1. Құзыреттi орган жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды:
1) жер қойнауын пайдаланушы келісім-шарт шарттарын бұзған жағдайда;
2) жер қойнауын пайдаланушы қазақстандық мазмұнның жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау, жұмыстарды қауiпсіз жүргiзу бөлiгiнде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын үнемi бұзған жағдайда алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.
1-1. Құзыреттi орган жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұру туралы шешiм шыққанға дейiн жер қойнауын пайдаланушыны анықталған бұзушылықтар туралы жазбаша нысанда хабардар етуге және соңғысының осы бұзушылықтарды туғызған себептер туралы жазбаша түсiнiктемесiн алуға мiндеттi. Құзыреттi орган жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды, егер бұзушылыққа жол берген себептердi жою жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұрмайынша мүмкiн болмаса, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушыдан анықталған бұзушылықтар туралы хабардар еткен кезден бастап он күн iшiнде бұзушылықтардың себептерi туралы түсiнiктемелер алмаған жағдайда тоқтата тұруға құқылы.
2. Барлау, өндiру, бірлескен барлау мен өндiру не барлау және (немесе) өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүргiзу тоқтатыла тұрған жағдайда құзыреттi орган не жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушыға мұндай тоқтата тұрудың себептерi туралы жазбаша түрде хабарлайды және оларды жою үшiн қисынды мерзiм белгiлейдi.
3. Барлауды, өндiрудi, бірлескен барлау мен өндiрудi не барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды тоқтата тұруды тудырған себептер жойылған кезде құзыреттi орган не жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті орган мердiгерге барлауды, өндiрудi, бірлескен барлау мен өндiрудi не барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүргiзудi жалғастырудың мүмкiндiгi туралы жазбаша түрде хабарлайды.
4. Құзыреттi орган және (немесе) жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті орган, егер жасалған контрактiге сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жалғастыру, жер қойнауын пайдаланушыға тәуелсіз белгiлi бір жағдайларға байланысты адамдардың өмiрiне қауiп немесе қоршаған ортаға қатер төндiретiн жағдайда, барлауды, өндiрудi немесе бірлескен барлау мен өндiрудi жүргiзудi тоқтата тұруға құқылы. Бұл жағдайда құзыреттi орган немесе жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушыға осындай жағдайлардан туған қолайсыз зардаптардың тәуекелiн болдырмайтын не оны төмендететiн шаралар қолдану жөнiнде атқарылуы мiндеттi нұсқаулар беруге құқылы. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұру үшiн негiз болатын мән-жайлардың туындағаны үшiн қандай да бір жауапкершiлiктен босатылады.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 45-2-баппен толықтырылды; 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 45-2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
45-2-бап. Контрактiнi өзгерту және тоқтату
1. Құзыреттi орган контрактiнi мынадай жағдайларда:
1) мердiгер барлау, өндiру, бірлескен барлау мен өндiру не барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүргiзудi тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға әкеп соққан себептердi жоюдан бас тартқан жағдайда, не осы себептер оларды жою үшiн жеткiлiктi мерзiмде жойылмаған жағдайда;
2) жер қойнауын пайдаланушылар осы Заңның 70-бабында көзделген шараларды қолданбаған жағдайда;
3) Осы Заңның 45-1-бабының 4-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұруға әкеп соққан себептердi жою мүмкiн болмайтын жағдайда;
4) мердiгер контрактiмен не жұмыс бағдарламасымен белгiленген мiндеттемелерiн айтарлықтай бұзған жағдайда;
5) мердiгер осы Заңға сәйкес жер қойнауын пайдалану Құқығы кепiл нысанасы болып табылатын жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес банкрот деп танылған жағдайда біржақты тәртiппен бұзуға құқылы.
2. Құзыреттi орган контрактiнi бұзу туралы тиiстi шешiм қабылдағанға дейiн мердiгерге хабарлама жiберу арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзудi дереу тоқтатуды талап етуге құқылы, ал мердiгер мұндай талапты дереу атқаруға мiндеттi.
