09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
8. Мәнi бойынша өтiнiм сараптамасын жүргiзу кезеңiнде сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушiден онсыз сараптама өткізу мүмкiн болмайтын қосымша материалдарды, оның iшiнде өнертабыстың өзгертiлген формуласын сұратып алуға құқылы.
Сараптама жасау ұйымының сұратуы бойынша қосымша материалдар, сұратуға немесе өтiнiмге қарсы қойылатын материалдардың көшiрмелерiн өтiнiм берушi оған сараптама жасау ұйымының сұратуы жiберiлген күннен бастап екi ай iшiнде сұратқан жағдайда, аталған көшiрмелер жiберiлген күннен бастап өнертабыстың мәнi өзгертiлмей үш ай мерзiмде табыс етiлуге тиiс.
Қосымша материалдарға өнертабыстың мәнiн өзгерткен бөлiгiнде осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртiп қолданылады. Егер өтiнiм берушi сұрау салынған материалдарды немесе белгiленген мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiштi белгiленген мерзiмде табыс етпесе, өтiнiм қайтарып алынған болып есептеледi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
9. Егер өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жасау нәтижесiнде сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушi сұрап отырған құқықтық қорғау көлеміндегі мәлiмделген ұсыныс осы Заңның 6-бабында айқындалған өнертабыстың патент қабiлеттілігi талаптарына сәйкес келетiнiн анықтаса, онда сараптама жасау ұйымы белгiленген басымдықты көрсете отырып патентке өтiнiм берушiмен келісілген өнертабыс формуласымен оң қорытынды береді.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
10. Өтiнiм берiлген өнертабыс өтiнiш берушi сұраған құқықтық қорғау көлемiнде өнертабыстың патент қабiлеттілігi талаптарына сәйкес келмейтiнi анықталған кезде сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы берiледi.
Сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларда да берiледi.
Өтiнiм берушi сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде уәкiлеттi органға қарсылық бере алады. Қарсылықты шағым кеңесi ол түскен күннен бастап төрт ай мерзiмде қарауға тиiс.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
11. Өтiнiм берушi өтiнiм қаралуының кез келген сатысында, сондай-ақ патент иеленушi және үшiнші тұлғалар алдын ала патент беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн техника деңгейiн салыстыру арқылы өнертабыстың патент қабiлеттілігiн бағалау жүзеге асырылатын анықтау үшiн ақпараттық iздестiру өткізу туралы өтiнiш жасай алады. Осы Заңның 6-бабының 3-тармағына сәйкес өнертабыстар болып танылмайтын объектiлерге қатысты сараптама жасау ұйымы ақпараттық iздестіру жүргiзбейдi, бұл туралы ақпараттық iздестiру жөнiнде өтiнiм берушi адам хабарланады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
12. Өтiнiм беруші сараптаманың қарсы қойған барлық материалдарымен таныстырылуы мүмкiн. Өтінiм берушi сұратқан материалдарды сараптама жасау ұйымы оған сұрау салынған күннен бастап бір ай мерзiм iшiнде жiбередi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 13-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
13. Осы баптың 3, 5-10-тармақтарында көзделген және өтiнiм берушi өткiзiп алған мерзiмдердi дәлелдi себептерiнiң болғаны және өткiзiп алған мерзiмдi қалпына келтiру ақысының төленгенi туралы құжат тапсырылған жағдайда сараптама жасау ұйымы қалпына келтiруi мүмкiн.
Мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiштi өтiнiм берушi өткiзiп алған мерзiм бiткен күннен бастап он екi айдан кешiктiрмей беруi мүмкiн. Мұндай өтiнiш сараптама жасау ұйымына сараптаманың сұратылған құжаттарымен немесе шағым кеңесiне жасалған қарсылықпен бірге тапсырылады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 14-тармақпен толықтырылды
14. Егер өтiнiмдi қарау кезiнде онда мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтер анықталса, өтiнiм Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңдарында белгiленген тәртiппен құпияландырылады.
23-бап. Пайдалы модель өтініміне сараптама
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Өтiнiм келiп түскен күннен бастап екi ай өткен соң сараптама жасау ұйымы ол бойынша формальды сараптама жүргiзедi. Өтiнiм берушiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша формальды сараптама көрсетiлген мерзiм өтпей тұрып басталуы мүмкiн. Бұл жағдайда өтiнiм берушi өтiнiш берiлген сәттен бастап, осы Заңның 21-бабының 1-тармағында көзделген құқығынан айырылады. Формальды сараптама жүргiзу барысында қажеттi құжаттардың бар-жоғы және оларға қойылатын талаптардың орындалуы тексерiледi, өтiнiм берiлген күн, мәлiмделген ұсынысты пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiлерге жатқызу мүмкiндiгi айқындалады, сондай-ақ пайдалы модельдiң бірлiгi тексерiледi.
