9-4. Иеленушiлерi бірнеше жеке немесе заңды тұлға болып табылатын жер қойнауын пайдалану құқығының бөлiгiн берген жағдайда мұндай беру тек осы жер қойнауын пайдалану құқығының барлық осындай иеленушiлерiнiң келісімiмен ғана мүмкiн болады.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 15-бап өзгертілді
15-бап. 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 16-бап жаңа редакцияда
16-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының әмбебап құқықтық иелiкке алу ретiнде ауысуы
Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда оған тиесiлi жер қойнауын пайдалану құқығы азаматтық заңдар нормаларына сәйкес құқықтық мирасқорға (құқықтық мирасқорларға) ауысады.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 17-бап өзгертілді
17-бап. Техногендiк минералдық түзiлiмдерге байланысты жер қойнауын пайдалану құқығын жүзеге асырудың ерекшелiктерi
1. Мемлекеттік меншiкке жататын әрi нақтылы мемлекеттік кәсiпорындарға бекiтіліп берiлмеген техногендiк минералдық түзiлiмдерден өндiру контрактқа сәйкес жалпы негiздерiнде жүргiзiледi.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
18-бап. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге
жер қойнауын пайдалану құқығын жүзеге асыру
ерекшелiктерi
1. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеудi осы Заңның 13-бабының 3-тармағына сәйкес жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығы берiлген жеке және заңды тұлғалар жүргiзе алады.
2. 2004.20.12 ж. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 19-бап жаңа редакцияда
19-бап. Барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды, жүзеге асырудың ерекшелiктерi
1. Барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асырудың ерекшелiктерiн, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібінiң ерекшелiктерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2. Барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүргiзудiң шарттары мен тәртібі контрактiмен айқындалады.
3. Барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, осы Заңның өндiруге қатысты нормалары қолданылады.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
20-бап. Минералдық шикiзатты бастапқы өңдеу
1. Минералдық шикiзатты бастапқы өңдеу өндiруден кейiнгi тiкелей операция болып табылады және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға жатпайды.
2. Минералдық шикiзатты бастапқы өңдеудi лицензиялау осы Заңның ережелерiне бағынбайды және Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 4-тарау мен 21-41-баптар алып тасталды және жаңа 4-1-тараумен толықтырылды; 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4-1-тарау. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған
конкурс
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 41-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
41-1-бап. Барлауды, өндiрудi және бірлескен барлау мен
өндiрудi жүргiзу құқығын беру тәртібі
1. Құзыреттi орган барлауға, өндiруге немесе бірлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесi бойынша, сондай-ақ конкурс талабы ұлттық компанияның үлестiк қатысуы болып табылатын жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесi бойынша конкурс өткiзедi.
2. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурсты осы Заңға сәйкес және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен құзыреттi орган жүргiзедi.
3. Барлауды, өндiрудi және бірлескен барлау мен өндiрудi жүргiзу құқығын беру:
қазақстандық кадрларды, оның iшiнде олардың санаттарын және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу деңгейiн ескере отырып тарту жөніндегі;
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу кезiнде мердiгерлiк жұмыстарға тауарлары, жұмыстары және көрсететiн қызметтерi мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес болған жағдайда қазақстандық өндiрушiлердi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен конкурстық негiзде тарту жөніндегі;
жоғары технологияларды, жаңа және өңдеушi өндiрiстердi, магистральды және өзге де құбырларды дамыту мен пайдалану, инфрақұрылымдық және өзге де объектiлердi тұрғызу мен бірлесiп пайдалану жөніндегі мiндеттемелердi әлеуеттi қатысушылар қабылдаған кезде жүзеге асырылады.
4. Өнiмдердi бөлу мәселелерi бойынша арнайы заңдарда жер қойнауын пайдалану құқығын берудiң ерекше тәртібі белгiленуi мүмкiн.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 41-2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
41-2-бап. Барлауға, өндiруге не бірлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс өткізудiң шарттары
1. Барлауға, өндiруге не бірлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалар конкурсы ашық және жабық болуы мүмкiн. (01.12.04 ж. өзгерістерін қара )
Ашық конкурсты өткізудiң шарттары жариялануға, ал жабығынікі - барлық ықтимал қатысушылардың назарына жеткiзiлуге тиiс.
Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген барлық тұлғалардың конкурсты өткізудiң тәртібіне байланысты ақпаратты алуға құқығы бар.
