2. Эмитент акциялар шығарылымын жою үшiн, уәкiлеттi органға:
1) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеудi жарамсыз деп тану немесе эмитенттi мәжбүрлеп тарату (қайта ұйымдастыру) туралы сот шешiмiнiң көшiрмесiн немесе акционерлік қоғамның қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты жарияланған акциялар шығарылымын жою туралы акционерлік қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы хаттамасының (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi акционер шешiмiнiң) көшiрмесiн;
2) жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктi, жарияланған акциялар шығару проспектiсiн, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептердi және уәкiлеттi органның акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептердi бекіту туралы хабарламасын табыс етедi.
3. Жарияланған акциялардың шығарылымын жоюдың талаптары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
4. Шығарылымына қатысты уәкiлеттi орган жою туралы шешiм қабылдаған акциялармен азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасасуға тыйым салынады.
5. Эмитент уәкiлеттi органның акциялар шығарылымын жою туралы хабарламасын алған кезден бастап күнтiзбелiк жетi күн iшiнде бұл туралы баспасөз басылымында мемлекеттік тiлде және орыс тілінде ақпарат жариялауға мiндеттi.
6. Акциялар шығарылымын жою туралы шешiмдi уәкiлеттi орган эмитентке, тiркеушiге және орталық депозитарийге жiбередi, олар жою туралы хабарламаны алған кезден бастап шығарылымы жойылуға жатқызылған бағалы қағаздармен жасалған барлық мәмiлелердiң тiркелуiн дереу тоқтата тұруға мiндеттi.
Жарияланған акциялар шығарылымының жойылуына байланысты бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзудi тоқтату тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
31-бап. Бағалы қағаздар бойынша кiрiс төлеу.
Төлем агентi
1. Қайталама бағалы қағаздар рыногындағы эмиссиялық бағалы қағаздар айналысы кезеңiнде эмитент Қазақстан Республикасының заңдарында және эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнде белгiленген бағалы қағаздар бойынша кiрiс төлеу тәртібін сақтауға мiндеттi.
07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Облигациялар бойынша кiрiс және облигациялардың нақтылы құны оларды өтеу кезiнде осы төлемдер жүзеге асырылатын кезеңнiң соңғы күнiнiң басындағы жағдай бойынша (бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзудi жүзеге асыратын тiркеушi орналасқан жердегi уақыт бойынша) оларды алуға құқығы бар тұлғаларға төленедi.
3. Эмиссиялық бағалы қағаздар және облигациялардың нақтылы құны бойынша кiрiс төлеудi оларды өтеу кезiнде эмитент дербес немесе төлем агентi көрсететiн қызметтi пайдалана отырып жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасының Yкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi немесе жергiлiктi атқарушы органдар шығарған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiс төлеудi жүзеге асырудың талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
5. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiстi және мемлекеттік емес облигацияларды өтеу кезiнде олардың нақтылы құнын төлеудi жүзеге асыру үшiн төлем агентiн сайлау туралы шешiмдi өз жарғысына сәйкес эмитенттiң органы қабылдайды.
6. Төлем агентi көрсететiн қызметтердi пайдалану туралы шешiм қабылданған жағдайда эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнде төлем агентi туралы мынадай мәлiметтер:
1) төлем агентiнiң толық атауы;
2) төлем агентiнiң және оның бағалы қағаздар бойынша кiрiс (облигациялардың нақтылы құнын) төлеудi жүзеге асыратын барлық филиалдарының орналасқан жерi, реквизиттерi болуға тиiс.
7. Төлем агентi өзгерген жағдайда эмитент эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiне өзгерістер енгізуге және оларды тiркеу үшiн осындай өзгерiс жасалған күннен бастап күнтiзбелiк жетi күн iшiнде уәкiлеттi органға табыс етуге мiндеттi.
8. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiс және облигациялардың нақтылы құны оларды өтеу кезiнде эмитенттiң кiнәсiнен төленбеген, сондай-ақ толық төленбеген жағдайда эмитент бағалы қағаздарды ұстаушыларға негiзгi мiндеттеменiң сомасын және мерзiмi өткен әр күн үшiн ақшалай мiндеттеменi немесе оның тиiстi бөлiгiн орындау күніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландырудың ресми ставкасын негiзге ала отырып есептелген өсiмпұл төлеуге мiндеттi.
9. Төлем агентi қызметiн жүзеге асырудың талаптары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
32-бап. Мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есеп
1. Эмитент қарау және бекіту үшiн мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есептi уәкiлеттi органға облигацияларды шығару проспектiсiнде белгiленген өтеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн бір ай iшiнде табыс етуге мiндеттi.
2. Мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есептi қарау және бекіту үшiн эмитент уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:
1) облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есептi қарау туралы өтiнiштi;
2) есептi айдың аяғындағы немесе облигацияны өтеу аяқталған күнгi жағдай бойынша қаржылық есептіліктi;
3) мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген талаптарға сәйкес жасалып, ресiмделген есептi;
4) тiркеушiнiң эмитент облигацияларын ұстаушылары тiзiлiмiн жабу туралы хабарламасын;
5) эмитенттiң облигацияларды өтеу жөніндегі өз мiндеттемелерiн орындағанын растайтын төлем агентiнiң немесе эмитенттiң (төлем агентiмен шарт болмаған жағдайда) хабарламасын табыс етедi.
3. Мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есептi уәкiлеттi орган күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде қарайды.
6-тарау. Опциондардың, фьючерстердің, своптардың,
қазақстанның депозитарийлiк қолхаттарының және
өзге де туынды бағалы қағаздардың айналысы
33-бап. Опциондармен, фьючерстермен, своптармен, қазақстанның депозитарийлiк қолхаттарымен және өзге де туынды бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасу талаптары
1. Нақтылы ұстаушылар бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында мәмiлелер жасасқан жағдайда туынды бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi және олар бойынша құқықтарды растауды осы Заңға және биржа қорының iшкi құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
2. Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында опциондармен, фьючерстермен, своптармен және өзге де туынды бағалы қағаздармен эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша инвестициялық тәуекелдi хеджирлеу мақсатымен жүзеге асырылатын мәмiлелер жасасудың талаптары мен тәртібі қор биржасының iшкi құжаттарымен белгiленедi.
34-бап. Эмитенттiң опциондары
1. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда, акционерлік қоғам инвесторлармен өздерi шығаратын акцияларды, сондай-ақ сол акционерлік қоғамның акцияларына айырбасталатын облигацияларды сатып алуға опциондар жасасуға құқылы.
2. Опционда инвестор сатып алуға құқылы бағалы қағаздардың түрi мен саны, бағалы қағаздардың сатып алу бағасы, бағалы қағаздардың сатып алу мерзiмi мен тәртібі және опционның басқа да талаптары көзделуге тиiс.
3. Опциондарды акцияларға немесе акцияға айырбасталатын облигацияларға сатып алудың талаптары мен тәртібі акционерлік қоғамның iшкi құжаттарымен белгiленедi.
4. Акционерлік қоғам акционерiнiң опциондарды артықшылықпен сатып алуға құқығы бap.
Акционердiң опциондарды артықшылықпен сатып алу құқығын басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
Акцияларға немесе акцияға айырбасталатын облигацияларға алынған опциондармен байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеудiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңдарымен белгiленедi.
35-бап. Қазақстанның депозитарийлiк қолхаттарын шығару
Қазақстанның депозитарийлiк қолхаттарын шығарудың, орналастырудың, айналысқа салудың және өтеудiң, қазақстанның депозитарийлiк қолхаттарын орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есеп берудiң талаптары мен тәртібі, сондай-ақ қазақстанның депозитарийлiк қолхаттарының эмитент сақтауға тиiс талаптары уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
7-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді
тіркеу және олар бойынша құқықтарды бастау
36-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеу
1. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiлелер осы Заңға сәйкес тiркелуге тиіс.
2. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеу бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесіндегі немесе бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттар бойынша жазбалар енгізу арқылы жасалады.
Егер мәмiлеге қатысушылар бір нақтылы ұстаушының клиенттерi болса, эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар мәмiле бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде тiркелген кезден бастап туындайды.
Мәмiлеге қатысушылар әртүрлi нақтылы ұстаушының клиенттерi болған жағдайда эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар мәмiле нақтылы ұстаушылардың жеке шоттары бойынша орталық депозитарийде тiркелген кезден бастап туындайды.
3. Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасу кезiнде тiркеушi (нақтылы ұстаушы) мәмiленi тiркеудi, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, мәмiлеге қатысушылардың қарсы бұйрықтары негiзiнде жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды тiркеудiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
5. Егер осы мәмiленi тiркеу үшiн табыс етiлген құжаттар осы Заңның, уәкiлетті органның нормативтiк құқықтық актiсiнiң талаптарына және оның iшкi құжаттарына сәйкес келмесе, тiркеушi (нақтылы ұстаушы) эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiленi тiркеуден бас тартуға құқылы.
6. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу тәртібі орталық депозитарийдiң және сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарымен белгiленедi.
7. Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында эмиссиялық бағалы қағаздармен бір жақты мәмiле жасалған жағдайда оны тiркеу осы мәмiлеге қатысушының бұйрығы негiзiнде, оның сол эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқығын растайтын құжаттар қоса тiркеле отырып жүзеге асырылады.
8. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша өзгерістердi тiркеудi немесе құқықтарды тоқтатуды тiркеушi (нақтылы ұстаушы) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес барлық қажеттi реквизиттер бар атқарушы парақ негiзiнде жүзеге асырады.
9. Осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген негiздер болмаған жағдайда тiркеушiнiң (нақтылы ұстаушының) эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттары бойынша жазбаларды өз бетінше енгізуге құқығы жоқ.
10. Жеке шоттар бойынша тiркеушiнiң (нақтылы ұстаушының) жазбалар енгізуi үшiн негiз болып табылатын құжаттар (тiркелген тұлғаны бірдейлендiретiн құжаттарды қоспағанда) бес жыл бойы сақталуға тиiс.
37-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепiлiн тiркеу
1. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепiлiн тiркеудi тiркеушi (нақтылы ұстаушы) кепiл берушiнiң және кепiл ұстаушының кепiлге берiлетiн эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтары көрсетiле отырып жасалған сол мәмiленi тiркеу үшiн қажеттi барлық мәлiметтер бар бұйрығы негiзiнде жүзеге асырады.
2. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепiлiн тiркеу құқықтары кепiлге берiлген, кепiл ұстаушының пайдасына кепiл берушiнiң шотындағы бағалы қағаздарға ауыртпалық салу және кепiл ұстаушыға оның пайдасына бағалы қағаздарға ауыртпалық салу туралы жазба жасалатын жеке шот ашу (бұл болмаған жағдайда) арқылы жүзеге асырылады. Кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң тоқтатылуына байланысты эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды кепiлге беру тоқтатылған жағдайда бағалы қағаздардан ауыртпалықты алып тастауды тipкeушi (нақтылы ұстаушы) мәмiлеге қатысушылардың қарсы бұйрықтары негiзiнде жүзеге асырады.
3. Кепiл берушi эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда мәмiленi тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, кепiлге берiлген затты өндiрiп алу арқылы кепiлдiң тоқтатылғанын растайтын құжаттар негізiнде жүзеге асырылады.
4. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кепiл құқықтарын тiркеудiң ерекшелiктерi ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногындағы осы бағалы қағаздармен мәмiле жасауға байланысты орталық депозитарийдiң және сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарымен белгiленедi.
38-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау
1. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесіндегі немесе орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шотынан үзiндi табыс ету арқылы жүзеге асырылады.
Үзiндiнi ресiмдеу мен беру тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен және тiркеушiнiң (нақтылы ұстаушының) iшкi құжаттарымен белгiленедi.
2. Жеке шоттан үзiндi берудiң талаптары мен тәртібі осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен белгiленедi.
39-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiленi тiркеу туралы бұйрық
1. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiленi тiркеу туралы бұйрық (бұдан әрi осы бапта - бұйрық) жазбаша нысанда жасалып, бағалы қағазды ұстаушы немесе оның өкiлi қол қоюға және орындау үшiн тiркеушiге немесе нақтылы ұстаушыға берiлуге тиiс.
2. Бұйрық Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қол қою туралы заңдарына сәйкес ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электронды түрде жасалуы және берiлуi мүмкiн.
3. Бұйрықтың мазмұны, сондай-aқ оны тiркеушiнiң (нақтылы ұстаушының) тiркеу талаптары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен және тiркеушiнiң (нақтылы ұстаушының) iшкi құжаттарымен белгiленедi.
4. Бұйрық орындауға қабылданған кезде тiркеушi (нақтылы ұстаушы) осы бұйрықты берген тұлғаның өкiлеттiгiн, сондай-ақ бұйрық нысанының белгiленген талаптарға сәйкес болуын тексеруге мiндеттi.
