банк операцияларын жүзеге асыруы -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айдан төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Соттың үкімі бойынша тәркiлеуге жататын мүлiктi жасырып қалу немесе иемденiп кету, сол сияқты мүлiкке тәркiлеу тағайындау туралы соттың заңды күшiне енген үкімін орындаудан өзге де жалтару -
жетi жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жетi айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл сала отырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
358-бап. Бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан
немесе қамаудан қашу
1. Жазасын өтеушi немесе алдын ала қамаудағы адам жасаған бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданылып, не осындай күш қолданамын деп қорқытумен;
в) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттар қолданылып жасалса -
жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Қашқан сәтiнен бастап жетi күн мерзiмде бас бостандығынан айыру немесе қамау орнына өз еркiмен қайтып оралған адам, егер өзге жаңа қылмыс жасамаса және қашуы осы баптың екiншi бөлiгіндегі б) және в) тармақшаларында көзделген әрекеттермен ұштасып жатпаса қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
359-бап. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден
жалтару
Бас бостандығынан айыру орнынан қысқа мерзiмге шығуға рұқсат етiлген сотталған адамның шығу мерзiмi бiткеннен кейiн, сол сияқты айдауылсыз құқығын пайдаланушы, не қадағалауда жүрген сотталған адамның бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын одан әрi өтеуден жалтару мақсатында жасалған түзеу мекемесiне қайтып оралмауы -
екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
360-бап. Қылмыстық-атқару мекемесi әкiмшiлiгiнiң талаптарына
қасақана бағынбау
Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеушi адамның қылмыстық-атқару мекемесi әкiмшiлiгiнiң заңды талаптарына қасақана бағынбауы -
екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
361-бап. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететiн мекемелердiң
қалыпты қызметiнiң тәртібін бұзу
1. Бас бостандығынан айыру орнының немесе қамауда ұстау орнының қызметкерiне қатысты, сондай-ақ сотталған адамның түзетiлуiне кедергi жасау немесе оның қоғамдық мiндеттердi орындағаны үшiн кек алу мақсатында оған қатысты күш қолданумен қорқыту -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдарға өмiрге және денсаулыққа қауiпсiз күш қолдану -
үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша не өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып жасалған әрекеттер -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына сәйкес 362-бап толықтырылды
362-бап. Сот үкімін, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн
орындамау
1. Заңды күшiне енген сот үкімін, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн қасақана орындамау, сол сияқты олардың орындалуына кедергi жасау -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
2. Өкiмет өкiлi, мемлекеттік қызметшi, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының қызметкерi, сол сияқты мемлекеттік мекеменiң коммерциялық немесе өзге де ұйымның қызметкерi жасаған дәл сол әрекеттер -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен төрт жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан төрт айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың сот белгiлеген әкiмшiлiк қадағалау ережелерiн қасақана бұзуы, сол сияқты қадағалаудағы адамның тұрғылықты жерiнен өз бетiмен кетiп қалуы немесе бас бостандығынан айыру орындарынан босағаннан кейiн таңдап алған тұрғылықты жерiне әкiмшiлiк қадағалаудан жалтару мақсатымен белгiленген мерзiмде бармауы -
бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға алуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
363-бап. Қылмысты жасыру
Ауыр немесе аса ауыр қылмысты алдын ала уәде берместен жасыру -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары жасаған қылмысты күнi бұрын уәде берместен жасырғаны үшiн адам қылмыстық жауаптылыққа жатқызылмайды
364-бап. Қылмыс туралы хабарламау
Дайындалып жатқан немесе жасалғаны анық белгiлi аса ауыр қылмыс туралы хабарламау -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан шектеуге жазаланады.
Ескерту. Қылмыс жасаған адамның жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстары қылмыс туралы, сондай-ақ дiни қызметшiлер өзiне сенiп сырын ашқан адамдардың қылмыстары туралы хабарламағаны үшiн осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа жатқызылмайды.
365-бап. Адвокаттар мен өзге де адамдардың азаматтарды қорғау
және оларға заңгерлiк көмек көрсету жөніндегі заңды
қызметiне кедергi жасау
Адвокаттар мен өзге де адамдардың қылмыстық процестерде азаматтарды қорғау, сол сияқты азаматтар мен ұйымдарға заңгерлiк көмек көрсету жөніндегі заңды қызметiне кедергi жасау, не бұл қызметтiң дербестiгiн және тәуелсiздiгiн өзге де бұзу, егер бұл әрекеттер азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, не қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан шектеуге жазаланады.
16-тарау. Әскери қылмыстар
366-бап. Әскери қылмыс ұғымы
Әскерге шақыру бойынша не келісім шарт бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында әскери қызмет атқарушы әскери қызметшiлердiң, сондай-ақ запастағы азаматтардың жиындардан өтуi кезiнде әскери қызмет атқарудың белгiленген тәртібіне қарсы осы тарауда көзделген қылмыстарды жасауы әскери қылмыстар деп танылады.
367-бап. Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау
1. Бағынбау яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашық бас тарту, сол сияқты бастықтың белгiленген тәртiпте берiлген бұйрығын бағыныштының, қызмет мүддесiне елеулi зиян келтiрiп, өзгедей әдейi орындамауы -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға жазаланады.
2. Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған, сондай-ақ ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған, осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер -
бес жылдан жиырма жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады, ал қылмысты ауырлататын жағдайларда өлiм жазасына кесiледi немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Қызметке ұқыпсыз не ықылассыз қараудың салдарынан ауыр зардаптарға әкеп соққан бұйрықты орындамау -
бiр жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға жазаланады.
5. Соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған, осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген әрекет -
үш жылдан он жылға дейiнгi мөлшерде бас бостандығынан айыруға жазаланады.
368-бап. Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтiк
мiндеттерiн бұзуға мәжбүр ету
1. Бастыққа, сол сияқты әскери қызмет бойынша өзiне жүктелген мiндеттi атқарушы өзге адамға қарсылық көрсету немесе оны осы мiндеттердi бұзуға күш қолдану және күш қолданамын деп қорқыту арқылы мәжбүр ету -
алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не екi жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл осы әрекеттер:
а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;
б) қару қолдана отырып жасаса;
в) ауыр немесе орташа ауырлықтағы дене жарақатын салса не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса -
үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер -
бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады, не өлiм жазасына кесiледi немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
369-бап. Бастыққа қатысты күш қолдану iс-әрекеттерi
1. Бастықтың әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде немесе осы мiндеттердi атқаруына байланысты оған қатысты жасалған ұрып-соғу, денсаулыққа жеңiл зиян келтiру немесе өзге күш қолдану -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери тәртiптiк бөлiмде ұстауға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл осы әрекеттер:
а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;
б) қару қолданып жасаса;
в) денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян немесе өзге ауыр зардаптар келтiрсе -
үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер -
бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады, не өлiм жазасына кесiледi немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 370-бап өзгертілді
370-бап. Бiр-бiрiнiң арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшiлердiң арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерiн бұзу
1. Бiр-бiрiнiң арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшiлердiң арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерiн ұрып-соғу, денсаулыққа жеңiл зиян келтiру немесе өзге күш қолдану, не ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн кемсiту немесе жәбiрленушiнi масқаралауға байланысты бұзу -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) бiрнеше рет;
б) екi немесе одан да көп адамға қатысты жасалса;
в) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;
г) қару қолданып жасаса;
д) денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтiрсе -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер -
он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 371-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
371-бап. Әскери қызметшiге тiл тигiзу
1. Әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оны атқарумен байланысты бiр әскери қызметшiнiң екiншiсiне тiл тигiзуi -
үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға не алты айға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге жазаланады.
2. Бағыныштының бастыққа сол сияқты әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оны атқарумен байланысты бастықтың бағыныштыға тiл тигiзуi -
бiр жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға жазаланады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 372-бап өзгертілді
372-бап. Бөлiмдi немесе қызмет орнын өз бетiмен тастап кету
1. Шақыру бойынша әскери қызмет өткерушi әскери қызметшiлер жасаған бөлiмді немесе қызмет орнын өз бетiмен тастап кету, сол сияқты бөлiмнен босатылған кезде, тағайындау, ауыстыру кезiнде, iссапардан, демалыстан немесе емдеу мекемелерiнен қызметке бес тәулiктен ұзақ, бiрақ он тәулiктен артық емес уақытқа дәлелдi себептерсiз мерзiмiнде келмеу -
алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға немесе бiр жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға жазаланады.