2. Конкурсты өткізу туралы хабарламаларда мыналар болуы тиіс:
1) оның өткiзiлетiн уақыты мен орны, сондай-ақ өтiнiмдер берудің мерзiмi;
2) конкурстың негiзгi шарттары;
3) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу үшiн ұсынылу көзделген жер қойнауы учаскелерiнiң орналасқан жерiн көрсету .
Хабарламада сондай-ақ жазылым бонусының ең төменгi мөлшерi, геологиялық ақпарат пакетiнiң, құзыреттi орган белгiлейтiн конкурсқа қатысу құқығына арналған жарнаның құны көрсетiледi. Құзыреттi орган тиiстi мемлекеттік органдармен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен келісім-шарттық мiндеттемелерде қолданылатын қазақстандық мазмұн бойынша республика қажетiнiң ең төменгi проценттiк мөлшерiн айқындайды.
3. Конкурсқа қатысушыларға өтiнiм беру үшiн берiлетiн мерзiм бір айдан кем болмауға тиiс.
4. Конкурс шарттарының жарияланған күнi мен конкурс өткiзiлетiн (қорытындылар шығарыла бастайтын) күннiң арасындағы мерзiм үш айдан кем болмауға тиiс.
5. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурсқа қатысқысы келетiн тұлғалар құзыреттi органдағы конкурсқа ұсынылған жер қойнауы учаскелерiнiң сипаттамасымен танысуға құқылы.
41-3-бап. Конкурсқа қатысуға берiлетiн өтiнiм
Конкурсқа қатысуға берiлетiн өтiнiмде:
1) өтiнiм берушiнiң атауы оның орналасқан жерi, мемлекеттік тиесiлiлiгi (заңды тұлғалар үшiн), азаматтығы (жеке тұлғалар үшiн);
2) заңды тұлғалардың және өтiнiм берушiнiң атынан өкiлдiк ететiн тұлғалардың басшылары немесе иелерi туралы деректер;
3) өтiнiм берушiнiң техникалық, басқарушылық, ұйымдастырушылық және қаржылық мүмкiндiктерi туралы деректер болуға тиiс.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 41-4-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
41-4-бап. Өтiнiмдердi қараудың тәртібі мен мерзiмдерi
1. Өтiнiм берушi конкурсқа қатысуға арналған жарнаны төлеген соң өтiнiм қарауға қабылданады. Құзыреттi орган өтiнiмнiң конкурсқа қатысуға қабылданғаны туралы оның келiп түскен күнiнен бастап бір ай мерзiмде өтiнiм берушiге ресми хабарлайды. Өтiнiмдердiң сараптамасы конкурс процесiнде жүргiзiледi.
2. Конкурсқа қатысуға өтiнiм қабылданған соң өтiнiм берушiге құзыреттi орган ақысын төлетiп жер қойнауы пайдалануға берiлетiн аумақтағы жер қойнауы учаскесi жөніндегі геологиялық ақпарат пакетiн бередi. Пакетте өтiнiм берушiге жұмыс бағдарламасын және барлауды және (немесе) өндiрудi жүзеге асыру бойынша техникалық-экономикалық көрсеткiштердi әзiрлеуi үшiн қажеттi геологиялық, тау-кен-техникалық, технологиялық және өзге ақпарат көлемi болуға тиiс. Өтiнiм берушiнiң алған геологиялық ақпаратты жария етуге немесе үшiншi тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 41-5-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
41-5-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстық ұсыныс
1. Өтiнiм берушi конкурс талаптарымен белгiленген мерзiмде барлауға, өндiруге немесе бірлесiп барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсынысты жасайды.
Конкурстың нәтижелерi ресми баспасөз басылымдарында жариялануға тиiс.
2. Барлауға, жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныста:
1) өтiнiм берушiнiң, соңғы бес жылда өзi қызметiн жүзеге асырған мемлекеттердiң тiзiмiн қоса алғанда, бұрынғы қызметi туралы ақпарат;
1-1) өтiнiм берушiнiң қаржылық мүмкiндiктерi туралы деректер;
2) жұмыс бағдарламасы мен олардың жүзеге асырылуына арналған шығындарды қоса алғанда, барлау жүргiзу жөніндегі мiндеттемелер мен ниеттер, сондай-ақ барлау жүргiзудiң басталу мерзiмi мен қарқындылығы;
3) келісім-шарт аумағының жерлерiн қайта қопсыту мен қалпына келтiру туралы шарттарды қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау, жұмыстарды қауiпсіз жүргiзу жөніндегі мiндеттемелерi мен ниетi;
4) барлау жүргiзудi өз қаражаты мен (немесе) қарыз қаражаты есебiнен қаржыландыру мiндеттемелерi мен ниетi, сондай-ақ бюджетке бастапқы төлемдердiң мөлшерi;
4-1) өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымының дамуына қатысу жөніндегі мiндеттемелерi мен ниетi;
4-2) қазақстандық кадрларды тарту жөніндегі мiндеттемелер және қазақстандық қызметкерлердi даярлау мен қайта даярлауды қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар;
4-3) жұмыс iстейтiн қызметкерлердi олардың жалпы санының процентi есебiмен, сондай-ақ келісім-шарт бойынша жұмыстарды орындау үшiн қажеттi, мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң жалпы құнының процентi есебiмен конкурстық негiзде сатып алынатын қазақстандық тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мiндеттi түрде тарту ниетi;
4-4) жоғары технологияларды, жаңа және өңдейтiн өндiрiстердi дамыту мен магистральды және өзге де құбырларды пайдалану, инфрақұрылымдық және өзге де объектiлердi тұрғызу мен бірлесiп пайдалану жөніндегі ұсыныстар;
5) геологиялық ақпаратты сатып алудың шарттары;
5-1) өтiнiм берушi ұсынған өзге де мiндеттемелерi мен ниетi болуға тиiс;
6) 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстық ұсыныста, ақпараттан, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында жазылған, 2) тармақшасын қоспағанда, мiндеттемелер мен ниеттен басқа:
1) өзi өндiрудi ұйғарып отырған пайдалы қазбалардың көлемiн қоса алғанда, кен орындарын игеру жоспары;
2) өндiрудi бастаудың күтіліп отырған мерзiмi және оған қол жеткізудің экономикалық және техникалық мүмкiн деңгейi;
3) өндiруге байланысты шығыстар бойынша және пайдалы қазбаларды iске асырудан түсетiн кiрiстер бойынша болжамдарды есептеу;
4) Қазақстан Республикасының бюджетке бастапқы, сондай-ақ кейiнгi төлемдердiң болжанған көлемi туралы ниетi мен контракт аумағының өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымын дамытуға салынатын күрделi салымдары болуға тиiс.
4. Бірлесiп барлау мен өндiруге Құқық алуға конкурстық ұсыныс осы баптың 2-3-тармақтарына сәйкес қалыптасуға тиiс.
5. Осы баптың 2-тармағына сәйкес конкурсқа қатысу барысында өтiнiм берушi ұсынған мiндеттемелер мен ниет барлау жөніндегі операцияларды жүргiзуге арналған жұмыс бағдарламасына енгiзiледi, ал осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес ұсынылған мiндеттемелер мен ниет тиiсiнше өндiру жөніндегі операцияларды жүргiзуге арналған жұмыс бағдарламасына немесе бірлескен барлау мен өндiру жөніндегі операцияларды жүргiзуге арналған жұмыс бағдарламасына енгiзiледi.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 41-6-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
41-6-бап. Конкурсқа қатысу құқығынан бас тартылу
Конкурсқа қатысу құқығынан бас тартылу мынадай жағдайларда орын алуы мүмкiн:
1) осы Заңның 41-3-бабының талаптарын бұза отырып конкурсқа қатысуға өтiнiм беру немесе 41-5-бабының талаптарын бұза отырып конкурстық ұсыныс беру;
2) өтiнiм берушiнiң жалған мәлiметтердi ұсынуы;
3) өтiнiм берушiнің конкурсқа қатысуға өтiнiмiнде және (немесе) конкурстық ұсыныста аталған барлау мен (немесе) өндiру үшiн қажеттi техникалық, ұйымдастырушылық, бас қарушылық және қаржылық мүмкiншiлiктерге ие екендiгiнiң немесе ие болатындығының құжаттамалық айғақтарының өтiнiмде болмауы.
Конкурсқа қатысу құқығынан бас тартуға сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкiн.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 41-7-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
41-7-бап. Конкурстың қорытындыларын шығару
1. Конкурстың жеңiмпазы мынадай басты өлшемдер жиынтығының негiзiнде анықталады:
1) Барлауды жүргiзудiң басталу және қарқындылық мерзiмі;
2) өндiрудi бастаудың және оның экономикалық техникалық мүмкiн деңгейiне, сондай-ақ пайдалы қазбаларды барынша жоғары коэффициентiне жету мерзiмi;
3) бюджетке бастапқы, сондай-ақ одан кейiнгi төлемдердің болжамды мөлшерi;
4) инвестициялардың мөлшерi, жобаны қаржыландырудың және контракт аумағының өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымын дамытуға салынатын күрделi салымдар мерзiмдерi мен шарттары;
5) жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жұмыстарды қауiпсіз жүргiзу жөніндегі талаптардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақталуы;
6) жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң жалпы санының процентi есебiмен қазақстандық кадрларды тарту жөніндегі қабылданған мiндеттемелерi және қазақстандық қызметкерлердi даярлау мен қайта даярлауды қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстары;
7) келісім-шарт бойынша жұмыстарды орындау үшiн қажеттi, мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң жалпы құнының процентi есебiмен сатып алынатын қазақстандық тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер жөнiнде қабылданған мiндеттемелерi;
8) жоғары технологияларды, жаңа және өңдейтiн өндiрiстердi, магистралъды және өзге де құбырларды дамыту мен пайдалану, инфрақұрылымдық және өзге де объектiлердi тұрғызу мен бірлесiп пайдалану жөніндегі ұсыныстары.
2. Конкурстық ұсыныстар жасаған өтiнiм берушiлер арасынан конкурс жеңiмпазын құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн конкурстық комиссия айқындайды.
Конкурстың қорытындыларына сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
3. Конкурс жеңiмпазы конкурстық ұсыныстарды қарау негiзiнде айқындалады.
4. Қорытындыларды шығару мерзiмi конкурс шарттарымен белгiленедi, бірақ ол екi айдан аспауға тиiс. Конкурстың қорытындыларын шығару мерзiмi конкурстық комиссияның шешiмiмен ұзартылуы мүмкiн.
5. Бір конкурстық ұсыныс түскен жағдайда құзыреттi орган осы объект бойынша конкурс өткізу туралы қайтадан хабарлайды. Жаңа өтiнiм берушiлер болмаған жағдайда, конкурстық комиссия жалғыз өтiнiм берушi болған кезде конкурсты өттi деп тануы мүмкiн.
6. Конкурстық комиссияның конкурс жеңiмпазын анықтау немесе конкурсты өткен жоқ деп тану жөніндегі шешiмi хаттамамен ресiмделедi.
7. Конкурс нәтижелерi ресми баспа басылымында жариялануға тиiс.
8. Жер қойнауы учаскесiнде жұмыстарды жүзеге асыру үшiн конкурс жеңiмпазы құзыреттi органмен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзуге келісім-шарт жасасады. Жер қойнауын пайдалану құқығы тек келісім-шарт тiркелген кезден бастап қана берiлген және туындаған деп есептеледi.
9. Конкурс жеңiмпазы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзуге арналған келісім-шарттың жобасын бір жылдан артық мерзiмде бермеген жағдайда, конкурстық комиссия өтiнiм берушiнi жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс жеңiмпазы деп тану туралы бұрын қабылданған шешiмнiң күшiн жоюға құқылы.
41-8-бап. 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 5-тараудың такырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5-тарау. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды
жүргiзуге арналған келісім-шарттар
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 42-бап өзгертілді
42-бап. Контрактылар түрлерi
1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу үшiн келісім-шарттардың мынадай түрлерi қолданылады:
1) өнiмдi бөлу туралы;
2) концессия туралы;
3) мердiгерлiк және өтемдi қызметтер көрсету (сервистiк келісім-шарт) туралы.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі нақты операциялар талаптарына және басқа да мән-жайларға байланысты келісім-шарттардың аралас және өзге де түрлерiне жол берiледi.
Келісім-шартты жасасу, орындау, өзгерту немесе тоқтату осы Заңға және Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
2. 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2-1. Келісім-шарт талаптары тараптардың өзара келісімiмен белгiленедi және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келуге тиiс.
2-2. Келісім-шарт талаптарының Қазақстан Республикасына қатысты тиiмдiлiгi конкурстық ұсыныс талаптарымен салыстырғанда аз болуы мүмкiн емес. Бұл ретте салық салу ережелерi Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес белгiленедi. Келісім-шарт талаптарында жер қойнауын пайдаланушының қабылдаған мiндеттерiн орындамағаны үшiн, оның iшiнде қазақстандық мазмұн бойынша да, тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар мен өсiмпұлдар) көлемi көрсетiлуге тиiс.
2-3. Жұмыс бағдарламасы келісім-шартқа мiндеттi қосымша болып табылады және ол жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкiлеттi органмен келісілуге тиiс.
3. Бірлескен барлау мен өндiру жөніндегі жұмыстарды (операцияларды) жүргiзуге арналған келісім-шартты жасасу кезiнде тараптар барлау жөніндегі операцияларды жүргiзуге байланысты шарттарды келiсуi мүмкiн. Өндiру жөніндегі жұмыстарды (операцияларды) жүргiзуге байланысты талаптар не бірлескен барлау мен өндiру жөніндегі жұмыстарды (операцияларды) жүргiзуге арналған келісім-шартты жасасу кезiнде не коммерциялық табу жасалғаннан кейiн келісілуi мүмкiн.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 43-бап жаңа редакцияда; 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 43-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
43-бап. Контрактiнiң қолданылу мерзiмi
1. Барлауға контракт алты жылға дейiнгi мерзiмге жасалады. Мердiгер контрактiде , жұмыс бағдарламасында және жылдық жұмыс бағдарламаларында белгiленген мiндеттемелердi орындаған жағдайда мердiгердiң контрактiнiң қолданылу мерзiмiн ұзартуға құқығы бар. контрактiнiң қолданылу мерзiмi әрбір кезеңi ұзақтығы екi жылға дейiн болып екi рет ұзартылуы мүмкiн. Егер мердiгер мерзiмдi ұзарту үшiн контрактiнiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн 3 айдан кешiктiрмей өтiнiш жасаған болса, барлауға контрактiнiң мерзiмi ұзартылуы мүмкiн.
2. Өндiруге арналған келісім-шарт - жиырма бес жылға дейiнгi мерзiмге, ал пайдалы қазбаларының қорлары мол және бірегей кен орындары бойынша қырық бес жылға дейiнгi мерзiмге жасалады. Өндiруге арналған келісім-шарттың мерзiмi, егер жер қойнауын пайдаланушы мерзiмдi ұзарту үшiн келісім-шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн он екi айдан кешiктiрмей өтiнiш жасаса, ұзартылуы мүмкiн.
3. Бірлескен барлау мен өндiруге контракт мүмкiн болатын ұзарту мерзiмдерi ескерiле отырып, барлау мен өндiрудiң мерзiмiн қамтитын мерзiмге жасалады. Бұл ретте мерзiмдердi ұзартуға осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгiленген ережелер қолданылады.
4. пайдалы қазба табылған жағдайда контрактiнiң қолданылу мерзiмiн коммерциялық табуды бағалау үшiн мердiгердiң қажет кезеңге ұзартуға құқығы бар.
5. Контрактiнiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiм ол құзыреттi органға келiп түскен күнiнен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қаралуға тиiс.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 43-1-баппен толықтырылды 01.12.04 ж. № 2-III Заңымен 43-1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
43-1-бап. Контрактiнің қолданылуының аумақтық аясы (контрактілік аумақ)
1. Контрактілік аумақтың шегiнде жер қойнауының бір-бірiмен өзара аралас ретiнде де, бөлек те бір учаскесi немесе жер қойнауының бірнеше учаскесi болуы мүмкiн. Контрактілік аумақтың шегiнде бөлiнетiн жер қойнауы учаскесi (жер қойнауы учаскелерi) белгiлi бір тереңдiкпен шектелiне алады (шектелiнуi мүмкiн).
2. Егер барлау және (немесе) өндiру жүргiзу кезiнде пайдалы қазбалар табылатын болса, кен орнының географиялық шекаралары көрсетiлген геологиялық немесе тау-кендiк бөлудегi контракт аумағы шегiнен шығып кеткен болса, онда оны кеңейту туралы мәселе конкурс өткiзiлместен контракт шарттарын өзгерту арқылы шешiлуге тиiс.
3. Контрактiнiң аумағын қайтарудың шарттары мен тәртібі Контрактiде айқындалады.