3. Тараптар Қазақстан Республикасының заң актілерінде және келісім-шартта көзделген негiздер бойынша және тәртiппен ғана келісім-шарттың қолданысын тоқтатуы немесе оның шарттарын өзгертуi мүмкiн.
4. Тараптар келісім-шарттың қолданысы тоқтатылған немесе оның шарттары өзгертiлген кезде орындалмай қалған ағымдағы мiндеттемелердi орындаудан босатылмайды.
5. Келісім-шарттың қолданысын тоқтату жер қойнауын пайдаланушыны Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бекітілген тарату жобасына сәйкес келісім-шарттық аумақты халықтың денсаулығы мен өмiрiне және қоршаған орта үшiн қауiпсіз болатын жағдайға дейiн қалпына келтiру жөніндегі мiндеттердi орындаудан босатпайды.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 46-бап өзгертілді
46-бап 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
6-Тарау
Жер қойнауын және қоршаған
ортаны қорғау
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 47-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
47-бап. Жер қойнауын және қоршаған ортаны
қорғау мiндеттерi
Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау:
1) халықтың денсаулығын және өмiрiн қорғау;
2) жер қойнауының ресурстарын тиiмдi және кешендi пайдалану;
3) табиғи ландшафттарды сақтау және бүлiнген жерлердi, өзге де геоморфорологиялық құрылымдарды қалпына келтiру;
4) жер сiлкiнудi, көшкiндi, су басуды, топырақтың отыруын болдырмау мақсатында жер қойнауының үстiңгi бөлiктерiнiң энергетикалық жай-күйiн сақтау;
5) су объектілерінiң табиғи жағдайын сақтауды қамтамасыз ету бағыттарына негiзделген құқықтық, ұйымдастыру, экономикалық, технологиялық жүйелердi және басқа шараларды қамтиды.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 48-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
48-бап. Жалпы экологиялық талаптар
1. Жер қойнауын пайдаланудың барлық сатыларында болжауды, жоспарлауды, жобалауды қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау заңдарында көзделген экологиялық талаптар басымдық ретте сақталуға тиiс.
2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзген кезде жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауға қойылатын негiзгi талаптар:
1) кен орнын игерудiң арнаулы тәсiлдерiн қолдану есебiнен жердiң үстiңгi қабатын сақтау;
2) жердiң техногендiк шөлейттенуiн болдырмау;
3) жер қойнауын пайдалану операциялары басталмай тұрып, табиғатты қорғау органдарымен келісілген автомобиль жолдарын салудың тиiмдi сызбасын жасау, сондай-ақ скважиналарды бұрғылауда тармақты әдiстi қолдану, iшкi үйiндiлер жасау технологиясын қолдану, минералдық шикiзатты өндiру мен Өңдеудiң қалдықтарын пайдалану арқылы бұзылатын және бүлiнетiн жерлердiң аумағын азайту;
4) топырақтың, аршу жыныстары үйiндiлерiнiң және өндiрiс қалдықтарының жел эрозиясын, олардың тотықтануын және өздiгiнен жануын болдырмау;
5) сiңiрме және тұщы су қабаттарын ластанудан сақтау үшiн оқшаулау;
6) жер үстi және жер асты суларын сарқылудан және ластанудан сақтау;
7) жуғыш сұйықтарды дайындағанда усыз реагенттердi пайдалану;
8) бұрғылау ерiтiндiлерiн тазалау мен қайталап пайдалану;
9) қоршған ортада бұрғылау мен жанар-жарағармай материалдарының қалдықтарын экологиялық қауiпсіз тәсiлмен жою;
10) мұнай кен орындарында қабатаралық қысымды сақтау жүйесiнде мұнай өндiрiсi сарқынды суларын тазалау және қайталап қолдану.
11) ластайтын заттарды атмосфералық ауаға шығаруды болғызбау;
12) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бекітілген кен орындарын жою (консервациялау) жобасы бойынша қоршаған ортаға келтiрiлген зиянның салдарларын жою.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 48-1-баппен толықтырылды
48-1-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды сақтық аймағының шегiнде жүргiзу
1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды сақтық аймағының шегiнде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі осы операцияларды судың деңгейiнiң көтерiлуi жағдайында теңiздiң ластануын болдырмайтындай немесе барынша төмендететiндей етiп жүргiзуге мiндеттi.
2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды сақтық аймағының шегiнде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі жүргiзiлген операциялардың және мұндай жер қойнауын пайдаланушының кiнәсi болу-болмауына қарамастан су деңгейiнiң көтерiлуiнiң нәтижесiнде теңiздiң ластануы жағдайында қоршаған ортаға не жеке немесе заңды тұлғаларға келтiрiлген зиян мен залал үшiн жауапкершiлiкте болады.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 48-2-баппен толықтырылды
48-2-бап. Тарату қоры
Тарату қорына аударымдардың мөлшерi мен тәртібі келісім-шартпен белгiленедi. Тарату қорының қаражатын пайдалану құзыреттi органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдалану объектілерін тарату және консервациялау ережелерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.";
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I ; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 49-бап өзгертілді
49-бап. Жер қойнауын пайдалану және қорғау саласындағы талаптар
1. Жер қойнауын пайдалану және қорғау саласындағы талаптар:
1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу үшiн, соның iшiнде өндiруге қатысы жоқ мақсаттарға пайдалану үшiн берiлетiн пайдалы қазбалар, кен орындары жер қойнауы учаскелерi қорының ауқымы мен құрылымын нақтылы бағалау үшiн жер қойнауын iлгерiлей геологиялық зерттеудiң толымдылығын қамтамасыз ету;
2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзудiң барлық сатыларында жер қойнауы ресурстарын ұтымды және кешендi пайдалануды қамтамасыз ету;
3) бай учаскелердi таңдап игеруге жол бермей пайдалы қазбаларды жер қойнауынан бөлiп алудың толымдылығын қамтамасыз ету;
4) кен орнын игеру кезiнде айырып алынған және жер қойнауында қалдырылатын негiзгi және онымен бірге орналасқан пайдалы қазбаларды және қосалқы компоненттердi, соның iшiнде минералдық шикiзатты, өңдеу өнiмдерi мен өндiрiс қалдықтарын нақты есепке алу;
4-1) бастапқы өңдеу деректерi бойынша мемлекеттік баланста есепте тұрған пайдалы қазбалар қорларын түзетудi жою;
5) су жинау алаңдарында және жер асты сулары жинақталған жерлерде ауыз сумен немесе өнеркәсiптiк сумен қамтамасыз ету үшiн пайдаланылатын өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтардың жиналуын болғызбау;
6) жер қойнауын кен орындарының сапасын төмендететiн немесе оларды пайдалануды және игерудi күрделiлендiретiн су басудан, өрттен және басқа сұрапыл факторлардан қорғау;
7) жер қойнауын пайдалану, әсiресе мұнайды, газды және басқа заттар мен материалдарды жер астында сақтау, зиянды заттар мен қалдықтарды көму, қалдық суларды ағызу жөніндегі операцияларды жүргiзуде жер қойнауын ластанудан сақтау;
8) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұру, доғару, кен орнын игеру объектілерін тоқтатып қою мен жою жөніндегі белгiленген тәртiптi сақтау;
9) өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды үю мен орналастыру кезiнде олардың су ағызатын алаңдарда және жер асты сулары орналасқан жерлерде жиналуын болдырмау мақсатында экологиялық талаптарды қамтамасыз ету.
2. Жер қойнауын қорғаудың негiзiн жер қойнауын пайдалану объектілерін геологиялық, гидрогеологиялық, экологиялық, инженерлiк-геологиялық және технологиялық зерделеудiң толымдылығы мен дәлдiгi құрайды.
3. Жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан зиян келтiрген тұлғалар, егер зиян еңсерiлмейтiн күштiң салдарынан болғандығын дәлелдей алмаса, онда келтiрiлген зиянды нақты залал көлемiнде өтеуге мiндеттi.
4. Жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтiрiлген зиянның көлемiн жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органмен бірлесе отырып жер қойнауын пайдаланушы айқындайды. Бұл орайда жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi орган зиянның көлемiн есептеу кезiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен зиянды анықтау тәртібін басшылыққа алады.
5. Зиянның көлемiн анықтауға байланысты туындайтын дауларды Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңдарында айқындалатын тәртiппен сот шешедi.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 50-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
50-бап. Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргiзудiң экологиялық негiзi
1. Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргiзу үшiн осы операцияларды жүргiзуге мемлекеттік экологиялық сараптама берген оңды қорытынды және соның негiзiнде қоршаған ортаны қорғау мәселелерiмен шұғылданатын атқарушы органдардың табиғатты пайдалануға берiлген мiндеттi шарт ретiнде тиiстi экологиялық талаптарды қоса алғандағы рұқсаты қажеттi экологиялық негiз болып табылады.
2. Жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік экологиялық сараптамаға жоспарланған iс-қимылдардың қоршаған ортаға тигiзетiн әсерiне баға берген барлық жобалау алдындағы және жобалық құжаттарды және барлау мен өндiру, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтату, немесе кен орнын игерудi тоқтатып қою кезеңдеріндегі шараларды қоса "Қоршаған ортаны қорғау" бөлiмiн тапсыруды қамтамасыз етуге мiндеттi.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 51-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
51-бап. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттік бақылау
1. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттік бақылауды жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттік бақылаудың мiндетi жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану жөніндегі заңдарын және жер қойнауын пайдаланудың белгiленген тәртібін сақтауын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
3. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттік бақылау:
1) жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі мемлекеттік мониторингтi;
2) қорларды ашуды, әзiрлеудi және қазып алуды қамтамасыз ететiн, кен орындарының бай учаскелерiн таңдап игерудi болғызбайтын, жер қойнауын озық қарқынмен геологиялық зерттеудiң толымдылығын, өндiру жөніндегі операцияларды жүргiзу кезiнде, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану объектілерін консервациялау және тарату кезiнде жобалық шешiмдердi сақтауды қамтамасыз ететiн жер қойнауын пайдалану және қорғау саласына жататын лицензиялық-келісім-шарттық талаптардың сақталуын бақылауды;
3) пайдалы қазбалардың сыртқа шығарылатын және жер қойнауында қалдырылатын қорлары мен оларды өндiру кезіндегі шығынды есепке алудың дұрыстығын бақылауды;
4) кен орны мен қоршаған ортаның бүлiнуiне әкеп соғатын ластанудан, су басудан, өрттен және техногендiк процестерден жер қойнауының сақталуын бақылауды қамтиды.
ҚР 11.05.99 ж. № 381-1 Заңымен 52-бап жаңа редакцияда
52-бап. Экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелерi
1. Ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелерi ерекше күзетiлетiн құқықтық режимi болатын не мемлекеттік табиғи-қорық қорының дағдылы, бірегей және сирек кездесетiн геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерін сақтауға арналған шаруашылық қызметi реттелетiн режимдегi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар болып табылады.
Экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелерiне мыналар жатады:
геологиялық объектiлер - тiректi немесе сипатты тілімдер, сипатты тектоникалық құрылымдар, сирек кездесетiн тау жыныстары мен минералдар, метеориттер, сақталынып қалған фауна мен флора қалдықтары бар табиғи және жасанды түрде аршылған жерлер;
геоморфологиялық объектiлер - жер бедерiнiң жасалу процесiн айқын көрсететiн және туризм мен рекреация үшiн ерекше құнды террастар, жайылмалар, үңгiрлер, сайлар, каньондар, сарқырамалар мен жер бедерiнiң басқа да нысандары;
гидрогеологиялық объектiлер - бірегей және сирек кездесетiн қасиеттерiмен ерекшеленетiн жер асты сулары және олардың жер бетiне шығатын тұстары;
жартастардағы суреттерi, ертедегi кен орындары, тарихи, археологиялық және этнографиялық жағынан маңызды жер қойнауын пайдалану жөніндегі басқа да объектiлерi бар жер қойнауы учаскелерi.
2. Экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелерi жергiлiктi және республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатады.
3. Экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелерiн өзге қажеттер үшiн алып қоюға жол берiлмейдi.
