2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі)
(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 Қаулысына
1-4 қосымшалар)
(2005.22.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегі Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналардың:
1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
1-қосымша
101 - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Мемлекет басшысының қызметiн қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 864543 мың теңге (сегіз жүз алпыс төрт миллион бес жүз қырық үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексi, "Қазақстан Республикасының сот жүйесi және судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық Заңы, "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңы, "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 28 мамырдағы Заңы, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы, "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкiлi туралы ереже туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 сәуiрдегі № 2955 Жарлығы, "Мемлекеттік саяси қызметшiлер лауазымдарының тiзiлiмi мен мемлекеттік саяси қызметшiлерге тәртiптiк жаза қолдану тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 317 Жарлығы, "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 15 қазандағы № 702 Жарлығы, "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 805 Жарлығы, "Мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының санаттары бойынша тiзiлiмiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1282 Жарлығы, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетi және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бірыңғай жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығы, "Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшілігінiң штат саны мен құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 31 наурыздағы № 1327 Жарлығы, "Мемлекеттік қызметшiлердi оқыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1706 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мемлекет басшысының қызметiн және Президенттiк басқару нысанының жұмыс істеуiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң және "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкiлiнiң аппараттарын ұстау, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесiнiң қызметiн қамтамасыз ету, аппараттағы мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби деңгейiн арттыру, "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы Қазақстан Республикасы Президенттің Арнаулы өкiлiнiң аппаратын материалдық-техникалық жарақтандыру.
ҚР Үкіметінің 2005.22.11. № 509в қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
___________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi |Кiшi бағдар. |Бағдарламаны iске | Іске |Жауапты
п/п|дар.|бағ. | ламалардың | асыру жөніндегі | асыру |орындау.
|лама|дарла| атауы | іс-шаралар | мерзімі| шылар
|коды|ма | | | |
| |коды | | | |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
___________________________________________________________________
1 001 Мемлекет
басшысының
қызметiн
қамтамасыз ету
2 001 Орталық Мемлекеттік орган- жыл Қазақстан
органның ға жүктелген бойына Респуб-
аппараты функцияларды орын- ликасы
дау мақсатында 370 Президен-
бірлiк мөлшерiн- тiнiң
дегi штат саны Әкiмшiлiгі
шегiнде орталық
органның аппаратын
ұстау. Қазақстан
Республикасы Жоғары
Сот Кеңесiнiң қыз-
метiн қамтамасыз
ету
3 007 Мемлекеттік 96 адам мөлшерiнде жыл Қазақстан
қызметшiлер- мемлекеттік қызмет- бойына Республи-
дiң біліктi- шiлердiң біліктi- касы
лiгiн артты- лiгiн арттыру жос- Президент-
ру парына байланысты інің
шаралардың жүргі- Әкімшілігі
зілуін қамтамасыз
ету
4 009 Мемлекеттік Ксерокс және қағаз- жыл "Байқоңыр"
органдарды дарды жоятын аппарат бойына ғарыш ай-
материалдық- сатып алу лағындағы
техникалық Қазақстан
жарақтандыру Pecпубли-
касы
Президен-
тiнiң
Арнаулы
өкiлi
5 017 Ақпараттық Принтер сатып алу, жыл "Байқоңыр"
жүйелердiң 1 компьютерге тех- бойына ғарыш ай-
жұмыс iстеуiн никалық қызмет лағындағы
қамтамасыз көрсету, жұмсалатын Қазақстан
ету және материалдарды, Респуб-
мемлекеттік Интернет желiсiне ликасы
органдарды қол жеткiзу қызмет- Президен-
ақпараттық- терiн сатып алу тiнiң
техникалық Арнаулы
қамтамасыз өкiлi
ету
6 100 "Байқоңыр" Мемлекеттік органға жыл "Байқоңыр"
ғарыш айлағын- жүктелген функция- бойына ғарыш
дағы арнайы ларды орындау мақ- айлағын-
өкiлдiктiң сатында "Байқоңыр" дағы
аппараты ғарыш айлағындағы Қазақстан
Қазақстан Республи- Республи-
касы Президентінің касы
Арнаулы өкiлiнiң Президен-
аппаратын 6 бірлiк тінің
мөлшеріндегі штат Арнаулы
санының шегiнде өкілі
ұстау
_________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiне және Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесiне жүктелген функциялар мен мiндеттердi сапалы әрi уақтылы орындау.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
2-қосымша
101 - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Мемлекеттің iшкi және сыртқы саясатының стратегиялық
аспектiлерiн болжамды-талдамалық қамтамасыз ету"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 70980 мың теңге (жетпiс миллион тоғыз жүз сексен мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегі Бюджет кодексi, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы, "Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 16 маусымдағы № 1235 Жарлығы, "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы № 3614 Жарлығы, "Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы № 3614 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 4 мамырдағы № 130 Жарлығы, "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 30 қыркүйектегi № 977 қаулысы, "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттің iшкi және сыртқы саясатының стратегиялық аспектiлерiн болжамды-талдамалық қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының материалдық-техникалық базасын нығайту, ұйымдастыру техникасымен және басқа да негiзгi жабдықтармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттің ұлттық қауiпсiздiгін қамтамасыз ету тұрғысынан iшкi және сыртқы саясаттың өзектi мәселелерi жөнiнде ғылыми-талдамалық ұсыныстар әзiрлеу, Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының материалдық-техникалық базасын нығайту, ұйымдастыру техникасымен және басқа да негiзгі жабдықтармен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
___________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi |Кiшi бағдар. |Бағдарламаны iске | Іске |Жауапты
п/п|дар.|бағ. | ламалардың | асыру жөніндегі | асыру |орындау.
|лама|дарла| атауы | іс-шаралар | мерзімі| шылар
|коды|ма | | | |
| |коды | | | |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
___________________________________________________________________
1 002 Мемлекеттің Қазақстан Республи- жыл Қазақстан
iшкi және касының Президентi бойына Республи-
сыртқы саяса- жанындағы Қазақстан касының
тының страте- стратегиялық зерт- Президентi
гиялық аспек- теулер институтын жанындағы
тiлерiн бол- 49 бірлiк штат саны Қазақстан
жамды-талдама- шегiнде ұстауды страте-
лық қамтамасыз қамтамасыз ету. гиялық
ету Ілеспе аударма, зерттеулер
бүгу-бүктеу жаб- институты
дықтары, брошюралау
аппараты, 21 дана
көлемiнде принтер-
лер, ксерокс,
сканер, 10 компью-
тер, 7 жинақтауыш,
4 iркiлiссiз қуат
көзi, 2 сервер үшiн
толықтырып жарақ-
тандыру бойынша
тауарлар сатып алу
___________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтына жүктелген функциялар мен мiндеттердi сапалы әрi уақтылы орындау, Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының материалдық-техникалық базасын нығайту, ұйымдастыру техникасымен және басқа да негізгi жабдықтармен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
3-қосымша
101 - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Мұрағат қорының, баспа басылымдарының сақталуын
қамтамасыз ету және оларды арнайы пайдалану"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 73183 мың теңге (жетпiс үш миллион бір жүз сексен үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексi, "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңы, "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңы, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы, "Қазақстан Республикасы Президентінің Архивiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 14 қаңтардағы № 1502 Жарлығы, "Мемлекеттік саяси қызметшiлер лауазымдарының тiзiлiмi мен мемлекеттік саяси қызметшiлерге тәртiптiк жаза қолдану тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 317 Жарлығы, "Мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының санаттары бойынша тiзiлiмiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1282 Жарлығы, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетi және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бірыңғай жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығы, "Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 15 маусымдағы № 52 өкімі, "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Президент Әкiмшiлігі мен Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдардың мұрағат құжаттарын тұрақты мемлекеттік сақтау, ақпарат тасығыштардың барлық түрiндегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатында сақталатын құжаттарды мемлекеттік есепке алу, Қазақстан Республикасы Президентi Мұрағатының материалдық-техникалық базасын нығайту, ұйымдастыру және компьютерлiк техникасымен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: құжаттарды толықтыру, Президент Әкiмшiлігі мен Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдардың құжаттамаларын басқару, Қазақстан Республикасы Президентінің қызметiн мұрағаттық қамтамасыз ету саласындағы функцияларды орындау, құжаттарды мемлекеттік саясатта, экономикада, ғылыми және әлеуметтiк-мәдени мақсаттарда пайдалану, Қазақстан Республикасы Президентi Мұрағатының материалдық-техникалық базасын нығайту, ұйымдастыру және компьютерлiк техникасымен қамтамасыз ету.