4. Контракт аумағының бөлiктерiн қайтару, контракт аумағынан осындай геологиялық бөлуден қайтарылатын бөлiктердi қоспағанда, геологиялық бөлудi қайта ресiмдеу арқылы жүзеге асырылады.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 44-бап өзгертілді; 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 44-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
44-бап. Келісім-шарт жасасу және оны орындау
1. Жер қойнауын пайдаланушы келісім-шарт жобасын конкурстық комиссия конкурс жеңiмпазы туралы шешiм қабылдаған кезден бастап жетi ай iшiнде ұсынады. Құзыреттi орган келісім-шарттың талаптарын жер қойнауын пайдаланушымен келiссөздер арқылы келiседi.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес тараптармен келісілген келісім-шарт жобасына оған қол қойылғанға дейiн бір ай мерзiм iшiнде құқықтық, экологиялық, экономикалық және салықтық, денсаулық сақтау және санитария, жер қойнауын қорғау, тау-кен қадағалау мәселелерi бойынша, сондай-ақ қазақстандық мазмұнның бар екендiгi жөніндегі мiндеттi сараптамалар жасалуға тиiс.
Сараптама қорытындыларын тиiстi мемлекеттік органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес бередi. Қажеттi сараптамалар жүргiзiлгеннен кейiн құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы келісім-шарттың түпкiлiктi талаптарын келiседi.
3. Келісім-шартты құзыреттi орган тiркеуге тиiс. Егер келісім-шарттың күшiне енуiнiң өзге де неғұрлым кеш мерзiмдерi келісім-шартта айтылмаса, тiркелген кезден бастап күшiне енедi.
4. Келісім-шарттар жасасу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
5. Келісім-шартты жасау жер қойнауын пайдаланушы өтiнiш берген күннен бастап отыз күн iшiнде жергiлiктi атқарушы органдардың дереу ресiмдеуi үшiн негiз болып табылады. Бұл ретте ресiмделетiн жер учаскесiнiң кеңiстiк шекаралары жер қойнауын пайдаланушы жер учаскесiн iс жүзiнде пайдалану мерзiмдерiнiң шегiнде жердiң үстiңгi бетiн бұза отырып iс жүзiнде пайдаланатын аумақпен шектеледi.
6. Құзыреттi орган келісім-шарттың көшiрмесiн оны тiркегеннен кейiн бір апта мерзiмде мiндеттi түрде жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органға жiбередi.
7. Жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарт жасасқан кездегi, оның iшiнде қазақстандық мазмұн бойынша мiндеттемелерiн орындамауы келісім-шартта белгiленген айыппұлдар мен өсiмпұлдарды қолдануға әкеп соғады.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 45-бап жаңа редакцияда
45-бап. Контрактiнi жарамсыз деп тану
1. Контракт мынадай жағдайларда:
1) сот тәртібімен құзыреттi органға осы тұлғамен контракт жасауға шешiм қабылдауға ықпал еткен көрiнеу жалған ақпарат беру фактiсi анықталған жағдайда;
2) сот тәртібімен конкурсты жүргiзуге не жер қойнауын пайдалану құқығын алуды ұтып алған үмiткермен оған басқа үмiткерлердiң алдында заңсыз басымдықтар беру мақсатында контракт жасасуға қатысушы лауазымды адамдардың арасында сөз байласу, бюджетке төленетiн төлемдердiң шарттарын ырықтандыру және олардың мөлшерiн азайту фактілері анықталған жағдайда;
3) қолданылуы контракт жасасуға тiкелей ықпал еткен шарттың күшiн сот тәртібімен жою кезiнде жарамсыз деп табылады.
2. Контрактiнi жарамсыз деп тану үшiн соттың осы баптың 1-тармағында көрсетiлген фактiлердiң болғандығын растайтын шешiмiнiң немесе үкімінiң заңды күшiне енуi негiз болып табылады. контракт ол жасалған кезден бастап жарамсыз деп есептеледi.
3. Сот тәртібімен оның негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығын беру және қайта ресiмдеу жүзеге асырылған шартты жою не бұзу контрактiнiң өзiнiң емес, жер қойнауын пайдалану құқығын осындай берумен байланысты қабылданған өзгерістер мен толықтырулардың жарамсыздығына әкелiп соғады.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 45-1-баппен толықтырылды; 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 45-1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
45-1-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар
жүргiзудi тоқтата тұру