Мәлiмделген пайдалы модельдiң осы Заңның 7-бабының 1-тармағында белгiленген патент қабiлеттілік талаптарына сәйкестiгiн тексеру жүзеге асырылмайды. Патент өтiнiм берушiнiң тәуекелiмен және жауапкершiлiгiмен берiледi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Пайдалы модельге өтiнiмнiң ресми сараптамасын өткiзген кезде тиiсiнше осы Заңның 22-бабының 2-4 және 13-тармақтарындағы ережелер қолданылады.
Егер ресми сараптама нәтижесiнде өтiнiмнiң пайдалы модельдер ретiнде қорғалатын объектiлерге жататыны және құжаттардың белгiленген талаптарға сәйкестiгi анықталса, патентке сараптама жасау ұйымының оң қорытындысы берiледi..
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Егер ресми сараптама нәтижесiнде өтiнiмнiң пайдалы модельдер ретiнде қорғалмайтын объектiлерге жататыны анықталса, сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы берiледi. Егер өтiнiм берушi ол ұсынған формулада өтiнiмнiң бастапқы материалдарында болмаған белгiлер байқалса немесе пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiден басқа, пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiлерге жатпайтын ұсыныстармен де сипатталса, немесе пайдалы модель бірлiгi талаптарын бұзуға байланысты қаралмағандығы туралы хабарламадан кейiн формуланы өзгертпесе де, сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы берiледi.
Өтiнiм берушi сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысына ол жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiм iшiнде уәкiлеттi органға қарсылық беруге құқылы. Қарсылықты оның түскен күнiнен бастап екi ай мерзiмде шағым кеңесi қарауға тиiс.
4. Өтiнiм берушi өтiнім қаралуының кез келген сатысында, сондай-ақ патент иеленушi мен үшiншi тұлғалар патент беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн техникалық деңгейiн анықтау үшiн сонымен салыстыру арқылы пайдалы модельдiң патент қабiлеттілігiн бағалау жүзеге асырылатын ақпараттық iздестiру жүргiзу туралы өтiнiш беруi мүмкiн. Бұл жағдайда тиiсiнше осы Заңның 22-бабы 11-тармағының ережелерi қолданылады.
24-бап. Өнеркәсiп үлгiсi өтiнiмiне сараптама
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Өнеркәсiптiк үлгiге өтiнiм бойынша сараптама жасау ұйымы формальды сараптама және мәнi бойынша сараптама жүргiзеді.
Өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiмге ресми сараптама жүргiзген кезде тиiсiнше осы Заңның 22-бабының 1-6 және 13-тармақтарында келтiрiлген ережелер қолданылады.
2. Мәнi бойынша өтiнiмге сараптама жүргiзген кезде тиiсiнше осы Заңның 22-бабының 7-10, 12 және 13-тармақтарында келтiрiлген ережелер қолданылады.
25-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн тiркеу және қорғау құжатын беру
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Сараптама жасау ұйымы Қазақстан Республикасының Өнертабыстарының мемлекеттік тiзiлiмiне, Қазақстан Республикасының Пайдалы модельдер мемлекеттік тiзiлiмiне немесе Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп үлгiлерi мемлекеттік тiзiлiмiне тиiсiнше өнертабысты, пайдалы модельдi немесе өнеркәсiп үлгiсiн енгiзедi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Уәкiлеттi орган патенттi беру туралы мәлiметтердi бюллетеньге жариялай отырып, патент иеленушiге тиiстi қорғау құжатын бередi.
Атына қорғау құжаты сұралған адам бірнешеу болған жағдайда оларға бір қорғау құжаты берiледi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң патент иеленушi болып табылмайтын авторына уәкiлеттi орган оның авторлығын растайтын ресми куәлiк бередi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Қорғау құжаты мен автор куәлiгiнiң нысанын, оларда көрсетiлген мәлiметтер құрамын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
26-бап. Қорғау құжаттарын беру туралы мәлiметтердi жариялау
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Сараптама жасау ұйымы өнертабысқа алдын ала патент немесе пайдалы модельге патент беру туралы мәлiметтердi өтiнiм берiлген күннен бастап - он сегiз ай, ал өнеркәсiп үлгiсiне - он екi ай өткен соң бюллетеньде жариялайды. Өтiнiм берушiнiң өтiнiшi бойынша Қазпатент мәлiметтердi аталған мерзiмнен ерте жариялауы мүмкiн.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Сараптама жасау ұйымы өнеркәсiптiк меншiк объектiсi Қазақстан Республикасының тиiстi Мемлекеттік тiзiлiмiне тiркелген күннен бастап екi ай iшiнде өнертабысқа немесе өнеркәсiп үлгiсiне патент беру туралы мәлiметтердi бюллетеньде жариялайды.
3. Автордың қорғау құжаты туралы жарияланған мәлiметтерде автор ретiнде аталынудан бас тартуға құқығы бар.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Жарияланатын мәлiметтердiң толық құрамын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 5-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
5. Қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн кез келген тұлға өтінiмнiң материалдарымен және сараптама жасау ұйымы дайындаған ақпараттық iздестiру туралы есеппен танысуға құқылы.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Осы Заңның 5-бабы 3-тармағына сәйкес сараптама жасау ұйымы бюллетеньде қорғау құжаттарының қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы мәлiметтер, сондай-ақ тиiстi мемлекеттік тiзiлiмдердегi жазбалардың өзгерістерi туралы мәлiметтер жариялайды.
27-бап. Өтiнiмдi қайтарып алу
Өтінiм берушi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне берген өтiнiмiн Қазақстан Республикасының тиiстi Мемлекеттік тiзiлiмiне тiркелгенге дейiн қайтарып алуға құқылы.
28-бап. Өтiнiмдердi қайта өзгерту
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Өнертабысқа өтiнiм бойынша сараптама жасау ұйымының тиiстi қорытындысы берiлгенге дейiн өтiнiм берушi оны тиiстi өтiнiш жасау арқылы пайдалы модельге өтiнiм етiп өзгертуге құқылы.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Пайдалы модельге өтiнiм бойынша сараптама жасау ұйымының қорытындысы берiлгенге дейiн тиiстi өтiнiш жасау арқылы пайдалы модельге өтінiмдi өнертабысқа өтiнiм етiп өзгертуге болады.
3. Аталған өзгертулер кезiнде алғашқы өтiнiмнiң басымдығы және берiлген күнi сақталады.
6-тарау. Қорғау құжатының қолданылуын тоқтату және
қалпына келтіру
29-бап. Қорғау құжатына дау айту
1. Қорғау құжатына бүкiл қолданылу мерзiмi iшiнде оны беруге қарсы қарсылық бойынша мынадай жағдайларда:
1) қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсi осы Заңда белгiленген патент қабiлеттілiгi талаптарына сәйкес келмесе;
2) өнертабыстың, пайдалы модельдiң формуласында немесе өнеркәсiп үлгiсiнiң елеулi белгiлерi жиынтығында өтiнiмнiң бастапқы материалдарында болмаған белгiлер болса;
3) қорғау құжаты өтiнiм берушiнiң осы Заңның 37-бабының ережелерiн бұзуы жағдайында берiлсе;
4) қорғау құжатында авторы (авторлары) немесе патент иеленуші дұрыс көрсетiлмесе дау айтылуы және толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылуы мүмкін.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Осы баптың 1-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша қорғау құжатын беруге қарсылық уәкiлеттi органға берiледi. Қарсылық оның түскен күнiнен бастап алты ай мерзiмде шағым кеңесiнде қаралуға тиiс. Қарсылық берген тұлға патент иеленушiнi қарсылықпен таныстыруға мiндеттi.
30-бап. Қорғау құжатының күшi жоқ деп танылуы және оның қолданылуын мерзiмiнен бұрын тоқтату
1. Шағым кеңесi шешiмiнiң немесе сот шешiмiнiң негiзiнде қорғау құжаты толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.
2. Қорғау құжатының қолданылуы:
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) бюллетеньде қорғау құжаты қолданылуының мерзiмiнен бұрын тоқтатылғаны туралы мәлiметтер жарияланған күннен бастап уәкiлеттi органға патент иеленушi берген арыз негiзiнде мерзiмiнен бұрын тоқтатылады. Егер қорғау құжаты бір топ өнеркәсiптiк меншiк объектілеріне берiлген болса, ал патент иеленушiнiң өтiнiшi осы объектiлер тобының бір бөлiгiне ғана қатысты берiлсе, қорғау құжатының күшi тек өтiнiште көрсетiлген өнеркәсiптiк меншiк объектілеріне қатысты ғана тоқтатылады;
2) белгiленген төлем мерзiмiнiң өткен күнiнен бастап қорғау құжатын күшiнде ұстау үшiн белгiленген мерзiмде төлем төленбеген жағдайда мерзiмнен бұрын тоқтатылады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Сараптама жасау ұйымы бюллетеньде толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылған, сондай-ақ қолданылуы мерзiмiнен бұрын тоқтатылған қорғау құжаттары туралы мәлiметтер жариялайды.
