86. Келісім-шарт бойынша әскери қызметшiлердi бір бөлiмнен басқасына ауыстыру мынадай жағдайларда жүргiзiледi:
1) келісім-шарт мерзiмiнiң аяқталуына дейiн 2 айдан кем емес уақыт қалғанда және ауысу себептерiнiң негiздемесiмен әскери қызметшiнiң рапорты және басқа әскери командирінің (бастығының) оны бос қызмет орнына тағайындауға келісімі туралы қатынас қағазы болғанда;
2) денсаулық жағдайы бойынша, егер әскери қызметшіге атқарып жүрген қызметтiк мiндетi немесе қызмет өткеру орны жақпайтыны әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысымен расталған болса;
3) отбасы жағдайына байланысты:
оған не отбасы мүшелерiне әскери қызметшінің қызмет орны бойынша тұру денсаулығына жақпайтыны әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысымен расталса;
әскери қызметшiнiң еңбекке жарамсыз немесе І не ІІ топтың мүгедегi болып табылатын жақын туыстары (әкесі, анасы, туған аға-інілері, әпке-қарындастары мен әке-шешесінен айрылуына байланысты бес жылдан кем емес қамқорлығында болған басқа да адамдар) болғанда, қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес оларды асырауға міндетті Қазақстан Республикасының аумағында тұратын жақын туыстары немесе басқа адамдары болмаған кезде туыстарының тұрғылықты жерi бойынша орналасқан әскери бөлімде бос қызмет орны болған кезде;
4) қызмет мерзiмi шектеулi жерлердегі белгіленген қызмет мерзімінің аяқталуы бойынша;
5) бұрынғы қызмет орны бойынша тиісті бос қызмет орны болмағанда ұйымдық iс-шараларды жүргiзуге байланысты.
87. Ереженiң 87-тармағында көрсетілген жағдайлардан басқа, әскери қызметші әйелдердiң әскери қызметші жұбайын жаңа қызмет (жұмыс) орнына ауыстырумен байланысты, егер онда ол үшін бос қызмет орны бар болса, ауыстыру (бocaту) жүргізіледі.
88. Қызметiн ауыстыру, келісім-шартты ұзарту және әскери қызметтен босату кезiнде әскери қызметшіге оның тікелей бастығы (рота командирiнен төмен емес және оған тең), бөлім тізіміне қабылдау (шығару) туралы бұйрық шығаруға құқық берілген командир (бастық) бекiтетiн қызметтiк мінездеме жазылады Мiнездеме әскери қызметшiнiң жеке iсiне тіркеледі.
89. "Б" немесе "А" түрi бойынша келісім-шарт жасасқан кезде, келісім-шарт бойынша әскери қызметшiнi прапорщик, не офицер лауазымына тағайындау кезiнде, сондай-ақ бір округтен, түрінен және оған тең құрылымдардан басқасына, не орталық бағыныстағы бөлiмнен орталық бағыныстағы емес басқа бөлімдерге және керiсiнше, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдарға ауыстыру кезiнде оған ұсыныс ресiмделедi (15-қосымша), тағайындалатын адам жоспарланған әскери бөлiм (мекеме) командирiнің (бастығының) қатынас қағазы және бұйрық бойынша берiлетін жеке рапорты (16-қосымша) қоса ұсынылады.
Бұл ретте әскери қызметшiлердi прапорщиктер мен офицер лауазымдарына жоғарылатуды командир (бастық) тек қана мынадай жағдайлар кезiнде жүргiзедi:
1) келісім-шарт бойынша әскери қызметшiлермен жасақтау тiзiм бойынша штаттың 100 %-ын құраса;
2) жоғарылатылатын адамның орнына оны алмастыратын әскери қызметшi болса, ал егер бұл лауазым жауынгерлiк әзірлікті айқындайтын лауазымдар тiзбесiне кiретiн болса, онда осы мамандық бойынша даярланған адам бар болған кезде жүргiзiледi.
Қажет болған жағдайда жеке iсi қосымша талап етiлуi мүмкiн.
16. Келісім-шарт бойынша әскери қызметшiлердiң
жауапкершiлiгi
90. Келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген адамдар, оларды тәртiптiк жауапқа тарту кезiнде, осы жағдай бойынша жауапқа тартылуына байланысты барлық материалдармен танысуға құқылы.