Бұйрықты орындау кезiнде тiркеушi (нақтылы ұстаушы):
1) алынған бұйрықты тiркеуге;
2) бұйрықта көрсетiлген iс-әрекеттердi жасау мүмкiндiгiн тексеруге;
3) бұйрықты орындаудан бас тарту үшiн негiз болмаған кезде онда көрсетiлген iс-әрекеттердi жасауға және бұйрықтың орындалғаны туралы есеп беруге;
4) бұйрықты орындаудан бас тарту үшiн негiз болған кезде бас тарту негiзi бар құжат беруге мiндеттi.
5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе нақтылы ұстаушымен жасалған шарт талаптарында бұйрықты орындаудың өзгеше мерзiмi көзделмесе, тiркеушi (нақтылы ұстаушы) қарсы бұйрық алған кезде күнтiзбелiк үш күннен аспайтын мерзiмде бұйрықтың орындалуын жүзеге асырады.
40-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттары бойынша операцияларды тоқтата тұру.
Эмиссиялық бағалы қағаздарды тәркiлеу
1. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесіндегі немесе бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттар бойынша жазба жасауды немесе эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай шешiм қабылдауға уәкiлеттi мемлекеттік органның шешiмi негiзiнде жүргiзiледi.
2. Эмиссиялық бағалы қағаздарды тәркiлеу заңды күшiне енген сот актiсi негiзiнде ғана жүргiзiлуi мүмкiн.
8-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық
және қызметтік құпия
41-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпия
Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпия:
1) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесіндегі немесе нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттар бойынша эмиссиялық бағалы қағаздардың қалдығы мен қозғалысы туралы мәлiметтердi;
2) тiркелген тұлғалар туралы мәлiметтердi қамтиды.
42-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiк құпия
1. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiк құпия бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiнiң қызметi туралы, шектелмеген тұлғалар тобы үшiн бірдей жағдайларда жалпы қолжетiмдi болып табылмайтын мәлiметтердi қамтиды.
2. Өзiнiң қызметтiк жағдайы немесе туыстық қатынастары, еңбек мiндеттерi немесе бағалы қағаздар рыногының субъектiсiмен немесе оның аффилиирленген тұлғасымен жасалған (оның iшiнде ауызша) шарт негiзiнде аталған ақпаратқа қол жеткізуге мүмкiндiгi бар тұлға, оның iшiнде:
1) бағалы қағаздар рыногының осы субъектiсiнiң басшы қызметкерiн;
2) бағалы қағаздар рыногының осы субъектiсiнiң аталған ақпаратқа қол жеткiзе алатын кез келген қызметкерi;
3) бағалы қағаздар рыногының субъектiсiне қызмет көрсететiн аудитор, бағалаушы және басқа тұлғалар;
4) бағалы қағаздар рыногының осы субъектiсi сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшесi немесе осы сауда-саттықты ұйымдастырушының тiзiмiне енгiзiлген бағалы қағаздардың эмитентi ретiнде өз қызметi туралы ақпарат беретiн сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметкерi;
5) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды дайындауға, сондай-ақ оларды орналастыруға қатысатын ұйымның қызметкерi;
6) клиенттiң тапсырмасы бойынша бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiле жасауды жүзеге асыратын лицензиаттың қызметкерi;
7) мемлекеттік орган мен өзiне берiлген өкiлеттiкке орай аталған ақпаратқа қол жеткiзе алатын өзiн-өзi реттейтiн ұйымның қызметкерi бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiк құпияны құрайтын ақпараты бар тұлға болып табылады.
43-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық және қызметтiк құпияны ашу
1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтер жария етiлмеуге тиiс.
2. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтер эмитентке және эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарға қатысты бағалы қағазды ұстаушыға не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ресiмделген сенiмхат негiзiнде оның өкiлiне берiлуi мүмкiн.
3. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтер:
1) өздері жүргiзiп жатқан қылмыстық iстер бойынша анықтау және алдын ала тергеу органдарына;
2) соттың ұйғарымы, қаулысы негiзiнде өздерi жүргiзiп жатқан iстер бойынша соттарға;
3) олардың құзыретi шегiнде тексеру жүргiзу туралы қаулы негiзiнде өздерi қарап жатқан материал бойынша прокуратура органдарына;
4) атқаруға қатысты және прокурор санкция берген мәселелер бойынша сот орындаушысының қаулысы негiзінде өздері жүргізiп жатқан атқарушылық iс жүргiзу бойынша атқарушылық iс жүргiзу органдарына;
5) тексерiлетiн тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша салық органдарына;
6) эмитенттiң немесе лицензиаттың қызметiне тексеру жүргiзу процесiнде оның сұратуы бойынша уәкiлеттi органға;
7) олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша нотариустерге;
8) олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша шетелдiк консулдық мекемелерге берiлуге тиiс.
4. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтердi осы баптың 3-тармағында аталған органдарға беру тәртібі осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен белгiленедi.
44-бап. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларына қойылатын талаптар
1. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы өзiнiң клиенттерiне қызмет көрсету процесiнде бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануды болғызбауға мүмкiндiк беретiн талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға және табиғи баға белгiлеудi бұзу мен бағалы қағаздар рыногының тұрақсыздануына әкеп соғуы мүмкiн iс-әрекеттерге жол беруге құқылы емес.
3. Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушысының iшкi құжаттарында бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтердiң сақталуын қамтамасыз ететiн және оларды кәсiби қатысушының, оның қызметкерлерiнiң немесе үшiншi тұлғалардың өз мүдделерiнде пайдалануына жол бермейтiн талаптар болуға тиiс.
9-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті
жүзеге асыру тәртібі
45-бап. Бағалы қағаздар рыногының инфрақұрылымы
1. Бағалы қағаздар рыногында уәкiлеттi органның лицензиялауына жататын мынадай қызмет түрлерi:
1) брокерлiк-дилерлiк;
2) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiн жүргiзу;
3) инвестициялық портфельдi басқару;
4) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару;
5) кастодиандық;
6) трансфер-агенттiк;
7) депозитарийлiк;
8) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда ұйымдастыру жүзеге асырылады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1)-7) тармақшаларында аталған қызмет бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызмет болып табылады.
3. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтiң белгiлi бір түрiн немесе өзара қоса атқаратын түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар өзiнiң қызметiн үйлестiру мақсатында өзiн-өзi реттейтiн бір ғана ұйым құрады.
4. Бағалы қағаздар рыногындағы лицензиялауға жататын қызметтi жүзеге асыру тәртібі осы Заңмен, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен, өзін-өзi peттeйтін ұйымдардың және лицензиаттардың ішкі құжаттарымен белгiленедi.
Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтiң түрлерiн қоса атқарудың талаптары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
5. Клиенттердiң ақшасы мен бағалы қағаздарын лицензиаттар өздерiнiң активтерiнен бөлек есепке алады және олар банкрот болған немесе ерiктi түрде таратылған жағдайда тарату массасына енгiзiлмейдi.
6. Бағалы қағаздар рыногында көрсеткен қызметтерi үшiн лицензиатқа клиенттiң сыйақы төлеуiнiң талаптары мен тәртібі лицензиаттың iшкi құжаттарымен және (немесе) лицензиаттың өз клиентiмен жасалған шартымен белгiленедi.
7. Лицензиаттардың қаржылық есептілік аудитiн жүргiзудiң ерекшелiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
46-бап. Өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) жарғылық капиталын қалыптастыру
1. Өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) жарғылық капиталын қалыптастыру тек қана ақшалай Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүзеге асырылады.
Өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
Заңды тұлға акцияға төленген ақы және (немесе) басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесi ретiнде енгiзiлген активтер сомасын шегере отырып, өз капиталы шегiнде өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) акцияларын төлеуге құқылы.
2. Мәмiлелердiң нәтижесiнде пруденциалдық нормативтер және қаржылық тұрақтылықтың уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген өзге де көрсеткiштерi немесе өлшемдерi (нормативтерi) бұзылмайтын жағдайда, лицензиат акцияның он және одан да көп (халықтық акционерлік қоғамда - бес және одан да көп) процентi тиесiлi акционерлерден өз акцияларын сатып алу жөнiнде мәмiлелер жасасуға құқылы.
47-бап. Өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) құрылтайшылары мен акционерлерi
1. Жеке және заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидентi еместер осы баптың 2-тармағында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген шектеулердi ескере отырып, өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) құрылтайшылары және акционерлерi бола алады.