2. Тәртiптiк әскери бөлiмде жазасын өткерiп жатқан әскери қызметшi жасаған дәл сол әрекеттер -
екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Шақыру бойынша немесе келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткерушi әскери қызметшiлер жасаған бөлiмдi немесе қызмет орнын өз бетiмен тастап кету, сол сияқты қызметке он тәулiктен артық, бiрақ бiр айдан көп емес уақытқа дәлелдi себептерсiз мерзiмiнде келмеу -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не екi жылға дейiнгi мерзiм тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға жазаланады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттер, егер өз бетiмен тастап кету бiр айдан астамға созылса, сол сияқты тәртiптiк әскери бөлiмде жазасын өткерiп жатқан әскери қызметшi жасаған дәл осы әрекет, егер өз бетiмен тастап кету он тәулiктен артыққа созылса -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер, егер өз бетiмен тастап кету бiр тәулiктен артыққа созылса -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
6. Бөлiмдi немесе қызмет орнын ұрыс жағдайында ұзақтығына қарамастан өз бетiмен тастап кету -
үш жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бiрiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi жасаған әскери қызметшi, егер бөлiмдi өз бетiмен тастап кетуi ауыр жағдаяттардың себептерiнен болса және егер ол әскери қызметтi одан әрi өткеру үшiн өз еркiмен келген болса, сот оны қылмыстық жауапкершiлiктен босатуы мүмкiн.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 373-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
373-бап. Қашқындық
1. Қашқындық, яғни әскери қызметтен жалтару мақсатында әскери бөлiмдi немесе қызмет орнын тастап кету, сол сияқты осындай мақсатпен қызметке келмеу -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қызмет бойынша сенiп тапсырылған қарумен қашу, сол сияқты алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған қашқындық -
үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған дәл сол әрекет -
жетi жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады, не өлiм жазасына кесiледi немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген қашқындықты жасаған әскери қызметшi, егер қашқындық ауыр жағдайлардың себептерiнен болса және егер ол әскери қызметтi одан әрi өткеру үшiн өз еркiмен келген болса, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 374-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
374-бап. Дене мүшесiне зақым келтiру жолымен немесе өзге
тәсiлмен әскери қызметтен жалтару
1. Әскери қызметшiнiң ауруды сылтау ету, немесе өзiне қандай да бiр болмасын зақым келтiру (дене мүшесiн зақымдау), не денсаулығына өзге зиян келтiру, немесе жалған құжат жасау немесе өзгеше алдау жолымен әскери қызмет мiндеттерiн атқарудан жалтаруы -
бiр жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Әскери қызмет мiндеттерiн атқарудан толық босану мақсатында жасаған дәл сол әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер -
бес жылдан жиырма бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады, не өлiм жазасына кесiледi немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен 375-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
375-бап. Жауынгерлiк кезекшiлiктi атқарудың ережелерiн бұзу
1. Қазақстан Республикасына кенеттен жасалған шабуылды дер кезiнде байқау және тойтару бойынша, не оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша жауынгерлiк кезекшiлiктi (жауынгерлiк қызмет) атқарудың ережелерiн бұзу, егерде бұл әрекет мемлекеттiң қауiпсiздiгi мүдделерiне зиян келтiрсе немесе зиян келтiруi мүмкiн болса, -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер -
бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады не өлiм жазасына кесiледi немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттi алғаш рет жасаған әскери қызметшiнi, қылмысты жеңiлдететiн мән жайларда, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн.
376-бап. Шекаралық қызмет атқарудың ережелерiн бұзу
1. Шекаралық нарядтың құрамына кiретiн немесе шекаралық қызметтiң өзге де мiндеттерiн атқарушы адамның шекаралық қызмет атқарудың ережелерiн бұзуы, егер бұл әрекет мемлекеттiң қауiпсiздiгi мүдделерiне зиян келтiрсе немесе зиян келтiруi мүмкiн болса -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттi алғаш рет жасаған әскери қызметшi қылмысты жеңiлдететiн мән-жайларда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
377-бап. Қарауыл (вахта) қызметiн атқарудың жарғылық
ережелерiн бұзу
1. Қарауыл (вахта) құрамына кiретiн адамның қарауыл (вахта) қызметiнiң жарғылық ережелерiн бұзуы, егер бұл әрекет қарауыл (вахта) күзететiн объектiге зиян келтiруге немесе өзге зиянды зардаптардың болуына әкеп соқса -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер -
жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттi алғаш рет жасаған әскери қызметшi қылмысты жеңiлдететiн мән-жайларда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 378-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
378-бап. Iшкi қызмет атқарудың және гарнизонда патруль
болудың жарғылық ережелерiн бұзу
1. Бөлiмнiң тәулiктiк нарядына (қарауыл мен вахтадан басқа) кiретiн адамның iшкi қызмет атқарудың жарғылық ережелерiн бұзуы, сол сияқты патруль нарядының құрамына енген адамның гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерiн және осы ережелердi дамытуға шығарылған бұйрықтар мен өкiмдердi бұзуы, егер ол зиянды зардаптарға әкеп соқса, оның алдын алу осы адамның мiндетiне кiретiн болса -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -