5. Азаматтық талапкердiң осы Кодекстiң 75-бабының сегiзiншi бөлiгiнде көзделгендей мiндеттерi болады.
6. Азаматтық талапкердiң заңмен көзделген басқа да құқықтары бар және басқа да мiндеттерi болады.
78-бап. Азаматтық жауапкер
1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудiң барысында қойылған талапқа байланысты заң күшiмен қылмыспен не есi кiресiлi-шығасылы адамның Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiмен тыйым салынған әрекетiмен келтiрiлген зиян үшiн мүлiктiк жауаптылықта болатын жеке немесе заңды тұлға азаматтық жауапкер болып табылады.
2. Азаматтық жауапкер деп тану немесе адамның көрсетiлген iс жүргiзу жағдайында болуы үшiн негiздер болмаған жағдайда азаматтық жауапкер ретiнде процеске қатысуын тоқтату туралы шешiмдi қылмыстық процестi жүргiзушi орган қабылдайды, ол туралы тиiстi қаулы шығарады.
3. Азаматтық жауапкердiң оған қойылған талапқа байланысты өзiнiң мүдделерiн қорғау мақсатында: айыптау мен азаматтық талаптың мәнiн бiлуге; талапқа қарсылық бiлдiруге; ұсынылған талаптың мәнi бойынша түсiнiктеме мен айғақ беруге; өкiлi болуына; қылмыстық iске қосу үшiн материалдар ұсынуға; өтiнiштер мен қарсылықтар бiлдiруге; тергеу аяқталғаннан кейiн iстiң азаматтық талапқа қатысты материалдарымен танысуға және кез келген көлемде кез келген мәлiметтi көшiрiп алуға; өзiнiң мүддесiн қозғайтын қабылданған шешiмдер туралы бiлуге және мәлiмделген азаматтық талапқа қатысты iс жүргiзу шешiмдерiнiң көшiрмелерiн алуға; кез келген сатыдағы соттағы iстiң сотта талқылауына қатысуға; сот жарыссөздерiнде сөйлеуге, қылмыстық процестi жүргiзушi органның әрекеттерi мен шешiмдерiне шағым әкелуге; сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпелер беруге; азаматтық талапқа қатысты бөлiгiнде соттың үкімі мен қаулысына шағымдануға; азаматтық талапқа қатысты бөлiгiнде iс бойынша келтiрiлген наразылықтар мен шағымдар туралы бiлуге және оларға қарсылық бiлдiруге; мәлiмделген шағымдар мен наразылықтарды соттың қарауына қатысуға құқығы бар.
4. Азаматтық жауапкердiң осы Кодекстiң 75-бабының жетiншi бөлiгiнде көзделгендей мiндеттерi болады.
5. Азаматтық жауапкердiң заңда көзделген басқа да құқықтары бар және басқа да мiндеттерi болады.
79-бап. Кәмелетке толмаған айыпталушының, сезiктiнiң заңды өкiлдерi
Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар туралы iстер бойынша iске қатысуға осы Кодексте көзделген тәртiппен олардың заңды өкiлдерi тартылады.
80-бап. Жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң және жеке айыптаушының өкiлдерi
1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң және жеке айыптаушының заңды мүдделерiн бiлдiруге заң күшiмен құқығы бар және қылмыстық процестi жүргiзушi органның қаулысымен iске қатысуға рұқсат етiлген адвокаттар мен өзге де адамдар жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң және жеке айыптаушының өкiлдерi болуы мүмкiн.
2. Кәмелетке толмаған немесе өзiнiң дене немесе психикалық жағдайы бойынша өз құқықтары мен заңды мүдделерiн өз бетiнше қорғау мүмкiндiгiнен айырылған жәбiрленушiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн iске мiндеттi түрде қатысуға олардың заңды өкiлдерi тартылады.
3. Жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң және жеке айыптаушының заңды өкiлдерi мен өкiлдерiнiң өздерi өкiлi болып отырған жеке және заңды тұлғалардiкiндей, осы Кодексте көзделген шектерде, iс жүргiзу құқығы болады.
4. Жәбiрленушi, азаматтық талапкер, жеке айыптаушы өкiлiнiң өзi өкiлi болып отырған процеске қатысушының мүдделерiне қайшы қандай да болсын әрекеттер жасауға құқығы жоқ.
5. Жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң және жеке айыптаушының iске өзiнiң қатысуы олардың осы iс бойынша өкiлге ие болу құқығын жоймайды.
81-бап. Азаматтық жауапкердiң өкiлдерi
1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуде азаматтық жауапкердiң заңды мүдделерiн бiлдiруге заң күшiмен құқығы бар және қылмыстық процестi жүргiзушi органның қаулысымен iске қатысуға рұқсат етiлген адвокаттар және өзге де адамдар азаматтық жауапкердiң өкiлдерi болып танылады.
2. Азаматтық жауапкер өкiлдерiнiң өздерi өкiлi болып отырған жеке және заңды тұлғалардiкiндей iс жүргiзу құқығы болады.
3. Азаматтық жауапкер өкiлiнiң өзi өкiлi болып отырған процеске қатысушының мүдделерiне қайшы қандай да болмасын әрекеттер жасауға құқығы жоқ.
4. Азаматтық жауапкердiң iске өзiнiң қатысуы олардың осы iс бойынша өкiлге ие болу құқығын жоймайды.
10-тарау. Қылмыстық процеске қатысушы
өзге де адамдар
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II; 2004.28.12 № 24-III Заңдарымен 82-бап өзгертілді
82-бап. Куә
1. Айғақ беру үшiн куә ретiнде iс үшiн маңызы бар қандай да болсын мән-жай белгiлi болуы мүмкiн кез келген адам шақырылуы және одан жауап алынуы мүмкiн.
2. Куә ретiнде жауап алуға:
1) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысуына байланысты, сондай-ақ сот шешiмiн шығару кезiнде туындаған мәселелердi кеңесу бөлмесiнде талқылау барысында өзiне белгiлi болған қылмыстық iстiң мән-жайлары туралы - судья;
1-1) аралық судьяның немесе төрешiнiң мiндеттерiн атқаруға байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы - аралық судья немесе төрешi;
2) қылмыстық iс бойынша өзiнiң мiндеттерiн орындауына байланысты өзiне белгiлi болған жағдайлар туралы - сезiктiнiң, айыпталушының қорғаушысы, сонымен бiрдей жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң және азаматтық жауапкердiң өкiлi;
3) оған iшкi сырын ашу кезiнде белгiлi болған мән-жайлар туралы дiни қызметшi;
4) өзiнiң жасының толмауына не психикалық немесе дене кемiстiктерiне орай iс үшiн маңызы бар мән-жайларды дұрыс түсiнуге және олар туралы жауап беруге қабiлетсiз адамдар жатпайды.
3. Куәнiң: қылмыстық жазаланатын әрекет немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн оның өзi, жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстары үшiн iзiне түсуге әкеп соқтыратын айғақ беруден бас тартуға; өзiнiң ана тілінде немесе өзi бiлетiн тiлде айғақ беруге; аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға; одан жауап алуға қатысушы аудармашыға ескерту жасауға; жауап алу хаттамасына айғақтаманы өз қолымен жазуға; анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың және соттың iс-әрекетiне шағым жасауға, өз құқықтары мен заңды мүдделерiне қатысты өтiнiшiн мәлiмдеуге құқығы бар. Куәнiң, егер адвокат қандай да бiр басқа сапада iске қатыспаса, өзiнiң адвокатының қатысуымен айғақ беруге құқығы бар. Адвокаттың келмеуi тергеушi белгiлеген уақытта айғақ алуды жүргiзуге кедергi келтiрмейдi.
4. Куә: анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың және соттың шақыруы бойынша келуге; iс бойынша барлық өзiне белгiлi жайларды шын хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; егер оған анықтаушы, тергеушi немесе прокурор ескерткен болса, өзiне iс бойынша белгiлi мән-жайлар туралы мәлiметтi жарияламауға; тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы кезiнде белгiленген тәртiптi сақтауға мiндеттi.
5. Куә, осы Кодекстiң 241-бабында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, сараптамаға немесе куәландырылуға мәжбүрлеп тартылмайды.
6. Қасақана жалған жауап бергенi үшiн және жауап беруден бас тартқаны үшiн куә Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген қылмыстық жауапқа тартылады. Айғақтар беруден бас тарту немесе қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша дәлелдi себептерсiз келмеу әкiмшiлiк жауапқа тартуға әкеп соғады.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II 06.11.01 ж. № 251-II; 21.12.02 ж. № 363-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 83-бап өзгертілді
83-бап. Сарапшы
1. Iске мүдделi емес, арнаулы ғылыми білімi бар адам - сарапшы ретiнде шақырылуы мүмкiн. Сараптама жүргiзу тапсырылуы мүмкiн адамға қойылатын өзге де талаптар осы Кодекстің 243-бабының бірінші бөлігімен белгiленедi.
2. Сарапшыны шақыру, сараптама тағайындау және жүргiзу осы Кодекстiң 32-тарауында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Сарапшының: қылмыстық iстiң сараптама жүргiзуге қатысты материалдарымен танысуға; өзiне қорытынды беру үшiн қажеттi қосымша материалдарды беру туралы өтiнiш бiлдiруге; қылмыстық процестi жүргiзушi органның рұқсатымен тергеу әрекеттерiн жүргiзуге және басқа да iс-жүргiзу әрекеттерiне қатысуға және оған қатысушыларға сараптама жүргiзуге қатысты сұрақтар қоюға; өзi қатысқан тергеу немесе өзге де iс жүргiзу әрекеттерiнiң хаттамасымен, сондай-ақ тиiстi бөлiгiнде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзiнiң әрекетi мен жауаптарының толық және дұрыс көрсетiлуiне қатысты хаттамаға енгізуге жататын ескертулер жасауға; сараптаманы тағайындаған органның (адамның) келісімi бойынша өз құзыретi шегiнде тек алдына қойылған мәселелер бойынша ғана емес, сонымен бiрге iс үшiн маңызы бар және өз бастамашылығымен анықталған өзге мән-жайлар бойынша да қорытынды беруге; өзiнiң ана тілінде немесе өзi бiлетiн тiлде қорытынды ұсынуға және айғақ беруге; аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға; аудармашыдан бас тартуға; қылмыстық процестi жүргiзушi органның сараптама жүргiзу кезiнде өз құқығына нұқсан келтiрген әрекетiне шағым жасауға; өзiнiң арнаулы білімiнен тыс мәселелер бойынша, сондай-ақ, егер өзiне берiлген материалдар қорытынды беру үшiн жеткiлiксiз болған жағдайларда қорытынды беруден бас тартуға; сараптама жүргiзу кезiнде келтiрiлген, шығындарға өтем және егер сот сараптамасын жүргiзу оның қызметтiк мiндеттерiнiң шеңберiне кiрмесе орындалған жұмыс үшiн сыйақы алуға құқығы бар.
4. Сарапшының: қылмыстық процестi жүргiзушi органнан басқа процеске қатысушылармен сараптама жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша келiссөздер жүргiзуге; өз бетiнше зерттеуге арналған материалдар жинауға; егер оған сараптама тағайындаған органның арнаулы рұқсаты болмаса, объектiлердi толық немесе iшiнара жоюға не олардың сыртқы түрiн немесе негiзгi қасиеттерiн өзгертуге әкеп соқтыратын зерттеулер жүргiзуге құқығы жоқ.
5. Сарапшы: қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келуге; өз алдына қойылған мәселелер бойынша негiзделген және объективтi жазбаша қорытынды беруге; жүргiзiлген зерттеулер мен берiлген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша жауап беруге; сараптама жүргiзуге байланысты өзiне белгiлi болған iстiң жағдайы туралы мәлiметтердi және өзге де мәлiметтердi жарияламауға; тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы уақытында тәртiп сақтауға мiндеттi.
6. Қасақана жалған қорытынды бергенi үшiн сарапшы қылмыстық жауапқа тартылады.
7. Сарапшы сот сараптамасы органының қызметкерi болғандықтан, қызметiнiң тегiне орай, өз құқықтары мен мiндеттерiмен танысқан және оған қасақана жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауапқа тартылатыны туралы ескертiлген деп саналады.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II; 21.12.02 ж. № 363-II (бұрынғы ред. қара) Заңдарымен 84-бап өзгертілді
84-бап. Маман
1. Тергеуге және сот әрекеттерiне маман ретiнде қатысу үшiн iске мүдделi емес, дәлелдердi жинауда, зерттеуде және бағалауда, сондай-ақ техникалық құралдарды қолдануда жәрдем көрсету үшiн қажеттi арнаулы білімi бар адам шақырылуы мүмкiн. Кәмелетке толмағандар қатысатын тергеуге және өзге де iс жүргiзу әрекеттерiне қатысушы педагог те, сондай-ақ оны сарапшы етiп тағайындаған жағдайларды қоспағанда, тергеу және өзге де iс жүргiзу процестерiне қатысушы дәрiгер де мамандар болып табылады.
2. Маманның: өзiнiң шақырылу мақсатын бiлуге; егер тиiстi арнаулы білімi мен дағдысы болмаса, iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан бас тартуға; қылмыстық процестi жүргiзушi органның рұқсатымен тергеу немесе сот әрекетiне қатысушыларға сұрақтар қоюға; тергеу немесе сот әрекетiне қатысушылардың назарын заттарды немесе құжаттарды табу, бекіту және алу кезiнде, ғылыми-техникалық құралдарды қолдану, iстiң материалдарын зерттеу, сараптама тағайындау үшiн материалдарды дайындау кезiнде өзiнiң iс-әрекетiне байланысты мән-жайларға аударуға; тергеу немесе сот әрекетiнiң шеңберiнде оның барысы мен нәтижелерiн осы Кодекстiң 203-бабының сегiзiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен қылмыстық iске қосылатын хаттамада не ресми құжатта көрсету арқылы iстiң материалдарына объектiлердiң толық немесе iшiнара жойылуына не сыртқы түрiнің немесе негiзгi қасиеттерiнiң өзгеруiне әкеп соқпайтын зерттеулер жүргiзуге; өзi қатысқан тергеу әрекетiнiң хаттамасымен, сондай-ақ сот отырысы хаттамасының тиiстi бөлiгiмен танысуға және өзiнiң қатысуымен жүргiзiлген әрекеттердiң барысы мен нәтижелерiнiң көрсетiлуiнiң толықтығы мен дұрыстығына қатысты хаттамаға енгізуге жататын мәлiмдемелер мен ескертпелер жасауға; қылмыстық процестi жүргiзушi органның iс-әрекетiне шағым жасауға; аудармашыдан бас тартуға; өзiнiң тергеу немесе сот әрекеттерiне қатысуына байланысты өзiне келтiрiлген шығындарға өтем және егер iс бойынша iс жүргiзу оның қызметтiк мiндеттерiнiң шеңберiне кiрмейтiн болса, орындалған жұмыс үшiн сыйақы алуға құқығы бар.
3. Маман: қылмыстық iстi жүргiзушi органның шақыртуы бойынша келуге; дәлелдердi табу, бекіту және алу үшiн арнаулы білімiн, дағдысын және ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу мен сот талқылауына қатысуға; өзi орындаған iс-әрекеттер жөнiнде түсiнiктеме беруге; өзiне iске қатысуына байланысты белгiлi болған iстiң мән-жайлары туралы мәлiметтердi және өзге де мәлiметтердi жарияламауға; тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы уақытында тәртiп сақтауға мiндеттi.
4. Өзiнiң мiндеттерiн орындаудан дәлелдi себептерсiз бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн маман әкiмшiлiк жауапқа тартылады.
85-бап. Аудармашы
1. Аударма жасау үшiн қажет тiлдi меңгерген және сезiктi, айыпталушы, сотталушы, олардың қорғаушылары не жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкiлдерi, сондай-ақ куәлар және өзге де процеске қатысушылар iс бойынша iс жүргiзiлетiн тiлдi бiлмеген жағдайларда, сонымен бiрге жазбаша құжаттарды аудару үшiн тергеу және сот iс-әрекеттерiне қатысуға тартылған iске мүдделi емес адам аудармашы ретiнде шақырылады.
2. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган адамды аудармашы етiп тағайындау туралы қаулы шығарады.
3. Аудармашының: аударманы жүзеге асыру кезiнде қатысушыларға аударманы нақтылау үшiн сұрақтар қоюға; жүргiзуiне өзi қатысқан тергеу немесе өзге де iс жүргiзу iс-әрекеттерiнiң хаттамасымен, сондай-ақ тиiстi бөлiгiнде сот отырысының хаттамасымен танысуға және аударманың толықтығы мен дұрыстығына қатысты хаттамаға енгізуге жататын ескертпелер жасауға; егер оның аудару үшiн қажеттi білімi болмаса, iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан бас тартуға; қылмыстық процестi жүргiзушi органның iс-әрекетiне шағым жасауға; тергеу және өзге де iс жүргiзу iс-әрекетiне қатысуына байланысты өзiне келтiрiлген шығындарға өтем және егер iс бойынша iс жүргiзуге қатысу оның қызметтiк мiндетiнiң шеңберiне кiрмейтiн болса, орындалған жұмысы үшiн сыйақы алуға құқығы бар.
4. Аудармашы: қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келуге; өзiне тапсырылған аударманы дәл және толық орындауға; оның қатысуымен жүргiзiлген тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасында, сондай-ақ процеске қатысушыларға олардың ана тiліндегі немесе олар бiлетiн тiлдегi аудармасында тапсырылатын iс жүргiзу құжаттарында аударманың дұрыстығын өзiнiң қолымен куәландыруға; аудармашы ретiнде тартылуына байланысты өзiне белгiлi болған iстiң жағдайы туралы мәлiметтердi немесе өзге де деректердi жарияламауға; тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы уақытында тәртiп сақтауға мiндеттi.
5. Аудармашы дәлелдi себептерсiз келуден немесе өзiнiң мiндетiн орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн әкiмшiлiк жауапқа тартылады. Қасақана дұрыс аудармаған жағдайда аудармашы қылмыстық жауапқа тартылады.
6. Осы баптың ережелерi iс бойынша iс жүргiзуге қатысу үшiн шақырылған, мылқау немесе саңырау адамдардың белгiлерiн түсiнетiн адамдарға қолданылады.
86-бап. Куәгер
1. Қылмыстық iзге түсу органы осы Кодексте көзделген жағдайда тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу фактiсiн, оның барысы мен нәтижелерiн куәландыру үшiн тартқан адамдар куәгерлер болып табылады.
2. Өздерiнiң қатысуымен болып жатқан iс-әрекеттердi толық және дұрыс қабылдауға қабiлеттi, iске мүдделi емес және қылмыстық iзге түсу органдарына тәуелсiз кәмелеттiк жастағы азаматтар ғана куәгерлер бола алады.
3. Тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзуге кемiнде екi куәгер қатысады.
4. Куәгердiң: тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзуге қатысуға; тергеу iс-әрекетi жөнiнде хаттамаға енгізуге жататын мәлiмдемелер мен ескертулер жасауға; өзi қатысқан тергеу iс-әрекетiнің хаттамасымен танысуға; қылмыстық ізге түсу органының іс-әрекетіне шағым жасауға; қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өзiне келтiрiлген шығындарға өтем алуға құқығы бар.
5. Куәгер: қылмыстық iзге түсу органының шақыруы бойынша келуге; тергеу iс-әрекетiн жүргiзуге қатысуға; осы iс-әрекеттiң жүргiзiлу фактiсiн, оның барысы мен нәтижелерiн тергеу iс-әрекеттерiнiң хаттамасында өзiнiң қолымен куәландыруға; анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың рұқсатынсыз алдын ала тергеу материалдарын жарияламауға; тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу кезiнде тәртiп сақтауға мiндеттi.
6. Куәгер дәлелдi себептерсiз келуден немесе өзiнiң мiндетiн орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн әкiмшiлiк жауапқа тартылады.
87-бап. Сот отырысының хатшысы
1. Сот отырысының хаттамасын жүргiзетiн, қылмыстық iске мүдделi емес мемлекеттік қызметшi сот отырысының хатшысы болып табылады.
2. Сот отырысының хатшысы: өзi хаттамалауды қамтамасыз етуi қажеттi барлық уақытта сот отырысы залында болуға және сот отырысына төрағалық етушiнiң рұқсатынсыз кетпеуге; хаттамада соттың iс-әрекетi мен шешiмiн, соттың отырысына қатысушы барлық адамдардың өтiнiштерiн, қарсылықтарын, жауаптарын, түсiнiктемелерiн, сондай-ақ сот отырысының хаттамасында көрсетуге жататын басқа да жағдайларда толық және дұрыс жазуға; сот отырысының хаттамасын осы Кодексте белгiленген мерзiмде дайындауға; төрағалық етушiнiң заңды өкіміне бағынуға; жабық сот отырысына қатысуына байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы мәлiметтердi жарияламауға мiндеттi.
3. Сот отырысының хатшысы сот отырысы хаттамасының толықтығы мен дұрыстығы үшiн дербес жауап бередi.
4. Дұрыс емес не шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi сот отырысының хаттамасына қасақана енгiзген жағдайда хатшы заңда көзделгендей жауапты болады.
88-бап. Сот приставы
1. Соттар қызметiнiң және сот шешiмдерiн орындаудың белгiленген тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі өзiне заңмен жүктелген мiндеттердi орындаушы лауазымды адам сот приставы болып табылады.
2. Сот приставы бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың атқарылуына бақылау жасауды қамтамасыз етедi, сот орындаушыларына атқару құжаттарын мәжбүрлеп атқаруда көмек көрсетедi, сот талқылауы кезiнде залдағы тәртiптi бақылап отырады, төрағалық етушiнiң өкімін орындайды және соттарда судьяларды, куәларды және басқа да процеске қатысушыларды қорғауды жүзеге асырады, оларды басқаның ықпалынан қорғайды, соттың iс жүргiзу iс-әрекетiн жүргiзуiне жәрдемдеседi, сотқа келуден жалтарған адамдарды алып келудi жүзеге асырады, өзiне заңмен жүктелген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
11-тарау. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге
қатысудың мүмкіндігін жоққа
шығаратын жағдай. Қарсылық білдіру
89-бап. Қарсылық бiлдiру және қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан шеттету туралы өтiнiштер. Қылмыстық процеске қатысудан босату
1. Судья, прокурор, тергеушi, анықтаушы, қорғаушы, жәбiрленушiнiң (жеке айыптаушының), азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң өкiлi, куәгер, сот отырысының хатшысы, сот приставы, аудармашы, сарапшы, маман қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге өздерiнiң қатысуын жоққа шығаратын мән-жайлар болған кезде қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан шеттетiлуге мiндеттi не оларға қылмыстық процеске қатысушылар қарсылық бiлдiретiнiн мәлiмдеуi тиiс.
2. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган өз құзыретiнiң шегiнде iс бойынша iс жүргiзуден шеттету туралы мәлiмделген қарсылық бiлдiрулер мен өтiнiштердi шешуге немесе бұл адамның қылмыстық процеске қатысуын жоққа шығаратын мән-жайлар анықталған кезде тиiстi қаулы шығару арқылы өз бастамашылығы бойынша оны iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан шеттетуге құқылы. Егер басқа процеске қатысушыларға қатысты қарсылық бiлдiрулердi шешуге уәкiлеттi адамға қарсылық бiлдiрумен бiр уақытта процеске өзге де қатысушыларға қарсылық бiлдiру мәлiмделсе, онда бiрiншi кезекте осы адамға қарсылық бiлдiру туралы мәселе шешiледi.
3. Егер қылмыстық сот iсiн жүргiзуге бiр мезгiлде бiрнеше адамның қатысуы олардың туыстық қатынастарына немесе жеке байланыстың басқа да қатынастарына байланысты жоққа шығарылатын жағдайда қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуден процеске қатысушы жағдайына басқалардан кейiнiрек ие болған адам шеттетiлуi тиiс. Егер туыстық немесе жеке байланыстың басқа да қатынастарымен байланысты адам соттың құрамында болса, қылмыстық iс бойынша жүргiзуден шеттетiлуге төрағалық етушi таңдаған адам жатады.
4. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысуы осы Кодексте көзделген қандай да болсын жағдайлармен жоққа шығарылмайтын сот отырысының хатшысын, сот приставын, аудармашыны, маманды, сарапшыны олардың сұрауы бойынша олардың өз iс жүргiзу функцияларын орындауына кедергі келтiретiн дәлелдi себептерiнiң болуына орай мұндай қатысудан қылмыстық процестi жүргiзушi орган босатады.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 90-бап өзгертілді
90-бап. Судьяға қарсылық бiлдiру
1. Егер ол:
1) осы Кодекске сәйкес қылмыстық iстi соттай алуға жатқызылған судья болып табылмаса;
2) прокурордың шешiмiне жасалған шағымды қараса;
3) аталған iс бойынша жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер болып табылса, куә ретiнде шақырылса не шақырылуы мүмкiн болса;
4) осы қылмыстық iс бойынша сарапшы, маман, аудармашы, куәгер, сот отырысының хатшысы, анықтаушы, тергеушi, прокурор, қорғаушы, айыпталушының заңды өкiлi, жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң немесе азаматтық жауапкердiң өкiлi ретiнде iс жүргiзуге қатысса;
5) жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң немесе олардың өкiлдерiнiң туысы, айыпталушының немесе оның заңды өкiлiнiң туысы, прокурордың, қорғаушының, тергеушiнiң немесе анықтаушының туысы болса;
6) егер судья жеке, тiкелей немесе жанама осы iске мүдделi деп санауға негiз беретiн өзге де мән-жайлар болса, ол iстi қарауға қатыса алмайды.
2. Қылмыстық iстi қарайтын соттың құрамына туыстық немесе жеке байланыстың басқа да қатынастарымен байланысқан өзара тәуелдi адамдар кiре алмайды.
3. Бiрiншi сатыдағы сотта қылмыстық iстi қарауға қатысқан судья бұл iстi екiншi сатыдағы сотта немесе қадағалау тәртібінде қарауға қатыса алмайды, сонымен бiрге үкiм тоқтатылған немесе оның қатысуымен iстi қысқарту туралы қаулы шығарылған жағдайда iс бiрiншi немесе екiншi сатыдағы сотта жаңадан қаралғанда қатыса алмайды.
4. Екiншi сатыдағы сотта iстi қарауға қатысқан судья осы iстi бiрiншi сатыдағы сотта немесе қадағалау тәртібімен қарауға, сонымен бiрге оның қатысуымен қабылданған қаулы тоқтатылғаннан кейiн iс бiрiншi немесе екiншi сатыдағы сотта жаңадан қаралғанда қатыса алмайды.
5. Iстi қадағалау тәртібімен қарауға қатысқан судья сол iс бiрiншi не екiншi сатыдағы соттарда қаралғанда қатыса алмайды.
6. Қарсылық бiлдiру сот тергеуi басталғанға дейiн мәлiмделуi тиiс. Одан кейiнгi мәлiмдемеге тек ол үшiн негiз қарсылық бiлдiрудi мәлiмдеген тарапқа сот тергеуi басталғаннан кейiн белгiлi болған жағдайда ғана жол берiледi.
7. Судьяға қарсылық бiлдiру, сондай-ақ қарсылық бiлдiрiлуге жататын сот талқылауына қатысушылар туралы мәселенi қаулы шығару арқылы кеңесу бөлмесiнде сот шешедi.
8. Судьяға мәлiмделген қарсылық бiлдiрудi, қалған судьялар қарсылық бiлдiрiлген судьяның қатысуынсыз шешедi, ол, алайда, судьялар кеңесу бөлмесiне кеткенге дейiн өзiне мәлiмделген қарсылық бiлдiру жөнiнде өзiнiң түсiнiктемесiн көпшiлiк алдында айтуға құқылы. Бiрнеше судьяға немесе соттың бүкiл құрамына мәлiмделген қарсылық бiлдiрудi толық құрамда көпшiлiк дауыспен сот шешедi. Дауыстар тең болған кезде судьяға қарсылық бiлдiрiлген болып саналады.