белгіленген тәртіппен тексерiлген жұмыстарды жүзеге асырудың сапасын бақылауға арналған аспаптармен және жабдықпен;
қолданыстағы нормалар мен ережелерде белгіленгендерден төмен емес қауiпсiздiк деңгейiне қол жеткiзудi және оны ұстап тұруды қамтамасыз ететiн технологиялармен, ұйымдастыру және техникалық шаралармен;
мәлiмделiп отырған қызметтi жүргізу қауiпсiздiгiне кепiлдiк беретiн инженерлiк-техникалық қамтамасыз етумен (өндiрiстiк кешендер, технологиялық учаскелер, қондырғылар, қалдықтар мен материалдарды орналастыру пункттерi, мәлiмделiп отырған қызмет жүзеге асырылуы мүмкiн басқа да объектілер);
жұмыстардың сұратылған түрлерi бойынша нормативтердiң, нормативтiк-анықтамалық және техникалық құжаттаманың жиынтығымен;
аумақтық органмен келісілген өндiрiстік мониторинг бағдарламаларымен;
санитарлық-эпидемиологиялық, тау-кен техникалық қадағалау мемлекеттік органдары мен аумақтық органның өтiнiш берушiнiң білiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын қорытындыларымен жарақталған тиiстi материалдық-техникалық және өндiрiстік базаның;
3) денсаулықты, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн қызметтердiң;
4) аумақтық органмен келiсілген табиғатты қорғау iс-шаралары жоспарының;
5) уәкілетті органмен келісілген қоршаған ортаның ластануына әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтыруы мүмкiн аварияларды жою жоспарларының;
6) химиялық және биологиялық заттарды өндiру жөніндегі жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындыларының болуын қамтиды.
3. Шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыруға
арналған лицензия алу үшiн қажеттi құжаттар
6. Лицензия алу үшiн өтiнiш берушi лицензиарға:
1) нысанын Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн белгiленген үлгiдегi өтiнiштi;
2) заңды немесе жеке тұлға туралы мәлiметтер - заңды тұлға үшiн мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктің немесе заңды тұлға құрмай жұмыс iстеушi жеке кәсіпкердің мемлекеттік тiркеу туралы куәлiгiнiң көшiрмесiн;
3) өтiнiш берушінің біліктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды;
4) бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжатты тапсырады.
7. Егер заңнамалық кесiмдерде өзгеше белгiленбесе, барлық құжаттармен бiрге өтiнiш берілген күннен бастап лицензия бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей, ал шағын кәсіпкерлiк субъектiлерi үшiн он күн мерзiмнен кешіктiрілмей беріледi.
8. Қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алым төлеудiң ставкаларын, есептеу мен төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес айқындалады.
4. Лицензиялар беру тәртібі мен шарттары
9. Шаруашылық қызметтің экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензияны қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган бiліктілiк деңгейi осы қызмет түрiне қойылатын талаптарға сай субъектiге бередi.
10. Лицензия қатаң есеп беру құжаты болып табылады әрi мемлекеттік және орыс тілдерінде бiр данада ресімделедi.
11. Жеке тұлғаның тегi, есiмi, әкесiнiң есiмi өзгерген жағдайда ол бұл туралы көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса беріп, бiр ай мерзімде лицензиарға жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
12. Атауы (Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, оның ішiнде ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерсе) өзгерген, заңды тұлғаның орналасқан жерi өзгерген (егер ол лицензияда көрсетiлсе) жағдайда ол бiр ай iшiнде көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса берiп, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтініш бередi.
Лицензияны қайта ресімдеу лицензиат өтiнiшi тiркелген күннен бастап он күн iшiнде жүргiзiледi. Лицензияны қайта ресiмдегенi үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртiппен және мөлшерде лицензиялық алым алынады.
13. Лицензия жоғалған жағдайда лицензиат оның телнұсқасын алуға құқылы. Лицензиар лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша лицензия телнұсқасын берудi он күн iшiнде жүргiзедi. Бұл ретте лицензиат қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төлейдi.
14. Егер:
1) субъектiлердiң осы санаты үшiн заңнамалық кесiмдермен қызметтiң белгiлi бiр түрiн жүзеге асыруға тыйым салынса;
2) осы Ереженiң 6-тармағына сәйкес талап етiлетiн құжаттар түгел тапсырылмаса. Өтiнiш беруші көрсетiлген кедергiлердi жойса, өтiнiшi жалпы негiздерде қаралады;
3) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым енгiзiлмесе;
4) өтiнiш беруші белгiленген біліктiлiк талаптарына сай келмесе;
5) өтiнiш берушiге қатысты оған осы қызмет түрiмен айналысуға тыйым салатын сот шешімi болса, лицензия берілмейдi.
Лицензия беруден бас тартылған кезде өтiнiш берушiге лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмде жазбаша түрде уәждi жауап беріледi.
15. Мынадай:
1) лицензиядағы талаптарды лицензиат орындамаған;
2) лицензияда белгiленген қызмет түрiн лицензиаттың жүзеге асыруына сот тыйым салған;
3) лицензиар лицензияның қолданылуын тоқта тұрған себептер жойылмаған;
4) лицензия алу кезiнде лицензиат көпе-көрiнеу жалған ақпарат берген жағдайларда лицензия қайтарып алынуы мүмкін.
16. Лицензиар себептерiн көрсетiп, лицензияның қолданылуын алты ай мерзiмге дейiн тоқтата тұрады.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн лицензияның қолданылуын тоқтата тұруды сот лицензиардың, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өтiнiшi бойынша жүргiзедi.
Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмге сот тәртібімен шағым беруге құқылы. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың орындылығы туралы сот шешiмi болған кезде оның қолданылуын тоқтата тұру мерзiмi лицензиар осындай шешiмдi қабылдаған күннен бастап есептеледi.
Олар бойынша лицензияның қолданылуы тоқтата тұрылған себептер жойылғаннан кейін лицензия қолданылуы жаңартылады.
17. Мынадай:
1) лицензия берiлген мерзiм аяқталған;
2) лицензия жүзеге асыруға берiлген іс-әрекет толық көлемде жасалған;
3) лицензия қайтарылған;
4) заңды тұлға оның бip түрiнен екiншi түрiне қайта құрылған (ұйымдық құқықтық нысаны өзгерген) жағдайларды қоспағанда, лицензия беру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес белгiленетiн жағдайлардан басқа, азамат кәсiпкерлiк қызметi тоқтатқан, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда;
5) лицензия лицензиарға өз еркімен қайтарылған жағдайда лицензия күшiн тоқтатады.
5. Есепке алу және бақылау
18. Лицензияларды есепке алуды, сондай-ақ лицензия ережелерiн сақталуын лицензиар жүзеге асырады.
Бiлiктiлiк талаптары мен белгiленген ережелердiң сақталуын лицензиар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзедi.
6. Ереженi бұзғаны үшін жауапкершілiк
19. Мемлекеттік органдар (лицензиарлар) мен олардың лауазымды адамдары лицензиялау туралы заңнаманы бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгіленген жауапкершiлiкке тартылады.