ҚР 11.05.99 ж. № 381-1 Заңымен 52-1-баппен толықтырлды; 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 52-1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
52-1-бап. Экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелерiн қорғау мен пайдаланудың ерекшелiктерi
1. Экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелерiн қорғау мен пайдаланудың ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарымен белгiленедi.
2. Экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектiлер табылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушылар тиiстi учаскеде жұмысты тоқтатуға және бұл туралы жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
11.08.99 ж. № 467-I; 2004.20.12 ж. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 53-бап өзгертілді
53-бап. Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс салу шарттары
1. Елдi мекендердi, өндiрiстiк кешендердi және басқа шаруашылық объектілерін жобалауға және салуға рұқсат жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органының болашақ құрылыс учаскелерi астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы немесе оның маңызы аздығы жайындағы қорытындыларын алғаннан кейiн ғана берiледi.
2. Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салу, сондай-ақ олар жатқан орындарда жер асты құрылыстарын салу, жер қойнауын пайдалану және өнеркәсiпте жұмыстардың қауiпсіз жүргiзiлуiн қадағалау және тау-кендi қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органдардың рұқсатымен пайдалы қазбаларды өндiру мүмкiндiгi қамтамасыз етiлген немесе құрылыс салудың экономикалық тиiмдiлiгi дәлелденген жағдайда жүргiзiледi.
3. Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда рұқсатсыз құрылыс салу оған контракт аумағының жерлерiн қалпына келтiруге және салынған объектiлердi қайта бұзуға кеткен шығындардың қайтарымынсыз тоқтатылады.
7-Тарау
Халықтың және қызметкерлердiң қауiпсіздiгi
01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара); 2004.20.12 ж. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 54-бап өзгертілді
54-бап. Жер қойнауын пайдалануда халықтың және қызметкерлердiң қауiпсіздiк жағдайларын қамтамасыз ету
1. Жер қойнауын пайдаланушы заңда көзделген жұмыс жүргiзу қауiпсіздiгiнiң нормалары мен ережелерi орындалуын, сондай-ақ авариялардың, жазатайым оқиғалар мен кәсiптiк арулардың алдын алу және оны жою жөніндегі шаралардың жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Егер адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп туғызатын болса, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзуге тыйым салынады.
3. Жер қойнауын пайдалану кезiнде техникалық қауiпсіздiк және өндiрiстiк санитарлық ережелерi мен нормаларының сақталуына мемлекеттік бақылауды өнеркәсiпте жұмыстардың қауiпсіз жүргiзiлуiн қадағалау және тау-кен қадағалауы жөніндегі уәкiлеттi орган және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
4. Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргiзудiң қауiпсіздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi талаптары мыналар болып табылады:
1) жұмысқа арнаулы дайындығы және мамандығы бар адамдарды, ал тау-кен жұмыстарын басқаруға тиiстi арнаулы білімi бар адамдарды жiберу;
2) тау-кен және бұрғылау жұмыстарындағы адамдарды арнаулы киiмдермен, дербес және ұжымдық қорғау құралдарымен қамтамасыз ету;
3) қауiпсіздiк талаптары мен санитарлық нормаларға сай келетiн машиналарды, жабдықтар мен заттарды қолдану;
4) қопарғыш заттар мен қопару құралдарын, есепке алу және дұрыс сақтау, сондай-ақ оларды орнымен және қауiпсіз пайдалану;
5) жұмыстың технологиялық циклын қамтамасыз етуге қажет және қауiптi жағдайларды болжауға жеткiлiктi геологиялық, маркшейдерлiк және басқа бақылаулар кешенiн жүргiзу, қауiптi аймақтарды уақтылы анықтау және оны тау-кен жұмыстары жоспарына түсiру;
6) кенiштiң атмосферасының жай-күйiн, ондағы оттегi мөлшерiн, зиянды және жарылғыш қауiптi газдар мен тозаңдарды ұдайы бақылау;
7) жұмысты жүргiзудiң қауiпсіз аймақтарының шектерiн анықтайтын техникалық құжаттамалары мен аварияларды жоюдың жоспарларын мәлiметтермен уақытылы толықтыру;
8) қатқыл пайдалы қазбалар кен орындарын игерудiң, мұнай, газ және жер асты суларының кен орындарын игерудiң және құрудың жобалары мен технологиялық сызбаларын жобалау жүйелерiн сақтау;
9) газдардың күтпеген жерден шығарылуын, судың, пайдалы қазбалардың және кен жыныстарының сыртқа жарып шығып кетуiн, сондай-ақ тау соққыларын болжау және алдын алу жөніндегі арнайы iс-шараларды жүзеге асыру.
5. Жұмысшылардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiп туған жағдайда жер қойнауын пайдаланушылардың лауазымды адамдары жұмысты дереу тоқтатып, адамдарды қауiпсіз жерге тасымалдауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
6. Жер қойнауын пайдалану операциялары әсер ететiн аймақтарда халықтың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiп туған жағдайда тиiстi ұйымдардың басшылары бұл туралы жергiлiктi атқарушы органдарға кiдiрiссіз баяндауға мiндеттi.
6-1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар әсер ететiн аймақта халықтың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы жұмысты тоқтата тұруға мiндеттi және халықтың денсаулығы мен өмiрi үшiн қауiпсіз жағдай жасалмайынша және төнген қауiп жойылмайынша, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияны қайта бастауға құқылы емес. Қауiптi болдырмау үшiн өзге шараларды қолдану мүмкiн болмаған кезде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қауiптi әсер ету аймағынан халық көшiрiлгеннен кейiн ғана жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қайта бастауға құқылы.
7. Жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен ережеге сәйкес құтқару қызметтерiмен қамтамасыз етiледi.
8-Тарау
Жер қойнауының мемлекеттік қоры
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 55-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
55-бап. Жер қойнауы мемлекеттік қорының жай-күйiн есепке алу
1. Жер қойнауының мемлекеттік қоры Қазақстан Республикасының Жер қойнауларынан құралады.
2. Жер қойнауының мемлекеттік қорын тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында мыналар жүргiзiледi:
1) жер қойнауының мемлекеттік мониторингi;
2) жер қойнауына мемлекеттік сараптама;
3) геологиялық ақпаратты мемлекеттік сақтау ;
4) пайдалы қазбалар қорының мемлекеттік балансын жасау;
5) мыналарға:
а) пайдалы қазбалар кен орындары мен көрiнiс - белгiлерiне;
ә) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтiк қалдықтарды көметiн және қалдық суларды ағызатын орындарға;
б) техногендiк минералдық түзiлiмдерге мемлекеттік кадастрлар жасау.
3. Жер қойнауын пайдаланушылар алғашқы есепке алу материалдарына негiзделген жер қойнауының жай-күйi туралы геологиялық есептi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен арнаулы нысандарға сәйкес бередi.
56-бап. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингi
1. Жер қойнауының мемлекеттік Мониторингi жер қойнауының мемлекеттік қорын тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету, олардың өзгеруiн уақытылы анықтау және бағалау, келеңсіз процестердiң зардаптарының алдын алу және жою үшiн жер қойнауының жай-күйiн бақылау жүйесi болып табылады.
2. 2004.20.12 ж. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
3. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингiнiң құрылымын, мазмұнын және жүргiзiлу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
11.08.99 ж. № 467-I; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара); 2004.20.12 ж. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 57-бап өзгертілді
57-бап. Жер қойнауын мемлекеттік сараптама
1. Жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалануға жағдайлар жасау, жер қойнауын пайдалануға төлемдердi, жер қойнауын пайдалануға берiлетiн жер қойнауы учаскелерiнiң шекараларын анықтау мақсатында пайдалы қазбалардың, барланған кен орындарының қоры мемлекеттік сараптауға жатады.
2. Өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына ие мердiгер өндiрудi пайдалы қазбалардың қорына мемлекеттік сараптама жүргiзiлгеннен кейiн ғана бастауға құқылы. Мемлекеттік сараптаманың барланған пайдалы қазбалардың қорын игерудiң тиiмдiлiгi жайындағы қорытындылары оларды мемлекеттік есепке қоюға негiз болып табылады.