31-бап. Патенттің қолданылуын қалпына келтіру. Соңынан пайдалану құқығы
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Осы Заңның 30-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында аталған негiзде тоқтатылған патенттің қолданылуы, патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша патенттi күшiнде сақтау үшiн төленетiн төлемнiң мерзiмi бiткен күннен бастап үш жыл iшiнде патенттiң қолданылуын қалпына келтiруге төлем туралы құжат берiлген жағдайда, қалпына келтiрiлуi мүмкiн.
Сараптама жасау ұйымы бюллетеньде патенттiң қолданылуын қалпына келтiру туралы мәлiметтер жариялайды. Жарияланым күнi патенттiң қолданылуы қалпына келтiрiлген күн болып табылады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
2. Патенттiң қолданылуы тоқтатылған күн мен қалпына келтiрiлген күн аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасының аумағында патентпен қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалана бастаған немесе оған қажеттi дайындық жасаған кез келген адам оны одан әрi осындай пайдаланудың көлемiн ұлғайтпай, тегiн пайдалану құқығын сақтап қалады (соңынан пайдалану құқығы).
Соңынан пайдалану құқығы басқа адамға өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану орын алған немесе оған қажеттi дайындық жасалған өндiрiспен бірге ғана берiлуi мүмкiн.
7-тарау. Авторлардың, өтініш берушілердің және
патент иеленушілердің құқықтарын қорғау
32-бап. Шағым кеңесi
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Шағым кеңесi осы Заңның 22-бабының 6, 10-тармақтары, 23-бабының 3-тармағы және 29-бабының 2-тармағына сәйкес берiлетiн қарсылықтар бойынша дауларды сотқа дейiн қарау жөніндегі уәкiлеттi органның мамандандырылған құрылымдық бөлiмшесi болып табылады. Шағым кеңесi туралы ереженi, шағым кеңесiне қарсылықтардың берiлу және қаралу тәртібін уәкiлеттi орган бекiтедi.
2. Берiлген қарсылық шағым кеңесiнiң алқа отырысында осы Заңда белгiленген мерзiм iшiнде қаралуға тиiс. Қарсылықтарды қарау мерзiмi қарсылық берген адамның, сондай-ақ патент иеленушiнiң өтінішi бойынша ұзартылуы мүмкiн, бірақ ол қарсылықты қарау үшiн белгiленген мерзiм өткен күннен бастап алты айдан аспауы керек.
3. Шағым кеңесiнiң шешіміне қарсылық берген адам немесе патент иеленушi өздерi шешiмдi алған күннен бастап алты ай iшiнде оған сотқа шағымдануы мүмкiн.
33-бап. Дауларды сот тәртібімен қарау
1. Мынадай даулар:
1) өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне авторлық туралы;
2) қорғау құжатының дұрыс берiлуi туралы;
3) патент иеленушiнi анықтау туралы;
4) күштеп лицензия беру туралы;
5) патент иеленушiнiң қорғалатын өнеркәсiптік меншiк объектiсiн пайдалануға айрықша құқығын және басқа да мүлiктiк құқықтарын бұзушылық туралы;
6) қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға лицензиялық шарттардың жасалуы мен орындалуы туралы;
7) алдыңғы және соңынан пайдалану құқығы туралы;
8) жұмыс берушiнiң осы Заңның 10-бабының 4-тармағына сәйкес авторға сыйақы төлеуi туралы;
9) осы Заңда көзделген өтемақыларды төлеу туралы;
10) құқық қорғауға байланысты қорғау құжатынан туындайтын басқа да даулар сот тәртібiмен қаралуға тиiс.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Сот шешiмi негiзiнде сараптама жасау ұйымы қорғау құжаттарына қатысты өзгерістер туралы мәлiметтердiң жарияланымын жүргiзедi.
34-бап. Авторлардың, өтiнiш берушiлердiң және патент иеленушiлердiң құқықтарын бұзғандық үшiн жауапкершiлiк
Авторлықты иемдену, қосалқы автор болуға мәжбүрлеу, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң мәнiн ол туралы мәлiметтер жарияланғанға дейiн автордың немесе өтiнiм берушiнiң келісімiнсiз жария ету, қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн заңсыз пайдалану, шет елдерде өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн патенттеу тәртібін бұзу заңдарға сәйкес жауапкершiлiкке әкеп соғады.
8-тарау. Қорытынды ережелер
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
35-бап. Сараптама жасау ұйымының әрекеттерiне ақы төлеу
Сараптама жасау ұйымының осы Заңда көзделген әрекеттердi жүзеге асырғаны, оның iшiнде қорғау құжаттарын беруге өтiнiмдер қабылдағаны, оларды тiркегенi, өнеркәсiптiк меншiк объектілеріне сараптама жүргiзгенi және оларға қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерiн туғызатын өзге де әрекеттер жасағаны үшiн сараптама жасау ұйымы заңдарға сәйкес ақы алады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 36-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
36-бап. Патенттiк сенім бiлдiрiлген өкiлдер
1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, біліктілік деңгейi қойылатын талаптарға сай келетiн Қазақстан Республикасының азаматы патенттiк сенім бiлдiрiлген өкiл бола алады.
Патенттiк сенім бiлдiрiлген өкiлдерге қойылатын біліктілік талаптарын, оларды аттестаттау және тiркеу тәртібін уәкiлеттi орган айқындайды.
2. Уәкiлеттi органмен және сараптама жасау ұйымымен iс жүргiзудi өтiнiш берушi, патент иеленушi дербес немесе уәкiлеттi орган тiркеген патенттiк сенім бiлдiрiлген өкiл арқылы жүзеге асыра алады.
3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдiк заңды тұлғалар уәкiлеттi органда және сараптама жасау ұйымында патенттiк сенім бiлдiрiлген өкiлдер арқылы өтiнiш берушiнiң патент иеленушінің құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлғаның құқықтарын жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ уақытша одан тыс жерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегiнде хат-хабар алмасу үшiн мекен-жайын көрсеткен жағдайда, патенттiк сенім бiлдiрiлген өкiлсiз-ақ өтiнiш берушiнiң, патент иеленушiнiң құқықтарын, сондай-ақ мүдделi тұлғаның құқықтарын жүзеге асыра алады.
4. Құпия ақпараттарға немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияға Қазақстан Республикасының заң актілерінде берiлген талаптарды сақтау кезiнде сенім бiлдiрушiден оның тапсырмасын орындауға байланысты патенттiк сенім бiлдiрiлген өкiл алатын ақпарат құпия болып танылады.
Патенттiк сенім бiлдiрiлген өкiл осы iс бойынша iс жүргiзуге мүдделерi өтiнiш бiлдiрген тұлғаның мүдделерiне көрiнеу қайшы келетiн тұлғалардың атынан өкiлдiк етсе немесе оларға консультация берсе немесе оны қарауға өзгедей қатысса, сондай-ақ iстi қарауға патенттiк сенім бiлдiрiлген өкiлмен туыстық қатынастардағы лауазымды адам қатысса, ол тапсырманы қабылдауға құқылы емес.
5. Патенттiк сенім бiлдiрiлген өкiлдiң өкiлеттiгi өтiнiм берушiнiң, патент иесiнiң оған берген сенімхатымен куәландырылады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
37-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн шет елдерде патенттеу
1. Қазақстан Республикасында жасалған өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне шет елдерге өтiнiм беру сараптама жасау ұйымына өтiнiм берiлген күннен бастап үш ай өткен соң немесе мемлекеттік құпия болып саналатын мәлiметтердiң болуы белгiленген заңды тәртiппен жүргiзiлетiн тексеру аяқталғаннан кейiн жүзеге асырылуы мүмкiн.
2. Қазақстан Республикасының өз аумағында тұратын азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне өтiнiмдi халықаралық патент ұйымына, егер бұл тиiстi халықаралық шартқа қайшы келмесе, сараптама жасау ұйымы арқылы бередi.
3. Қазақстан Республикасында жасалған өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне өтiнiм шет елдерге немесе халықаралық патент ұйымына осы бап тәртібін бұза отырып берiлген жағдайда Қазақстан Республикасында бұл өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне қорғау құжаты берiлмейдi.
38-бап. Шет елдік жеке және заңды тұлғалар мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары
1. Шетелдік жеке және заңды тұлғалар осы Заңда көзделген құқықтарды Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға орай немесе өзара түсіністік принциптері негізінде Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларымен тең пайдаланады.
2. Қазақстан Республикасында тұратын азаматтығы жоқ адамдар осы Заңда және өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғауға жататын өзге де актілерде көзделген құқықтарды, егер осы заңнан және басқа да заң актілерінен өзгеше туындамаса, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларымен тең пайдаланады.
Қазақстан Республикасының