Жауапқа тартылушы лауазымды адамдардың iс-қимылдары мен шешіміне жоғары бастыққа немесе сотқа шағымдана алады.
17. Уәкiлеттi мемлекеттік орган атынан келісім-шарт жасасатын
лауазымды адамның құқықтары мен мiндеттерi
91. Лауазымды адамдар мыналарға құқылы:
1) "Келісім-шарт бойынша әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен белгiленген жағдайларда әскери қызметке қабылданатын (қабылданған) адаммен келісім-шарт жасасуға, оны ұзартуға, өзгертуге, бұзуға және тоқтатуға;
2) келісім-шарт жасасу кезiнде әскери қызметке қабылданатын адамнан осы Ереженiң 26, 27 және 28-тармақтарында көзделген құжаттарды ұсынуын талап етуге;
3) өз құзыретi шегiнде бұйрықтар шығаруға;
4) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жарғыларында белгіленген тәртiппен әскери қызметшілердi көтермелеуге, оларға тәртiптiк жаза қолдануға.
92. Лауазымды адам мыналарға мiндеттi:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына және келісім-шартқа сәйкес әскери қызметшiлердi тиiстi әскери қызмет жағдайымен қамтамасыз етуге;
2) әскери қызметшiлердi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген нормалар бойынша және тәртiппен үлестiң барлық түрiмен, сондай-ақ оларды әскери қызмет мiндеттерiн орындау үшiн қажеттi құралдармен және материалдармен қамтамасыз етуге;
келісім-шарт жасасқан кезде әскери қызметке қабылданатын адамды Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен айқындалған қызметтiк мiндеттерiмен және әскери қызметтi өткepy шарттарымен таныстыруға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызметшiлердiң сақтандырылуын қамтамасыз етуге;
4) әскери қызмет мiндеттерiн орындау кезiнде әскери қызметшiнiң өмiрiне және денсаулығына немесе жеке мүлкiне келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде көзделген тәртiппен және шарттармен өтеудi қамтамасыз етуге;
келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылданушы адамға әскери қызметтiң зиянды және қауiптi жағдайлары мен кәсiптiк аурудың ықтималдығы туралы, сондай-ақ әскери қызмет мiндеттерiн атқаруға байланысты құқықтарының шектелуi туралы ескертуге.
18. Аттестаттау
93. Келісім-шарт бойынша әскери қызметшiлердi жан-жақты және әдiл бағалау, олардың атқарып жүрген лауазымына сәйкестiгiн және бұдан әрi қызметтiк пайдалану перспективасын айқындау, сондай-ақ жаңа келісім-шарт жасасудың орындылығын (бұзудың заңдылығы мен себептерiн бағалау), мемлекеттік наградаға ұсыну мерзiмiнен бұрын әскери атақ беру мақсатында аттестаттау жүргiзiледi. Осы мақсатпен бөлiм командирiнiң бұйрығымен аттестаттау комиссиясының құрамы жарияланады.
Келісім-шарт бойынша әскери қызметшiлер мiндеттi тәртiппен келісім-шарт мерзiмiнiң аяқталуына дейiн кемiнде екi ай бұрын, ал жоспарлы тәртiппен кемiнде үш жылда бір рет аттестатталады. Аттестаттау қорытындылары мен аттестаттау өткізу тәртібін келісім-шарт бойынша әскери қызметшi аттестаттау нәтижелерi жарияланған күнiнен бастап бір ай iшiнде жоғары тұрған командирге (бастыққа), сондай-ақ сотқа шағымдана алады.
1-қосымша
Фотосурет N __________
орны Келісім-шарт бланкілерін
тіркеу кітабында тіркелген
__________________________
__________________________
200__ ж. ____ том ___ бет
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде әскери
қызмет өткеру туралы
"___" КЕЛIСIМ-ШАРТ*
"Келісім-шарт бойынша әскери қызмет туралы" Заңға сәйкес әрекет
ететiн __________________________________________________________________
Командирдiң (бастықтың) әскери атағы, тегi, аты-жөнi, және
_________________________________________________________________________
әскери бөлімнің (мекеменiң) (уәкiлеттi мемлекеттік органның) шартты атауы
бір жағынан және екiншi жағынан азамат
_________________________________________________________________________
(аты-жөні, тегі, туған жылы,
_________________________________________________________________________
білімі - қашан, қандай оқу орнын бітіргені және алған мамандығы,
_________________________________________________________________________
отбасы жағдайы, ӘЖК, СТТН, мекен-жайы)
_________________________________________________________________________
төмендегi туралы осы келісім-шартты жасасты:
1. ______________________________________________________________________
әскери бөлiмнiң (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң)
шартты атауы
_________________________________________________________________________
1) келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылданушыны келісім-шарт
бойынша әскери қызметке қатысты Қазақстан Республикасының Заңдарымен және
нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен, сондай-ақ "Келісім-шарт бойынша әскери
қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7, 11, 12, 13 және
22-баптарымен жазбаша таныстырады;
2) Мынадай түрдегі келісім-шарт жасалады* _______________________________
(А "Қазақстан Республикасы
_________________________________________________________________________
Қарулы Күштерінің кадрларында" солдаттар мен матростар,
сержанттар мен старшиналар
_________________________________________________________________________
лауазымдарына тек ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментімен
_________________________________________________________________________
жасалады; Б - "нақты әскери бөлімнің кадрларында" - дивизияларда,
_________________________________________________________________________
құрамалар мен Күштер түрлерінде жасалады; В "нақты әскери бөлімнің нақты
_________________________________________________________________________
лауазымында" - әскери бөлім командирімен жасалады. Келісім-шарттың түрі
_________________________________________________________________________
және оның толық атауы).
3) Мынадай лауазымға қабылданады ________________________________________
(қызметтің атауы және ӘЕМ N, разряды,
_________________________________________________________________________
келісім-шарт қанша жылға, қашан және қай уақытқа дейін жасалды,
_________________________________________________________________________
бұйрықтың шығарылған күні және N, лауазымдық жалақысы)
"Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және
оларды әлеуметтiк қорғау туралы" және "Келісім-шарт бойынша әскери қызмет
туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарында, сондай-ақ осы
келісім-шартта көзделген келісім-шарт бойынша әскери қызметшiнiң
құқықтары мен мүдделерiн қорғауға кепiлдiк бередi;
4) Келісім-шарт бойынша әскери қызметшіге өз мiндеттерiн атқару үшiн
қажеттi жағдайлар жасайды және олардың қызметi үшiн қолайлы жағдайлар
ұйымдастырады.
2. ______________________________________________________________________
(Тегi, аты-жөнi)
1) "Келісім-шарт бойынша әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 7, 11, 12, 13 және 22-баптарының ережелерiн зерделей және олардың
талаптарымен түгел келiсе отырып, Қазақстан Республикасының Қарулы
Күштерiне ерiктi түрде кiремiн және мына
_________________________________________________________________________
(әскери бөлімі (мекеме), әскери атағы, аты-жөні, тегі)
менi ____________________________________________________________________
(атауы, ӘЕМ, ШЛС, келісім шарттың түрі) мен мерзімі
_________________________________________________________________________
лауазымға тағайындау туралы келісім-шарт жасасамын.
2) Өзi туралы нақты мәлiметтер мен қажеттi құжаттарды уақтылы ұсынады.
3. Келісім-шарт тараптарының даулары Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген тәртiппен шешiледi. 4. Осы келісім-шарттың шарттары тек
тараптардың келісімiмен өзгертiлуi мүмкiн, ол туралы келісім-шартқа
мынадай толықтыру жасалады:
1) Өзге де (қосымша) шарттар ____________________________________________
(жұмыс сипаты, кепiлдiктер мен өтемақылар,
_________________________________________________________________________
ұзарту - қанша жылға, қашаннан - қай уақытқа дейін, әскери қызметшi
_________________________________________________________________________
әйелдер үшін бала күтуі бойынша демалыс беру, не жүктілігі, босануы
_________________________________________________________________________
және бала күтуі және басқалар бойынша демалыс кезеңінде олардың
_________________________________________________________________________
лауазымдарына қабылдау)
5. Келісім-шарт оған қол қойылған және бөлiм бойынша бұйрық шыққан кезінен
бастап күшiне енедi.
6. Келісім-шарттың 1-данасына мыналар қоса берiледi: ____________________
(келісім шарт
_________________________________________________________________________
бойынша әскери қызметшiнiң жеке iсiн ресiмдеу (жүргiзу) үшiн берген
_________________________________________________________________________
азаматтың жеке құжаттарының тізімдемесі)
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
А(Қ) ӘК _________________________________________________________________
(лауазымы, әскери атағы, қолы мен тегі, аты-жөні)
_________________________________________________________________________
M.О.
7. Келісім-шарт 8 тармақтан тұрады және әрқайсысының бірдей заңды күшi бар
мемлекеттік тiлде және орыс тілінде екi данада жасалды.
Азамат (әскери қызметші) Командир (бастық)
_________________________________ _______________________________
(Тегi, аты-жөнi) Командирдің (бастықтың) әскери-
(төлқұжаты, сериясы мен N, атағы, тегі, аты-жөні
_________________________________ _______________________________
мекен-жайы) және әскери бөлімнің Қазақстан
_________________________________ _______________________________
Республикасы Қорғаныс министрлігі
органының, ұйымының шартты атауы
_________________________________ _______________________________
(қолы, қүнi) (қолы, мөрi)
8. Әскери қызметтегi өзгерістер (келісім-шартты ұзарту, ауыстыру немесе
өзге түрiн жасасу) туралы жазбалар*
Күні, кiмнiң бұйрығы және оның N | Ұзарту, ауыстыру және босату үшiн негiздер (әскери бөлiмнiң, (мекеменiң) лауазымның толық атауы және ӘЕМ). | Келісім-шарт бойынша әскери қызметшiнiң танысқандығы туралы қолы | Кадр органының функциясын атқарушы бастықтың әскери атағы, тегi, аты-жөні, лауазымы, қолы мен мөрі |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
қолы, мөрі, тегі, аты-жөні, күні
* "Келісім-шарт" сөзi және оның "___" түрi құжаттың тақырыбында былайша ресiмделедi: "А" - жасыл, "Б" - сары және "В" - қызыл түстермен.
2-қосымша
3х4
мөртаңба
орны
Кiмге _________________________
_________________________
_________________________
"Жалпыға бірдей әскери мiндеттілік және әскери қызмет туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағына және "Келісім-шарт
бойынша әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының
1-тармағына сәйкес тізiмдi және төмендегi келісім-шарт бойынша әскери
қызметшiлердiң жасы бойынша әскери қызметте болудың шекті мерзiмiн ұзарту
туралы өтiнiштi ұсынамын:
| Бiлiмi мен мамандығы | Лауазымы және қай уақыттан берi | Ұзарту қажеттілігі. нің қысқаша негiздемесi (қай мерзiмге, қанша уақытқа дейiн) |
Келісім-шарттың түрі |
| | | | | |
| | | | | |
Ұсынамын: 1) рапорт;
2) ӘДК анықтамасы;
3) қызмет өткерген жылдары
туралы анықтама.
Командир (бастық) ________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, аты-жөнi, тегi)
Ескерту: жыл сайын 15 қаңтарға және 15 маусымға қарай жіберіледі.
3-қосымша
Командирдiң (бастықтың) бұйрығы мен оны уәкiлеттi мемлекеттік
орган басшысының шешіміне сәйкес ұзарту туралы келісім-шарттағы
жазбасының үлгiсi
N_____
200__ ж. "___"_______________ Астана қ.
__________ әскери бөлiмнiң (мекеменiң) командирi (бастығы),
"Келісім-шарт бойынша әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына және "Жалпыға бірдей әскери мiндеттілік және әскери қызмет туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 20-тармағына сәйкес, уәкiлеттi мемлекеттік
орган басшысының 200__ ж. ______________ N ____ шешiмi негiзiнде
келісім-шарт бойынша әскери қызметшiнiң __________________________________
(әскери атағы, тегi,
_________________________________________________ әскери қызметте болудың
аты-жөнi, лауазымы)
шектi жасынан тыс ____ жылға 200__ ж. ______________ дейiн жасасқан
келісім-шарт ____ жылға, 200__ ж. _______________ дейін ұзартылды.
200__ ж. _______________ N ____ бұйрық
Командир (бастық) ________________________________________________________
(лауазымы, әскери атағы, қолы, аты-жөнi, тегі, күнi)
4-қосымша
Көлемi 150x210
Бұрыштық
мөртаңба
_________________________________
______________ әскери комиссарына
_________________________________
_________ командирiне (бастығына)
"Келісім-шарт бойынша әскери қызмет туралы" ҚР Заңына сәйкес және
р/с N | Қай әскери комиссариаттан | Ә/атағы, тегi, аты-жөнi, туған жылы, білімi, мамандығы, балаларының жасы | Штаты, келісім- шарттың түрі | ӘЕМ | Лауазымның атауы | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |